Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆
    1. Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).

Жанқожа батыр.

Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр

ресейлiктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған едi. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресiн пайдаланып қалуға ты рысқан патша үкiметi оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебiнен жыл сайын 200 сом мөлшерiнде жалақы төлеп тұру белгiлендi. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкiмет билi гiнiң атынан батырға жасауыл деген атақ та берiлдi. Бiрақ Жанқожа батыр патша үкiметi ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да бiржолата үзiлдiкесiлдi бас тартты. Патша үкiметi Жанқожа батырды Кiшi жүздiң билеушiсұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрдi. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкiметiнен iргенi аулақ салуына себеп болды.

1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының Ре

сейге қарсы қарулы көтерiлiсi басталды. Бұған түрткi болған себеп ресейлiк солдаттардың жергiлiктi үш қазақты кiрпiш зауытының пешiне тiрiдей жағып жiберуi едi. Көтерiлiске шыққандардың жал пы саны 3 мың адамға дейiн жеттi. Көтерiлiстiң орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерiлiсшiлердiң басым көпшiлiк бөлiгi жаяу адамдар едi. Олардың қаружарағы жер өңдей тiн кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын азғана мылтықтары бар едi. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бiрнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150–200 адамнан тұрды. Көтерiлiсшiлер жасағы Қазалы маңына, Пе ровск бекiнiсiне таяу жерлерге орналастырылды да, белгi берiлген кезде күтпеген жерден бiрден лап қойып, шекара шебiне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күшi елеулi шығынға ұшырады.

1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезiнде Қазалы қамалы қор

шауға алынды. Жергiлiктi тұрғындар барлық бәленiң басы осы қамалда жатыр деп ойлайтын. Көтерiлiсшiлердiң саны 5 мың адам

ға жеттi. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды шабуылға шықты. 300 казак, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбi ректер және ракеталы станоктармен қаруланған болатын. Жазалау шы әскер мен көтерiлiсшiлер арасындағы шешушi шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өттi. Көтерiлiсшiлердi жiгерлендiру үшiн олардың алдында желбiрете ақ ту ұстаған Жан қожа батыр келе жатты. Бiрақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқан зеңбiректiң снарядына және мылтықтың қалың оғына төтеп бере алмады. Көтерiлiсшiлер қосыны басып алынды, мал мүлкi талантаражға түстi. 20 мың бастан астам малы айдап әке тiлдi. Көтерiлiсшiлердiң бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегiнiп кеттi, одан әрi Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды.

    1. КHтерiлiстiң жеңiлуi. Көтерiлiстiң негiзгi күштерi жеңiлгеннен кейiн Жанқожа батыр Хиуа ханына өтiнiш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрiкмендерден әскери жасақ құрап берудi сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабу ыл жасау едi. Бiрақ Хиуа ханы оның өтiнiшiн қабыл алмады, Жанқо жа батырдың күшейiп кетуiнен қорықты.

Патша үкiметiнiң әскери әкiмшiлiгi Жанқожа Нұрмұхамедұлы ның көзiн жою үшiн арнаулы жазалаушы әскер жiбердi. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның iшiндегi Жанқара көлiнiң басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шай қастың барысында 80нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмiрден өтер кездегi соңғы сәтiн Л. Мейер былай деп суреттейдi: «Қарт батыр оқ өтпейтiн сауытын киiп, қаружарағын асынып, үйiнен шығып үлгердi. Бiрақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жерi осы екен деп, ол бiр төмпешiктiң үстiне аспайсаспай шығып алды да, өз иманын өзi үйiрiп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейiн оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, керi түсiп жатты. Ақырында бiр оқ оның мойнына дәл тиiп, қарт батыр дың өмiрiн қиып кеттi».

Кузьмин бастаған жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң 164 ауы

лын ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлердi өртеп, малдың бә рiн айдап әкеттi. Көтерiлiске белсене қатысқандар жазалау шара лары кезiнде қаза тапты. Малмүлкi түгел тоналған шектiлер ашар шылыққа ұшырады. Олардың бiр бөлiгi Хиуа хандығы жағына өтiп кеттi, ендi бiр бөлiгi әскери бекiнiстерге қайта оралып, аштан қыры лып қалмаудың қамын жасады. Жанқожа батырды оның парасат тылығы мен ержүрек батырлығы үшiн орыс әскерилерiнiң өздерi де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары оны қасиеттi адам деп санайтын. Халықтың сүйiктi ұлы болған оны зор құрметпен жерледi.

    1. Есет КHтiбарұлы бастаған кHтерiлiс. Сыр бойындағы қазақтар дың ұлтазаттық қозғалысын басқарған батырлардың бiрi Есет КHтi

барұлы (1807–1888) болды. Ол өзiнiң батыр лығымен, орасан зор дене күшiмен, парасат ты ақылойымен, қызыл тiлге шешендiгiмен, сондайақ ат құлағында ойнайтын шабандоз дығымен халыққа ерекше танылған едi. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлiгi, бiр орыннан екiншi орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қару ланған, күшi басым орыс әскерлерiн қапыда қалдырып, талай рет жеңiске жеткiздi.

Есет Көтiбарұлы ғажайып шешен адам бо латын, өз тыңдаушыларын үйiрiп әкетiп, ерлiк күреске жiгерлендiре бiлетiн. Ағылшын зерт теушiсi Бульжер Демитриус Чарлз Есет батыр

Есет батыр.

дың өз руластарын патша үкiметiне қарсы күреске жiгерлендiре ша қырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Ат пен қару бiзде жоқ деп кiм айта алады? Бiздiң мұхит түбiндегi құмның қиыршығы сияқты көп екенiмiз өтiрiк пе? ;здерiң мойын бұрып қараң даршы: шығыс пен батыста, солтүстiк пен оңтүстiкте де қаптаған қалың қырғызды (қазақты. – авт.) көретiндерiң анық. Сөйте тұра неге бiз ат төбелiндей аз ғана жатжерлiктерге бағынуға тиiстiмiз?!» 1838 жылы Есет батыр Ресейдiң Елек бекiнiсiне шабуыл жасауға қатысты. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бiрге Хиуа және Қоқан бас

қыншыларына қарсы белсене күрестi.

1847 жылдың жазында Жем өзенiнiң бойында Есет батыр патша үкiметiнiң жазалаушы әскерiне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батыр дың Ресей әскерiне шабуылдары кейiн де жалғаса түстi. Патша әкiм шiлiгi Есет батырға қарсы бiрнеше рет жазалаушы әскер жiбердi. Алайда туыпөскен елiнiң жер жағдайын жақсы бiлетiн ол жазалау шы отрядты адастырып, оларға таптырмай кетiп жүрдi. Оның үстiне, өз жiгiттерiн екi топқа бөлiп, дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жiгiттерi Ресейдiң сауда керуендерi мен жазалаушы әскерлерiне батыл да сәттi шабуылдар жасап отырды.

Патша үкiметiнiң сауда керуендерi мен бекiнiсқамалдарына шабуыл жасауын үдете түседi. Есет Көтiбарұлының тарапынан Хиуа мен әскери одақ құру жөнiнде жасаған ұсынысы сәтсiз аяқталды.

Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргiзген Есет батыр 1858 жылы өз еркiмен Ресей империясының бейбiт ке лiсiм жасасу жөнiндегi шартын қабылдады. Gйткенi ол Ресейдiң аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан әрi күрес жүргiзудiң пайда сы жоқ бос әурешiлiк болып шығатынын түсiндi. Патша үкiметi оның бұған дейiн Ресей империясына қарсы жүргiзген күресiне ке шiрiм жасады. Батыр үй басынан алынатын түтiн салығынан босатыл ды. Кейiнiрек ол тiптi Торғай облысындағы Ырғыз уездiк бастығы ның көмекшiсi қызметiне тағайындалды.

    1. Оңтүстiк Қазақстандағы халық кHтерiлiстерiнiң жеңiлу себеп терi мен салдарлары және тарихи маңызы. Көтерiлiсшiлердiң жеңiлiс табуының басты себебi – олардың қаружарағы нашар, күрес такти касы ескi болатын. Арал маңындағы қазақтардың көтерiлiсi жергi лiктi сипат алды. Патша үкiметi бұл кезге дейiн көптеген әскери бекiнiстер салып үлгердi, сондайақ Қоқан хандығының бекiнiстерiн де жаулап алған болатын. Бұл аймаққа патша үкiметi қыруар қару жарақ, соның iшiнде зеңбiректер де жеткiзген едi. Аймақтағы Ресей әскерлерiнiң саны жыл сайын арта түстi. Көтерiлiсшiлердiң бiр мез гiлде Ресейге, Қоқан мен Хиуаға қарсы күрес жүргiзуi олардың кү шiн әлсiреттi. Оның үстiне, Ресей әскерi Жетiсу жағына да келiп, патша үкiметiнiң бұл аймақтағы күшқуатын арттыра түстi.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтiбарұлы бастаған көтерi

лiстердiң тарихи маңызы зор болды. Ол көтерiлiстер Орта Азия хан дықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгiсiне қарсы ба ғытталды. Халық көтерiлiстерi қазақ халқының бойында бостандық ты аңсаған рухтың өшпегенiн, тәуелсiздiк пен азаттыққа деген ұмты лысының зор екенiн көрсетiп бердi. Қазақ батырлары, өз бастарын қатерге тiге отырып, ХIХ ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк ре форма басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерiн жүзеге асырды. Бұл көтерiлiстер патша үкiметiнiң Орта Азия мем лекеттерiнiң аумағын жаулап алу үрдiсiн бiраз уақытқа тоқтатты.

      1. Сыр бойындағы қазақтардың Орта Азия мемлекеттерiне қарсы күреске шығуының себептерi қандай? 2. Халық батыры Жанқожа Нұрмұхамед

ұлының Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы күресi туралы не бiлесiңдер?

  1. Қазақтардың патша үкiметiне қарсы күреске шығуының негiзгi себептерiн атаңдар. 4. Жанқожа батырдың патша үкiметiне қарсы жүргiзген күресiнiң барысы туралы айтып берiңдер. 5. Көтерiлiс немен аяқталды? 6. Есет батыр патша үкiметiне қарсы қандай iсқимылдар жасады? 7. Арал маңындағы қазақ тардың көтерiлiске шығуының негiзгi себептерi мен ол көтерiлiстiң жеңiлу салдарлары қандай? 8. Ж. Нұрмұхамедұлы мен Е. Көтiбарұлы бастаған көтерi лiстердiң тарихи маңызы неде болды? 9. Мына кестенi толтыра отырып, атал мыш көтерiлiстердiң жалпы сипаттары мен ерекшелiктерiн атап көрсетiңдер.

Көтерiлiс басшылары

Болған

жылдары

Оған қатысушы лардың саны

Әлеуметтiк құрамы

Қай аймақта болды

Ең маңызды шайқастары

Көтерiлiстiң жеңiлу

себептерi

Көтерiлiстiң салдарлары

С. Датұлы

И. Тайманұлы мен М. Gтемiсұлы

Қ. Абылайұлы, С. Қасымұлы

К. Қасымұлы

Ж. Нұрмұхамедұлы

Е. Көтiбарұлы

Жасауыл – патша армиясындағы казак офицерлерiнiң шенi.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774–1860) – Кiшi жүздiң Әлiм тайпасы шектi руынан шыққан белгiлi батыр әрi би. Қазақтардың патша үкiметiне, Хиуа мен Қоқан хандық

тарына қарсы ұлтазаттық қозғалысының басшысы.

Есет Көтiбарұлы (1807–1888) – Кiшi жүздiң белгiлi батыры. Хиуа, Қоқан хандықтары на және Ресей империясына қарсы бағытталған көтерiлiстердiң жетекшiсi.

«Кенесары Қасымов қайтыс болғалы берi сұлтандар хан билiгiн қай

тадан қалпына келтiруге тырысқан әрекеттерiн қойды және олардың ха лыққа ықпалы да қалмай бара жатыр. Бiрақ бұрынғыдай бостандық жөнiндегi мәселе әлi ұмыт болған жоқ. Бұрынғы сұлтандардың орнын соңғы кезде қырғыз (қазақ. – авт.) батырлары басып, олардың iсiн жал ғастыруда. Бiздiң бұл еңбегiмiзде сондай екi батырдың – Жанқожа Нұр мұхамедов пен Есет Көтiбаровты атап айтудың маңызы зор. Бұл екi батыр да Арал теңiзiнiң төңiрегiндегi орасан зор кеңiстiкте көшiпқонып жүретiн үлкен ру – шектiден шыққан... Жанқожа мен Есеттiң екеуi де қарапайым қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) қалың бұқарасының арасынан ерекше көзге түскен тұлғалар. Екеуi парасатты ақылойға, дене күшiне бай, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздар, оның үстiне, Жанқожа қара қыл ды қақ жарған әдiл би ретiнде де кеңiнен танымал. Бұл екi батыр Кенесары Қасымов қайтыс болып, тарих сахнасынан кете салысыменақ шектi руын өздерiнiң қалаулары бойынша басқара бастады. Олар ешқандай да сырт қы билiкке бағынбағандығымен қоймай, өздерiнiң ықпалын көршi руларға да күшейтуге, кеңiнен таратуға тырысуда. Орынбор басшылығының жиыр ма жыл бойы осындай беделдi адамдармен санасуына тура келдi».

Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк//Императорлық Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлiмшесiнiң хабаршысы. Тверь, 1902, №17, 405бет.

    1. Кенесары Қасымұлы қаза тапқаннан кейiн көтерiлiске шыққан

қазақтарды кiмдер басқарды? 2. Халық батырлары Жанқожа мен Есеттiң қандай қасиеттерi бар едi?