Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

2. Иінді – шатунды механизмнің бөлшектерінің массаларын келтіру.

Қозғалыс сипатына байланысты иінді – шатунды механизмнің бөлшектерінің массаларын келесі түрге бөлуге болады:

ілгері кейінді қозғалатын бөлшектер (поршеньді топ және шатунның жоғарғы басы)

айналмалы қозғалыс жасайтын бөлшектер (иінді білік және шатунның төменгі басы)

күрделі жазық паралельді қозғалыс жасайтын бөлшектер (шатунның өзегі)

39

1 кесте бойынша цилиндр диаметрін, S/D қатынасын, цилиндр орналасуын және pz үлкен мәнін ескеріп, келесі мәндер анықталады:

Поршеньді топтың массасы:

mП=mП’·FП, кг

Шатун массасы:

mШ=mШ’·FП, кг

Поршень саусағының осінде топталған шатун массасы:

mШ.П=0,275·mШ, кг

Иіннің осіне топталған шатун массасы:

mШ.К=0,725·mШ, кг

Ілгері кейінді қозғалыс жасайтын массалар:

mj=mП+mШ.П., кг

Ескерту: mШ.П=(0,2÷0,3)·mШ , mШ.К=(0,7÷0,8)mШ

Есептеу кезінде орташа мәндерді алуға болады.

8.1-кесте

ІШМ элементтері

Конструктивті масалар, кг/

Бензинді қозғалтқыштар

D=60-100 мм

Дизедер

D=80-120мм

Поршеньді топ

Алюминий құймасынан жасалған поршень

Шойынды поршень

Шатун

Теңгерілмеген бөлшектері бар иінді білік (теңгеруші жүксіз толық мойынды соғылған болат білік)

Толық мойынды құйылған шойынды білік

80-150

150-250

100-200

150-200

100-200

150-300

250-400

250-400

200-400

150-300

3. Ишм әрекет ететін инерция күштерінің мәндерін анықтау.

Иінді шатунды механизмде әрекет ететін инерция күштері келтірілген массалардың қозғалыс сипатына сәйкес ілгері қозғалған массалардың инерция күштеріне PJ және айналатын массалардың центрден тепкіш инерция күштеріне KR бөлінеді:

Ілгері кейінді қозғалатын массалардың инерция күштері:

Pj = -mjj = - mjRω2 (cosφ + λcos 2φ),Кн

мұндағы: λ=R/LШ иіннің радиусының шатун ұзындығына қатынасы

, иінді біліктің бұрыштық айналу жылдамдығы

40

Ілгері кейінді қозғалатын массалардың үлесті инерция күші келесі формуламен анықталады:

(cosφ + λcos 2φ), МПа

мұндағы: Fn- поршень пропорциясы,

Айналатын массалардың центрден тепкіш инерция күштері мәні бойынша тұрақты, иіндінің радиусы бойымен әсер етіп, иінді біліктің осінен бағытталған.

2 Сурет. Иінді - шатунды механизмдегі күштердің әрекеттерінің схемасы:

а - инерционы және газды, б - жалпы

Айналатын массалардың центрден тепкіш инерция күштері екі күштің қосындысы болып келеді:

Шатунның айналатын массаларының инерция күші: , кН

Кривошиптің айналмалы массаларының инерция күші:, кН.

Осыдан кН.

41

4. Ишм әрекет ететін жалпы күштердің мәнін анықтау.

Иінді шатунды механизмде әрекет ететін жалпы күштерді (кН) газдардың қысым күштері мен ілгері кейінді қозғалатын массалардың күштерінің қосындысымен анықталады:

P= Pr+ Pj

Қозғалтқыштың динамикалық есебін жүргізген кезде толық емес, поршень ауданының бірлігіне қатысты үлесті күштерді қолдану тиімдірек. Осы жағдайда үлесті жалпы күштерді (МПа) поршень үстіндегі артық қысым Δрr (МПа) мен үлесті инерция күштердің pj (МН/м2 = МПа) қосындысымен анықталады:

P =Δpr+ pj