Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық

ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

§14. Б]кей хандығының құрылуы

1801 жылы Едiл мен Жайық аралығына Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi көшiп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейiн өмiр сүрдi.

      1. Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетiне Hтуiнiң негiзгi себептерi. ХVIII–ХIХ ғасырлардың аралығында Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi Жайықтың оң жағалауына өз беттерiнше жаппай көше баста ды. Мұның бiрнеше негiзгi себептерi бар едi. Бiрiншiден, шекара ше бiне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тапшылық көрдi. Патша үкiметi олардың жер жөнiндегi өтiнiштерiне құлақ аспады. Мұның өзi орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көте рiлiстер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшiп кету ықтималдығы пайда болды. Екiншiден, қазақтар өздерiнiң бұрынғы атақонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептiң iшкi жағында қалып қойған болатын.

1771 жылы Едiл қалмақтарының елеулi үлкен тобы Шыңжаңға көшiп кеткеннен кейiн Едiл мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды. Үшiншiден, Сырым Датұлы бастаған көтерiлiс күшпен басыпжаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетiлiп, қуғынсүргiн жиiлеп кеттi. Төртiншiден, Е. Пугачев пен С. Датұлы бастаған көтерiлiстер аяусыз басыпжаншылғаннан кейiн патша үкiметi бұрыннан белгiлi «бөлiп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципi бойынша бiртұтас Кiшi жүздi әлсiретуге тырысып бақты. Әбiлқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бiрнеше топтың арасында тақ таласын шиеленiстiре түстi. Хан тағынан негiзгi үмiткерлердiң бiрi Бөкей сұлтан болатын. Бiрақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кiшi жүздiң ханы болып шыға келдi. Шыңғыс ұрпақтарының арасын дағы қарымқатынас шиеленiсе түстi. Мұндай жағдайдан шығудың бiрденбiр жолы Жайықтың оң жақ бетiне көшiп бару ғана қалды. Бұл Шыңғыс ұрпақтары мен шекара өңiрi тұрғындарының мүддесiне сай келетiн едi.

      1. БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң

жақ бетiне жаппай Hтуi. 1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императоры

Iшкi Орда аумағы.

ның атына хат жазды. Хатында өзiнiң қол астындағы қазақтардың бiр бөлiгiнiң Жайықтың оң жақ бетiне көшiп баруына рұқсат сұрап, өтiнiш жасады. 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдiң жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтар дың Жайықтың оң жақ бетiне көшуiне рұқсат етiлдi. Бөкейдiң өзiне Ресей императорының суретi бар алтын медаль тапсырылды.

Көшiп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бұл аймақ Iшкi Орда деп аталды. Iшкi Орда батысында Астрахан, солтүстiгi мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектестi, оңтүстiгi мен оңтүстiкшы ғысында Каспий теңiзi мен Жайық шекара шебiне барып тiрелдi. Әкiмшiлiк тұрғысынан алғанда Iшкi Орда Орынбор шекара комис сиясына бағынышты болды. Бiрақ оның орналасқан аумағы Астра хан губерниясына қарайтын.

1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшiп барды. Олардың басым көпшiлiгi таяуда ғана болып өткен көтерi лiске қатысқандар едi және қазақ қоғамының ең кедей бөлiгi болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсеттi. Ол тiптi халық арасында атақонысқа көшу жөнiнде ықпалды үгiт жүргiздi. Жайықтың оң жа ғына көшiп барғандардың 15 мыңға жуығы кейiнiрек оның жақтас тары болып шықты.

Жәңгiр хан.

Жайықтың оң жағалауына көшiп барушы лардың саны бiртебiрте арта түстi. Мәселен, 1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бiрдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесi бойынша, Iшкi Ордада 207 мың қазақ болды. Кейiнiрек қазақтардың Ресеймен шека ралық шептiң iшкi жағына өтуiне тыйым са лынды. Сонымен қатар қазақтардың кеңбай тақ қазақ даласына қайтып келуiне де рұқсат берiлмедi. Далалық қазақтардың да Iшкi Ор даға өтуiне шек қойылды. Аймақ тұрғындары негiзiнен мал шаруашылығымен айналысты. Климаттықтопырақтық жағдай жер кәсiбiмен шұғылдануға мүмкiндiк бермедi.

1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берiлдi. Жартылай

тәуелдi жаңа мемлекеттiк құрылым ендiгi жерде Бөкей хандығы (Iшкi Орда) деген атқа ие болды. Патша үкiметi келешекте одан империяға толық тәуелдi мемлекеттiк құрылым жасамақ ниетте едi. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушiсi Жәңгiрге үлкен үмiт артылды.

      1. Жәңгiрдiң билiк басына келуi. Бөкей хандығының негiзiн қала ған Бөкей хан 1815 жылы қайтыс болды. Ол өзiнiң көзi тiрiсiнде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлiкпен иелену құқығын белгiлеп, бекiтiп қойған едi. Оның өсиетi бойынша, хан тағы оның ұлы Жәң гiрге қалдырылған болатын. Бiрақ ол небары 14 жаста едi. Сондық тан ол ержетiп, кәмелеттiк жасқа толғанша хандықты Шығай сұлтан билеп тұрды.

Жас мұрагердi тәрбиелеудi патша шенеунiктерi өз қолдарына алды. Жәңгiр ержетiп, кәмелеттiк жасқа толғанша Астрахан губер наторы Андреевскийдiң үйiнде тұрды, сол кездегi үлгiлi саналатын бi лiм мен тәрбие алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейiн жан жақты толық әзiрлiктен өткен билеушi болып та үлгерген едi. Жәң гiр қазақ тiлiмен қатар орыс, араб және парсы тiлдерiн бiлдi. Ол Қазан университетiнде жиi болып тұратын. Жәңгiрдiң университетте болған сапарларының бiрiнен кейiн ондағы жергiлiктi ғалымдар «Қа зақ ханы Жәңгiрдiң Қазанда болуы» деген кiтап жазды. Жәңгiр Қазан университетiнiң кiтапханасына араб, парсы және түркi тiлдерiнде жазылған ежелгi 6 құнды қолжазба тапсырды.

Жәңгiр 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орта лығы – Хан ордасының негiзiн қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлiгiнде салынды. Хандыққа бiртұтас басшылық осы жерден жүргiзiлдi. Ханның үлгiсi бойынша және оның тiкелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады. Жәңгiр хан билiк басында болған уақыт қазақтардың бұрынғы дәс

түрлi тұрмысына елеулi өзгерiс жасалған, хан билiгi күшейген, ислам дiнiнiң ықпалы артқан, тауарақша қатынастары айналымға енгi зiлген маңызды кезең болды.

      1. Аймақтағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси даму барысында ғы Hзгерiстер. Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және казактардың жанжағынан қоршауы жағдайында өмiр сүрдi. Олар Жайықтың сырт жағындағы тайпалас туыстарынан бөлiнiп қал ды. Сондықтан да уақыт өте келе олардың әлеуметтiкэкономика лық және саяси өмiрiнде бiрқатар елеулi өзгерiстер қалыптаса бас тады. Ондай жаңалықтардың енгiзiлуiне көбiнесе Жәңгiр ханның өзi бастамашы болды.

Бiрiншiден, мұнда аймаққа басшылық етудiң кейбiр өзiндiк ерек шелiктерi қалыптаса бастады. Gйткенi Жәңгiр ханның толық iшкi автономиясы және өз алдына дербестiгi сақталды. Оның қолына бү кiл әкiмшiлiк және сот билiгi шоғырландырылған едi. Жәңгiрдiң тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекеле ген сұлтандар билептөстедi. Рубасылары мен старшындарды ханның өзi тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын са лықтың есебiнен төленетiн. Зекет және соғым ретiндегi бұрыннан бар төлемдер ендi «мал басына салынатын салық» деп аталатын бiр тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркiмнiң меншiгiндегi мал басы үш жылда бiр рет есепке алынып отырды. Gзiнiң жеке билiгiн ны ғайта түсу үшiн хан сот билiгiн өзi қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық iстер қаралатын сот iсiне ханның өзi тiкелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешiмi мен шығарған үкiмi жөнiнде шағым жасауға рұқсат етiлмедi. Бұл ретте орыстарды күштеп тұтқынға алып, құлдыққа сатып жiберуге, қарақшылықпен ел тонауға, адам өлтiруге қатысты мәселелерге байланысты қылмыс тық iстер бойынша ғана шағым жасауға рұқсат етiлетiн. Ал мұндай қылмыстық iстердi Орынбор шекаралық комиссиясы ғана берiлген шағым бойынша қайта қарай алатын. Неғұрлым ұсақтүйек iстердiң тағдыры билер сотында шешiле беретiн. Жәңгiр хан билер сотының өкiлдiгiне едәуiр шек қойды.

Аймақ билеушiсi «тархандық» жүйесiн енгiздi. Тархан атағын ал

ғандарға жер берiлдi. Олар хан салығынан, қоғамдық мiндеткерлiк тен, айыпжазалардан босатылды. Атақ мұрагерлiкке қалдырылып отырылды. Тархандар Жәңгiр ханның сенiмдi тiрегiне айналды.

Екiншiден, Iшкi Ордада жер учаскесiн жеке меншiкке беру кеңi нен орын алды. Бiрақ Кiшi жүздiң далалық бөлiгiнде мұндай тәртiп атымен жоқ едi. Ханға, оның туғантуыстарына, сұлтандарға, билер ге, қожаларға және старшындарға ең шұрайлы жақсы жер телiмдерi олардың қалағанынша мол мөлшерде берiлдi. Мәселен, Жәңгiр хан ның өзiнiң жеке меншiгiнде 400 мың десятинаға жуық жерi болды. Оның бауыры Меңдiгерейдiң жеке меншiгiнде де осыншама жайы

Диiрмен тарту.

лымдық жерi бар едi. 25–30 iрi жер иеленушiнiң қолына хандық тағы бүкiл жер көлемiнiң 85 пайызы шоғырланды. Мұның өзi кейiн нен халық көтерiлiсiне барып соқтырды.

Үшiншiден, Бөкей хандығы қазақтарының арасында жердi жалға беру кеңiнен орын алды. Жердiң жетiспеушiлiгiнен қазақтар жыл жижылжи көршiлес Астрахан губерниясының аумағына дейiн шы ғып кеттi. Каспийдiң жағасына дейiн барып жеттi. Қазақтар Каспий дiң жағасындағы бос жатқан жер телiмдерiн жалға ала бастады. Төр тiншiден, жердiң сатылуы мен сатып алынуы, жердi қауымдасып пайдалану жүйесiнiң бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмiр салтына көшу үрдiсiн күшейттi. Бесiншiден, Бөкей хандығында, Кiшi жүздiң басқа бөлiгiндегiге қарағанда оның бiр айырмашылығы – онда саудасаттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгiр хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесiн ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ұйымдастырылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерi нiң малын тиiмдi айырбастауды және сатуды үйрендi.

Саудасаттықтың дамуына бұл аймақтың географиялық жағдайы

да оңтайлы ықпал еттi. Жәңгiр хан сауда жасау iсiне қолдау көрсетiп, көтермелеп отыру саясатын жүргiздi. Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлердi тарту үшiн оған төленетiн баж салығын ең төмен мөл шерде белгiледi. Сату және сатып алу iсiнде жазбаша келiсiмшарт тар жасасу, тiлхаттар беру тәртiбiн енгiздi. Ханның қол астындағы адамдардың өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, орыс көпес терiне оның өзi кепiлдiк беретiндiгiн мәлiмдедi. Сөйтiп Iшкi Орда қысқа мерзiм iшiнде Ресейдiң еуропалық бөлiгiне мал және мал өнiмдерiн бере алатын iрi орталыққа айналды.

      1. Жәңгiр ханның мәдениағарту саласындағы қызметi. Хан өзiнiң қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениетi мен бiлiмiн енгiзу, өлкеде ислам дiнiн дамыту саласында қыруар жұмыстар ат қарды. 1835 жылы Жәңгiр ханның тiкелей нұсқауы бойынша мешiт

ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз мiндеттерiн қоса атқарды. Хан Аллаға қалай құлшылық етудiң үлгiсiн өзi бас болып үйреттi. Ресей дiң зерттеушi ғалымы А. Алекторовтың айтуына қарағанда, «хан бiрдебiр рет намазын қаза қылмаған, жұма сайын сұлтандармен бiрге мешiтке барып тұрған, рамазан айындағы ораза кезiнде онда таң атқан ша болып жүрген». Ол өз қаражатына дiни кiтаптар басып шығартты. 1841 жылы Жәңгiрдiң өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Мектепте орыс, араб, парсы тiлдерi, сонымен қатар математика, география, тарих, дiнтану пәндерi де оқытылды. Жәңгiр хан ондағы шәкiрттердiң тiзiмi мен сабақ үлгеру бағаларын жылы на үш рет өзi қарап, тексерiп отырған. Ол мектептiң бүкiл шығы нын өз қаржысының есебiнен өтеген. Жәңгiр хан қазақ балалары ның Ресейдiң оқу орындарында оқуын жақтап қана қойған жоқ. Сонымен қатар балаларды СанктПетербургта, Мәскеуде, Астра ханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзi көп күшжiгер жұмсаған. Мәселен, өзiнiң қол астындағы халықтың ба лаларын оқыту үшiн Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берiлуiне қол жеткiзген. Бөкей Ордасына барып оқығандар дың бiрқатары кейiнiрек көрнектi инженерлер, орманшылар, әске

ри қызметшiлер, ғалымдар ретiнде даңққа бөлендi.

Жәңгiр хан барлық жерде iс қағаздарын жүргiзу тәртiбiн енгiздi, жеке өзiнiң мұрағат қызметiн құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгiздi. Оның күш жiгер жұмсауы арқасында Iшкi Ордада аурухана және дәрiхана ашылды.

Ол далалық жағдайда бiрiншi болып Iшкi Орданың топонимика лық және географиялық картасын жасатты. Жәңгiр хан аң аулауды өте жақсы көрдi. Ол қаружарақ палатасын ашу жөнiнде де бастама көтердi. Бiрақ оны жасау ұзақ жылдарға созылды. Онда сирек кезде сетiн қаружарақ түрлерi, соның iшiнде орыс патшаларының қазақ хандары мен сұлтандарына сыйға тартқан мылтықтары мен қылыш тары да болды. Палатада қымбат бағалы, әшекейлi ертұрмандар, ат әбзелдерi, жүгендер, сауыттар, дулығалар, қалқандар сақталды. Қаружарақ палатасында Жәңгiр хан өзi бас болып, экскурсиялар өткiзiп тұрды, тiптi Хан ордасы жанындағы мектептiң оқушыларынан өзi емтихан қабылдап та жүрдi.

Белгiлi зерттеушi М. Бабажанов ханның енгiзген жаңалықтары туралы былай деп жазды: «Петербург, Орынбор, Мәскеу, Астрахан және Саратов қалаларына барған сапарларында хан өзiмен бiрге бiраз адамды жанына ертiп жүрдi. Ондағы мақсаты өзге елдiң жетiстiктерiн қазақтарға өз көздерiмен көрсету едi... Хан Ордаға ағаш шеберлерiн, алтынкүмiс зергерлерiн, темiр ұсталарын шақыр тып, қазақ балаларын шәкiрттiкке бердi». Хан мерекелерде Ордада

отшашулар ұйымдастырды, хайуанаттар бағын шақырды. Ол үйiне бильярд орнатты. Ордада iшiмдiк iшуге үзiлдiкесiлдi тыйым салды. Бөкей хандығының билеушiсi көшпелi қазақтардың отырықшы лық өмiр салтына көшуiн қолдап, көтермелеп отырды, шөп шабуды үйреттi. Ол мал тұқымын асылдандыру iсiне де белсене араласты. Осы мақсатпен Кавказдан және орыс зауыттарынан асыл тұқымды жылқылар алдырды. Олардың бiрқатарын төңiрегiндегiлерге сыйға тартты. Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен ауыл шаруашылық құрал саймандарын көптеп жеткiзуге нұсқау бердi. Жәңгiр ағаш отырғызу iсiне көп көңiл бөлдi. Оның тiкелей нұсқауы бойынша 50 мың гек тар жерге ағаш отырғызылып, көгалдандырылды. Ағашты кескен, сындырып бүлдiрген айыпты адамға 25 рет дүре соғылған. Сөйтiп

бiр кездегi құм басқан шөл дала гүлденген алқапқа айналды.

Жәңгiр ханның прогресшiл мемлекет қайраткерi ретiнде сiңiрген еңбектерi елеусiз қалмады. Ол Бөкей хандығын басқару iсiндегi же тiстiктерi үшiн 1дәрежелi Қасиеттi Анна орденiмен марапатталды. Жәңгiр хан генералмайор шенiне ие болды, Қазан университетi Ғылы ми кеңесiнiң құрметтi мүшесi болып сайланды. Орыс императоры өз құрметiнiң белгiсi ретiнде оған арнайы жасатылған күйме мен сәйгүлiк сыйлаған.

      1. Жәңгiр хан 1845 жылы қайтыс болды. Оның отбасында екi әйелi, алты ұлы, үш қызы қалды. Жәңгiрдiң төрт ұлы Ресей импера торының ақшалай жәрдемiн алып тұрды. Олардың бәрi де Импера торлық паж корпусында арнаулы курстарда оқып, сол кездегi ең тамаша бiлiм алып шықты.

Жәңгiр қайтыс болғаннан кейiн Едiл мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкiметi Iшкi Орданы Ресейдiң отар шылдық басқару жүйесiне енгiзу саясатын жүргiзе бастады. Iшкi Орданы басқару үшiн Әдiл сұлтан (Бөкейдiң ұлы) төрағасы болып тағайындалған Уақытша кеңес құрылды. Оның құрамына сұлтан дар тобынан екi өкiл және мемлекеттiк мүлiк министрлiгiнен бiр кеңесшi ендi. Кейiннен Уақытша кеңестi басқару үшiн Ресей ше неунiгi тағайындалды. Сөйтiп патша үкiметi бұл аймақтағы отар шылдық әкiмшiлiктiң жағдайын нығайта түстi. 1872 жылы Iшкi Орда Астрахан губерниясының құрамына берiлдi.

      1. БHкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны. Iшкi Орданың немесе Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тари хында орасан зор рөл атқарды. Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгiнiң күшжiгер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенiнiң оң жақ бетiндегi өздерiнiң бұрынғы атамекенiне қайта қоныс аударды. Бекiнiп алу ының, кейiнiрек дәстүрлi қазақ жерiнiң бiр бөлiгiн бiржола иемденiп қалуының сәтi түстi. Жәңгiр хан Iшкi Ордада хан билiгiн сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттiлiгiнiң 1845 жылға дейiн өмiр сүруiн қамтамасыз еттi. Жәңгiр ханның ағартушылық және ре

форматорлық қызметiнiң арқасында Едiл мен Жайық арасындағы қазақтар өздерiнiң әлеуметтiкэкономикалық және мәдениағарту салаларында елеулi табыстарға қол жеткiзе алды.

Аталмыш шаралардың арқасында Ордада қылмыс жасау деген атымен болған жоқ. Мәселен, 1889 жылы Бөкей Ордасында 322014 адам болса, олар тарапынан бiрдебiр iрi қылмыс оқиғасы тiркел меген. Сонымен қатар жер мәселесiнiң асқынуы И. Тайманұлы мен М. Gтемiсұлы бастаған халықазаттық көтерiлiске алып келдi.

  1. Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшуiнiң негiзгi себептерiн атап шығыңдар. 2. Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өту үрдiсi қалай жүрдi? 3. Жәңгiр хан туралы әңгiмелеп берiңдер. 4. Жәңгiр хан басқа рып тұрған жылдары қандай елеулi өзгерiстер болды? 5. Хан қандай мәдени ағарту жұмыстарын жүргiздi? 6. Жәңгiр хан қайтыс болғаннан кейiн Бөкей Ордасында қандай өзгерiстер орын алды? 7. Осы параграфтың 6тармағын қалай деп атауға болатынын ойластырыңдар. 8. Жәңгiр хан қазақтардың эко

номикалық, қоғамдық және рухани өмiрiнде қандай рөл атқарды?

Мешiт – мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын, Аллаға сиына тын орны.

Зайырлы – дiни емес, азаматтық өмiр салты.

Жәңгiр хан Бөкейұлы (1801–1845) – Бөкей Ордасының ханы.

«Жәңгiр ханның жақсылығы қай жағынан болса да еске алуға тұрар лық. Ол мұсылманшылықпен қатар нағыз ағартушылық iсiн де қолға алды. Бұл ретте ол қандай мақсат көздесе де, ең бастысы халық ағарту iсiнiң бастамашысы бола бiлдi. Жәңгiр ханның қағаздарын ақтарып оты рып, мен олардың арасынан... ресми хатты тауып алдым. Оны жол қатынас тары мен көпшiлiкке арналған ғимараттар басқармасының бастығы Г.К. жазыпты. Осы хаттан айқын көрiнетiнiндей, Жәңгiр тек өзiнiң балалары ның ғана емес, басқа да қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) балаларының еуропалық бiлiм алғанын қалаған... Осы хаттағы сияқты, Жәңгiрдiң ба сқа да қағаздарынан оның қырғыздар (қазақтар. – авт.) үшiн ғылым бiлiмнiң өте қажеттi әрi пайдалы екенi туралы кәмiл сенiммен бiрнеше рет қайталап айтқанын көруге болады. Мұндай нәрсе ордалықтарды бас қарып жүрген орыс шенеунiктерiнiң ойларына да кiрiпшықпайтыны таңғалдырады. Оларға бөкейлiк қырғыздардың сауатты болуы немесе са уатсыз қалуы бейне бiр мәнмағынасы жоқ әлдебiр нәрсе сияқты көрiне тiн болуы керек».

Алекторов А.Е. Қырғыздардың елiн, тарихын және тұрмыстiршiлiгiн

зерттеуге қажеттi материалдар. Орынбор, 1892.

    1. Жәңгiр ханды ағартушы деп санауға бола ма? 2. Ол сендердiң ойла рыңша, қазақ балаларын оқытуға неге құштар болды?