Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

4. Енгізу соңындағы қысым мәнін есептейміз.

Енгізу соңындағы қысым (МПа) қозғалтқыш цилиндріне түсетін жұмыс денесінің мөлшерін анықтайтын негізгі фактор болып табылады:

ра0 - Δра

13

5. Қалдық газдар коэффициентінің шамасын анықтаймыз.

Қалдық газдар коэффициенті γr цилиндрді жану өнімдерінен тазарту сапасын сипаттайды. γr артқан сайын енгізу процесінде қозғалтқыш цилиндріне түсетін жаңа заряд мөлшері төмендейді.

Төрттактілі қозғалтқыштар үшін қалдық газдар коэффициенті:

Үрлеуді есептегенде және цилиндр зарядталғанға дейін

γr= ;

Үрлеуді есептемегенде және зарядталғанға дейін (φоч = φ доз=1)

γr = ,

мұндағы: ε – сығу дәрежесі.

Төрттактілі қозғалтқыштарда γr шамасы айналу жиілігінен, енгізу соңындағы жұмыс денесінің параметрінен, сығу дәрежесінен және басқа да факторлардан тәуелді. ε сығу дәрежесі мен Тr қалдық газдар температурасы артқанда, γr шамасы кемиді, ал рr қалдық газдар қысымы мен n айналу жиілігі артқанда – өседі.

γr шамасы мына аралықтарда болады:

Үрмесіз бензинді және газды қозғалтқыштар үшін ................. 0,04–0,10

Үрмесіз дизельдер үшін ............................................................ 0,02–0,05

Үрме кезінде қалдық газдар коэффициентінің шамасы төмендейді.

6. Енгізу соңындағы температура.

Бұл температура (Та К-де) енгізу сызығындағы г нүктесінен а нүктесіне дейінгі аралықта құрылған жылу балансы теңдеуі негізінде жоғары дәлдікпен анықтауға болады:

Ta = (Tk+ΔT+γr Tr) / (1+γr )

Та шамасы негізінен жұмыс денесі температурасынан, қалдық газдар коэффициентінен, зарядты қыздыру дәрежесінен және аз мөлшерде – қалдық газдар температурасынан тәуелді болады.

Заманауи төрттактілі қозғалтқыштарда енгізу соңындағы температура Та мына аралықтарда өзгереді:

Бензинді қозғалтқыштар үшін .............................................. 320–370 К

Дизельдер үшін .........................................................................310–350 К

Үрмелі төрттактілі қозғалтқыштар үшін .......................... 320 – 400 К

Үрме кезінде қалдық газдар коэффициентінің шамасы төмендейді.

14

7. Толтыру коэффициенті.

Толтыру коэффициенті енгізу процесін сипаттайтын маңызды фактор болып табылады, сонымен қатар толтыру коэффициенті цилиндрге түсетін жаңа заряд мөлшерінің цилиндрдің жұмыс көлеміне кететін мөлшерге қатынасы болып келеді.

Төрттактілі қозғалтқыштар үшін үрлеуді есептегенде және цилиндр зарядталғанға дейін

Төрттактілі қозғалтқыштар үшін үрлеуді есептемегенде және цилиндр зарядталғанға дейін (φоч= φдоз=1)

( εpa - pr ).

Толтыру коэффициенті негізінен қозғалтқыш тактілігінен, оның жылдам жүргіштігінен және газтарату жүйесінен тәуелді болады.

Толтыру коэффициенті ηv толық салмақ кезінде әр түрлі автокөлік және трактор қозғалтқыштар типтері үшін төмендегідей аралықтада болады:

Электронды бүркетін қозғалтқыштар үшін ............................ 0,80 – 0,96

Карбюраторлы қозғалтқыштар үшін ...................................... 0,70 – 0,90

Үрмесіз дизельдер үшін ...........................................................0,80 – 0,94

Үрмелі дизельдер үшін ............................................................0,80 – 0,97

2.1-кесте. Енгізу процесі есептелген параметрлерінің қорытынды мәндерінің кестесі

2.1-кесте

Параметрлер

Өлшем бірліктер

Енгізу және газалмасу процесі

Қозғалтқыш түрі (мысалы, карбюраторлы қозғалтқыш)

n

айн/мин

K

МПа

∆T

°С

МПа

МПа

Та

K

15