Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

2. Ұн және жарма зауыттарының технологиялық және экономикалық тиімділігі

Кез келген өндірісте технологиялық процесті ұйымдастыру және оны орындау негізінен екі жағдайға бейімделеді:

  • шикізатты пайдалануда жоғары тиімділікті қамтамасыз ету;

  • мейлінше кірістің мол болуы.

Бірінші жағдайда стандартты жоғары сорт ұндарының шығымының көп болуы.

Екінші жағдайда технологиялық процесті сауатты құрап жүргізу, еңбекті ұйымдастыру желісін ғылыми түрғыда басқарып, іске асыру.

Бұл мәселелер өзара тығыз байланыста, оларды шешуде факторлардың комплексті бірлескен әрекеттерін ескеру қажет. Бұрында, қазірде кептеген тәжірибесіз өндірісшілер диірмен немесе жарма комплекстерін сатып алу үшін көптеген қаражат жұмсап, оларды дұрыс пайдалана алмай жүрдай калып жүрген жағдайлары бар.

Ұн зауыты қымбат тұрады. Егер оны білгерлікпен пайдаланса, одан өте көп пайда түсіруге болады. Практикада мұндай жағдайлар аз емес.

Қомақты экономикалық нәтиже алу үшін, ең бастысы, технологиялык процестің және дәннің потенциалды мүмкіндігін жоғары деңгейде толық жүзеге асыру керек. Астық егу, ору, жинау күрделі жұмыс. Сондықтан ол қымбат тұрады. Егер ұн және жарма өндіруге кеткен барлық шығынды есептесек, барлық шығынның 90%-тен астамы астықтың, шикізаттың, бағасын құрайды. Осы жағдай астықты өндеуді ұйымдастырып жүргізуде шығымы мол, жоғары сапалы және тұтынушылык қабілеттілігі жақсы тауарды тез өткізетін жэне тұрақты сатып алушыларды қамтамасыз ететіндей болуы керек.

Дәннің технологиялық қасиеттері үш негізгі көрсеткіштер арқылы анықталады:

  • даяр өнімдердің шығымы;

  • даяр өнімдердің сапасы;

  • даяр өнімнің бір өлшемін шығару үшін жұмсалатын энергия шығыны.

Бұл жағдайларда сапа көрсеткіштері - негізгі факторлар, тек жоғары сапа тұтынушылардың талаптарын толық қанағаттандырып, ұн мен жармаларды ойдағыдай тез өткізіп, кірісті көбейтіп, өндірістің рентабельдігін жоғарылатады.

Жәй есептеу арқылы диірменді және жарма зауытын сатып алудың пайдалы екендігін анықтауға болады. Мысалы, ұн шығымы 70%, қуаты тәулігіне 20 т. бидайдан ұн тартуда тәулігіне 14 т. ұн және 6 т. кебек алады. 1 т. бидайдың құны 5000 тнг. дейік. Қазіргі жағдайда ұнның базар бағасы бидай бағасынан кем дегенде 2 есе артық. Сонда ұнды сату барысында тәулік бойы кіріс 40000 тнг. аумағында. Кебекті өткізуде біраз кіріс болады. Диірменді сатып алуға кеткен қаржыны 100-150 тәулік аралығында қайтарып алуға болады. Осындай есептеулер нәтижесінде қуаты тәулігіне 50-100 т. диірмендер (тез арада шығымды қайтару бойынша) өте тиімді.

Егер өндіріс жанында нан пісіретін, макарон өндіретін т.б. диірменнен алынатын өнімдерді өңдейтін даяр өнімдер алатын кәсібиорындар болса, онда диірмен өте рентабельді болады. Себебі диірменнен алынатын өнімдерді тасымалдауға қосымша шығын болмайды. Осы жағдайлар жоғарыда аталған Кәсіпорындарға пайдалы.

Сонымен, диірменге ие болу жоғары және тұрақты кіріске кепіл береді. Бірақ бұл тек диірменнің жабдықтарын сауатты игеру талаптарын және дәннің технологиялық потенциалын жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда іске асады.

Астықты өңдеу өндірістері, әсіресе, ұн тарту технологиясы өте күрделі.

Бұл біріншіден – дәннің анатомиялық құрамының ерекшеліктеріне, екіншіден оның түрлі технологиялык процестерде әрекеттеріне тікелей байланысты.

Сондықтан, өндірісті игеру жетістігін қамтамасыз ету үшін міндетті жағдайлар:

- дәннің технологиялық қасиеттерін, оның потенциалдық қабілеттілігімен түрлі технологиялық процестердің режимдеріне реакциясын жақсы білу;

- тиімді вариантта жоғары сапалы, тұтынушылығы құнды даяр өнімдер алуда ұн және жарма технологиясының принциптерін игеру;

- негізгі технологиялық жэне қосалқы жабдықтарды жақсы білу, оларды сауатты пайдаланып өндіріс процесінің жоғары нәтижелерін алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]