Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Сепараторда тазалау тиімділігін бағалау

Сепараторда тазалау бөлу процесінің типті өкілі.

Қазіргі жағдайда сепаратордың тазалау тиімділігін есептейтін формула: Х¹-Х²

Е= х (100-m) (1)

Х¹

мұндағы Х¹ және Х²-астыктағы алғашқы және тазалаудан кейінгі қоспалар;

m - қалдықтардағы жарамды астыктың мөлшері, %.

Сепараторлардың конструкциялары

Ұн және жарма зауыттарында астықты қоспалардан тазалау үшін қолданатын сепараторлардың конструктивтік сұлбалары 4.2-4.10 суреттерде келтірілген.

Ұн зауыттарында астық массасынан қоспаларды бөліп алу үшін аспираторлар, пневмосепараторлар, желді-елек сепараторлар, тас бөлгіштер, триерлер, концентратор, магнитты сепараторлар және астықты фракциялау үшін шкаф типті сепаратор қолданады.

Жарма зауытарында - желді - елек сепараторлар, аспираторлар, триерлер, магнит сепараторлары және рассевтер қолданады.

Жоғарыдан төмен түсетін астықты ауа ағымы қарсы алатын қарапайым аспирациялық каналы бар конструкциялық сұлба сурет 2 көрсетілген. Ауа ағымының жылдамдығы әсерінен жеңіл қоспалар бөлінеді.

Жылдамдықты өзгертіп қажетті тиімділікке жетуге болады.

Дуоаспираторда астықты екі рет ауамен желдетуде қоспаларды бөлу тиімділігі өседі; ауыр заттар машина камерасында қалады (ол шнек арқылы сыртқа шығады), ал жеңілі - қосымша ауа тазалағыш - циклоида бөлінеді.

Пневмоаспиратордың сұлбасы сурет 4.4 көрсетілген. Ол пневмотасымалы бар диірмендерінің дайындау бөлімінде қолданады, оның жұмыс принципі суретте 4.4 түсінікті келтірілген.

Құрастырылған әдіспен бірнеше қоспаларды астық массасынан бөліп алу желді - елек сепаратор сұлбасы сурет 4.5 көрсетілген.

Астық массасы машинаға түсерде және шығарда екі рет қарама-қарсы үрленген ауа ағымы жеңіл қоспаларды ұшырып кетеді. Бұл машиналар ауа ағымын реттеуге ыңғайлы конструкциялармен жабдықталған, соның нәтижесінде қоспаларды тазалау тиімділігін бақылауға болады. Сепаратор електермен жабдықталған; електердің саңылауларын таңдап өлшемдері (ені, қалыңдығы) бойынша қоспаларды бөліп алуға болады. Електердің саңылауын таңдап жоғарғы електен сырғыма ретінде ірі, ал төменгісінен - майда (електенөткені қоспаларды бөледі, ал осы електің сырғымасы тазаланған астықты құрайды.

Сонымен, осы машинада ірі, майда жэне аэродинамикалық ерекшіліктерді бар қоспалар бөлінеді. Бұл машиналардың електерінен қалыңдығы және ені бойынша қоспалар бөлінеді, ал ұзындығы бойынша тек триерлер жарайды.

Триерлердің сұлбалары 4.6 және 4.7 суреттерде көрсетілген.

Сурет 4.7. Дискелі триер: а- ішкі көрінісі, в,с- ұзын және қысқа заттардың бөлінуі.

Триерлердің жұмыс органы цилиндр немесе дискілер; цилиндрлердің ішкі беттерінде, ал дискілердің екі бетінде ұяшықтары бар. Осы ұяшықтарға заттар орналасып, цилиндр немесе дискілермен жоғары көтеріледі. Жоғары көтерілу биіктігі ұяшықтардың өлшеміне және заттың ұзындығына байланысты: ұзындары ертерек түседі, ал майдалары жоғары көтеріледі. Экранды-ұстағышты қажетті биіктікке орналастырып, ұзындық белгісі бойынша бөліп алуға болады. Бөлінетін қоспалардың сипаты бойынша триерлер қарамықша (қыска қоспалар) бөлгіш - бұл машинада қысқа қоспалар бөлінеді және қарасұлы (ұзын қоспалар) бөлгіш - бұл машинада ұзын қоспалар бөлінеді.

Астық массасынан қиын бөлінетін қоспаларды бөліп алу өте күрделі жұмыс. Бұл қоспалардың кұрамына, астықты ору кезінде түсетін, тас жатады. Олардың өлшемдері дәннің өлшемдерімен бірдей болғандықтан електен және желмен толық бөлінбейді. Ол үшін арнайы тас бөлгіштер қолданады. Солардың біреуінің сұлбасы 4.8 суретте көрсетілген.

Сурет 4.8. Тас бөлгіш машинасының технологиялық сұлбасы:

1- минерал қоспалар, 2 - дека, 3 - тербелмелі стол, 4- микроманометр,

5–диффузор,6-кабылдағыш воронка,7-астықтың түсуін реттегіш, 8- қабылдағыш астау-үлестіргіш, 9-астықты сыртқа шығарғыш, ІО-электротербеткіш, 11- табаны,12-жұмыс орнының ылдылығын реттейтін бұранда, 13-тоспалы станина, I-бастапқы астық, II- ауа ағымы, III- тазаланған астық, IV- қоспалар.

Бұл машинада тербелмелі пневматиімділік қолданған: астық ағымы елек бетіне түсіп үрленген жел әсермен қопсиды. Нәтижесінде, тас ауыр болғандықтан, елек бетімен әрекет етіп бір бағытқа, ал негізгі астық жеңіл болғандықтан қарсы қозғалысқа ұшырайды. Таспен бірге басқа ауыр (шыны, магнитті емес металдар және т.б.) бөлінеді.

Осыған сәйкес құрастырылған әдісті қолданған концентратор; қоспасын бөлу сұлбасы сурет 4.9 керсетілген. Астық ағымы тығыздығы бойынша іріктеліп екі фракцияға бөлінеді: технологиялық қасиеттері бойынша ауыр және жеңіл. Сонымен қатар, астық массасынан майда қоспалар және жеңіл салмақты қиын бөлінетін (қара сұлы және т.б) ұзын коспалар алынады.

Сурет 4.9. Концентратордың технологиялык сұлбасы: 1- астықтың түсуі, 2 - ұшынды, 3 - дірілдеткіш, 4 - майда қоспалар, 5 - дәннің ауыр фракциясы, 6 – дәннің жеңіл фракциясы, 7- қалдыктар.

Астық массасына магнитті қасиеті бар қоспаларды (темір жэне оның басқа түрлері) бөлу үшін тұрақты немесе элекртромагнит аппараттары (сурет 4.10) қолданады.

Сурет 4.10. Электромагнитті сепаратордың технологиялық сұлбасы: 1- өнім, 2-электромагнит,3- білік, 4- жетекші шкив, 5- магнитсіз қалақ, 6- қаптама, 7- бөлгіш қалқан, 8- магнитті қоспалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]