Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆
  1. Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.

Жәрмеңкелерде саудасаттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан

түрлi рулар мен халықтардың өкiлдерi бас қосып, пiкiр алысатын, өнер көрсететiн байланыс жасап тұратын орнына да айналды.

Қазақ және орыс халықтары өкiлдерiнiң өзара тамыртаныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде iрiiрi спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлерi өткiзiлiп тұ ратын. Қазақтардың әр түрлi руларының, кейде тiптi барлық жүз дерiнiң өкiлдерi күш сынасатын жарыстар да өткiзiлетiн. Жәрмеңке ге жиналғандар түрлi спорт ойындары мен жарыстарды тамашалай тын. Ақындар айтысқа түсiп, бақ сынасатын.

Iрiiрi жәрмеңкелерде қазақтың бүкiл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсеттi. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан серi, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әмiре Қашаубайұлы сияқты көптеген салсерi лерi мен ақындары да жиiжиi болып тұрған.

Саяси өмiрдегi оқиғалар шиеленiсiп қыза түскен кездерi жәр меңкелер өкiмет билiгiнiң жоғары органына жазбаша шағым жол дайтын орын да болып табылды.

  1. Тұрақты сауда. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде жәрмеңкелердiң маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептерi болды. Бiрiншi ден, қазақтар барлық жерде бiрдей жаппай отырықшылыққа көше бастады. Екiншiден, уездiк және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңiнен етек алды. Сауданың бұл түрi қалаларда ба рынша дамыды. Қалалар фабриказауыттар шығаратын өнiмдердiң тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажеттi бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, казактар емiнеркiн сатып алатын едi.

Қалаларда кең көлемдi сауда жасайтын дүкендер мен дүңгiр шектер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшерi де өсе түстi. Петропавлда, Омбыда, Семейде, Қостанайда тұрақты жүргiзiлетiн сауданың күшейе түсуi ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегi сауданың жағдайын әлдеқайда әлсiретiп жiбердi. Қазақ өлкесiнде тауарлыақша қатынастары дами түстi.

  1. ҚазақҚытай саудасаттық қатынастары. Ресей Қытаймен және Монғолиямен саудасаттық жасауы үшiн Қазақстанды транзиттiк аумақ ретiнде пайдаланды. Бұл саудада қазақ көпестерi көбiнесе делдалдық қызмет атқарды.

Қазақтардың арасында, бiрiншiден, қытай және монғол тiлдерiн бiлетiндер аз болған жоқ. Екiншiден, қазақтар шекара шебiндегi жер жағдайларын жақсы бiлетiн. Үшiншiден, қазақ саудагерлерiнiң иелiгiнде жүк көлiктерi көп болды. Сонымен 1860 жылы Ургада (ҰланБаторда) алғашқы орыс коммерциялық фирмасы ашылды.

Сол фирманың құрамында Gскемен көпестерi де жұмыс iстедi. Ре сейҚытай саудасаттығы Зайсан, Gскемен және Семей арқылы жүзеге асырылды.

1881 жылы Қытаймен жасалған Петербург келiсiмшартының ережелерiне сәйкес патша үкiметi Монғолияның бүкiл аумағында баж салығын төлемейақ саудасаттық жасау құқығына ие болған едi. Қобда және Улясутай қалаларында консулдық мекемелер ашылды. Мiне, мұның бәрi де Монғолиямен саудасаттықтың да муына едәуiр ықпал еттi. Бiрақ Монғолия Қытайға тәуелдi ел бо латын. Соның салдарынан ол өлкедегi саудасаттық одан әрi дами алған жоқ.

ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қытаймен негiзгi саудасат тық мәмiлелерi Кяхта қаласында жүргiзiлдi. Бiрақ Цинь империясы мен Ресейдiң арасындағы кикiлжiңдi сыртқы саяси қатынастардың тұрақсыздығы салдарынан екi арадағы саудасаттық қайтақайта үзi лiп қала бердi. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында бұл екi мемлекеттiң арасындағы сауда қатынасында елеулi өзгерiстер орын алды. Батыс Қытайдың тұрғындары көршi жатқан мемлекеттермен, соның iшiнде Қазақстанмен де, керуен арқылы саудасаттық жасауға көбiрек мүд делiлiк танытты.

Қазақстанның Цинь империясымен iргелес жақын жатуы және өзара сауда қатынастарының тиiмдi болуы Ресей мен Қытайды тығыз байланыс орнатуға итермеледi. Қытай аумағындағы сауда Шәуешек, Құлжа, Үрiмшi, Гучен қалаларында жүргiзiлдi. Қытайлардың ондағы саудаға шығаратын негiзгi заттары күмiс, терiтерсек, шай, сондай ақ Қытайдағы қазақтардың мал өнiмдерi едi. ХIХ ғасырдың 50–60 жылдарында РесейҚытай сауда қатынасы Жетiсу бағытындағы жол дармен де дамыды. Ондағы негiзгi саудасаттық нүктелерi Қапал және Верный қалалары болды.

60жылдардың екiншi жартысынан 80жылдардың бас кезiне де йiнгi аралықта сауда қатынастары едәуiр бәсеңдедi. Цинь империя сының iшкi саяси жағдайы тұрақсыз болды. 1881 жылы қол қойылған Петербург келiсiмшарты бойынша Iле өлкесiнiң аумағы Қытайға қайтарып берiлдi.

ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде қазақ көпестерi саудасаттық опера цияларына барынша белсене қатысты. Олар үстiүстiне сауда керу ендерiн жөнелтумен болды. Көпестердiң арасында Жандыбайұлы, Жетiкұлы, Шаянбайұлы, Мақыпұлы сияқты саудагерлер көпке таны лып, сыйқұрметке бөлендi, зор бедел алды.

Осы кезеңде сауда қатынастары Жетiсу жерi арқылы дами баста ды. Ертiс және Iле өзендерiнде пароход қатынайтын болды. 1883 жылы көпес Уәли Ахун Юлдашев Iле өзенi арқылы тiкелей су жолын ашты. Қазақ көпестерiнiң ерекше зор сұранысы шай, ал өздерiнiң шығысқа қарай шығаратын тауары баяғысынша мал болды.

  1. Қазақстандағы кHлiк қатынасы ның дамуы. Бiз сөз етiп отырған кезең де Қазақстанда кәдiмгi далалық қара жолмен қатар су жолы, темiр жол қа тынастары да дами бастады. Ол кезде тас жолдар әлi салына қойған жоқ едi. Сауда және қатынас жолдары Қазақ станның қай түкпiрiн болса да айқыш ұйқыш шарлап жатты. Ол жолдармен қатынас жасау ХVIII ғасырдың екiншi жартысынан бастап күшейе түскен едi. Уақыт өте келе олар Ресей мен Қазақ стан арасындағы сауда қатынасының күшеюiне ықпал еттi. Мәселен, 1745 жылы Gскемен мен Омбы арасында қа

Н.Г. Хлудов. Пошта тасушы.

зыналық төте жол қатынасы салынды. Оның бес жерде бекетi бол

ды. Пошта тасу, жәмшiк қызметiн атқару казактарға жүктелдi. Дала төсiндегi бұл қызметтi атқару қиын болатын. Кейiннен оған қоныс аударған шаруалар да қатыстырылды. Күре жолдардағы қатынас ат жегiлген, кейiннен түйе жегiлген көлiктермен жүзеге асырылды. Ол көлiктiң түрлерi тарантас, шыбықтан тоқылған қорап күйме, екi дөңгелектi ағаш арба және кәдiмгi төрт дөңгелектi жүк арбасы бо латын. Ол жолдармен жүк тасушылар негiзiнен қазақтар едi. Осы кәсiптi бүкiл отбасымен меңгерiп, маманданып алғандар да кездестi. Ертiсте су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери мiндеттер атқару мақсаттарын көздеген едi, кейiнiрек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбiт сипат алды, саудасаттық ты дамытуға пайдаланылды. Бу қозғағышының күшiмен жүзетiн ал ғашқы кемелер Ертiспен ХIХ ғасырдың 60жылдарынан бастап жүзе бастады. 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде Семей мен Тобыл арасында осындай 40қа жуық пароход қатынас жасады. Пароходтар Түмен қаласында жасалып, құрастырылды. Пароходпен тасылатын негiзгi тауарлар тас көмiр, астық, тұз, көкөнiс және мал өнiмдерi болды. Gзенмен жүк тасу үшiн кәдiмгi салдар да пайдаланылды. Олар Ер тiстiң бас жағынан Омбыға дейiн жiберiлдi. Сал арқылы қауынқар быз, жарма өнiмдерi, балық, бал, қарағай жаңғағы, тұз, әк, алебастр және жоса (жер бояуы) тасымалданды. Ертiстен басқа өзендерде, әсiресе Жайықта, пароходтардың жүзуiне балық қорын сақтау мақ сатымен тыйым салынды. Ал бiрқатар өзендер мен көлдердiң тайыз болуы салдарынан оларда пароходтарды пайдалану кеңiнен өрiс ала

алған жоқ.

Теңiзде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен Астрахан арасында пароходтар қатынап тұрды. Gндiрiс пен сауда

Сiбiр сауда банкiнiң Ақмоладағы бөлiмшесi.

ның, қала құрылысының дамуына байланысты елде банк iсi де қа лыптаса бастады. 1871 жылы Петропавловскiде Қазақстандағы тұң ғыш қоғамдық банк ашылды. Сiбiр сауда банкiнiң бөлiмшелерi бiртiндеп Семей, Верный, Ақмола, Қостанай және Павлодар қала ларында да ашыла бастады. ХХ ғасырдың басында жергiлiктi тұрғын дардың банкiдегi салымдары 300 мың рубльге жеттi.

    1. ХIХ ғасырдағы саудасаттық сипатында қандай өзгерiстер орын алды?

    2. Орта Азиямен керуен саудасы қалай қалыптасты? 3. Ел аралап жасала тын, тұрақты және жәрмеңкелiк саудалардың бiрбiрiнен қандай ерекшелiк терi бар екенiн айтып берiңдер. 4. Қоянды жәрмеңкесiнен мысалдар келтiре отырып, даладағы саудасаттық iсiне сипаттама берiңдер. 5. Жәрмеңкелердiң атқарған әлеуметтiкмәдени қызметi қандай болды? 6. Тұрақты жасалатын сауданың артықшылықтары мен дамуы туралы не бiлдiңдер? 7. Монғолиямен және Қытаймен саудасаттық қалай дамыды? 8. Сауда қатынастарының даму ында жолдардың және көлiк түрлерiнiң атқарған рөлi қандай едi?

Арба – көлiкке жегiлетiн тасымал құралы.

БHз – мақтаматадан тоқылған кездеме.

Елтiрi – туғаннан кейiн 2–3 күн iшiнде сойылған қозы терiсi.

В. Ботов – орыстың белгiлi көпесi. Ол 1848 жылы Қарқаралы маңында Ботов (Қоян ды) жәрмеңкесiнiң негiзiн қалады.