Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Жарма зауытының процестерінің жалпы сұлбалары

Өңделетін дақылға және өндірілетін даяр өнімдер түріне байланысты жарма зауытының процестерін ұйымдастырып жүргізудің елеулі айырмашылықтары болады, олар дақылдардың анатомиялық құрылымының, структура-механикалық және физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне бейімделген.

Дайындау бөлімінде дақылдар массасынан басқа қоспаларды тазарту үшін сепараторлау колданады. Гидротермиялық өңдеу маңызды орын алады, бірақ барлық дақыл үшін қолданбайды, тек қарақұмық, сұлы, арпа, ас бұршағы, бидай өңделеді. Күріш дәні үшін ГТ өңдеу ядроны қатайту үшін өте тиімді, бірақ дән сарғайып, кейде қоңыр түске айналады. Орталық Азия және Шығыс елдерінде мұндай түс үйреншікті, сондықтан ГТ өңдеу қолданады.

Қарақұмықты және кейбір дақылдарды 2-3 және одан кеп фракцияларға бөліп, технологиялық процестің тиімділігін арттырады; сұлы зауыттарында фракциялау керек. Арпа зауыттарының дайындау бөлімінде дәнді алдын - ала кауыздайды.

Жарма зауытының қауыздау бөлімінде барлық қауызды дақылдарды кауыздайды, қауыздау өнімдерін - бүтін ядро, сынған ядро, ұнтақ және

кауызды жеке бөліп алу үшін сорттайды. Ядроны қабықтарынан (ұрықтық және тұқымдық) және алейрондық қабаттан ажырату үшін ажарлайды, ал күріш жармасын косымша жылтыратып тауарлық түрін жақсартады.

Қарақұмықты ірілігі бойынша 5-6 фракцияға бөліп қауыздайды, одан кейін бүтін жарманы (ядрица) және сынған ядроны (продел) бөліп алады; жарманы ажарламайды.

Арпаның ірі (перловка) және майда (ячнелі), жүгері және бидай жармаларын алу үшін дәнді ірі бөлшектерге майдалап, өлшемдері бойынша сорттайды.

Қауыздау өнімдерін рассевтерде, триерлерде, падди - машинада, жарма сорттағыштарда, кейбір жағдайларда пневмо - сорттауыш столдарда сорттайды.

Астықты қоспалардан тазалау (сепаратордан өткізу)

Қоспаны құрайтын белгісі бойынша біркелкі компоненттерге бөлу сепараторлау (сепаратордан өткізу) процесіне жатады. Осыған байланысты қоспаны бір немесе бірнеше белгілері бойынша бөлетін машинаны сепаратор деп атайды.

Ұн және жарма зауыттарында сепаратордан өткізу жалпы процеске жатады.

Алғашқы қоспаны берілген тиімділікпен компоненттерге бөлу мүмкіндігі таңдап алған белгісімен анықталады. Қоспаның бөліну бағалылығы және инженерлік сепараторлау вариантын таңдау үшін таңдалған белгінің вариациясын статистикалық талдау керек. Қоспадағы компоненттердің вариациялық графиктерін салыстыру негізінде немесе белгінің вариациялық бөліну қатарын талдап, процестің нақты вариантын таңдайды.

Күріш ядросының, қауызының және ұнтақтың қалқу жылдамдықтарының вариациялық түзулерінің орналасуы сурет 1 көрсетілген,

n, %

Сурет 1. Қалқу жылдамдығының вариялық сызығы: 1 – күріш ядросы; 2 – қауыз; 3 – ұнтақ.

Осы өнімдерді жайғастыру үшін ауа ағымын орындайтын аспиратор колданған. Ауа жылдамдығын 4,5...5,5 м/с жеткізіп, ядроны, қауызды және ұнтақты түгел бөлуге болады, ал қауызды және ұнтақты осы әдіспен бөлуге болмайды, себебі олардың вариациалық сызықтары қиылысады. Оларды бөлу үшін басқа амал керек, мысалы, бөлшектердің ірілігін ескеру оңды болады.

Сонымен,егер екі вариациялық сызықтар қиылыспаса, онда осы белгі бойьшша қоспаларды тиімді бөлуге болады. Егер сызықтар бір кесіндіде қиылысса, онда осы белгі бойынша компоненттерді толық бөлуге болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]