- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
ХХ ғасырдың бас кезiнде қазақтар арасында петициялық қозға лыс елеулi түрде етек алды. Қазақ халқы өзiнiң өмiрлiк маңызы бар шұғыл проблемаларын петициялар жолдау арқылы шешуге тыры сып көрдi. Ол петицияларда жер, дiн және халыққа бiлiм беру сала сындағы алуан түрлi талаптар қойылды.
Петициялық қозғалыстың басталуы. Қазақ халқының өз құ қықтарын қорғау жолындағы күресiнiң өзiндiк ерекшелiгiнiң бiрi алуан түрлi петициялар (өтiнiшталаптар) жолдау болды. Ондай пе тициялар 1902–1903 жылдары жазылып, жоғары билiк орындарына жолдана бастаған едi. Оларда қазақ халқын христиан дiнiне енгiзу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажеттi жағдай лар жасау, молдалардың қызметiне кең жол ашу жөнiнде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастама шылары алғашқы кезде дiн қызметкерлерi болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түстi. Бiрiншi орыс революциясы жылдарында пети
17—6903
265
циялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкiлдерi өз қолда рына алды.
Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генерал губернаторлардың, Iшкi iстер министрiне, тiптi Ресей императоры II Николайдың атына да жолданды.
Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсiден, Қарқаралыдан және басқа да жерлерден жөнелтiлiп жатты.
Қарқаралы петициясы. Отаршыл өкiмет билiгiнiң атына жол данған iрi көлемдi әрi мазмұнды петициялардың бiрi Қарқаралы пе тициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жа қын жердегi Қоянды (Ботов) жәрмеңкесiнде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезiнен халық арасында кеңi нен танымал беделдi 42 қазақ қол қойды. Кейiнiрек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездерiндегi қазақтар қосылды. Пе тиция Қарқаралы қаласынан жiберiлген едi. Ол жерден 1905 жылғы 22 шiлде күнi жергiлiктi поштателеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгiлi саяси қайраткерлер Ә. Бө кейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нұрекенов т.б. белсене атсалысты.
Қарқаралы петициясында өлкенi әкiмшiлiк басқару жүйесiн қай та қарау, азаматтық және сот iсiн қазақ тiлiнде жүргiзудi заңды түрде бекiту, отаршыл аппарат шенеунiктерiн қысқарту, жоғары билiк органдары мен Мемлекеттiк Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды.
Қарқаралы петициясында жергiлiктi халықтың құқығы мен ар абыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкiмдерiнiң жүген сiздiгiне тыйым салу, халықтың ана тiлiнде бiлiм алуын ұйымдас тыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлердi қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.
Мемлекеттiк шенеунiктер жоғары билiк орындарына талаптi лектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрдi. Мұны Семей облысы әскери губернаторының Дала генералгубернаторы ның атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады:
«Қырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».
Қарқаралы петициясының мәтiнi Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшiрмелерi «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшiн олардың редакцияларына да жiберiлдi.
Петицияның бiр нұсқасын Темiрғали Нұрекенов орыс тiлiне ауда рып, Iшкi iстер министрiнiң атына жiбердi. Петицияның бұл нұсқа сы барынша толық едi. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның маз мұны қазақ қоғамының ХХ ғасырдың бас кезiндегi өмiрлiк маңызы бар күрделi проблемаларын толық қамтыды.
Сайлау жүйесiн қайта құру жHнiндегi ұсыныстар. Жоғары билiк органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшын дарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана та ғайындау ұсынылды. Бұл қызметтерiне кiрiсер кезде олардың бәрi де ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қия нат жасамауға уәде етуге тиiстi болды. Шаруа бастықтарының орны на бiтiстiрушi судьялар қызметiн енгiзу талап етiлдi. Петиция автор ларының пiкiрi бойынша, бұл қызметке жеткiлiктi дәрежеде сауаты мен бiлiмi бар қазақтар тағайындалуы тиiс. Сайлау науқаны кезiнде мүдделi топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбiр шаралар ұсынылды. Бiрiншiден, шектен тыс әдiлетсiздiгi немесе өзiне қолайлы белгiлi бiр кандидаттың сай лануына мүдделi екенi белгiлi болған әкiмшiлiк өкiлдерi қызметiнен аластатылуы тиiс делiндi. Екiншiден, әкiмшiлiктiң ондай аласталған өкiлдерi уездiң мүлде өзге болыстарынан шақырылған адамдармен алмастырылуы тиiс болды. Үшiншiден, өздерiнiң жағымсыз қылық тары әшкереленген адамдарды жаңа сайлауға жiбермеу талап етiлдi. Сондайақ қазақ халқы өкiлдерiнiң Ресей империясының заң шы ғарушы ең жоғары органы Мемлекеттiк Думаға сайлануы да талап етiп қойылды.
Дiни мәселелер. Қазақтар петицияда өздерiнiң дiни iстерiне басшылық етудi 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалар барысында енгiзiлген Орынбор дiни басқармасының қарамағына берудi талап еттi. Сондайақ қазақтар мешiттер мен медреселер салуына еркiндiк берiлуiн, дiни әдебиеттер басып шығару үшiн
Ақмола мешiтi.
баспаханалар ашылуын өтiнiш ретiнде ұсынды. Қазақ даласында мешiттер санын арттыруды, дiни сауат ашу iсiн дұрыс жолға қоюды өтiндi. Меккеге қажылыққа емiнеркiн барып келудi, қазақ ауыл дарына христиан дiнiн таратушы миссионерлердiң баруына тыйым салуды талап еттi. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының бас қа дiндi қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды.
Петицияларда әр болыста дiни алымсалықтарды жинайтын ар наулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкiрттердiң оқуына жұмсау көзделдi.
Қазақ тiлi. Петицияларда мектеп қабырғасында ислам дiнi не гiздерiнiң мiндеттi түрде оқытылуы, «орысша сауат ашуды» содан кейiн қолға алу талабы қойылды. Петицияда мектептерде христиан дiнiн оқытуға үзiлдiкесiлдi қарсылық бiлдiрiлдi. Қырғыз (қазақ. – авт.) халқына бастық болғысы келгендердiң қырғыз тiлiн бiлуi тиiс екендiгi атап көрсетiлдi. Петицияда iс қағаздарын қазақ тiлiнде жүр гiзу талап етiлдi.
Сот iсi. Қазақтар дала тұрғындарын сот, тергеусiз әкiмшiлiк жолмен жер аудару iсiне наразылық бiлдiрдi. Дала генералгуберна торы қазақтарды кез келген болмашы мәселе бойынша да жер ауда рып жiберуге құқықты едi. Неке және отбасы мәселелерiн әскери губернатор мен уезд бастықтарының қарауынан алып, бiтiстiрушi судья құзырына беру талап етiлдi. Кiсi өлiмi болған жағдайда ай ыпты адамның жазаға тартылуымен қатар қазақтардың дәстүрлi құқық заңы бойынша құн төлетуге өтiнiш бiлдiрiлдi. Округтiк сот тың жанында мiндеттi түрде ақылдастар алқасы болуы тиiс деп атап көрсетiлдi. Сондайақ айыпталушының мiндеттi түрде қорғаушысы болуы, билер сотының жергiлiктi отаршылдық билiк орындарына емес, Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына өтуi талап етiлдi.
Жер мәселесiн шешудiң жолдары. ХХ ғасырдың бас кезiнде жер мәселесi одан әрi шиеленiсе түстi. Сондықтан да петицияларда бұл мәселеге ерекше зор көңiл бөлiндi. Шекара шебiндегi енi он шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл iшiнде тартып алынған жерлердiң өзiнiң бұрынғы заңды иелерiне қайтарып берiлуi талап етiлдi. Ал қазақтардың бұған дейiн көшiпқонып жүрген аумақта рындағы басы артық жерлер Кавказ бен Ресейден қоныс аударып келетiн мұсылмандарға ғана берiлуi ұсынылды. Қыстаулар мен жаз ғы жайлаулар өздерiнiң бұрынғы иелерiнiң қарауында қала беруi тиiс деп көрсетiлдi.
Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркiн пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондайақ қазақтарға олардың көшiқон аймағындағы тұзды және балық өсетiн көлдердi қайтарып беру жөнiндегi өтiнiштер де айтылды.
Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы. Сонымен, петиция лар беру, соның iшiнде Қарқаралы петициясы, ХХ ғасырдың бас
кезiндегi Қазақстанның саяси өмiрiндегi аса маңызды кезеңдердiң бiрi болды. Оларда қазақ қоғамының өмiрлiк маңызы неғұрлым өткiр проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде ба яндалды. Жоғары дәрежелi мемлекеттiк органдардың атына пети циялар жолдау қазақ халқының саяси санасезiмiнiң оянып, күшейе түскенiн көрсеттi. Мұның өзi халықтың құқықтарын қорғауға қабiлеттi екенiн айқын көрсеттi.
Патша үкiметi қазақ халқының пiкiрiмен санасуға мәжбүр бол ды. Петициялардың мәтiнiн жазғандар батылдық мен ұйымшылдық тың үлгiсiн танытты. Бiрақ патша үкiметi петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талаптар Ре сей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтiн едi. Со лай бола тұрса да петициялық қозғалыс жағымды рөлiн атқарды – қазақтар Ресейдiң I, II Мемлекеттiк Думаларына депутат болып сай ланды. Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билiк орын дарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдаудың басықасында қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкiлдерi ерекше белсендiлiк көрсеттi.
1. Қазақстандағы петициялық қозғалыстың етек алуына қандай оқиғалар себеп болды? 2. Қарқаралы петициясына қашан және қай жерде қол қойылды? 3. Петицияны жазғандар сайлау жүйесiн қайта құру жөнiнде қан дай пiкiрлер айтты? 4. Дiни iстер саласындағы мәселелердi шешу үшiн қандай ұсыныстар енгiзiлдi? 5. Халыққа бiлiм беру және қазақ тiлiнiң қолдану аясын кеңейту жөнiнде қандай талаптар қойылды? 6. Қазақтардың сот iсiн жолға қоюда не iстеу керектiгi айтылды? 7. Петицияда жер мәселесiн шешу жайында
не айтылды? 8. Қарқаралы петициясының тарихи маңызы қандай болды?
Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкiмет органының атына көпшiлiк атынан тапсырылатын жазбаша өтiнiш.
Жақып Ақбаев (1876–1934) – Қазақстандағы ұлтазаттық қозғалысқа қатысушы, қоғам қайраткерi, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық магистрi, Алаш ардагерi. 1903 жылы СанктПетербург университетiнiң заң факультетiн алтын медальмен
бiтiрген.
II Николай (1868–1918) – Ресейдiң соңғы императоры.
майды...
Ең қарапайым әдiлеттiлiк
пен ақиқат шындыққа қасақана қиянат
жасаудың,
алты миллион қырғызды құқықсыз тобырға
айналдырудың
қандай
парасатты негiзi
бола
алмақ
деген күмәндi
сұрақ туады. Рас,
бiз
мал шаруашылығымен
айналысамыз, ал
мал
шаруашылығы
кәсiбiмен
айналысу
бiздi
жаз кезiнде
3–4
ай
бойы
көшiпқонып
жүруге мәжбүр етедi.
Ондай
көшiпқонып
жүру, кейбiреулердiң
ойлайтынындай, тiптi
де кең
дала төсiн
мақсатсыз кезе
беру емес,
малдың жағдайын ойластыру
болып
табылады. Бiрақ
бiздi
осындай жағдайларымызға бола земство
жи
налысына
қатысу сияқты аса маңызды саяси
құқығымыздан айыруға қан
дай
негiз
бар? Мал шаруашылығымен
айналысу қырғыздарды сайлауға қатысу
құқығынан неге айыруы тиiс?
Саудасаттық, егiншiлiк,
балық
аулау
сияқты басқа
да әр
түрлi
кәсiп
түрлерiмен
айналысатындар ондай
құқығынан
айырылып
отырған
жоқ
қой! ... Қырғыздар
қоғамдық
және
мемлекеттiк
мiндеттердi,
басқа да отырықшы бұратана халықтарды
айтпа ғанның өзiнде,
орыс шаруаларынан кем түсiнедi
дегендi
әлi
ешкiм
де дәлел деген жоқ... Сонда қырғыздардың
мүддесiн
кiм
қорғамақ? Егер бiздiң
хал қымыздың
қазiргi
өздерi
сайлаған өкiлдерi
земство жиналысына қатыс
пайтын
болса,
онда ол халықтың
мұңмұқтажын
және ол проблемаларды дұрыс
шешудiң
жолдарын өз
өкiлдерiнен
өзге
кiм
айтып,
кiм
түсiндiрiп
бере
алмақ?..
Бiздi
танып бiлуге
деген құлық жоқ,
бiздi
әлдебiр
санасы
төмен
бiреулер
деп санайды, намысымызға тиiп
қорлайды, бюрократияның тым жоғарыдан
менсiнбей
қарауға әбден етi
үйренiп
кеткен...
Қарқаралы уезi халқының сенiмдi 42 өкiлi қол қойған. 1905 жылғы 22 шiлде».
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағаты. 537қор, 1тiзбе, 2iс, 14бет.
Петицияны жазғандар қазақтардың земство жиналысына қатысты
рылмау себебi неде деп бiлдi? 2. Осы үндеупетицияны жазғандар қанша миллион қазақтың саяси құқығын қорғады? 3. Құжаттың авторлары өзде рiнiң сайлау құқықтарын қорғау үшiн қандай дәлелдi негiздер келтiрген?
§41–42. ҰЛТТЫҚДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ
]РЛЕУI
Бiрiншi орыс революциясы жеңiлiс тапқаннан кейiн Қазақстан да да реакция кезеңi басталды. Ол Қазақстанға қоныс аударған ша руалар тасқыны санының арта түсуiнен, қаражүздiктер ұйымда рының озбырлық iсәрекеттерiнен айқын көрiндi. Қазақтың дәстүрлi мал шаруашылығы күйзелiске ұшырады. Мiне, осы жағдайда қазақ зиялылары ұлттың санасезiмiн жаңғыртуға бағытталған қызметiн күшейте түстi.
Реакцияның күшеюi. 1907 жылы қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингiлер және жиналыстар өт кiзуге тыйым салынды. Gлкедегi социалдемократиялық және кәсiп
одақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенiмсiз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсiпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулер дiң белсендiлерi «сенiмсiз» қара тiзiмге енгiзiлдi, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсiпорындардағы жұмыс нор малары, жұмыс күнiнiң ұзақтығы ұлғайтылды. Азықтүлiк бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өрiс алды. Қазақтар мен орыс шаруа ларының бiрлесе қимыл көрсетуiнiң жолын кесуге әскер күшi қолданылды.
1907 жылы Оқуағарту министрi бекiткен ережеде қазақ тiлiнiң мәртебесi төмендетiлдi. Қазақ балалары өздерiнiң ана тiлiн бастауыш мектептерде екiақ жыл, оның өзiнде де қосымша пән ретiнде оқыты латын болды. Gзге пәндердiң бәрi де орыс тiлiнде жүрдi. 1909 жылы Дала облыстарының әскери губернаторлары орыс тiлiн бiлмейтiн адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салы натыны туралы жарлық шығарды.
Gкiмет билiгiнiң тiкелей қолдауымен елде «Орыс халқы одағы»,
«Михаил Архангель одағы» және басқа қаражүздiк ұйымдар құрыл ды. Олар елде ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергiлiктi өкiмет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейдi.
Патша үкiметiнiң мұндай iсәрекеттерi Ресей халықтарының, соның iшiнде қазақ халқының да наразылығы мен ашуызасын тудырды.
Қазақ зиялыларының атқарған қызметi және олардың кHрнектi Hкiлдерi. Ұлттықотаршылдық езгiнiң күшеюi, өлкеге капиталистiк қатынастардың енуi, патша үкiметiнiң қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық санасезiмiн өсiрдi. Қазақ халқының отарлық ез гiге қарсы белсендi әрекеттерi күшейе түстi.
Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзге лермен тең құқықты болуына қол жеткiзу жолында күрестi. Олар қазақ мемлекеттiлiгiн қалпына келтiрудiң әдiсамалдарын қарас тырды, өз халқының отаршылдық езгiден азаттық алу жолын дағы күресiне көмектесуге ұмтылды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. БHкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесi тең даму жолына бастай бiлдi. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесiп, халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелi ойөрiсiне зор ық пал еттi. Олар өз үлгiөнегесiмен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлерi М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейiтов, Қ. Болғанбаев сияқты көп теген жас ұрпақты тәрбиелеп өсiрдi.
Қазақ зиялылары өздерiнiң мақалалары мен шығармаларын Қы
рым татарларының «Тәржiман», Едiл бойы татарларының «Ихти
фад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкiметi әкiмшiлiгiнiң қазақтардың ежелгi заманнан бергi атақонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шы ғу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқы на христиан дiнiн күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтар дың ана тiлiн қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсiз әрекеттерге қарсы күрестi.
Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың кHсемi Әлихан БH кейхановтың Hмiрi мен қызметi. Қазақ халқының ұлттықдемокра тиялық қозғалысының жұрт кеңiнен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1866 жылы Семей облысында ғы Қарқаралы уезiнiң Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келдi. Әлихан бiлiмдi, бостандық пен әдiлдiктi жоғары баға лаған ортада өстi. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуiнде қазақтың халық ауыз әдебиетiнiң орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революция сының биiк мақсатмұраттары зор ықпал еттi. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесiн, 1894 жылы СанктПетербург Император лық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факуль тетiн бiтiрдi. Оқуды аяқтаған соң ол Омбы орман шаруашылығы училищесiнде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында бiраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкiмшiлiк қызметтер атқарды.
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде Ә. Бөкейханов
әуелi Тобыл губерниясын зерттейтiн, кейiн Ф. Щербинаның статис тикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезең де ол қазақ елiнiң экономикалық жайкүйiн, шаруашылығын, этно графиясын, тұрмыссалтын, материалдық және рухани мәдениетiн зерттедi. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Gлкемiздiң толық геогра фиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегi зiншi томы жарық көрдi. Оның авторларының бiрi Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов едi.
1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдiң земство және қала қайраткерлерiнiң Мәскеуде өткен съезiне делегат болып қатыс ты. Сол съездiң биiк мiнберiнен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесiн, соның iшiнде қазақ тiлiнiң мәртебесiн қорғап, былай деп мәлiмдедi: «Мен Оралдан Алтайға, Сiбiр темiр жолы желiсiнен Омбыға дейiн... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қыр ғыз (қазақ. – авт.) деген халықтың өкiлiмiн... Бiзде... қырғыз тiлiнде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшiлiгi бұрынғы ротмистрлер) әкiмшiлiк және құқықтық iстi қарау кезiнде қырғыз тiлiн қолдануға мүлде жол бермейдi. Қырғыздар ана тiлiнiң еркiн қолданыста болуына өте
мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың бiртуар перзентi, қазақ ұлт азаттық қозғалысының шын мәнiндегi көсемiне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингiлер мен петициялардың және үкiметке қарсы үгiттердiң ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәденисаяси қозға лысының көшбасшысы және жетекшiсi» болды.
Ә. Бөкейханов Ресейдiң I Мемлекеттiк Думасына Семей облы сынан депутат болып сайланады. 1905–1907 жылдары кадеттердiң
«Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттерiне белсендi түрде мақалалар жазып тұрды.
1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлтазаттық қозғалыс жетекшiлерi А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бiрге тұңғыш жалпы ұлттық баспасөз ұйымы – «Қазақ» газетiн ұйымдастырды. Газет беттерiнде халыққа бiлiм беру, ұлттық санасезiмдi ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрдi. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс география лық қоғамы Батыс Сiбiр бөлiмiнiң жұмысына қатысты. Ол екi тiлге бiрдей жетiк едi, қазақша да, орысша да еркiн жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар». – авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезiн дегi қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған
«Абай (Ибрањим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы тағы
басқа зерттеулерi жарық көрдi.
Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21–26 шiлдеде Орынборда I Бүкiлқазақ съезiн өткiзiп, «Алаш» партиясы атқару комитетiнiң төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» пар тиясының II Бүкiлқазақ съезiнде «Алашорда» үкiметi құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкiметi ке зiнде ол бiрыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айна лысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесi ледi. 1988 жылы ақталды.
Аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым, публи цист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкiл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгiден азат етуге, тәуелсiз мемлекет құруға, елжұртына бiлiм берiп, оны гүлдендiруге арнады.
Ә. БHкейхановтың сенiмдi серiктерi мен пiкiрлестерi. Ә. Бөкей ханов өзiнiң төңiрегiне қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауымы ның ең таңдаулы бөлiгiн топтастыра бiлдi. Оның сенiмдi серiктерiнiң бiрi белгiлi ақын, аса көрнектi ғалым, түрколог, публицист, педагог, аудармашы әрi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов (1873–1938) болды. Ол Торғай облысындағы Торғай уезiнiң Сарытүбек деген
А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов.
жерiнде дүниеге келген. Ауыл мектебiнде оқып, сауатын ашады, ке йiннен Торғайдағы екi сыныптық орысқазақ училищесiнде оқиды. 1895 жылы Орынбордағы мұғалiмдер мектебiн бiтiредi. Ақтөбе, Қос танай, Қарқаралы уездерiнiң мектептерi мен орысқазақ училище лерiнде мұғалiмдiк қызмет атқарады. А. Байтұрсынов өзiнiң халық пен кездесулерi кезiнде патша үкiметiнiң отаршылдық саясатының мәнiн әшкереледi. 1913–1918 жылдары «Қазақ» газетiнде редактор болып, халық өмiрiнiң көкейтестi мәселелерiн көтередi, елдi өнер бiлiмге үндейдi. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестiң алғы шебiнде болады. Кеңес өкiметi кезiнде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына бiржола түседi. Көптеген өлеңжыр ларында халықтың армантiлегiн, мұңмұқтажын жырлады, халық ты өнербiлiмге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдiң қанау шылықотаршылдық саясатын сынады, елжұртты миссионерлердiң жүгенсiз қылығынан сақтандырды. Оның өмiрi өз халқына адал қызмет етудiң, елжұртының мәдениетi мен әдетғұрпына, тарихы на деген сүйiспеншiлiктiң айқын үлгiсi. Ол өзiнiң бiр мақаласында былай деп жазды: «Менiң мақсатмұратым – қазақ халқының мате риалдық жағдайын жақсарту, мүмкiн болғанынша мәдениетiн көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететiн үкiметтi қолдауға әрқашан әзiрмiн».
Ә. Бөкейхановтың сенiмдi серiктерiнiң және ұлтазаттық қозға лысына белсендi қатысушылардың бiрi Мiржақып Дулатов (1885– 1935) болды. Ол Торғай облысы Торғай уезiнiң Қызылбел атырабын да дүниеге келген. Алғашқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алған. Торғай дағы екi сыныптық мектепте оқыған. 1904 жылы Омбыға барып, онда Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсыновпен кездеседi, саяси қызметке белсене араласа бастайды. Патша отаршылдығына ашық қарсы шы
ғып, жер мәселесiн көтередi. Қазақтардан жердi тартып алуға, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап етедi. 1909 жылы
«Оян, қазақ!» атты жыр жинағы жарық көредi. М. Дулатовтың бұл кiтабын замандастары «Ұлттық манифест» деп атады. Автор қазақ халқының ауыр жағдайын поэтикалық түрде суреттей келiп, одан қалай шығудың жолын ұсынады. Ол қазақ даласында жаппай мешiттер мен медреселер ашуды, жастарға ислам рухында тәрбие берудi жақтады. Семей округтiк сотының прокуроры былай деп жазды: «Оян, қазақ!» кiтапшасы өзiнiң мазмұны жағынан қырғыз (қазақ. – авт.) жастарына арналған үндеумен тең, ол мемлекеттiң қазiргi қоғамдық құрылысын құлатуға шақырады».
М. Дулатов Қарқаралы петициясының жобасын әзiрлеуге, Алаш қозғалысына бiлек сыбана қатысты. Қажырлы қайраткер өзiнiң бүкiл өмiрiн туған халқына қызмет етуге арнады.
Алаш қозғалысы жетекшiлерiнiң бiрi белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев (1879–1937) болды. Ол 1879 жылы Жетiсу облысына қарасты Лепсi уезiнiң Садыр болысын да дүниеге келген. 1900 жылы Верный гимназиясын алтын медаль мен тәмамдаған. 1906 жылы СанктПетербург транспорт инженер лерi институтын бiтiрген. Институтта оқып жүрген кезiнiң өзiнде ақ қазақ халқының ұлттық мүддесiн патша әкiмшiлiгiнiң озбырлы ғынан қорғаған мақалалар жазады.
Қазақстандағы алғашқы басылымдар. Бұл кезеңдегi жарқын жетiстiктердiң бiрi қазақтың ұлттық баспасөзi қалыптаса бастады. Қазақ тiлiндегi алғашқы бұқаралық басылымдарды отаршыл билiк органдары шығарды. ХIХ ғасырдың 60жылдарында Қазақстандағы әкiмшiлiк реформаларын жүзеге асырғаннан кейiн, халыққа патша үкiметiнiң қазақ өлкесiндегi саясатын түсiндiру үшiн баспасөз қажет болды. Алғашқы газеттердiң бiрi – «Түркiстан уәлаятының газетi» 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тiлдерiнде шыға бастады. Ол Түркiстан генералгубернаторлығының баспасөз органы едi. 1888 жылы Омбыда Дала генералгубернаторлығы «Дала уәлаятының газетiн» шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясы ның қазақ өлкесiндегi саясатын түсiндiрумен айналысты. Олар негi зiнен ақпараттықанықтамалық сипатта бола тұрса да, оларда қазақ халқының тарихы, этнографиясы және ауыз әдебиетi туралы матери алдар жиi жарияланып тұрды.
Қазақ журналдарының шығуы. 1911 жылы Орынбор губерния
сының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрдi. Оның баспагерi әрi редакторы белгiлi ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналды басып шығаруда қазақ халқының көрнектi өкiлдерi Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин,
«Айқап» журналы.
Б. Майлин, С. Торайғыров және басқала ры елеулi рөл атқарды. Журналда жария ланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмiр салтына көшуiнiң, өлке дегi халықтың бiлiм деңгейiн көтерудiң кө кейкестi мәселелерi қозғалды. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Со ған қарамастан, ол қазақ халқының ұлт тық санасезiмiн оятуда, жаңадан қалып тасып келе жатқан зиялы қауымның ба сын қосып, топтастыра түсуде орасан зор рөл атқарды. Қазақ басылымдарын қар жыландыруға татар көпестерi мен кәсiп керлерi елеулi үлес қосты.
1914 жылдан 1918 жылға дейiнгi ара лықта Омбы қаласында қазақтардың
«Бiрлiк» атты мәдениағарту ұйымы жұмыс iстедi. Оның жұмысына ақын, жазушы, ағартушы әрi драматург Қошке Кемеңгеров белсене қатысты. Бұл ұйымның органы қолжазба күйiнде шығып тұрған «Ба лапан» журналы болды. Оның бас редакторы Қошке Кемеңгеров едi. Уфа қаласында 1915–1918 жылдар аралығында «Садақ» атты және бiр қолжазба журнал да шығып тұрды.
Жалпыұлттық «Қазақ» газетi. 1905 жылы патшаның қол қойған манифесi бойынша елде сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы жарияланды. Мұның өзi Қазақстанда қазақтардың өздерi шығаратын
демократиялық
басылымдарды – газеттер мен
журналдарды шығаруына мүмкiндiк бердi.
1907 жылы
СанктПетербургте қа зақтардың тұңғыш
қоғамдықсаяси газетi
«Серке» жарық көрдi. Ол татар тiлiнде шы ғатын «Ульфат» газетiнiң қазақша қосым шасы ретiнде шыға бастады. Алайда ол елде саяси реакцияның күшеюiне байла нысты жабылып қалды.
Содан 1913 жылы ғана жалпыұлттық
«Қазақ» газетi апталық басылым болып жарық көрдi. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттiң негiзiн қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. А. Байтұрсы нов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар бар ша қазақ елiнiң мүддесiн бiлдiретiн ғасыр дың ұлттық газетiн құра бiлдi. Олар осы
«Қазақ» газетi.
газеттiң белсендi авторлары болды. Атақ
ты баспагерлер «Қазақ» газетiнiң төңiрегiне көрнектi қайраткерлер мен ақындарды топтастыра бiлдi.
Газеттiң әр нөмiрiнiң таралымы орта есеппен 3 мың данаға, кейде тiптi 8 мың данаға дейiн жеткен. «Қазақ» газетi ХХ ғасырдың басын дағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап бердi. Газет өз беттерiнде халық ағарту, кiтап шығару мәселелерiне басымдық бер дi. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары отаршылдықтың мәнiн ашып көрсеттi, газет мұсылман дiнi мәселесi бойынша, ғылыми не гiзделген бағыт ұстанды. Газет бетiнде жарияланған мақалалардың едәуiр бөлiгi тiл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетiлдiруге арналды. «Қазақ» газетi қазақ халқы тарихының бетбұ рысты кезеңiнде шығарылды, өз ұлтының көкейтестi мүдделерiне адал қызмет еттi. Ол бүкiл қазақ халқын өзiнiң төңiрегiне топтастыра бiлген ұлттықсаяси және ғылымиәдеби басылым болды. «Қазақ» газетi 2006 жылдан қайтадан шыға бастады.
Қазақ тiлiнде кiтаптар шығару. ХХ ғасырдың бас кезiнде қазақ тар арасында руханидiни және зайырлы мазмұндағы кiтаптар пайда бола бастады. 1900 жылдан 1917 жылға дейiн қазақ тiлiнде 400ге жуық кiтап басылып шықты, олардың жалпы таралымы 60 мың дана ға дейiн жеттi. Кiтаптар СанктПетербург, Қазан, Орынбор, Уфа, Троицк, Орал, Астрахан, Верный, Ташкент қалаларындағы баспа ханаларда араб әрпiмен шығып тұрды.
1909 жылы СанктПетербургте ұлы Абайдың өлеңдерi мен А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кiтабы жарық көрдi. Ал 1909 жылы Қазанда М. Дулатовтың атақты «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы басылып шықты.
1911 жылы ұлы Абайдың шәкiртi, данышпан Шәкәрiмнiң «Түрiк, қырғыз, қазақ њәм хандар шежiресi» деген кiтабы жарық көрдi. Шә кәрiм өз бетiмен бiлiм алды, араб, парсы, түрiк және орыс тiлдерiн еркiн меңгердi. Ол бүкiл ұлттық мәдениетiмiздiң тарихындағы өзiндiк орны бар көрнектi ақын, ойшыл, тарихшы, ғұлама ғалым әрi компо зитор ретiнде де танылды.
Қазақ газеттерiнiң, журналдары мен кiтаптарының жарық көруi қазақ халқының ұлттық санасезiмiн оятуда, қазақ зиялыларының ұлт мүддесi үшiн тығыз топтасуында елеулi рөл атқарды. Қазақ хал қы бұл кезде түрлi әдеби шығармаларды тек қазақ тiлiнде ғана емес, татар және орыс тiлдерiнде де оқи алатын дәрежеге жеттi.
Реакция кезеңi Қазақстанда қандай ерекшелiктерiмен есте қалды?
Қазақтың ұлттық зиялы қауымы көшбасшыларының қызметi туралы айтып берiңдер. 3. Қазақ зиялы қауымының көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi туралы не бiлесiңдер? 4. Ә. Бөкейхановтың сенiмдi серiктерi туралы не айта аласыңдар? 5. Қазақстандағы алғашқы газеттердi шығарудың
бастамашысы кiм болды? 6. Алғашқы қазақ журналдары қашан шықты?
Жалпыұлттық «Қазақ» газетiнiң шығуы қазақ қоғамының өмiрiнде қандай рөл атқарды? 8. ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанда қазақ тiлiнде қандай кiтаптар шыға бастады?
Партия – саяси идеялар мен мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде бiрiккен адамдар тобы.
Реакция – қоғамдық прогреске белсене қарсы күрес жүргiзу саясаты.
Қаражүздiктер – патшалық Ресейдегi барып тұрған реакционер, шови нист әрi монархистер тобы.
«Қазақ» газетi – 1913–1918 жылдары шығып тұрған жалпыұлттық апта лық басылым.
Мұстафа Шоқай (1890–1941) – ойшыл, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткерi. Қоқан автономиясының президентi, ХХ ғасыр басындағы елiмiздiң тәуелсiздiгi мен бостандығы жолындағы күрескерлердiң iрi өкiлi.
Әлiмхан Ермеков (1891–1970) – мемлекет және қоғам қайраткерi, «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi.
Жүсiпбек Аймауытов (1889–1931) – аса көрнектi қазақ ақыны, жазушы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы және педагог. Алаш партиясының құрамында болған. Ж. Ай мауытов көптеген публицистикалық шығармалар мен әдебисын мақалалардың авторы.
Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеров (1896–1937) – қазақтың белгiлi қоғам қай раткерi, тарихшы, жазушы, драматург. Ол Ақмола облысының Омбы уезiндегi Теке болысының Қаржас ауылында туған.
Мағжан Жұмабаев (1893–1938) – қазақтың аса көрнектi ақыны, әдебиет зерттеу шiсi, ағартушы және қоғам қайраткерi, Алаш қозғалысына қатысушы. Мағжан өз шығар маларында ағартушылық, тәуелсiздiк және демократия идеяларын жырлады.
Мұхамеджан Сералин (1872–1929) – жазушы, ақын, публицист, журналист. Қазақ жазба әдебиетiнiң дамуына елеулi үлес қосқан. «Айқап» журналының бас редакторы.
Отыншы Әлжанов (1873–1918) – көрнектi қоғам қайраткерлерiнiң бiрi. «Киргизская степная газета» бетiнде қазақ халқының тарихы мен мәдени, этнографиялық өмiрi жайлы 40тан астам мақала жазған. «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi, Алаш идеясы үшiн қолына қару алып та күрескен.
Халел Досмұхамедов (1883–1939) – қазақтың көрнектi ғалымы, қоғам қайраткерi.
«Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi. Қазақ халқының этнографиясы мен тарихына арналған бiрқатар мақалалар жазған.
Смағұл Сәдуақасов (1900–1933) – көрнектi мемлекет қайраткерi, жазушы, публи цист, әдебиет сыншысы, экономист. Ол небәрi 33 жыл өмiр сүрiпақ, өзiн мемлекет қайраткерi, жастардың жетекшiсi, Қазақстандағы кооперативтiк қозғалыстың ұйымдасты рушысы, қазақ театрын құрушы ретiнде көрсете бiлдi.
Қайретдин Болғанбаев (1893–1937) – белгiлi көсемсөзшi, ағартушы, қоғам және мемлекет қайраткерi. «Алаш» қозғалысына белсене қатысқан. Түркiстан автономиясын құрушылардың бiрi.
Қырғыздарды
жерге орналастыруды дұрыс жүргiзу үшiн
олардың
малын
қайта санау керек. Gйткенi Ф. Щербинаның
экспедициясы мұндай дерек
жинаған кезде қырғыздар мал
басына
салынатын жаңа
салықтың
мөлшерi
артып кетедi деген қауiппен өздерiнiң
мал санын кемiтiп көрсет
кен
болатын...Қырғыздар өздерiнiң ежелгi қоныстарына орналасуы тиiс. Оларды басқа жаққа көшiруге болмайды.
Қырғыздардан тартып алынған жерлер олардың өздерiне қайтары луы тиiс.
Қырғыздардан тартып алынған және орыс шаруалары құнарсыз деп тастап кеткен жерлердiң барлығы да қырғыздарға қайтарылатын болсын...
Қырғыздар малдарын айдап, бiр орыннан екiншi орынға көшiп қонған кезiнде олар орыс шаруаларының жер телiмдерi арқылы еркiн және ақысыз өтетiн болсын.
Қыстауларға ұйытқыған бораннан пана болуы және малды аман алып қалу үшiн олардың төңiрегiндегi ормандар сол қалпында түгел сақта луы тиiс.
Қырғыздарға орыс шаруаларымен тең жағдайда орман телiмдерi де берiлуi керек.
Қолда бар барлық суаттар мен құдықтар мүмкiндiгiнше қырғыз дардың иелiгiнде қалуы тиiс; қоныс аударып келген шаруалардың оларды қайтарып беруi не тастап кетуi мүмкiн болмаған жағдайда қырғыздардың жаңа құдық қазып алуы үшiн тиiсiнше ақы төленуi немесе оларды қазына есебiнен қазып беру керек...
Қырғыздардың ауылына тиiстi жерлерге поселкелер салуға рұқсат етiлмеуi керек.
Мешiтке таяу маңайда қоныс аударып келген шаруалардың елдi мекендер салуына жер берiлмеуi тиiс.
Жер телiмдерiнiң шекараларын межелеп бөлу қырғыздардың өкiл дерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен ғана жүргiзiлетiн болсын».
1907 жылғы 20 мамырда Дала генералгубернаторының Дала өлкесi қырғыздарының мұқтаж мәселелерi бойынша өткiзген кеңесiнiң мате риалдары. Омбы, 1908, 12–13беттер.
Қазақтар өздерiнiң жер жөнiндегi мәселелерiн шешу үшiн қандай
ұсыныстар жасады? 2. Орыс шаруаларымен даудамайды және қақтығыс тарды болдырмау үшiн қандай шараларды жүзеге асыру ұсынылды?
