Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы

1773–1775 жылдары Ресейде аса iрi шаруалар көтерiлiсiнiң бiрi болып өттi. Оны Емельян Пугачев басқарды. Ол өзiн Ресейдiң III Петр патшасымын деп жариялады. Көтерiлiске шыққан шаруа лардың басым көпшiлiгiн Орал казактары құрады. Олар казактар дың ежелгi еркiндiгi мен артықшылықтарын жоюға, жергiлiктi әкiм шiлiктiң озбырлығына қарсы шықты. Бұл көтерiлiстiң өзiндiк ерекшелiктерiнiң бiрi – оған Ресей империясындағы әр түрлi халық тар өкiлдерiнiң: башқұрттардың, татарлардың, қалмақтардың бел сене қатысуы болды. Көтерiлiстен Кiшi жүз бен Орта жүз қазақ тарының бiр бөлiгi де сырт қалған жоқ.

    1. Е. Пугачев бастаған шаруалар кHтерiлiсiне қазақтардың да қаты суының негiзгi себептерi. Осы көп ұлтты қозғалысқа қазақтардың да қатысуына түрткi болған бiрнеше негiзгi себеп бар едi. Бiрiншiден, мал жайылымы жетiспедi. Патша үкiметi қазақтар Ресейдiң қол ас тына өтудi қабылдаған бойдаақ олардың шекара шебiнiң iшкi жағы на өтуiне, сондайақ оған жақын көшiпқонуына қатаң тыйым салған болатын. Оның үстiне Ертiс өзенiнiң бойындағы шекара шебiнде енi 10 шақырымдық алқаптың ұзына бойынан өтуге де тыйым салынды. 1771 жылы Едiл мен Жайық аралығындағы қалмақтардың үлкен бiр бөлiгi өздерiнiң тарихи отанына, Жоңғарияның қаңырап бос қалған жерiне жетуге көш бетiн түзедi (қараңыз: §7). Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтары, патша үкiметiнiң айдап салуымен Жоңғарияға көшiп бара жатқан қалмақтарды тасталқан етiп қыруға белсене қатысты. Қалмақтардың Едiл мен Жайық аралығындағы жайлаған жерiн ием денiп қалуға қазақтар заңды құқығымыз бар деген талап қойды. Бi рақ патша үкiметi бұл талапқа құлақ асқан жоқ, қазақтардың Жайық тың оң жақ өңiрiнен көшкен қалмақтардан босап қалған атамекен жерлерiне қайтадан қоныс аударуына үзiлдiкесiлдi қатаң тыйым салды.

Екiншiден, қазақ халқы өздерiнiң жер аумағында әскери бекi

нiстер салуға тiптi де келiсе алмады. Gйткенi мұның өзi көшпелi мал жайылымын елеулi түрде тарылтты. Үшiншiден, патша үкiметi 1752–1755 жылдары бұрын Орта жүз қазақтары емiнеркiн көшiп қонып жүрген Жаңаесiл аймағын басып алды. Төртiншiден, патша үкiметi барымташыларды ұстау үшiн «әскери iздестiру» деген сыл таумен қазақ даласына әскери топтарды әдейi жiберудi жиiлете түстi. Ал мұның өзi шынтуайтына келгенде, қазақ ауылдарын кә дiмгiдей ашықтанашық талантаражға салып тонаудың жымысқы тәсiлi болып шықты.

Қазақстандағы көтерiлiс Е. Пугачевтың жариялаған манифесiнiң

ықпалымен басталды. Көтерiлiстiң басшысы өзiнiң үндеуiнде қазақ

тарға жер, су, орман алқаптарын, қаружарақ, оқдәрi мен қорға сын, киiмкешек беруге, сондайақ олардың бұрынғы дәстүрлi әдет ғұрыптары бойынша өмiр сүруiне, дiни сенiмдерiн ұстануына рұқсат етемiн деген уәде бердi. Осының есесiне ол өзiнiң орыс патшасы деген мәртебесiн «қалпына келтiруге» әскери көмек көрсетудi сұра ды. Мұндай манифестер қазақтардың Е. Пугачев көтерiлiсшiлерi нiң қатарына жаппай қосылуына түрткi болған жалынды үгiт едi.

1773 жылы Е. Пугачев Кiшi жүздiң көшiқон аумағында құпия түрде болып қайтты. Ол қазақтардың жағдайымен жете танысуға қат ты ықылас бiлдiрдi. Олардың көмегiне Жайық казактарын көтеруден көп бұрын ие боламын деп үмiттендi. Е. Пугачев ел арасында ықпа лы күштi қазақ старшындарымен жиiжиi әңгiмелестi. Тап сол жыл дың аяқ кезiнде ол Кiшi жүз жерiне құрамында 400 адам бар жаса ғын ертiп тағы да келдi. Ол жасақтың құрамында орыстар, чуваштар, черемистер, башқұрттар, татарлар және қалмақтар болды. Көтерiлiс жетекшiсi өз жасағының құрамын қазақтарға көзбекөз көрсету арқылы әскерiнiң көп ұлтты екенiне кәмiл сендiргiсi келген едi.

Бiрқатар қазақ рулары Е. Пугачев көтерiлiсiне қолдау көрсету ге ықылас бiлдiрдi.

    1. Қазақтардың кHтерiлiске қатысу барысы. Қазақтар шаруалар көтерiлiсiнiң алғашқы кезiнен бастапақ Ресей империясы шека расының Қазақстанмен шектесетiн бүкiл өн бойында шабуыл үстiне шабуыл жасап тұрды. Олар казактардың еккен егiнiн таптап кеттi, азықтүлiк тиелген арбалы керуендерiн талап әкетумен болды. Қазақ жасақтарының бiр бөлiгi Е. Пугачев көтерiлiсшiлерiнiң атты әскер полкына қабылданды. Қазақтардан құралған жасақ командирi бол ған атаман Андрей Овчинников Жайық казактары атты әскерлер пол кы құрамында шайқасты.

Нұралы хан қарамағында 1000 сарбазы бар қолымен Жайық қала сына келiп, Е. Пугачевке қызмет етуге әрқашан әзiр екенiн бiлдiрген. Бiрақ кейiнiрек екi жаққа да қосылмайтын бейтарап саясат ұстанды, тiптi патша әскерiне көмектесуге де уәде берген. Нұралы хан соғыс өртi шарпыған аймақтан алыс көшiп кетуге тырысты. Gзiнiң мұндай iс әрекетi арқылы хан өзара шайқас үстiндегi екi жақтың да көз алдында өз беделiн жоғалта бастады.

1773 жылы қазақтар Орынбордан Гурьевке (қазiргi Атырау) де йiнгi барлық әскери бекiнiстердi қоршауда ұстап тұрды. Бұған қарсы патша әскерлерiнiң кейбiр әскери күшi бөлiндi. Қазақ көтерiлiс шiлерiнiң жасақтары 1773 жылғы қазаннан 1774 жылғы наурызға дейiн Орынборға тiкелей шабуыл жасауға қатысты. Мәселен, қалаға тiке лей шабуыл жасауда Досалы сұлтан басқарған, құрамында 200 сарба зы бар әскери жасақ ерекше көзге түстi.

Қазақтардың бiрқатар жасақтары шекара шебiн кесiп өтiп, Едiл дiң бойындағы бекiнiстерге шабуыл жасады. Олар Царицын мен Аст

рахан түбiне дейiн барды. Жайық әскери бекiнiстер шебiндегi патша әскерлерi гарнизондарының жағдайы мүшкiл халде қалғаны сонша лық, жоғары әскери басшылық шағын бекiнiстердi тастап шығуға бұйрық беруге дейiн барды.

Қазақ рубасыларының бiр тобы Е. Пугачев көтерiлiсiне қолдау көрсетудi бiрден жақтады. Мәселен, Ералы, Досалы, Айшуақ, Сей далы сұлтандар көтерiлiсшiлер жағына шықты.

Қазақ жасақтары ұсақтүйек бекiнiстердi қоршауда ұстап, оларға тiкелей шабуыл жасап қана қойған жоқ, сонымен қатар iрiiрi әрi бекiнiсi күштi қамалдарға да, атап айтқанда, Жайық қалашығына, Гурьевке, Орскiге (Ор), Саратовқа және Пензаға тiкелей жасалған шабуылдарға да белсене қатысты. Тек Орынбор қамалының түбiнде ғана және оған таяу маңайда бiрнеше мың қазақ сарбаздары соғыс ты. Бекiнiстерге тiкелей шабуыл жасау кезiнде олар бiрiншi кезекте оның iшкi жағындағы ағаштан салынған құрылыстарды өртеп жiберуге тырысты. Ол үшiн садақ жебесiнiң ұшына ағаш қабығын байлап, оған от қойып атқылауды қолданды. Қазақ жауынгерлерi зеңбiрек доптары келiп түскен бойда суға малынған киiзбен жауып, жарылдырмаудың да амалын тапты.

Патша әскерлерiмен болған көп күндiк әрi табанды шайқастарда көбiнесе қазақ жауынгерлерi жеңiске жетiп жүрдi. Қазақтардың атты әскер жасақтары кең далада көздi ашыпжұмғанша шашылған тары дай тез тарап кетiп, алысқа барған соң дұшпанға қайыра соққы беру үшiн шапшаң шоғырлана қоятын.

Қазақтар мал жайылымдарын пайдалану үшiн Жайықтың оң жағалауындағы өңiрге барлық жерде бiрдей өз беттерiнше жаппай өтiп жатты.

Қазақтар Е. Пугачев армиясын азықтүлiкпен және жемшөппен қамтамасыз етiп отырды, стратегиялық маңызы бар байланыс жолда рына бақылау жасады.

Ресеймен шекаралас аудандардағы көтерiлiс қазақтарға отар шылдық қысым жасауды әлсiрететiн болар деген үмiтпен Абылай хан Е. Пугачевпен хат жазыса бастады. Сонымен қатар ол патша үкiметiнiң жазалаушы әскери жасақтарына көмек көрсетуден үзiлдi кесiлдi бас тартты. Оның үстiне, өзiнiң қол астындағылардың Ресейдiң шекара шебiндегi бекiнiстерге шабуылдар жасап тұруына ресми түрде рұқсат еттi.

Орта жүзде Е. Пугачевтың көтерiлiсiне Есiл және Тобыл өзенде рiнiң жоғарғы ағысы аймағында көшiпқонып жүрген қазақтар қа тысты. Ал оларды патша үкiметi Жаңаесiл аймағынан күштеп қуып шыққан едi. Олар қазақтың Керей, Қыпшақ, Қанжығалы және Қара уыл, Арғын рулары болатын. Бұл рулар өздерiнiң әскери жасақта рын құрып, оларды көтерiлiсшiлерге көмек беру үшiн Орынборға аттандырды. Е. Пугачев Орта жүздiң ру старшындарымен ұдайы

келiссөздер жүргiзiп, хат алмасып тұрды. Ол екi әскердi бiрбiрiмен қосу туралы келiскен де болатын. Бiрақ Пугачевтың Троицк қамалы түбiнде қатты жеңiлiске ұшырауы салдарынан екi армия бiрбiрiне қосыла алған жоқ. Сондықтан да қазақ жасақтары өз алдарына дер бес соғысуға мәжбүр болды.

Орта жүз қазақтары толқуының күштi болғаны соншалық, патша үкiметi Сiбiрдегi және Орынбор губерниясындағы әскерлерiнiң едә уiр бөлiгiн оларға қарсы аттандырды.

Е. Пугачев көтерiлiсшiлерiмен Башқұртстанға шегiнiп кеткеннен кейiн, қазақ жасақтарының бiр бөлiгi Жайық бойындағы далаларда қалып қойды. Басқа бiр бөлiгi көтерiлiсшiлермен бiрге Едiлдiң орта және төменгi ағысы бойына кеттi.

Орта жүз қазақтары Губерлинская бекiнiсiн басып алуға қатысты. Орск бекiнiсi бес күн бойы көтерiлiсшi қазақ жасақтарының қорша уында қалып қойды. Қазақтар ол бекiнiстi қоршауда ұстауды патша үкiметi әскерлерiнiң күшi келiп жетiп, мәжбүр еткеннен кейiн ғана тастап кеттi.

1774 жылдың жазында Орта жүз қазақтарының жасақтары Ала бұға дала бекiнiсiн толық талқандады. Ол Звериноголов және Петро павл бекiнiстерiнiң ортасында болатын.

    1. Қазақ жасақтарының шаруалар кHтерiлiсi жеңiлгеннен кейiнгi соғыс қимылдары. Патша үкiметi Түркиямен соғысты аяқтағаннан кейiн көтерiлiсшiлерге қарсы аса iрi әскери күштердi жiбердi. 1774 жылғы тамызда Царицын түбiнде Пугачев ойсырай жеңiлдi. Үлкен және Кiшi өзен аймағында оны патшаға берiлген казактар сатқын дықпен ұстап алып, патша әскерлерiнiң қолына табыс еттi. Көтерiлiс жетекшiсi Е. Пугачев Мәскеуде қатаң жазаланды.

Пугачевтықтар жеңiлiске ұшырағанымен қазақтар өздерiнiң күресiн жалғастыра бердi. Азықтүлiк тиелген арба керуендерiн тонады, жемшөп қораларын өртедi, егiс далаларын таптап кетiп жүрдi. Олардың бұл iсқимылдары Орынбор, Астрахан және Са ратов губернияларындағы отырықшы халықты ашаршылыққа ұшыратты.

Патша әкiмшiлiгi қазақтарға қарсы жазалаушы әскерлер шығар ды. Осы мақсатқа Жайық казактары және бекiнiс шебiндегi гарни зон әскерлерiмен қатар Дон казактарының едәуiр мол күштерi, гу сар және драгун полктары, патша үкiметiне жантәнiмен берiле қыз мет етушi башқұрттар мен қалмақтар да тартылды. Олар бiрнеше бағыт бойынша бөлiнiп шығып, көтерiлiске қатысқан ауылдарды талқандап, қырыпжоюға кiрiстi.

Көтерiлiсшiлер жазалаушы әскерлерге ерлiкпен қарсылық көр сеттi, тiптi казактардың хуторларына және Жайық пен Едiл бойын дағы әскери шептiң бекiнiстерiне өздерi де жиiжиi шабуыл жасау мен болды. Бұл ретте Сырым Датұлы бастаған байбақты руының

жасақтары ерекше ерлiгiмен көзге түстi. Байбақтылар Едiл бойын дағы казактардың елдi мекендерiне шабуыл жасап, бiрнеше бекiнiс пен хуторды қырыпжойып жiбердi. Молдаван полкының гусарла рын тасталқан етiп жеңдi.

Көтерiлiсшiлер даланың алыс түкпiрлерiне жаппай көше баста ды. Бiрақ көшiп бара жатып та шекара шептерiндегi бекiнiстерге күтпеген жерден шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ.

Көтерiлiстiң негiзгi ошақтары жойылғаннан кейiн де қазақ да ласындағы отаршылдыққа қарсы қозғалыс одан әрi жалғаса бердi. Ол КHктемiрдiң «Көзге көрiнбейтiн қозғалысы» деген атқа ие болды. Көзге көрiнбейтiн Көктемiр деген адам қазақтарды Е. Пугачев өлген жоқ, ол әлiақ қайтып оралады, патша үкiметiне қарсы күрестi тоқ татпау керек деп сендiруге тырысты. Мұндай алыпқашпа әңгiмелер тама және табын руларының арасында кеңiнен тарады. Осы әңгiмелердiң қайдан шығып жүргенiн тексеру үшiн қазақ даласына жазалаушы әскерлер жiберiлдi. 1776 жылдың жазына қарай қазақ даласында тыныштық қайта орнады. Патша үкiметi Қытай жерiне көшiп кетуiнен қауiптенiп, қазақтарды жазалау шараларын тоқта туға мәжбүр болды.

    1. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi. Е. Пугачев бастаған, оған қазақ тар да қатысқан шаруалар көтерiлiсi жеңiлiске ұшырады. Қазақ жасақтарының арасында өзара келiсiлген жоспар болмады, сондай ақ Е. Пугачевтың бас штабымен байланыс жасап, жалпы үйлес тiрiлген iсқимыл да болған жоқ.

Көтерiлiске қатысқан, бiр жағынан қазақтардың, екiншi жағы нан қалмақтардың, башқұрттардың, Жайық казактарының арасында бұрыннан келе жатқан ескi кикiлжiң бар болатын. Патша үкiметi нiң әскерлерi жақсы қаруланған әрi күштi әзiрлiктен өткен едi. Қазақ ақсүйектерiнiң Нұралы хан мен оның төңiрегiндегiлер iстiң немен бiтетiнiн аңдып, әлiптiң ақырын күттi. Олардың бұл қылығы қазақтардың көтерiлiске қатысу белсендiлiгiн әлдеқайда бәсеңдетiп жiбердi.

Патша әкiмшiлiгi жергiлiктi басқару жүйесiн қайта өзгертудi қол ға алды. Орынбор өлкесiндегi қазақтарды басқару үшiн Шекаралық экспедиция деген құрылды. Орал шекара шебi қайтадан қалпына келтiрiлiп, ондағы бекiнiстер әлдеқайда күшейтiле түстi. Е. Пуга чев бастаған шаруалар соғысын халықтың есiнен мәңгiлiк шығарып, бiржолата ұмыттыру үшiн 1775 жылы арнайы үкiмет жарлығы шы ғарылды. Жарлықпен түркi тiлiндегi Жайық өзенiнiң аты Орал, Жайық казактары Орал казактарының әскерлерi, Жайық қа лашығының аты Орал қаласы деп өзгертiлдi. Көтерiлiстiң басшысы Емельян Пугачевтың атыжөнiн атауға қатаң тыйым салынды. Орал казак әскерлерiнiң саны көбейтiлдi. Қазақтардың Орал өзенiнiң оң жақ бетiне өтуiне тағы да өте қатаң тыйым салынды.

    1. Қазақтардың шаруалар кHтерiлiсiне қатысуының тарихи маңы зы. Қазақтардың Ресейдегi аса iрi шаруалар көтерiлiсiнiң бiрiне қа тысуының орасан зор тарихи маңызы болды. Көтерiлiстiң барысында ЕдiлЖайық аймағындағы орыс, башқұрт, қазақ және қалмақ сияқты халықтардың патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына бiрлескен күресiнiң мүмкiндiгi айқын көрiндi.

Көтерiлiс басыпжаншылғаннан кейiн патша үкiметi көшпелi қа зақ қауымын тыныштандыру үшiн кейбiр шаралар қабылдауға мәж бүр болды. Мәселен, 1782 жылы Кiшi жүз қазақтарының қысқы ке зеңде Едiл мен Жайық аралығын жалға алу арқылы уақытша қыс тап шығуына рұқсат етiлдi.

Қазақтардың бұл шаруалар көтерiлiсiне қатысуы көшпелi халық тың өз тәуелсiздiгiн қайтадан қалпына келтiруге, Қазақстанды әскер күшiмен басып алуға жол бермеуге деген ұмтылысының күштi екенiн көрсеттi. Сонымен қатар көтерiлiс Кiшi жүзде хан билiгiнiң беделi төмендегенiн көрсеттi. Көтерiлiстiң сабақтары босқа кеткен жоқ. 1783 жылы қазақтар патша үкiметiне қарсы алғашқы және кең кө лемдi дербес ұлтазаттық көтерiлiске шығуына сабақ болды.

      1. Қазақтардың 1773–1775 жылдарда Е. Пугачев бастаған шаруалар кө терiлiсiне қатысуының негiзгi себептерiн атаңдар. 2. Қазақтардың шаруа

лар көтерiлiсiне қатысуына түрткi болған қандай жағдай едi? 3. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтары белсене қатысқан шайқастарды атап көрсетiңдер. 4. Халық көтерiлiсi басыпжаншылғаннан кейiн қазақ даласында не болды? 5. 1773– 1775 жылдарда Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсi жеңiлуiнiң негiзгi себептерiн және салдарларын сипаттап айтып берiңдер. 6. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының осы көтерiлiске қатысуының тарихи маңызы неде болды?

  1. Мәтiннен шаруалар соғысы бiткеннен кейiн де қазақтардың өздерiнiң кү ресiн жалғастыра түскенi жөнiндегi деректердi табыңдар.

Жайық казактары – ХV ғасырдың аяқ кезi мен ХVI ғасырдың бас кезiнде қашқын шаруалардан құралған еркiн казактардың қауымдары. Патша

үкiметi оларды Ресейдiң оңтүстiкшығыс шекараларын қорғау үшiн пайда ланды.

Пугачев Емельян Иванович (1742–1775) – Дон казагы, 1773–1775 жылдардағы аса iрi шаруалар көтерiлiсiнiң басшысы.