Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_spets.doc
Скачиваний:
364
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Диірмендерде қолданатын електердің сипаттамалары

Електерді түрлі материалдардан тоқиды. Електер осы белгілері бойынша болат немесе кола жіптерінен тоқылған металсымды, жібек жіпті және синтетикалық жіптерден тоқылған капронды, полиамидты болады. Жіптерінің араласып тоқылуына байланысты жібек және синтетикалық електер жәй маталы, селдірлі (ажурные), алдамшы селдірлі болады. Електің тағайындалуына байланысты жіптерінің жуандығы әртүрлі келеді, сондықтан ауырланған және жеңілденген маталардан тоқылған жеке группаларға

іріктейді.

Електердің жіптерінің қалындығы мен тоқылуына байланысты електі пайдалану коэффициенті (бірлік өлшемдегі елек саңылауларыньщ ауданы) өзгерісте болады, оны % - пен белгілейді. Осы коэффициент және өнімнің елек бетіндегі үйкеліс коэффициенті елеу процесінің тиімділігін сипаттайды.

Әр группа аралығында електердін түрлі материалдардан жасалуына және металдардың сипаттамасына байланысты електер нөмірмен ажыратылады. Металл сымды електің нөмірі саңылауының жарықтағы өлшемін (мм) көрсетеді: егер електің нөмірі № 1,2 болса, онда оның саңылауы 1,2 мм, егер

№ 056 онда саңылауы 0,56 мм. Ұнды елеуге арналған жеңілденген жібек жіптен және синтетикалық материалдан тоқылған електердің нөмірі 1 см ұзындықтағы саңылау санына тең; мысалы, егер елек немірі № 7, онда 1 см -ге жеті саңылау келеді, №49 - 49 саңылау. Күрделі-аралас тоқылған електердің негізі және бекіту тетігі (утка) бойынша саңылаулар саны бірдей бөлшек нөмір беріледі: 45/50, 63/72 және т.б.

Жармаларды елеуге арналған ауырланған маталардан жасалған жібекті елек нөмірі 10 см - дегі саңылауға тең: № 80 - 80 саңылау, № 220 - 220 саңылау және т.б.

Кейбір елдерде електердің номерін 1 дюймге (25,4 мм) есептейді; бұл көрсеткішті «меш» деп атайды; мысалы, 280 меш - осы аралықта 280 саңылау деген үғым және т.б.

Кейбір кезде жасанды нөмірлер қолданады: мысалы, № 000, №1 және т.б. Бұл жағдайда матаны тоқу ерекшеліктері крестпен белгілейді: мысалы, 12Х,

12ХХ, 12ХХХ.

Егер електі басқа материалдан тоқылған елекпен ауыстыру кажет болса, онда сол номерге баламалысын електің тірі коэффициент қиындысы бойынша таңдайды.

Бақылау сұрақтары

1. Ұнтақталу дәрежесі туралы айтыңыз

2. Ұнтақтау процесінің технологиялық тиімділігін бағалау

3. Ұнтақталған өнімдерді ірілігі бойынша сорттау

Қолданылатын әдебиет

1. Есіркеп Г.Е. Өңдеу өндірісінің арнайы технологиясы: оқулық. 1-ші бөлім [Мәтін]: оқулық/Г.Е. Есіркеп, М.И. Құтыш, С.Б. Ермекбаев. – Астана : С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2013. – 169 б.

2. Бектурганова А.А. Технология перерабатывающих производств: учебно-справочное пособие. Часть 4 [Текст]: учебная/ А.А. Бектурганова, А.М.Омаралиева, Ж.Е. Сафуани, Н.С. Машанова.- Астана : ТОО"Дәме", 2011.- 116 c.

3. Ізтаев Ғ.И. Астықтану және диқаншылық негіздері [Мәтін] : оқулык : оқу құралы/ Ғ.И. Ізтаев, Б. Отыншиев.- Алматы, 1994.- 224 б.

Дәріс 5 Астықты ұнға өңдеу технологиясы. Бидайды ұнға ұнтақтаудың интенсификация процесі

Жоспар

1. Ұн және жарма өндірісінің қысқаша тарихы

2. Ұн және жарма зауыттарының технологиялық және экономикалық тиімділігі

3. Ұн және жарманың тұтынушылық құндылығы

4.Бидай өңдеу өндірісіндегі қазіргі анализ жағдайы және әлемдік және отандық ғылымдағы беталыс.

5. Байыту процесімен дамытылған күрделі нан өнімдері ұнтақтары.

Ұн және жарма өндіру адам баласына ежелгіден белгілі.

Көптеген жылдар бойы ұн техникасы және технологиясы дамуда және жетілдірілуде. Теориямен практиканың дамуына екі жағдай әсерін тигізді. Бірінші - өнімдерді өндіру өмір талабы; екінші - ұнтақтау процесінің жоғары энергия сиымдылығы. Сондықтан диірмен техникалық ойдың обьектісі. Басқа өндірістерге қарағанда, диірмен өндіріс түрін ертерек қабылдады. Барлық техникалық жаңалықтар, сонымен қатар энергия ошақтары, алдымен диірмендерде жүзеге асырылды. Осы замандағы жаңа ғылым-кибернетиканың пайда болуы ұн тарту практикасына борышты.

Желді және сулы қозғалтқыштардың (двигательдер) пайда болуы бұрынғы библиялық уақыттан, қол диірменнен механикалық әдіске көшуін революциялық өзгеріспен сипаттауға болады. Сол заманнан бастап тас диірмен машинамен алмастырылды. Су диірменді жаңа эрадан шамамен 20 ж. бұрын рим архитекторы Витрувит жазып түсіндірді, сол уақыттан бастап жел диірмен пайда болды. Осы диірмендер Ресейде IX ғасырда, ал XII жүзжылдықта барлық жерде кеңінен орын алды.

Бу диірмені Ресейде 1818 жылы салынды, бертін келе бұл диірмендердің саны 690-ға жетті. Диірмендерде ішкі жаңғыш двигательдер кеңінен қолдана басталды. 1914 ж. Санкт-Петербургте қара бидайдан еленген ұн алатын диірменінде бірінші рет электр қозғалтқыш пайдаланды.

Инженерлік ойдың дамуына байланысты техника мен технология жаңара бастады. 1783 ж. американдық инженер Эванс барлық операциялар толық механикаландырылған диірменді жобалап жүзеге асырды. Бұл диірменде кол жұмысы толык механикаландырылды. Жел жэне сумен жүретін тас диірмендерде ауыр жұмыстар механизацияланды.

Вальцелі станоктарды ойлап табу диірмен дамуында өте зор роль атқарды. Ресейде бүл станоктар 1822ж. қолданды. 1880 ж. Волга бойыңдағы диірмендер толығымен вальцелі станоктарға көшті. Қазіргі кезде ұнтактау үшін негізінен осы станоктар қолдануда. Рассевтермен желді елек машиналары технологиялык процесті, әсіресе аралық өнімдерді құрамына ажырату үшін таптырмайтын жабдықтар.

Жарма техникасымен технологиясы баяу дамып, осы жүзжылдықта казіргі жарма зауыттарына айналды.

Техника мен технологияның баяғыдан үздіксіз дамуы астық дәнін пайдаланудың жоғары нәтижелерін қамтамасыз етуде. Тіпті құл дәуірі кезіндегі анайы техника мен технологиясы бар тас диірмендерде әжептеуір нәтижелер алынды. Мысалы, жаңа эраның X ғасырында, Плиныйдың жазуы бойынша, бидайдан бірнеше сортты ұн алынған. Плиный бойынша, астыққа процентпен есептегенде, ұнның шығымы:

жоғары сорт ұны 15,7%; орта сортты ұн - 48,3%; жармадан алған ұн - 28,1%; күңгірт түсті ұн - 4,6%.

Қазіргі кезде бидайдан шығымы 75...80% әртүрлі сортты ұн алады. Бәсеке жағдайы кейбір диірмендерде бестен, ал кейде 12-ден көп ұнның түрлі сорттарын шығаруды талап етуде.

Күрделі техника және технология ғалымдардың назарын аудартты. М.В.Ломоносов диірмен үлгісімен тісті доңғалақ жұмысын зерттеп, үйкелістің машинадағы ролін дәлелдеді және су диірмені бойынша гидравлика аймағында классикалық ізденістер жүргізді.

Ұн және жарма зауыттарын жобалап салуда жэне оларды іске қосуда арнайы оқулықтардың қажеттілігі анықталды. Осы мәселелер бойынша бірінші рет 1812ж. В.Левшиннің инженерлік нұсқаулары жарыққа шықты. Осыдан кейін осындай оқулықтар әрдайым басылып тұрды. Д.И.Менделеевтің "Технологии" жұмысында диірмен өндірісіне елеулі көңіл бөлінді.

1876ж. бірінші инженер-мукомол, Санкт-Петербург технологиялық институтының профессоры ГІ.А. Афанасьев "Курс мукомольных мельниц" оқулығын баспадан шығарды, ал 1884ж. оның оқушысы профессор К.А. Зворыкин "Курс мукомольных мельниц" кітабын шығарды. Осы

традицияны одан ары жалғастырған профессор П.А.Козьмин 1912ж. "Мукомольное производство" оқулығын шығарып, одан кейін оның бірнеше рет жаңарған түрі баспадан жарық көрді, сондай-ақ ол ағылшын тіліне аударылды. Осы оқулық 1950ж. дейін жоғары оқу орындарында негізгі оқулық болып саналды.

Профессор П.А.Афанасьев мәліметтері бойынша бидайдан сортты ұн тартудағы жетістіктер:

- күлділігі 0,69% жалпы ұнның шығымы 76,2 %;

-оның құрамында екі сортты жарымшақ ұны және күлділігі 0,41% шығымы 18,7% төрт жоғары сорт ұндары;

-күлділігі 0,53% жалпы шығымы 51,4 % жоғары сорт ұны, яғни бүл ұн қазіргі термин бойынша жоғары сорт ұнын құрайды.

Осыған қарағанда, бұдан 100 жыл бұрын, диірменшілер дәнді пайдаланудың жоғарғы деңгейіне жеткен. Бірақ бұл жетістіктер созылыңқы технологияны талап етті жэне қазіргі жағдаймен салыстырғанда шығын өте жоғары болды.

Мамандарды дайындау белсенділікпен жүргізілді. Алғашқы техникалық училище Екатерина II кезінде ашылды; 1782 ж. 518 оқушысы бар 8 училище, 1786 -165 училище, ондағы оқушылар саны 11088; олардың басым көпшілігі диірмендерге дайындалды.

Қазіргі ұн және жарма технологиясы соңғы 150 жыл аралығындағы мамандар коллективінің творчествосының жұмыс нәтижесі.

Қазақстанда ұн, жарма технологиясы 1917 жылдан кейін дамуын бастады. Алғашқы ұн зауыттары Орал, Алматы, Семей калаларында салынды. Өңдеу өндірістері тың жэне тыңайған жерді игеруден кейін облыс орталықтарында, ірі калаларда және халқы көп аймақтарда кезегімен салынды.

Қазіргі ұн және жарма зауыттары күрделі жабдықтармен, автоматты бакылау және басқару жүйелерімен жабдықталды. Мысалы, Қапшағай қаласы және Түлкібас станциясында жоғары өнімді вальцелі станоктармен шкафты рассевтерді пайдаланып қуаты тәулігіне 500 т. ұн зауыттары салынды. Ескі зауыттар қайта құрудан өтті, оларда жаңа жабдықтар, технология іске ендірілді.

Наубайханалық бидай және қара бидай ұнының сапа керсеткіштері 1-

кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Наубайханалық ұннын нормативті сапасы

Ұнның сорты

Күлділігі, %, көп емес

Ұнтақтың ірілігі

Електегі

қалдық№/%,көп

емес

Електен өткені, №/%, көп емес

Сагызының мөлшері, %, көп емес

Бидай ұны

Жоғары

0,55

43/5

-

28

Бірінші

0,75

35/2

43/75

30

Екінші

1,25

27/2

38/60

25

Жәй ұн

Тазалау алдындағы дәннің күлділігі-нен кемдегенде 0,07% аз

067/2

38/30

20

Қара бидай ұны

Еленген

0,75

27/2

38/90

Кебексіз

1,45

045/2

38/90

Қара бидай

жәй ұны жәй бидай ұны сиякты


Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]