Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың

БIРIНШI ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛI МӘДЕНИЕТI МЕН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы

Қарастырылып отырған кезеңде қазақтар шағын ауылдар болып тұратын. Олар негiзiнен мал шаруашылығымен айналысты. Жеке леген аймақтарда егiншiлiк пен балық аулау кәсiбi дамыды.

      1. Қазақ ауылы. Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елдi мекендер де – ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшiн олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр едi. Әр ауылдағы шаруашылық 5–20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5–7 адамнан келдi. Ауылды ең жасы үлкен кiсi, би немесе құрметтi ақсақал басқарды. Әр ауыл көбiнесе белгiлi бiр рубасының атымен аталды. Ауыл орманның шетiнде, өзеннiң, не көлдiң жағасында, ал таулы жерлерде шатқал дың iшiнде орналасты. Орман мен тау қысқы суықтар мен борандар кезiнде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жер лерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкiндiк мол едi. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерiнiң – өзендер мен көлдердiң, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескердi. Олар дан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздерi болмаған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын.

      2. Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлерi. Қазақтар жаз

кезiнде киiз үйлерде тұрды. Киiз үй кей жағдайларда кедей қазақтар дың қысқы баспанасы да болды. Мұндай кезде ол үйдi бiрнеше қабат киiзбен қымтап, iргесiн қармен бастырып тастайтын. Ал елдiң оңтүс тiктегi жылы аймақтарында киiз үйде қысыжазы бiрдей тұра беру ге болатын. Немiс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Қыр ғызқайсақтардың қысыжазы бiрдей тұра беретiн бiрденбiр баспанасы киiз үй болып табылады. Киiз үй адамның қашаннан бергi ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бiрi екенiнде дау жоқ». Киiз үйдiң ағаштан жасалатын бөлiктерiн арнаулы шеберлер – үйшiлер, ал киiзден жасалатын жабдықтарын киiз басатын әйелдер әзiрлейтiн. Үйдiң баушуларын құрастыру, тiгу мен жығу да әйелдердiң үлесiне тиетiн.

Қазақтардың төбесi шошақ қалмақы үйлерi де болды. Бiрақ олар

өте сирек пайдаланылды. Киiз үйдiң iшiндегi ең құрметтi орын болып

төр саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадiрлi қонақтар шығары лады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дiн ұстанатынына, қай ұлттың өкiлi екендiгiне қарамастан, сол үй иесiнiң сенiмдi қорғауында болатын.

ХIХ ғасырдың 30–50жылдарында қазақтарда отырықшы өмiр салтына көшуге байланысты тұрақты баспана салу үрдiсi орнықты. Қазақтар қыста тұратын баспанасын қыстау деп атады. Қыстау топы рағы құнарлы жерлерге салынды. Оған жақын жерде, әдетте, рулық зират орналастырылды. Қыстаудың маңында егiстiк және шабын дық жерлер болды. Далалықтар қыстауды адам өлiмi көбейiп кет кен немесе мал қырылып, жұт болған кездерi ғана тастап кететiн. Қыстау әр түрлi құрылыс материалдарынан: тастан, ағаштан, шым нан және шикi кесектен салынатын.

ХIХ ғасырдың соңына қарай қазақтар төбесi шатыршалап жа былатын үй салуды үйрендi. Үйдiң iшiне қазан асылатын, әрi үйдi жылытатын пеш орнатылды. Терезенiң көздерi малдың тақыр қар нымен керiп тасталды. Қысқы баспана екi бөлiктен тұрды. Олар дың арасында пеш болды. Оның бiр жағы кiреберiстегi ауыз үй, екiншi жағы адамдар тұратын төр үй деп аталды. Төр үйдегi жер еденнiң үстiне нар – ағаштан салынған аласа орын жасалды. Ауқат ты қазақтардың үйiндегi бөлмелердiң саны 3–4ке дейiн жеттi. Ағаш тан қиып салынатын, ағаш едендерi бар үйлер де пайда бола баста ды. Әдетте ондай үйлердi орыс ұсталары салатын. Қазақтар киiз үй мен қысқы тұрғын үйдiң iшiн қамыс пен қураған ағаш және тезек жағып жылытатын. Қазақтарда өсiп тұрған ағашты кесуге қатаң тый ым салынатын.

Тұрғын үйлер мен мал қоралары бiрбiрiмен жалғасып жатты.

Құрылыстың мұндай жинақылығы қысқы суық пен боран кезiнде ыңғайлы болатын. Аулада шаруашылыққа арналған төбесi күмбез

Киiз басу.

Жайылымда. Құдық басында.

тәрiздес шошала тұрғызылды. Онда ет және басқа да азықтүлiк өнiм дерi сақталды, ас пiсiрiлдi. Қыс кезiнде қолға қарап қалатын мал түн мезгiлiнде мал қораға қамалатын. Мал қораның үстiне көбiнесе пiшен жиналатын.

      1. Мал шаруашылығы. Қазақтардың негiзгi шаруашылық кәсiбi мал өсiру болды. Олар көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салтын ұстанды. Қазақтардың көшiқонының қашықтығы әр түрлi болып келетiн. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжiрибелi адамда ры жер шолып, малға жайлы жайылым iздестiретiн. Онда жерiнiң шөбi шүйгiн, мiндеттi түрде су көзiнiң болуы қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгiлi бағытта бiрлесiп көшетiн. Қыс кезiнде үйiр үйiр жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып, тебiндеп жа йылатын. Жылқы тебiндеп жайылған соң ол жерлерге iрi қара, түйе және уақ мал – қой, ешкi жiберiлетiн.

Мал басы көшпелi қазақтарды iшiпжем, тағаммен қамтамасыз еттi. Қой мен құлын, ешкiнiң иленген терiсi түрлi сырт киiмдер мен аяқ киiм тiгуге пайдаланылды. Iрi қараның терiсiнен саптама етiк тiгiледi. Қойдың және түйенiң жүнiнен киiз басылды, жiп иiрiлiп, шекпен тiгiлдi, арқанжiп есiлдi, баушулар жасалды, кiлем тоқыл ды. Ешкiнiң түбiтi әдемi де жылы шәлiлер тоқуға пайдаланылды. Малшылар серкенiң, өгiз бен жылқының терiсiнен құдықтан су тар татын ыдыс – қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады. Қазақтар малдың тезегiн отын ретiнде пайда ланды. Көшпелi қазақтардың өсiретiн малының негiзгi түрлерi қой ешкi, жылқы мен түйе болды. ХVIII ғасырдың екiншi жартысынан бастап, қазақтарда сиыр өсiру де елеулi түрде дами бастады.

Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүн

дi әрi құйрықты қой тұқымын өсiрдi. Қой – қандай қиындыққа да төзiмдi түлiк. Ол ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да шыдамды келедi. Iрi қойлар 2 пұтқа дейiн ет, 1 пұтқа дейiн құйрық майын, 4 қадаққа дейiн жүн бере алады.

Қазақ жылқысы тұрқы аласа, кеуделi келедi. Ол жыл бойы өз аяғымен тебiндеп жайылады. Қазақ жылқысы жүйрiк әрi өте төзiмдi, сондықтан да ол iшкi Ресейден қоныс аударып келген орыстардың арасында өте жоғары бағаланды. Жылқы малы қазақты етпен, қы мызбен қамтамасыз еттi, салт мiнуге және ауыл шаруашылығында күш көлiгi ретiнде де пайдаланылды.

Сиыр малы қалмақ сиырлары сияқты ұсақтау болып келедi. Сүттi де көп бермейдi. Сиыр елдiң солтүстiк аймақтарында көбiрек өсi рiлдi. Оны қоныс аударып келген орыс шаруалары көптеп сатып алатын. Отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылықтарда өгiздер жер жырту кезiнде соқаға жегiлетiн күш көлiгi ретiнде пай даланылды. Қазақ байлары өз сиырларын ежелгi дәстүр бойынша кедейлерге сауын ретiнде таратып беретiн. Кедейлер сиырдың сүтiн сауып iшетiн. Оның есесiне ол сиырларды жемшөппен қамтамасыз етiп, бағыпкүтудi, төлiн аман өсiрудi өз мiндеттерiне алатын. Мәсе лен, Перовск уезiнiң атақты байы Бiләш жыл сайын өзiнiң 700ге тарта сиырын тап осылай «сауынға» берiп тұрған.

Қазақтар ешкiнi негiзiнен тамаша түбiтiне бола өсiретiн. Атақты Орынбор шәлiлерi қазақ ешкiлерiнiң түбiтiнен тоқылып келгенi белгiлi. Әр отар қойды бастайтын серке болады. Түйе түлiгi негiзiнен қос өркештi болып келедi. Жалғыз өркештi нар түйелер Қазақстан ның оңтүстiк және оңтүстiкбатыс аймақтарында өсiрiлдi. Қазақ тар түйенi көшiқон, егiн шаруашылығында күш көлiгi ретiнде де пайдаланды. Түйенi Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруа лары аз да болса сатып алып жүрдi.

ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы ең iрi байлар дың бiрi Азынабай болды. Баянауыл сыртқы округiнде тұратын оның 25 мыңға жуық малы бар едi. Ал 1917 жылға қарай Қазақстандағы алты облыста тұратын қазақтардың қолындағы малдың жалпы саны 18 миллион басқа жуық болатын.

      1. ]рт қою. Жазғы жайлаудан қайтқан қазақтар әдетте қураған күзгi шөпке өрт қоятын. Кейде мұндай өрт ерте көктемде де қойыла беретiн. Далалықтардың пiкiрi бойынша ондай өртеңдi жерде көктем кезiнде шөп қалың шығады. Оны жеген мал тез қоңданып, семiредi де салмағын арттырады. Рас, ондай өрттердiң бой бермей кетуi сал дарынан, әсiресе желдi күндерi, талай ауыл, қысқа дайындап қойған маямая пiшендер өртенiп те кететiн. Күзде және көктемде ондай өрттердiң болуына жол бермеу үшiн қазақтар қыстаулардың төңi регiндегi қураған шөптердi күзге қарай өртейтiн болды. Қазақстан аумағына қоныс аударып келген орыс шаруалары санының арта түсуiне байланысты патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi ондай өрт қою ша раларына бiржолата тыйым салды.

      2. Жұт. Қазақтар үшiн ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде

көктайғақ мұздардың немесе шөп шықпай қалудың салдарынан бү

кiл мал қырылып қалатын. Gйткенi мал көкпеңбек болып қатып қалған қалың мұздың қабатын бұзып, шөп жей алмайтын. Ондай жұт кезiнде мал мыңмыңдап қырылатын. Ең сұрапыл апатты жұт 1880 жылы болды. Сол жылы тек Торғай облысында ғана 1,5 милли оннан астам мал аштан қырылды. Қазақтардың байқауынша, мұндай ауыр жұттар әрбiр 10–12 жылда бiр рет қайталанатын «қоян» жылына сәйкес келедi. Ондай жұттардан аман қалу үшiн қазақтар шекара шебiндегi казактар мен орыс шаруаларына жақын келiп қонуға ты рысатын. Станицалар мен деревня тұрғындарынан пiшен мен сабан сатып алатын. Жұттан кейiн күйзелiп, қайыршыланған қазақ шаруа шылықтары ендiгi жерде егiншiлiкпен айналысуға мәжбүр болды.

      1. Халықтық мал емдеу тәсiлi. Қазақтар мал емдеу iсiнде орасан зор тәжiрибе жинақтады. Қазақ даласы әрбiр тұрғынының мал емдеуден едәуiр хабары болды. Мәселен, олар күйдiргi, шешек, қарасан және оба сияқты жұқпалы ауру пайда болған кезде тез қоныс аударады, мал жайылымын өзгерте қояды. Мұндай аурудан өлген малды жерге терең етiп көмiп тастайды. Ал аусыл болған малдың ауыз қуысы мен тiлiн қыздырылған ас тұзымен және мыс тотығы мен, яғни тотияйынмен қаны шыққанша ысқылайды. Кейде тiлiнiң астындағы күре тамырынан қан алады. Ауру малды көлеңкеде ұстап, оған жаңа орылған жұмсақ шөп салады, қалағанынша тұз жалатады. Қотыр болған малды жiлiк майымен емдеген немесе тұзды көлге тоғытқан. Қотыр малды кейде улы өсiмдiк тамыры қайнатылған судың арнайы тұнбасын жағып та жазып алған. Мұндай ауруларды емдеу кезiнде керосин мен темекi қосып қайнатылған судың тұнбасы да пайдаланылған.

      2. ШHп шабу iсiнiң дамуы. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында

қазақтар шөп шабумен айналыса бастады. Алайда көшпелiлердiң шабындық жерлерi Ресейден қоныс аударып келген шаруаларға, казактардың станицаларына, әскери бекiнiстер мен жаңадан салына бастаған қалаларға берiле бастады. Мыңмыңдаған мал басын қы рып салатын жұт жылдары жиi қайталанатын болды. Ал ондай кезде мал басын алдын ала дайындалған шөп қоры мол болған жағдайда ғана аман сақтап қалуға болатын едi. Қоныс аударып келген орыс шаруалары қазақтардан сиырды көптеп сатып ала бастады. Мұның өзi бұл малдың санын арттыра түсу қажеттiгiн тудырды. Ал сиырды қолда ұстап бағу мал азығын дайындауға деген ынтаықыласты күшейттi.

Шөп темiр шалғылармен шабылды. Қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үлгi алған ауқатты қазақтарда негiзiнен атқа жегiлiп, шөп шабатын машиналар да пайда болды. ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанның солтүстiк, орталық, солтүстiкшығыс аймақтарында шаруашылықтардың 90 пайызға жуығы шөп шабумен айналысуды кәсiп еттi.

      1. Егiншiлiк кәсiбi. Сырдарияның екi жақ өңiрiнде, Жетiсу же рiнде, сондайақ Қазақстанның солтүстiк, солтүстiкшығыс және ор талық аймақтарындағы кейбiр өзендер мен көлдердiң жағалаула рында қазақтар егiншiлiкпен сонау ерте заманның өзiнде айналысқан болатын. ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде елдiң орталық, солтүстiк және солтүстiкшығыс аймақтарында егiншiлiкпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды. Iшкi Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көп теп келуiне және Қазақстандағы қала халқы санының арта түсуiне байланысты мал жайылымдарының көлемi қысқара бастады. От басы мүшелерiн асырау мен қолда бар малды жемшөппен қамтама сыз ету ендiгi жерде егiн егудi ұйымдастыру мен дамытуға байланыс ты болып қалды. Отырықшыегiншiлiк кәсiбiмен айналысуға көшу қазақтарды ежелден қоныстанған жерлерiнен күштеп көшiру және басқа жаққа қуып шығу әрекеттерiне тыйым салатын едi. Патша үкiметi қазақтардың тұрақты отырықшы өмiр салтына көшуге деген ынтасын қолдап отырды. Патша үкiметiнiң пiкiрi бойынша, бұл ша ралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар үшiн қыруар көп жер телiмдерiн босатып беруi және қазақтарды басқару үшiн қолайлы жағдайлар туғызуы тиiс болатын. Қазақтар бiртебiрте орыс шаруа ларының үлгiсiмен егiн егудi игере бастады.

Негiзгi еңбек құралдары соқа, тырма, қол орақ, ағаш айыр, күрек

пен кетпен болды. Егiстiк жердi суару үшiн әр түрлi құрылғылар (атпа, шығыр) қолданылды. ХIХ ғасырдың аяқ кезi мен ХХ ғасырдың бас кезiнде қазақтар мен орыс шаруалары қатар қоныстанған аудан дардағы шаруашылықтарда темiр соқалар мен тырмалар пайда болды. Уезд және кейбiр болыс орталықтарында ауыл шаруашылық техни касының паркi ашылды.

Суармалы егiншiлiк Шығыс Қазақстан, Жетiсу, Оңтүстiк және ОңтүстiкШығыс Қазақстан аймақтарында жақсы дамыды. Қа зақстанның өзге аудандарында тәлiмi егiн шаруашылығы кеңiнен етек алды.

Қазақтар негiзiнен бидай, тары, сұлы, күрiш және жүгерi дақыл дарын ектi. Шымкент және Перовск уездерiнде мақта, Верный уезiн де азынаулақ темекi, Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiкшығыс аудандарында бақша дақылдары – қарбыз, асқабақ, пияз бен сәбiз өсiрiлдi. Орысукраин халықтарымен қатар алқаптарда тұратын қа зақтар аздап болса да картоп, қияр және басқа да көкөнiс түрлерiн егумен айналысты. Мал азықтық дақылдардан жоңышқа егу кеңiнен етек алды. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарындағы қазақтар өз ша руашылықтарында баубақша дақылдарын өсiрумен айналысты.

      1. Аңшылық. Қазақстанның байырғы жергiлiктi тұрғындары аң шылықпен ерте заманнан берi айналысқан. Ресейдiң ХVIII ғасырдағы белгiлi зерттеушiлерiнiң бiрi И.Г. Андреев бұл жөнiнде былай деп жазады: «Аңшылық кәсiбi аңдардың көптеген түрлерiн аулауға бейiм

Аңшылар.

делген. Мәселен, қасқыр, түлкi сияқты аңдарды кең далада атпен қуып жүрiп аулайды». Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсiп сипатында болды. Ауқатты бай қазақтар аң аулаумен көңiл көтерiп, ермек ету, уақыт өткiзу үшiн айналысты. Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгiрту, қақпан және тұзақ құру сияқты толып жатқан тәсiлдер қолданылды. Қазақтар қақпанды көбiнесе казактар мен қоныс аударып келген орыс шаруаларынан сатып алды. ХIХ ғасырда аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкi, қарсақ ату кеңiнен етек алды. Қымбат бағалы аң терiлерiн жәрмеңке лер мен сауда орындарына шығарып сататын болды.

      1. Балық аулау. Iрi көлдер мен өзендерде, сондайақ Арал және Каспий теңiздерiнде балық аулау едәуiр дамыды. Балық аулау кәсiбiнiң дамуына өрiстiң тарылып, мал басы санының азаюы әсер еттi. Бұл кәсiппен кедей қазақтар айналысты. Қазақтар балықты та ғам ретiнде тұтынды және сату үшiн аулады. Iшкi Ресейден қоныс

Бүркiтшi.

Ф.А. Фиельструптың суретi.

аударып келген орыс шаруаларының көбеюiне байланысты балыққа деген сұраныс арта түстi. Балық Ертiс пен Жайықта көп ауланатын. Бiрақ онда балық аулауға казак офицерлерi қатаң бақылау орнат ты. Қазақтардың бұл кәсiппен айналысуы үшiн ендiгi жерде солар дың рұқсат қағазын алуына тура келдi. Балық аулау әсiресе Сыр дария өзенi мен Арал теңiзiнде күштi дамыды. Мәселен, ХХ ғасыр дың бас кезiнде онда 10000ға дейiн балықшы қазақтар болды. Ба лық аулаудың қарқынды дамуына ОрынборТашкент темiр жолы ның салынуы қатты ықпал еттi. Балық аулау және оны темiр жол мен жөнелту үшiн 1905 жылы Арал поселкесi салына бастады.

  1. ХVIII ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ауылы туралы айтып берiңдер. 2. Дала тұрғындарының қысқы және жазғы үйлерi қандай болды? 3. 2тармаққа кеңейтiлген жоспар жасаңдар. 4. Мал өсiру iсiнде қандай өзгерiстер болды? 5. Қазақтар күзде және көктемде жердi қандай мақсатпен өртедi? 6. Жұт мал өсiрушi қазақтарға қандай қиындықтар туғызды? 7. Дала тұрғындары малды қалай емдедi? 8. Қазақтарды пiшен шабуға мәжбүр еткен қандай жағдайлар болды? 9. ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде қазақтардың жаппай егiн егуге бет бұруының себебi неде едi? 10. «Бақташы қазақ өмiрiнiң бiр

күнi» деген тақырыпта шағын әңгiме құрастырыңдар.

Жоңышқа – мал азықтық құнарлы дақыл.

Пұт – салмағы 16,3 килограмға тең ауырлық өлшемi.

Қадақ – 0,5 кгға жуық салмақ өлшемi.

Шикi кесек – малдың қиы мен сабан араластырып иленген балшықтан құйыл ған кiрпiш.

Андреев Иван Григорьевич (1743–1801) – орыс офицерi, тарихшы және этнограф. Ертiс шекара шебiндегi әскери бекiнiстерде қызмет еткен. И.Г. Андреев отставкаға шыққаннан кейiн Семейде, Павлодарда тұрып, Ертiс өңiрiндегi халықтардың, со

ның iшiнде қазақтардың да мәдениетiн және тұрмыстiршiлiгiн зерттеумен айналысқан.