Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Астықты қоспалардан тазарту процестерін ұйымдастыру

Практикалық тәжірибеде астықты қоспалардан тазалау бірізділігі: желді -електі сепаратор - тас бөлгіш - триерлер - магнитті сепаратор немесе желді - електі сепаратор - тас бөлгіш - концентратор - триерлер - магнитті сепаратор.

Желді - електі сепараторды жеңіл, ірі және майда қоспаларды бөлу үшін процестің алдында қолданады. Бұл келесі жабдықтардың жұмысын жеңілдетеді. Ірі қоспаларды бөлу үшін саңлауын 4,25 х 25мм, ал майда қоспалар үшін - 0 2мм електер қолданады; жеңіл коспаларды бөлу үшін жел ағымының жылдамдығын - бидайдағы жеңіл қоспалар үшін 5,5 ... 6,5 м/с, кара бидай үшін - 5,0... 6,0 м/с таңдайды.

Желді - електі сепаратордың жұмыс тиімділігі 4.1 формуламен есептегенде ірі қоспаларды 100 %, майдаларды - 65 ... 75%, жеңілдері - 70 ...85% тазалауы қажет. Жалпы тазалау тиімділігі - 65 ... 75%, келесі этапта астықтан ауыр қоспалар - тас белінеді. Қазіргі тас бөлгіштер ауыр қоспаларды жоғары мөлшерде бөлуді камтамасыз етеді, тазалау тиімділігі 98 ... 99%.

Ұзындығы бойынша қоспалардан тазарту үшін карамықша және қарасұлы бөлгіш триерлер қолданады. Қарамықша бөлу үшін бірінші тазалауда дискадағы ұяшықтар 4-5 мм, ал тексеруде - 3-4 мм; ал қарасұлы бөлгіштер үшін 8...10 мм - негізгі триерде және 9...11 мм тексеруде. Триерлердің тазалау тиімділігі: қарақұмық тазалауда 80 %, ал қарасұлы - 70%.

Тазалаудың жоғары тиімділігін концентратор камтамасыз етеді. Алғашқы этаптарда тазаланбай қалған майда қоспаларды бөлу үшін бірінші бөлігінде .саңлауы Ǿ 2мм елек қояды. Осында астық тығыздыгы бойынша бөлінеді - әлжуаз (щуплый), желінген, дамымаған, кене-таспақамен жарақаттанған, қарасұлы, арпа және басқа дәнге ұқсастар жеңіл фракция ретінде массаның бетіне қалқиды. Машинаның екінші ұзындық бөлігінде елек саңылауы 9 мм, осы електе алғаш ірі одан кейін жеңіл фракциялар еленеді, ал жоғарғы қабат барлық қоспалармен сырғыма кұрайды.

Концентратор жұмысын талдау бойынша ауыр фракция 70...75%, сырғыма 0,2...1%, оның 50 ... 60% қоспалардан тұрады. Ауыр фракция қоспалардан 85...95% тазаланады, ал астықты қоспалардан - 70 ...75%. осының салдарынан ауыр фракцияны триерлерден өткізбейді, ал майда фракцияны тек қарамықшадан тазалайды.

Қазіргі магнит сепараторларының тазалау тиімділігі жоғары болғандықтан астық массасында магнит қоспалар өте аз болады.

Сонымен, астықты қоспалардан тазалаудан кейін коспалардың мөлшері 0,4% - тен көп емес, яғни қоспалардың 80 % - нен астамы бөлінеді; басқа астық дақылдардың 30% астамы бөлінеді, ал тазалаудан кейін 3% - тен көп болмайды.

Бақылау сұрақтары

1. Ұн зауытының процестерінің жалпы сұлбалары туралы айтыңыз

2. Жарма зауытының процестерінің жалпы сұлбалары туралы айтыңыз

3. Сепараторлардың конструкцияларын айтыңыз

Қолданылатын әдебиет

1. Есіркеп Г.Е. Өңдеу өндірісінің арнайы технологиясы: оқулық. 1-ші бөлім [Мәтін]: оқулық/Г.Е. Есіркеп, М.И. Құтыш, С.Б. Ермекбаев. – Астана : С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2013. – 169 б.

2. Бектурганова А.А. Технология перерабатывающих производств: учебно-справочное пособие. Часть 4 [Текст]: учебная/ А.А. Бектурганова, А.М.Омаралиева, Ж.Е. Сафуани, Н.С. Машанова.- Астана : ТОО"Дәме", 2011.- 116 c.

3. Ізтаев Ғ.И. Астықтану және диқаншылық негіздері [Мәтін] : оқулык : оқу құралы/ Ғ.И. Ізтаев, Б. Отыншиев.- Алматы, 1994.- 224 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]