Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

1000 Дәннің массасы

Дәннің ірілік, шынылық, тығыздық көрсеткіштерімен 1000 дәннің массасы оң корреляцияда болғандықтан технологиялық қасиеттеріне елеулі әсерін тигізеді.

Қауызды жарма дақылдарының 1000 дәнінің массасының азаюына байланысты ядро мөлшері төмендейді, сонымен қатар олардың қауызы көбейді.

1000 дәннің массасы 40г жоғары бидайдың ірі фракциясынан сортты ұн тартуда, 1000 дәннің массасы 23г төмен майда фракцияға қарағанда, ұнның шығымы 3... 5% жоғары болады.

Астық партиясының біркелкілігі

Ұн және жарма технологиясында астықтың ірілігі және біркелкілігі елеулі орын алады. Технологиялық процестің жоғары көрсеткішін алу үшін өңдеуге түсетін шикізаттың біркелкілігін қамтамасыз ету қажет. Ол үшін астық массасынан майдасынан майдасын бөліп бірнеше фракцияға топтайды.

Қарақұмық, сұлы, күріш,дақылдарын фркцияға бөліп қауыздайды.Егер қауыздауға өлшемдері әртүрлі астық түссе,онда ірі дән жарылады немесе майдалары қауыздалмайды.

Арпаны өңдеуде 2а-22*20 електен елеп 5 % майда фракцияны бөліп өңдегенде,сапасы жоғары ірі арпа жармасын көбірек алады.

Ұн зауыттарында бидайды фракцияламайды. Бірақ көптеген зерттеулер бойынша 2а-25*20 електен алынған өнімдердің технологиялық ьқасиеттері жоғары болады. Жаңа технология бойынша элеваторда 8% майда бидайдыбөліп алып құрама жем өндіруге жібереді.

Бидайды ірілігі бойынша топтап жеке ұнтақтау тиімділігін 3.3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3 Бидайдың әртүрлі ірілігінің ұндық қасиеттері

Ірілік франкциясы

Безостая 1

Саратовская 29

Шығымы, %

Күлділігі, %

Шығымы, %

Күлділігі, %

1

76,2

0,60

76,1

0,62

2

72,3

0,59

74,5

0,61

3

71,9

0,58

73,2

0,59

4

69,1

0,67

68,1

0,64

5

67,7

0,70

66,4

0,66

Кесте 3.3 мәндеріне қарағанда, ірі фракциялардан майдаларына көшкенде, ұнның жалпы швғымы 8,5-тен және 9,7%-ке төмендеп күлділігі жоғарылады.

Қара бидайдың 2а-20*25 електен алынған сырғымасын ұнтақтағанда сортты ұнның шығымы 63,7%, күлділігі 0,88% болды,ал арнайы фракциядан (2а-25*20-дан өтіп 2а22*20 сырғымасы) шығымы 64,3%, күлділігі 0,94%, ал майда фракция үшін – 61,8% және 1,09%, яғни майда фракциядан сапасы нашар өнім алынады.

Сондықтан астық массасынан алдын-ала табандылықпен майда фракцияны бөліп алып,өңдеуге жіберу керек.

Майда фракцияны бөліп алып ұнтақтау тиімділігі 4 кестеде көрсетілген.

Кесте 4. Майда фракцияны алу тиімділігі

Варианттар

Майда франкцияны бөліп алу мөлшері, %

Ұнның шығымының өсуі, %

Күлділігінің төмендеуі, %

Барлығы

Жоғары және 1–сорт

Барлығы

Жоғары және 1–сорт

1

9,1

0,81

1,18

0,03

0,03

2

2,3

0,10

2,63

0,05

0,03

3

6,0

1,22

1,85

0,02

0,02

4

11,5

1,44

1,12

0,02

0,02

Кесте 4. мәндеріне қарағанда майда фракция азайған сайын ұнның шығымы жоғары болып кулділігі азаяды.

Сонымен, майда фракцияны аз бөліп алып процестің тиімділігін арттыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]