Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nemis_tili_OAK_10_10_2.doc
Скачиваний:
274
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
9.09 Mб
Скачать

2. Глоссарий

Белсенді үлестіру материалдары (АРМ) (Hand-outs) – білім алушылардың қызығушылықтарын арттыруға арналған тақырыптық (тезистер, дәрістер, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарилер, өздік жұмысына арналған тапсырмалар) шығармашылық көрнекі түрлі-түсті материалдар ;

Тыңдап-түсіну кешенді сөйлеу-ойлау іскерлігі болып табылады. Ол белгілі әлеуметтік ортада адамның жеке дамуының қалыптасуына негізделген және ақпаратты жаңғырту қалпында түсінуге мүмкіндік береді,. оны жадына тоқиды немесе жазуда есіне сақтайды, сұрыптап, қызығушылықпен берілген тапсырмаға сәйкес бағалайды.

Іскерлік ойыны – кәсіби пішіндеу немесе басқа іскерліктерді берілген ереже бойынша ойын жолдары арқылы жағдаяттарды бейнелеу әдісі. Іскерлік ойындары оқып үйрену үшін және зерттеу мақсатында қолданылады.

Пікірталас (лат.discussio –қарастыру, зерттеу) – 1) топта шешім қабылдау үдерісін жетілдіру мақсатындағы біріккен іскерлікті ұйымдастыру әрекеті; 2) үйренушілерді ақиқат ұжымдық ізденіске қосу негізінде оқу үрдісін қарқынды және өнімді жоғарылататын оқу әдісі; 3) проблемаларды талқылау үдерісі, оларды ұжымдық зерттеу және дәлелдеуді (теріске шығарудың) шешу жолдары ұсынылады.

Тест тапсырмалары – бұл белгiсiз ұсыныстардың бекітілген формасында қалыптасқан мазмұнның элементтерi және бақылау материалдары бірліктерінің қиындықтары бойынша түрлендiргiш элементтер. Белгiсiз компоненттің орнына қойылған дұрыс жауап тапсырманы шын айтылған сөзге айналдырады, осы уақытта терiс жауаптың алмастырылуы жалған айтқан сөздiң жойылуына алып келедi, соңғысы студенттің оқу материалын бiлмейтіндігін куәландырады.

Иллюстрация - (illustratio латынша - сурет) - сурет, сызба, кесте, кескіндеме тағы сол сияқтылар түрiндегi мәтiннiң көрнекi түсiндiрмесі.

Қорытынды бақылау –емтихан формасындағы аралық iскерлiк сараптау мерзiмінде өткiзiлетiн үйренушiлердің оқу жетістіктерін оқу пәні бойынша игерген бағдарламаларын бағалау мақсатындағы бақылау, егер пән бiрнеше академиялық мерзiмдер кезеңінде оқытылса, онда қорытынды бақылау осы аталған академиялық мерзiмде оқытылған пәннің бір бөліміне жүргiзiледі.

Кейс кезеңі (fyuk.case - қорап, жәшiк, чемодан, портфель) - бiрнеше топтарға нақты кәсiби тапсырманы шешу барысында соңынан талқылаумен, нәтижелердi талдаумен, ұсыныстарды өндiрумен ұсынылатын инновациялық оқыту әдiстері. Кейс кезеңi кәсiби қажеттi іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында қолданылады.

Үйренушілердің оқу үлгерімдерін бақылау үйренушілердің білімін оқу орнының өздігінен белгілеген әр түрлі формадағы бақылаулар (ағымдық, межелік, қорытынды) және сараптаулар арқылы тексеру.

Кредит (Credit, Credit-hour) – үйренушінің/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі.

Оқытудың кредиттік технологиясы –таңдау негіздеріндегі оқыту және үйренушi мен оқытушының оқу жұмысының көлемін бiр iзге салған өлшем бiрлiк ретінде оқу пәнін кредитті қолдана отырып дербес жоспарлау.

Монологтық сөйлеу – бұл біреуге немесе жиі тыңдаушылар тобына, кейде – өз–өзіне бағытталған сөйлеудің түрі. Сөйлеудің бір бағыттылығы оның құрылымының ерекшелiгiн және мазмұнын анықтайды.

Әңгімелеп айту – бұл естiлген немесе оқылған мәтіннің мазмұннын өз сөздерiмен айту. Бұл анықтаудан түпнұсқаның сөзбе-сөз қайталауы әңгімелеп айту болып табылмайды.

Жазу – бұл өнімді коммуникативті әрекет ойлағыштық мазмұн қабiлеттiлiгін және фонетикалық іштей сөйлеуді кескінді таңбалардың көмегімен жүзеге асырады.

Межелік бақылау – оқушының білімін оқу пәнінің бөлімін (модульді) аяқтаған кездегі бақылау.

Оқушының өздік жұмысы (ОӨЖ) – тақырыптардың белгілі бір тізімін өздігінен оқуға арналған, оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілген және тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат,шығарма және баяндама түрінде бақыланатын жұмыс. ОӨЖ барлық көлемі оқушыдан өздік жұмысты күнделікті тапсырмаларды талап етумен бекітілген.

Оқушының оқытушының жетекшілігімен жасалатын өздік жұмысы – оқушының аудиториядан тыс оқытушының жетекшілігімен жасалатын бекітілген кесте бойынша өткізілетін жұмысы; ол үйренушінің категориясына байланысты бөлінеді: студенттің оқытушының жетекшілігімен жасалатын өздік жұмысы, магистранттың оқытушының жетекшілігімен жасалатын өздік жұмысы, докторанттың оқытушының жетекшілігімен жасалатын өздік жұмысы.

Силлабус (Syllabus) – оқытылатын пәннің сипаттамасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар және оларды оқудың ұзақтылығы, өздік жұмыс тапсырмалары, консультация уақыты, үйренушілердің білімін тексеру кестесі, оқытушының талаптары, үйренушілердің білімін бағалау критерилері және әдебиеттер тізімі енгізілген пән бағдарламасы.

Үйренушінің үлгерімін тексеретін ағымдық бақылау – оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының академиялық кезеңі көлемінде аудиторияда және аудиториядан тыс өткізген сабағындағы үйренушінің білімін жүйелі тексеру.

Тест – бұл белгілі мазмұнды күрделілігі артатын ерекше нұсқадағы құрылымды әділетті және сапалы бағалауды және білім, іскерлік, дағдылар деңгейін тиімді өлшейтін тапсырмалар жүйесі.

Тренинг – бұл топта өзін–өзі танудың іскерлігі мен дағдыларын, қарым– қатынас пен өзара әрекетті қалыптастыратын топтық әдіс. Треннингтің негізгі құралы топтық пікірталас және түрлі әдіс пен үйлесімдегі рөлдік ойындар. Треннингтер тұлғада жалпы коммуникативтік дайындықпен қатар, сол мамандық өкілдерінің ерекшелігін және олардың басқа адамдармен қарым – қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады.

Оқу – мәтіндегі мазмұнды ақпаратты, оқудың мағынасын кескіндік келбеттегі қабылдау үрдісі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]