Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Дәнді ұнтақтауға кететін энергия шығыны

Материалды ұнтақтауда оның құрылыс механикалық қасиеттерінің барлық комплексі ашылып, осы процеске кететін энергия шығынын анықтайды. Ұнтақтау жұмысының деңгейі материалдың пластикалық қасиетіне және дайындау операцияларының варианттарына тәуелді болады. Бидай дәні үшін ылғалының қолайлы мөлшері 15... 17% аралығында, қара бидай үшін 14... 15%.

Ұн зауыттарында энергия шығыны 1т ұнға, ұн тарту түріне және диірменнің жабдықталынуына байланысты, 20-дан 200 кВт.с

Бидай үшін меншікті нормативті электр шығыны: көп сортты шығымы 72% жұмсақ бидайды тарту да механикалык транспортпен жабдықталғанда 1т ұн алу үшін 55...65 кВт.с, ал пневмотасымалдауда - 86...102 кВт.с, жәй ұн, тартуда кезегімен 21...24 және 30...34 кВт.с. Жарма өндіруде,майдалау операциялары болмауына байланысты, энергия шығыны аз кетеді .

Дәннің технологиялық қасиеттері

Түрлі материалдардың технологиялық қасиеттері негізі үш көрсеткіштермен сипатталады:

- даяр өнімнің меншікті шығымы;

- даяр өнімнің сапасы;

- даяр өнімнің бірлік массасын өндіру үшін меншікті шығын.

Ұн өндірістерінде дәннің технологиялық қасиетін ұнның шығымы және күлділігі бойынша бағалайды, ал жарма өндірістері үшін өнімдердің шығымы және басқа көрсеткіштері: жылтырату дәрежесі, ақтығы т.б.

Бақылау сұрақтары

1. Анатомиялық құрамы бойынша дән қанша бөлшектен тұрады?

2. Дәндегі негізгі химиялық заттар

3. Ұн өндірістерінде шынылығы бойынша дән неше группаға топталған

Қолданылатын әдебиет

1. Есіркеп Г.Е. Өңдеу өндірісінің арнайы технологиясы: оқулық. 1-ші бөлім [Мәтін]: оқулық/Г.Е. Есіркеп, М.И. Құтыш, С.Б. Ермекбаев. – Астана : С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2013. – 169 б.

2. Бектурганова А.А. Технология перерабатывающих производств: учебно-справочное пособие. Часть 4 [Текст]: учебная/ А.А. Бектурганова, А.М.Омаралиева, Ж.Е. Сафуани, Н.С. Машанова.- Астана : ТОО"Дәме", 2011.- 116 c.

3. Ізтаев Ғ.И. Астықтану және диқаншылық негіздері [Мәтін] : оқулык : оқу құралы/ Ғ.И. Ізтаев, Б. Отыншиев.- Алматы, 1994.- 224 б.

Дәріс 4 Дәннің бетін өңдеу процесі

Жоспар

1. Дәннің бетін өңдеу машинасы

2. Ұнтақтау процесінің технологиялық тиімділігін бағалау

3. Ұнтақтау процесінің технологиялық тиімділігін бағалау

Басқа қоспалардан тазаланған астықтың бетін өңдеу қажет. Тасымалдау және сақтауда пайда болған шаң-тозаңды және қабығының бөлінуіне байланысты жарақаттанған дәннің бетін тазалау қажет. Сақтауда қолайсыз жағдайдың салдарынан пайда болған көгерткіш саңырауқұлақ - улы заттар продуценті де тазалауды қажет етеді. Дәннің бетін аталған жағдайлардан тазалаудың екі амалын - ылғалдап немесе кұрғақ - қолданады. Құрғақ өңдеуді обойкалы немесе қарқынды ЗШН-машиналарында, ал ылғалдап өңдеуді - ылғалдап қауыздағыштарда жүргізеді.

Абразивті обойкалы машиналарды тек қара бидайды ұн тартуға дайындауда қолданады. Сортты ұн тартуда болат бетті обойкалы машинада, ал жәй ұн тартуда ЗШН машинасында қара бидайды өңдеген тиімдірек.

Бидайды жуғыш машиналарда жуып өңдеу жоғары технологиялык тиімділікті қамтамасыз етеді, бірақ су шығымы өте көп - 1 т. бидай үшін 2 м³ су қажет, ал өңделген суда микроорганизмдер өте көп болады. Мұндай суды канализацияға жіберу алдында мұқият тазалау қажет, ол көп қаржыны қажет етеді. Таза судың тапшы болуына байланысты жэне шығынды азайту үшін ылғалдап қауыздағыштар кеңінен пайдалануда. Бұл машинада су, басқа жуғыш машиналарға қарағанда, 10 есе аз жұмсалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]