- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
ХIХ ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар жартыкеш болып шықты.Онда қазақ халқының құқықтары тым шектелiндi. Мұның өзi қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әре кеттер тудырды. Сондықтан да патша үкiметi 80–90жылдары ре форманы одан әрi жалғастыруға мәжбүр болды.
Торғай және Орал облыстарындағы кHтерiлiстер. Қазақтар пат ша үкiметiнiң реформаларына ашықтанашық күштi наразылық бiл дiрдi. Үкiметке қарсы көтерiлiс жасайтын жағдай пiсiпжетiлiп келе жатты. Көтерiлiс күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалып, 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейiн созыл ды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды.
Көтерiлiстiң басықасында iрi рубасылары жүрдi. Қазақтар үкi меттiң жiберген комиссияларын қабылдамады. Көтерiлiсшiлер үкi мет билiгiне бағынудан үзiлдiкесiлдi бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерiн енгiзуге, елдi Ресей шенеунiктерiнiң басқаруына ашықтанашық қарсы болды. Ежелгi ескi тәртiпке қайтып оралуды талап еттi.
Ашу қысып, зығырданы қайнаған елдi жуасыту үшiн патша үкi метi бұрынғы ел билеген сұлтандарды салып көрдi. Бiрақ халық олар дың сөзiне құлақ қоймады. Қайта олардың өзiн елдiң көзiнше мас қара еттi. Ендi үкiмет билiгi мұсылмандардың Уфа губерниясында ғы дiни басшылығына қолқа салды. Бiрақ оларды да тыңдаған ешкiм болған жоқ. Халық арасында енгiзiлiп жатқан жаңа тәртiп қазақтар ды христиан дiнiне кiргiзiп, шетiнен шоқындыруға, армия қатарына алуға, сондайақ алымсалық түрлерiн еселеп арттыра түсуге алып барады екен деген қауесет қаптап кеттi.
Жаңа ереженiң қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үстiүстiне жiберiлiп жатқан комиссиялар оны ауызекi айтып түсiндiре алмады.
Әуелi Орал облысында басталған толқу бiртебiрте көршiлес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың 600700 адамнан тұратын жасақтары ауылауылды аралап, патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне ба ғынбауға, басқарудың жаңа тәртiбiнен бас тартуға шақырды. Қазақ тарды бейбiт жолмен тыныштандырудың сәтi түспедi, ол ешқандай нәтиже бермедi.
Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әскери отрядтар жiберiлдi. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бiрқатар зеңбiрек болды. Әскери қақтығыс болып, қан төгi летiн кез келдi.
1868 жылдың 6 мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдiң құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына ша
буыл жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отряд ты жетi күн бойы қоршап, тырп еткiзбедi. Сөйтiп жемшөбi мен азық түлiгi қалмаған жазалаушылар керi қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған және бiр жазалаушы әскер де Орынбор шекара шебiне шегiнiп кеттi.
1868 жылғы маусымның бас кезiнде Орал облысындағы көтерi лiс өзiнiң шырқау шегiне жеттi. Қарапайым көшпелi халықтың ашуызасы ендi жергiлiктi ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ереженi қабылдауға келiсiм берген ақсүйектердiң ауылда рына шабуыл ұйымдастырылды. Мәселен, 1869 жылғы наурыз айынан маусым айына дейiн би, сұлтандардың, болыстар мен старшындардың ауылдарына 40тан астам шабуыл жасалды. Оған жалпы саны 3 мың адам қатысты.
Торғай мен Орал облыстарындағы көтерiлiстiң кеңiнен өрiстеуi патшалық Ресейдiң жергiлiктi әкiмшiлiктерiн ғана емес, оның орта лық үкiметiнiң де мазасын кетiрiп, үрейiн ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшiн патша үкiметi Петербургтан, Мәскеу ден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жiбердi. Соның iшiнде Орал облысында под полковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскерлер жой қын қимыл көрсеттi.
Көтерiлiс нашар ұйымдастырылды, күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалды, оның жекелеген басшыларының арасында келiсiлген ауызбiрлiк те болмады. Соның салдарынан ол жеңiлiске ұшырады. Әрине, бұған дейiнгi көтерiлiстердегi сияқты, бұл жолы да оған өз мүддесi үшiн уақытша қатысқан бiрқатар старшындардың сатқындық әрекеттерi де көтерiлiстiң жеңiлуiне жеткiздi.
Хиуаның кHтерiлiске қатысты әрекетi. Қазақ даласындағы тол қулар туралы ести сала Хиуа ханы оларды көтерiлiс жасауға аран дата түстi. 1869 жылдың қаңтарында Хиуаға қазақтың шектi және табын руларынан елшiлер барды. Олар Хиуа ханынан қазақтарға көмектесу үшiн әскер жiберудi өтiндi. 1869 жылдың сәуiр айында Шошқакөл деген жерге хиуалықтардың 6 мың сарбазы, 4 зеңбiрегi бар әскерi келдi. Хиуа әскери экспедициясының мақсаты, бiрiншi ден, орыстардың далалық жерлердегi әскери бекiнiстерiн жою, екiн шiден, қазақтарды өз қол астына бағындыру, үшiншiден, халықтан жиналатын зекеттiң мөлшерiн анықтау болатын. Хиуалықтар жергi лiктi рубасыларын өз жақтарына тарту үшiн қыруар көп шапан және ақша ала келедi. Бiрақ қазақтар тарапынан өздерi ойлағандай белсен дi қолдау таба алмады. Сөйтiп Жем күзет аймағында бiр айдай бол ғаннан кейiн керi қайтып кеттi.
1869 жылдың аяғына қарай 7 мыңға жуық қазақ отбасы Хиуа
шекарасынан өтiп, солардың қол астына қарады. Бiрақ өздерiнiң көшiп кеткенге дейiнгi отырған жерлерi өзге қазақ руларына тараты
лып берiледi екен деген хабарды ести сала едәуiр бөлiгi қайтадан көшiп келуге мәжбүр болды.
Маңғыстаудағы кHтерiлiс. Жаңа ереже енгiзiлгеннен кейiн Маңғыстау түбегiндегi адайларда жер мәселесi қатты шиеленiсiп кеттi.
1870 жылғы наурызда Маңғыстау приставы подполковник Ру кин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбiрегi бар әскери жасағын бастап және беделдi деген рубасыларын ертiп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшiп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтерiлiске шығуына түрткi болды. Боза шы деген жерде Досан Тәжiұлы, Иса Тiленбайұлы 200ге жуық қарулы қол жинады. Кескiлескен шайқас басталып кеттi. Көп ұза май Рукин бастаған әскери жасақ тасталқан болып жеңiлдi. Жа ралы болған Рукин өзiн өзi атып өлтiрдi. Бұл жеңiс көтерiлiсшiлер дiң рухын көтерiп, оларды жiгерлендiре түстi.
Көтерiлiс Маңғыстау түбегiн түгел қамтыды. Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық бiлдiрдi. Қайықтарды тартып әкету бас талды. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерiнше флотилия құрып алды. Кейiнiрек ол флотилия Алексан дровск фортын қоршауға қатысты. Көтерiлiске қатысушылардың саны 10 мың адамға жеттi.
1870 жылдың сәуiр айында көтерiлiсшiлер Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын өртедi және Нижнее бекiнiсiн қиратты. Алайда зеңбiректiң үстiүс тiне жарылған снарядтарына шыдай алмай, кейiн шегiнуiне тура кел дi. Көтерiлiс жергiлiктi отаршыл өкiмет билiгiнiң ғана емес, сонымен қатар орталық үкiметтiң де зәресiн ұшырды.
Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуiр күшейе түскен едi. Патша үкiметi Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз әскерiн Красноводск төңiрегiне шоғырландыра бастады. Маңғыс таудағы көтерiлiс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерiлiстi басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелдi. Сөйтiп мамыр айының аяқ кезiнде Кавказдан Маңғыстауға едәуiр мол әс кер күшi жеткiзiлдi. Адайқазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтерiлiс жеңiлiске ұшырады, күштi қаруланған тұрақты әскерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлерi көтерiлiсшiлердi жазалау үшiн оларды барлық жерден тiмiскiлеп iздестiрумен болды. 1873 жылы адайлардың кезектi жаңа көтерiлiсi бұрқ ете түстi.
КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдарлары. Көтерiлiсшiлер жеңiлiп қалды. Gйткенi көтерiлiс жергiлiктi тар көлемдегi сипатта болды. Қазақтар түгел бас қосып, бiртұтас майдан аша алмады. Кө терiлiсшiлердiң қаружарағы нашар едi. Олар негiзiнен қылышпен, айбалтамен, найзамен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық же
тiспедi. Оқдәрi де тапшы болды. Рубасыларының бiр бөлiгi көте рiлiсшiлердi қолдамады. Бұл кезде патшалық Ресей Қазақстанды барлық жағынан бiрдей әскери бекiнiстермен құрсап, қоршап алып үлгерген едi.
Патша үкiметiнiң әскерлерi Маңғыстауда үш ай бойы тұрып ал ды. Жергiлiктi өкiмет билiгi көтерiлiсшiлердi қатаң жазалады. Кавказ әскери әкiмшiлiгi Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтiн салығын және басқа да алымдарды – барлығы 57901 сомды жинап алды. Оның үстiне, адайлар 90 мың қой мөлшерiнде контрибуция (соғыс шығын дарын өтеу) төлеуге мәжбүр болды.
Көтерiлiсшiлерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Рефор ма енгiзуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударылды. Мәселен, Торғай облысының бiр өзiнен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 1890 жылы – 3 мыңға жуық адам жер аударылды.
Көтерiлiстiң басшылары 1870 жылғы желтоқсанда ағайынтуыс жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтiп кеттi. Сұлтан Хан ғали Арыстанұлы бастаған 57 мыңға жуық қазақ осылай iстеуге мәж бүр болды.
Патша үкiметi орыс шаруаларын қаруландыруды күшейтуге көш тi. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға дейiн бiр ғана Жетiсу жерiндегi орыс шаруаларына 9 мыңнан астам мылтық берiлдi. Мұның өзi жер гiлiктi халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары арасындағы қарымқатынастың нашарлауына алып келдi.
Халық арасында жаңа толқулар туып кетедi деген қауiппен, олар дың алдын алу үшiн ХIХ ғасырдың соңында патша үкiметi Қазақ станда құпия мәлiметтер жинап тұратын жалдамалы жансыз агенттер тобын құрды. «Gте сенiмдi» деген қазақтардан әр уезден екi жансыз жасырын тағайындалды. Олар жергiлiктi халықтың көңiл күйi тура лы патша үкiметiне қажеттi құпия мәлiметтер жинаумен айналысты.
ХIХ ғасырдың 80–90жылдарында әкiмшiлiк реформалардың одан әрi жалғасуы. 1869–1880 жылдары Кiшi жүзде болған көтерi лiстер патша үкiметi жүргiзген реформалардың әлi аяқталмаған си паты бар екенiн дәлелдеп бердi.
Реформаларды одан әрi жалғастыру қажеттiгi басқа да себептер ге байланысты болды. Қазақстанның үш генералгубернаторлыққа бөлiнуi Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi шаруаларды Қазақстанға көшiруге байланысты мәселелердi жедел әрi жүйелi түрде шешуге мүмкiндiк бермедi. Орта Азияны Ресей империясына әскер күшi мен қосып алудың сәтi түстi. Мұның өзi орасан зор кеңбайтақ аумақты басқаруды қайта құруды және қаржы мәселесiн үнемдеудi талап еттi. Патша үкiметi бұл мiндеттi қазақ өлкесiн Ресейдiң өзге бөлiктерiмен бiртебiрте бiрiктiру арқылы шешудi жоспарлады. 1867–1868 жылдардағы ережелердiң әуел бастаақ уақытша, яғни өтпелi сипаты болып едi.
Көп жылға созылған талқылаудан кейiн Ресей императоры III Александр 1886 жылғы 2 маусымда Түркiстан өлкесiн басқару туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа Ереже бойынша Түркiстан ге нералгубернаторлығының құрамына Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстары кiрдi.Кейiн оған Жетiсу облысы қосылды. Түркiстан генералгубернаторлығының орталығы Ташкент қаласы болды.
1890 жылдың ақпан айында «Закаспийск облысын басқару тура лы уақытша Ереже» бекiтiлдi. Бұл әкiмшiлiк бiрлiгiнiң құрамына негiзiнен түркiмендер тұратын бес уезд – Красноводск, Ашхабад, Теджент, Мерв және Маңғыстау уездерi кiрдi. Маңғыстау уезiнде Кiшi жүз, соның iшiнде адай руының қазақтары тұратын.
1891 жылғы наурызда «Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ережеге» қол қойылды. «Ереже» бойын ша Дала генералгубернаторлығы құрылды. Оның құрамына Қазақ станның Сырдария облысынан өзге барлық облыстары түгел кiрдi. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласында болды. Орал және Торғай облыстары тiкелей Iшкi iстер министрлiгiне ба ғындырылды. Мешiттер салу үшiн рұқсатты Iшкi iстер министрiнiң өзi ғана беретiн болды.
ХIХ ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар Қазақстанда отаршылдық билiктiң рөлiн күшейттi. Генералгубер наторларға шексiз өкiлеттiк билiк берiлдi. Бұдан «бөлiп ал да, би лей бер» деген империялық пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтiп бұры нғы бiртұтас Кiшi жүз ендi үшке бөлiндi. Соның салдарынан оның бiр бөлiгi Iшкi Орданың, екiншi бөлiгi Закаспийск облысының, ал үшiншi бөлiгi Дала генералгубернаторлығының құрамында бол ды. Патша үкiметiнiң мұндай қадамға баруы Кiшi жүз қазақтары ның қайтақайта көтерiлiс жасай беруiне байланысты едi.
Ресей сот жүйесiнiң енгiзiлуi. Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша жергiлiктi тұрғындар тарапынан жасалған бiрқатар қыл мыстар үшiн жалпыимпериялық заң негiзiнде жауапкершiлiкке тар ту шаралары қарастырылды. Христиан дiнiне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесiне наразылық таныту, алымсалық төлеуден және мемлекет үшiн түрлi мiндеткерлiктер атқарудан бас тарту қылмыс тары билер сотының қарауынан алынып, жергiлiктi отаршылдық билiктiң құзiретiне берiлдi.
Билер 3 жылдық мерзiмге сайланатын болды. Олардың қызметi уездiк начальник тарапынан қатаң қадағаланып отырылды. Ел ара сында би сайлауда «партиялық« тартыстар өрши түстi. Билер болып кездейсоқ және қоғамда беделi мен қабiлетi жоқ адамдар да сайла на бастады. Осыдан барып қазақ өмiрiндегi билердiң абыройы мен беделi төмендедi.
Реформалардың мазмұны. Реформалардың аумақтық қана емес, сонымен қатар әкiмшiлiк тұрғысындағы сипаты күшейтiлдi.
197
Қазақстан ХIХ ғасырдың екiншi жартысында
Генералгубернаторға саяси тұрғыдан сенiмсiз қазақтарды әкiмшiлiк жаза ретiнде жер аударып жiберуге толық құқық берiлдi.
Болыс басқарушыларды әскери губернатор бекiтетiн болды. Уезд бастықтарының әкiмшiлiк қызмет аясы да кеңи түстi. Оларға ауыл старшындарын бекiту құқығы берiлдi. Iрi қалаларда полиция басқар малары құрылды. Ал бiрқатар уезд орталықтарында полиция пристав тықтары пайда болды. Қазақтың дәстүрлi билер сотына шектеу қойылды.
Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруаларды Қазақстан жерiне жаппай қоныс аударту iсiн ретке келтiру мақсатымен Қоныс аударту басқармалары құрылды. Түтiн салығының мөлшерi артып, 4 сомға дейiн жеттi. Мұның өзi қазақ халқының әлеуметтiкэкономикалық жағдайына келеңсiз әсер еттi. Сонымен қатар реформа бойынша уездiк дәрiгерлер тұрғындарға тегiн дәрiгерлiк көмек көрсетуге мiндеттелiндi. Уездерде ветеринарлық дәрiгерлер қызметi жолға қойыла бастады.
Реформаларды жүзеге асырудың салдарлары. ХIХ ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформаларын жүзеге асырудың одан әрi жалғасуы қазақ өлкесiн Ресей империясының отар ретiндегi шет аймағына түпкiлiктi айналдырды. Gлкеге басшылық жасау бiр орталыққа бағындырылды. Реформаларды жүзеге асырудың аяқта луы патша үкiметiнiң шаруаларды iшкi Ресейден Қазақстанға жап пай қоныс аударту үрдiсiн арттыра түстi.
1902 жылы шаруа бастығы деген жаңа лауазым енгiзiлдi. Олар өздерiнiң мәртебесi жағынан қазақтың болыстарынан жоғары тұрды. Шаруа бастықтары қоныс аударту мәселелерi бойынша бiржақты бағыт ұстап, орыс шаруаларының мүддесiн қорғаумен ғана айналысты. Жергiлiктi байырғы тұрғындардың өтiнiшталаптары мен санаспады. Сондықтан да қазақтар өздерiнiң үндеулерi мен пе тицияларында бұл қызметтi жоюды ұдайы талап етумен болды. По лиция қызметiнiң мiндетiн қоса атқару ауыл старшындары мен бо лыстардан алынып, полиция мен шаруа бастықтарының құзырына тапсырылды. Gлкеге Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруаларды жаппай қоныстандыру үшiн толық негiз жасылынды.
1868–1870 жылдардағы көтерiлiстiң негiзгi себептерiн атаңдар. 2. Кө терiлiс кезiнде Хиуа хандығының ұстанған бағыты қандай болды? 3. Маң
ғыстаудағы көтерiлiсшiлердi патша үкiметi қалай жазалады? 4. Көтерiлiсшi лердiң жеңiлуiнiң себебi неде едi? 5. ХIХ ғасырдың 80–90жылдарындағы ре формаларды одан әрi жалғастырудың қажеттiлiгiн немен түсiндiруге болады?
Жаңа реформалардың мәнi неде едi? Жаңа өзгерiстердi ендiрудiң негiзгi салдарлары туралы айтып берiңдер.
Контрибуция – соғыста жеңген жақтың жеңiлген жақтан соғыс шығын дарын өндiрiп алу жөнiнде салатын салығы.
Шаруа бастығы – лауазымды әкiмшiлiк қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгiзiлдi. Ондағы мақсат Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондайақ жергiлiктi қазақтарды басқару болатын.
Досан Тәжiұлы (1835–1876) – халық батыры, Маңғыстау көтерiлiсi басшылары ның бiрi.
«...
тобыр комиссияға өз талаптарын қойды...
Ол жаңа ереженi
қабыл
дағысы келмейтiнiн айтты... басқарудың сұлтандар арқылы жүзеге асыры латын бұрынғы жүйесi мен алымсалық түрлерiн өзгерiссiз қалдыруды сұрады... Комиссия мүшелерiнiң жағдайды түсiндiрмек болған әрекетте рiнен түк те шықпады. Қырғыздар (қазақтар. – авт.) олардың бiрдебiреуiн қозғалыстың басты жетекшiсi молда Ықылас Досовқа жiберген жоқ... бұрынғы тәртiптi қолдарына қару алып, ақырына дейiн қорғауға әзiр екенiн мәлiмдеп тұрып алды... Халықтың толқуы күн өткен сайын күшейiп, кеңiнен етек жайды. Қырғыздар ендi сөзден iске көше бастады: бұзақы лардың қара құрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында – Елек пен Қобда өзендерiнiң бойын да жиi кездестi. Олар бiрбiрiмен ұдайы байланыс жасап, хабарласып тұрды, қай жерде болса да бiрлесе қимыл жасауға ниет етiстi. Оның үстiне, сонау Арал теңiзiнiң маңында, Үстiрт үстiнде көшiпқонып жүрген қазақ тарды да өз қатарларына тартуға әрекет жасады... патша үкiметi әкiмшi лiгiнiң өкiлдерi тасымал көлiктерiн таба алмай қиналды. Gйткенi ондай көлiктi тауып бере алатын тек қазақ даласының өзi едi. Бөкей ордасынан түйе және жол көрсетушi адам тауып келу үшiн арнайы шенеунiк жiберiл дi. Бiрақ ондағы қырғыздар Жайықтың арғы бетiндегi қандас бауырларына бүйрегi бұрып, әлгi шенеунiктiң сөзiне илiкпедi. Бастықтардың бәлесiнен аулақ болу үшiн 400 түйе берiп құтылды, жол көрсететiн бiрдебiр адам
«табылмады».
Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк. – Тверь, Н.М. Родио новтың баспаханасы. 1902, 463–464беттер.
Көтерiлiсшiлер қандай талаптар қойды? 2. Халық қозғалысы қай
аймақтарда болды? 3. Iшкi Орданың қазақтары патша үкiметiнiң жазалау шы әскери жасақтарына жол көрсетушi адам беруден неге бас тартты?
