Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

7. Қоршаған орта мен қалдық газдар параметрлері.

а) Қоршаған ортаның қысымы мен температурасы.

Үрлеусіз қозғалтқыштың жұмысы кезінде цилиндрге атмосферадан ауа түседі. Бұл жағдайда қозғалтқыштың жұмыс циклін есептеуде қоршаған орта қысымы p0=0,1МПа, ал температурасы Т0=293 К тең деп қабылданады.

10

б) Қалдық газдардың температурасы.

Қозғалтқыш типіне, сығу дәрежесіне, айналу жиілігіне және ауаның қалдық коэффициентіне байланысты қалдық газдардың температуралары мына аралықтарда алынады:

1.4-кесте

Ұшқыннан тұтанатын қозғалтқыштар үшін

900-1100 К

Дизельдер үшін

600-900 К

Газды қозғалтқыштар үшін

750-1000 К

Тr шамасын қабылдауда жұмысшы қоспаның сығу және байыту дәрежесі өскенде, қалдық газдар температурасы кемитінін, ал айналу жиілігі өскенде – артатынын ескеру қажет.

в) Қалдық газдар қысымы.

Қозғалтқыш цилиндрін толтыру процесі басында жану камерасында қалдық газдардың біршама мөлшері болады.

Үрлеусіз, сонымен қатар үрлеулі және атмосфераға қалдық газдар қысымын шығаратын автокөлік және трактор қозғалтқыштары үшін (МПа)

pr шамасының үлкен мәндері иінді білігінің айналу жиілігі жоғары қозғалтқыштар үшін қабылданады. Ал кіші мәндері бүркетін және қоректендіру жүйесі электронды басқарылатын қозғалтқыштарға тән.

Үрлеуде және шығаруда газды турбинасы бар қозғалтқыштар үшін

Қозғалтқыштың әр түрлі жылдамдық режимдерінде қалдық газдар қысымының мәндерін анықтауда және номинальды режимде pr таңдалған мәнінде мына формуланы қолдануға болады:

мұндағы:

prN– номинальды режимдегі қалдық газдар қысымы, МПа;

nN– номинальды режимдегі иінді білік айналуының жиілігі, мин-1.

1.5-кесте

Пара-метрлер

Өлшем бірліктері

Қозғалтқыш түрі (мысалы, карбюраторлы қозғалтқыш)

кмоль жану қ./кг отын

кмоль/кг отын

кмоль/кг отын

кмоль/кг отын

кмоль/кг отын

кмолькг отын

кмоль/кг отын

кмоль жану өн. /кг отын

К

11

2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЕНГІЗУ ЖӘНЕ СЫҒУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ

Мақсаты: Енгізу және сығу процестерінің параметрлерін есептеу және олардың көрсеткіштеріне әсер ететін конструкциялық, эксплуатациялық және басқа да факторларды талдау.