- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
шектеуi. Билер сотының дала тұрғындарының арасындағы беделi зор болатын. Көп жағдайда Қазақстандағы орыстардың өздерi де империялық соттан гөрi қазақтың билер сотына жүгiнгендi артық санады. Мәселен, мынадай бiр елеулi оқиға туралы айта кетуге бола ды: 1865 жылға дейiн Көкшетау сыртқы округiнде орыстар 117 рет билер сотына шағым түсiрген. Билер сотының артықшылығын қазақ тардың тұрмысы мен әдет заңын зерттеумен айналысқан орыс зерт теушiсi А. Гейнс өте жақсы байқаған болатын. Ол былай деп жазды:
«Билер соты ашық және барынша әдiл жүргiзiледi. Сондықтан да оны қазақтар ғана емес, орыс зиялылары да, казактар да құрметтейдi, олар дың көпшiлiгi билер сотына барып шағынады». Патша үкiметi ХIХ ғасырдың 20–90жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. Gйткенi билер соты отаршыл өкiмет орындарының жалпыимперия лық басқару тәртiбiн енгiзуiне көп кедергi келтiрген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкiлдерi билер сотының бұрынғы қал пында өзгерiссiз қала беруiн жақтады. Мәселен, қазақтың көрнектi ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға бердi.
1. Билер, билер соты және олардың жергiлiктi тұрғындар өмiрiнде қандай рөл атқарғаны туралы айтып берiңдер. 2. Куәлер қалай тағайындалды?
Сот барысына қатысушылардың ант iшу рәсiмiн қалай орындағаны туралы осы параграфта сөз болатын мәтiндi табыңдар. 4. Қазақтарда жазаның қандай түрлерi қолданылды? 5. Барымта дегенiмiз не? 6. Патша үкiметi қазақтардың дәстүрлi билер сотына қатысты қандай саясат ұстанды? 7. Билердiң пайда болуы мен қалыптасуы туралы шағын әңгiме құрастырыңдар. 8. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, белгiлi қазақ билерiнiң қызметi, олардың тапқырлығы мен шешендiгi туралы әңгiме айтыңдар.
Айып – қылмыс жасап, жазалы болғандығы үшiн заттай не ақшалай төленетiн ақы.
Барымта – жауласқан екi рудың бiрiнiңбiрi малмүлкiн күшпен тартып алып, кек қайтаруы.
Құн – кiсi өлтiрген адам тарапынан төленетiн төлем.
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835–1865) – аса көрнектi қазақ ғалымы.
«Билер
сотының ең басты артықшылығы, бiздiң
ойымызша, онда нем
құрайлылық пен қандай да болсын кертартпа ескiшiлдiктiң жоқтығында болып табылады. Бидiң билiк кесiмi оның беделiне негiзделген және бұл атақ оған сот iстерiне қатысуға берiлген патент саналады. Жүгiнетiн бидi таңдау... оларды сайлап қою тәртiбiн толық алмастыра алады, тiптi әдетте ондай сайлау өткiзу кезiнде көзделген мақсаттан да жақсы нәтижеге қол жетер едi. Бiздегi билер қазiр сот iсiмен өздерiнiң бойына бiткен табиғи қабiлетi бойынша айналысады және өздерiнiң беделi мен атақдаңқына дақ түсiрмеуге тырысады. Егер олар сайлап қойылатын шенеунiктерге айналатын болса, онда қай жағынан алсақ та, қазiргi басшыларымызға ұқсап шыға келер едi, жұрттың бәрiнен болмашы нәрселердi сылтауратып пара алуды және өзi де басқалардың бәрiне пара берудi үйренер едi... Ондай арам ойлы би қазiргi жағдайда ешқандай даудамайсызақ назардан тыс қалар едi».
Уәлиханов Ш.Ш. Шығармаларының бес томдық жинағы. Алматы,1985, 4 том, 93бет.
Билер сотының ең басты артықшылығы неде едi? 2. Билер неге
өздерiнiң беделi мен атақ даңқына дақ түсiрмеуге тырысты? 3. Билердi ресми түрде сайлап қойған немесе тағайындаған жағдайда қандай қауiптiң төнуi мүмкiн едi?
