Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Тарту қоспасын құрау дәннің технологиялық қасиеттерін тұрақтандыру әдісі

Дәннің қасиеттері оны өсіруде қалыптасады және типіне, сортына , өскен аймақтың ауа райына, жер жағдайына, сондай-ақ өндіру жылына байланысты. Осы қасиеттеріне орудан кейін әсерін тигізетін факторлар: тасымалдау, орудан кейінгі өңдеулер, сақтау. Осының салдарынан өңдеу өндірістеріне түсетін астық партияларының қасиеттері бірдей болмайды.

Астық қасиеттерінің бірдей болмауы технологиялық операциялардың, әсіресе, машиналар мен аппараттардың жұмыс режимдерін жиі өзгертуді талап етеді. Осы жұмыстарды болдырмау үшін дайындау бөлімінде тарту партиясының қасиеттері тұрақты болу қажет. Тарту партиясының қасиеттерін тұрақтандыру технологиялық процестерді автоматтандыруға мүмкіндік тудырады. Бұл талаптарды ГТӨ және сипаттамалары әр түрлі партияларды араластырып, сапасы бір тарту қоспасын құру арқылы орындайды. Бұл партияның, сапа көрсеткіштерін алдын- ала білуге болады. Ол үшін қоспаның компоненттерін таңдап, қатынастарын арнайы әдіс бойынша есептеп, мөлшерлеп араластырады.

Тарту партиясын жасауда құнды бидай үнемделеді және жеке тартып ұн алуда тиімділігі нашар бидайды пайдалануға мүмкіндік туады. Тарту партиясын құрауда бидайдың орташа шынылығын (50...60%), сағызының мөлшерін және сапасын ескереді. Тарту партиясын екі - үш немесе төрт компоненттерден құрайды. Тарту қоспасын талап етілген көрсеткіштерін ескеріп есептейді. Сапа көрсеткіштерінің адитивті заңдылыкка, яғни арифметикалық орта көрсеткіштер бойынша бағыныштылығын ескеріп, компоненттердің массасын есептейді. Егер тарту партиясының массасын М, m1 - жеке компоненттің массасы, X - таңдап алынған сапа көрсеткішінің орташа өлшенген мәні, X1 - қоспадағы әр компоненттің жеке мәні деп белгілеп екі компоненттен тұратын тарту партиясын екі теңдеумен есептеуге болады:

{X = m1 x1+m2 x1 x2 (4.2)

{М = m 1+ m2

Осы теңдеу бойынша компоненттердің массасын анықтауға болады:

{ m1= М(Х- x2))/ (x1- x2) (4.3)

{m2=M - m1

Тарту партиясын үш компоненттен құруда, компоненттердің екі массасы тең болған жағдайда, аналитикалық есепті шешуге болады.

Тарту партиясының компоненттерін ГТӨ кейін араластырады. Себебі, әр компоненттің қасиеттері өзгеше болғандықтан, осы операцияның режимдерін ерекше жүргізеді.

Дәнді ұнтақтау

Ұнтақтау процесі көптеген өндірістерде колданады. Технологиялық мақсатты шешуде сусымалы заттарды алу үшін қатты материалдарды ұнтақтауда бірнеше амалдар қолданады.

Қатты материалдарды ұнтақтаудың екі әдісі болады: жәй және таңдамалы. Ұнтақталатын материалдың химиялық құрамы және оның барлық бөлімдерінің структура - механикалық қасиеттері бірдей болса, онда қажетті мақсатқа пайдалануға болатын осы қатты заттан ірілік бөлшектері біркелкі сусымалы массаны алуға болады.

Ұнтақтаудың түрлі әдістерін қолданып, бірдей күшпен әсер етіп, қатты денені ұнтақтауда ірілігі және химиялық құрамы бірдей емес бөлшектер алады. Осы мақсатты орындау үшін бір этапты ұнтақтау жарамайды, оны бірнеше рет қайталайды, әр этапта ұнтақталған фракцияларды ірілігі және сапасы бойынша елейді. Бұл әдіс іріктеп ұнтақтауға жатады. Іріктеп ұнтақтау - ұнның бірнеше сортын алу әдісі.

Ұнтақтау процесін сауатты жүргізу аркылы даяр өнімнің сапасына және оның өзіндік құнына, ұнтақтау машиналарының қуатына және бір тонна өнімге кететін меншікті энергия шығынына елеулі әсер етуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]