Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Дәннің бетін өңдеу машинасы

Дәннің бетін өңдеу машиналарының конструктивті сұлбалары 4.11...4.13 суреттерде көрсетілген.

Обойкалы машинаның негізгі жұмыс органы болатты қаңылтырдан немесе арнайы абразивті материалдан жасалған цилиндірде орналасқан қалақты барабан. Цилиндірге түскен астықты бұранда шнекті орналасқан қалақтар ішкі бетке ұрып сыртқа қуады. Дән соғылуымен қатар екпінді бір -бірімен үйкеліске ұшырайды. Осындай косарланған әрекет нәтижесінде ластанған дәннің беті тазаланады, ұрықтық қабық алынады, қатты кесек майдаланады, ұрықтық бүршек бөлінеді.

Пайда болған шаң тозаңды сорып алу үшін обойкалы машиналар желдетіледі, бірақ шаңнан толық тазалау үшін осы мшинадан кейін аспиратор қойған тиімді.

Бидайдан сортты ұн тартуда дәннің бетін өндеу үшін тек болат бетті обойкалы машина, ал бидай және кара бидайдан жәй ұн тартуда және қара бидайдан сортты ұн тартуда абразивті обойкалы машина қолданады.

Олардың орнына қарқынды қауыздағыш ЗШН - ді қолдануға болады. Бұл машинада тұқымдық қабық астық массасының 4% дейін алынады. Осының нәтижесінде ұнтақтауға кететін энергия екі есе азаяды, ұнтақтау процесі қысқарады, ал ұнның сапасы жақсарады.

Сурет4.13. Қарқынды қауыздағыш машинасының технологиялық сұлбасы: 1-астықты қабылдағыш, 2-кақпақ, 3- білік, 4- абразивті шеңбер, 5-електі қаптал, 6-металл төсем, 7-жұмыс аралық, 8-аспирациялық каналдар, 9-қаптал, 10- желдеткіш, 11-станина, 12-электрқозгалтқыш, 13-жібергіш қондырғы, 14-ұшынды.

Гидротермиялық өңдеу

Ұн және жарма зауыттарындағы гидротермиялық өңдеудің (ГТӨ) негізгі мақсаты дәннің технологиялық қасиеттерін тиімді деңгейде тұрақтандыру.

Ұн және жарма зауыттарына түсетін астықтың ылғалы жоғары болмайды, эндосперм мен қабықтарының структура - механикалық қасиеттерінің айтарлықтай өзгерістері байқалмайды. Сондықтан оларды ажырату қиын және осындай астықты өңдеуде жоғары нәтиже алынбайды. ГТӨ - де эндосперм және қабықтарының немесе ядро мен гүлді кауызының структура -механикалық ерекшеліктерінің айырмашылығы елеулі өзгереді. Ұн зауыттарында процесті жүргізуде эндоспермнің қаттылығын азайтып қабығын қатайтады, ал жарма зауыттарында керісінше - ядро қатайып, гүлді қабығының үгітілгіштігі өседі. Дәннің осы қасиеттерінің езгеру дәрежесі ГТӨ нақты әдісі және оның параметрлеріне байланысты.

Диірмендерде кеңінен қолданатын ГТӨ түрі салқын шартқа сәйкестендіру - астықты сумен ылғалдау және кораптарда бөктіру. Осының салдарынан дәннің қасиеттерін өзгертетін, табиғаты күрделі, физико-химиялық, коллоидтық-химиялық және биологиялық процестер дамиды. Дән суды сіңіріп ісінеді, оның тығыздығы азайып, меншікті көлемі ұлғаяды. Бұл жағдайда эндосперм қопсып, микросызықтар пайда болады.

Осы процестің дамуына байланысты дәннің ұндық қасиеттері өзгереді: ұнтақтауда эндоспермді өндіру өседі, сапалы ұнның шығымы артады, ұнтақтауға кететін энергия шығыны азаяды. Эндоспермді қопсыту үшін дәннің бастапқы сипаттамаларына байланысты ГТӨ режимдерін таңдауда ескеретін көрсеткіштер: дәннің қаттылығы, шынылығы, сағызы, ботаникалық типі. Мысалы, жаздық ақ бидай үшін 6 сағат, ал қызыл бидай үшін 10...12 сағат, күздік қызыл бидай - 16 сағат бөктіргенде ұн шығымы ұтымды болады. Температураны көтеріп процестің ұзақтығын қысқартуға болады, ол оптимум 45...55°С аралығында, бірақ салқын шартқа сәйкестендіруде температураны 20+ - 2°С шамасында ұстайды.

Жарма зауыттарында қолданатын ГТӨ ядроны қатайтып, кауызының тез сынғыш болуын камтамасыз етеді. Ядро мықты болса қауыздау, ажарлау жэне жылтырату операцияларында дән сынбайды, бүтін ядро шығымы өседі. Ол үшін дәнді қысыммен булайды: дәннің ылғалы көбірек өседі және ол қызады. ГТ өңдеуде дәнде өте күрделі өзгерістер болады: ақуыз толық денатурацияланады, крахмал желімделеді, декстриндер мөлшері көбейеді. ГТӨ казіргі амалдарын - СВЧ, ИКЛ, лазер сәулелерін т.б. колдану арқылы осы өзгерістерді тереңдетуге болады.

Желімделген крахмал және денатурацияланған ақуыз ГТӨ біткеннен кейін монолитті структура құрайды. Мұндай ядро қатаң механикалық әсерлерге төтеп бере алатын жағдайда болады.

Мысалы, сұлы дәнін 3 минут бойы 0,1 МПа қысыммен булағанда қауыздау коэффициент 70% тен 90%-ке өсті. Осындай жағдайлар қарақұмықты, арпаны, ас бұршағын, жүгеріні ГТ өңдегенде байқауға болады.

Диірмендерде де осындай мысалдар келтіруге болады. Салқын шартка сәйкестендірілген астықты ұнтақтауда, ГТӨ өтпеген бидаймен салыстырғанда,

ұнның шығымы 76.3% - тен 77,2% - ке көбейді, ал күлділігі 0,93 % - тен 0,72% - ке төмендеді, сонымен катар 20% - ке энергия шығыны азайды.

Жарма зауыттарында қауыздау коэффициенті айтарлыктай өседі, бүтін ядро шығымы, әсіресе, жоғары сорт жарма шығымы көбейіп майдаланған дән азаяды, Мысалы, арпаны қауыздауда пенсак шығымы 72...74%-тен 78...79%-ке, ал жүгерінің нөмірлі жармалары 7...8%-ке артады. Қаракұмықты ГТ өңдеуде жарма шығымы 10...12%-ке өседі. ГТӨ тұтынушылық қасиеттерін жақсартып, ас өсімді болып, пісіруге уақыт аз кетеді, ақуыздың және көмірсулардың сіңімділігі жоғары болады.

Диірмендердегі ГТӨ болжамды режимдері 4.1 кестеде келтірілген.

Кесте 4.1. Бидайдан наубайханалык ұн тартуда салқын шартқа сәйкестендірудің болжамды режимдері

Бидайдың типтері

Шынылығына байланысты бөктіру ұзақтығы, caғ. %.

Дәннің соңғы ылгалы, %

40 (дейін)

40...60

60 (жогары)

I

4...8

6...12

10...16

14,5...16

III

4...6

6...10

8...12

14,5...15,5

IV

6...10

10...16

16...24

15,0.-16,5

Дәнді ылғалдау үшін көптеген машиналар қолданады. Олардың құрамындағы БШУ — шнекті қарқынды ылғалдағыш жоғары тиімділікті береді, оның сұлбасы 4.14 сурегте көрсетілген.

Сурет 4.14. Қаркынды ылғалдағыш шнектің технологиялық сұлбасы: 1-қаптама, 2- шнек, 3- шнекті жібергіш, 4- астықтың түсуі, 5,6,7- суды беруді реттегіш қондырғы, 8- астықтың шығуы.

Бұл машинада ылғалдау ең маңызды операция: су астық массасына қажетті мөлшерде бірдей себіліп әр дәннің қасиеттерінің технологиялық процестің талабына сай бір мезгілде өзгерісте болуын қамтамасыз етеді. Осы талаптарды суды дәл мөлшерлеп бүркейтін арнайы жүйесі бар БШУ машинасы орындайды. Астықты бір рет сумен өңдеуде араластырғыш шнектің ерекшелігіне байланысты әр дәннің ылғалы 3...5% -ке бірдей өзгеріп жақсы сіңіріледі. Бұл технологиялық процестің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Салқын шартқа сәйкестендірудің маңызды факторы - бөктіруді ұйымдастыру. Осы мақсатпен қазіргі кезде қораптардың табанының ерекше конструкциясын қолданады: 1м2 табаны ауданына кемінде бес астық түсетін тесік жасау

(4.15 сурет).

Сурет 4.15. Үздіксіз бөктіру қорабының астықты жіберудің жалпы көрінісі: 1- қорап, 2-жіберетін саңлау, 3- құбырлар, 4- жинақты воронка.

Осындай конструкциялы қораптардан бөктірілген астық бір қалыпты жоғарыдан төмен жылжиды және қорапқа соңғы түскен дән ең соңында шығады. Осының нәтижесінде дәндегі өзгерістер қорап деңгейінде бірдей өтеді, ал табанында бір тесігі бар қораптарда бұлай болмайды. Ылғалданған астықты қораптарда бөктіруде күрделі процестер жүреді, осыған байланысты бөктіру ұзақтығын барлық дәнге бірдей болуын қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі кезде, кейбір зауыттарда, ылғалданған астық қораптарда үздіксіз қозғалыста болады, сондықтан мұндай бөктіруді үздіксіз немесе ағымды деп атайды.

Жарма дақылдарының әр түрі болуына байланысты ГТӨ режимдерін жеке таңдайды. Жалпы булау қысымы 0,1 ... 0,5 МПа, ұзақтығы 2 ...5 мин. Бұл жағдайда дәннің ылғалы 3... 6%-ке артады, бірақ кептіруден кейін, дакыл түріне байланысты, ылғалын 12,5 ... 14,5% аралығында ұстайды.

Бидайдан сортты ұн тартуда салқын шартқа сәйкестендірудің технологиялық сұлбасы 4. 16 суретте келтірілген.

Сурет 4.16. Бидайды салқын шартқа сәйкестендірудің технологиялық сұлбасы: 1-дәнді қарқынды ылғалдағыш шнек, 2-бөктіру қораптары, 3-мөлшерлегіштер, 4- араластырғыш шнектер.

ГТӨ екінші этапын тек шынылығы орташа және жоғары бидай үшін колданады, қара бидай және тритикале үшін бірінші этаппен бітеді.

Сурет 4.17.Жарма дақылдарын гидротермиялық өндеудің принципиалды сүлбасы: 1-булағыш, 2- кептіргіш, 3-суытқыш колонка.

Үздікті немесе үздіксіз аппараттарда буланған астықты шамалы уақыт (15...20 мин) жылу жібермейтін қораптарда сақтайды, содан кейін технологиялық ылғалдыққа дейін кептіреді, суытады. Соңғы екі операцияларда гүлді қабықтар ылғалынан босайды, осының салдарынан мықтылығы төмендейді, тез сынғыш болады, ал бұл қауыздау тиімділігін өсіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]