- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
ХVIII ғасырда патша үкiметi Қазақстанның тарихын, этногра фиясын, географиясын белсендi түрде зерттей бастады. Ол зерттеу лер Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының үлкен бiр бөлiгiнiң Ресей дiң қол астына өтудi қабылдаған 30–40жылдардан кейiн бұрын ғыдан да күшейе түстi. ХVIII ғасырда қазақтардың өздерiнiң ежелгi бiрегей мәдениетiнiң төлтумалығын сол күйi сақтап қалған болатын. Олардың мәдениетiнде ақындардың, жыраулардың және билердiң шығармашылығы көрнектi орын алды. XVIII ғасырдың аяқ кезiнде Ресеймен шекаралас аймақтарда алғашқы мектептер ашылды.
Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуi. Қазақтар Ресейдiң қол астына өткен бойдаақ өлкенi ғылыми тұрғыдан зерт теу үрдiсi басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлiк көптеген зерттеушiлер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежiрелiк) және этнографиялық ма териалдар негiзiнде iргелi еңбектерiн жазды.
Қазақстанды ХVIII ғасырда кешендi зерттеудiң алғашқы әрекет терi М.В. Ломоносовтың есiмiмен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтiн ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның гео графиялық картасын жасаудың бастамашысы болды. 1768–1774 жылдары Қазақстанға жiберiлген алғашқы экспедициялардың бiрiн академик, табиғат зерттеушiсi П.С. Паллас басқарды. Ол экспеди цияның жұмысына белгiлi ғалымдар, саяхатшылар И.П. Фальк және И.Г. Георги қатысты. Экспедиция бағыты СолтүстiкБатыс, Солтүстiк және СолтүстiкШығыс Қазақстанның жерлерiн басып өтетiн болып белгiлендi. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесi ретiнде П.С. Пал ластың «Ресей империясының әр түрлi провинциялары бойынша жаса лған саяхат» атты үш бөлiмнен тұратын еңбегi жарық көрдi (СПб., 1773). Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнiнде құнды материалдар бар.
Зерттеушi ғалым И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспе диция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетiн мекендейтiн барлық халықтардың, сондайақ олардың тұрмыстық әдетғұрыпта
рының, тұрғын үйлерiнiң, киiмкешектерiнiң және басқа да назар ауда рарлық ерекшелiктерiнiң сипаттамасы» атты жанжақты да байсалды жазылған жұмысын әзiрлеп, жария еттi. Ол кiтапта қазақтардың тұр мыстiршiлiгi, мәдениетi, әдетғұрыптары мен салтжоралары, сон дайақ шаруашылық өмiрiнiң ерекшелiктерi туралы аса құнды де ректер келтiрiлген.
Ресейдiң зерттеушiлерi Қазақстандағы жұмыстарын өлкенi отар лаудың мүдделерiн басшылыққа ала отырып жүргiздi. Қырғызқай сақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғызқайсақ және қара қалпақ ордалары туралы түсiндiрулер» атты еңбек жазып қалдырды. Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерлерiн егжейтегжейлi сипат тады: табиғат жағдайларын, пайдалы қазба байлықтарын және сау да жолдарын көрсетiп бердi. Ол Ресейдiң Орта Азия халықтары және қазақтармен саудаэкономикалық байланыстар орнатуының мүмкiндiктерiн және мұның пайдалы екенiн дәлелдеп шықты.
Кiшi жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондентмүшесi П.И. Рычков қызықты еңбектер жазып қалдырды. Gзiнiң iргелi еңбектерiнiң арқасында
«Орынбор өлкесiнiң Колумбы» деген даңққа бөлендi. Ол кезде Орын бор өлкесiне Кiшi жүздiң жерлерi де қарайтын. П.И. Рычков «Орын бордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектерiн жазды. Ол еңбектерде қазақ тардың ЕдiлЖайық өңiрiне Хақназар ханның билiгi кезiнде келгенi жөнiнде, Кiшi жүз қазақтарының Ресейдiң құрамына өтуiнiң бары сы туралы егжейтегжейлi баяндайтын деректер бар. Автор Орын бор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерiнiң са лынуын, Ресейдiң Орта Азия және қазақ даласымен саудасаттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастанаяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жатқан көпестерге жергiлiктi халықтар дың тарихы жөнiнде, тiптi араб тiлiнде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретiн. П.И. Рычков Е. Пугачев көтерiлiсiне байланысты оқиғаларды да жанжақты суреттедi. Ол қазақ халқының тiлi мен мәдениетiн терең бiлдi, қазақ фольклорының көптеген үлгi лерiн жинастырды.
ХVIII ғасырдың аяқ кезiнде және бiр орыс офицерi И.Г. Андре
евтiң «Орта жүз қырғызқайсақтарының сипаттамасы» еңбегi жа рық көрдi. Автор Сiбiр шекаралық шебiнде ұзақ уақыт қызмет етiп, қазақ халқының өмiрi мен тұрмысын жақсы зерттеген едi. Ол өзiнiң кiтабында Орта жүздiң тарихы мен шекарасы туралы егжейтегжейлi мәлiмет қалдырды. Онда далалықтардың әдетғұрыптары мен салт жоралары жанжақты суреттеледi. Сондайақ қазақтардың Ертiстiң оң жағалауына қашан өткенi туралы айтылады.
Gскемен бекiнiсiнде қызмет еткен орыс офицерi генералмайор А.Д. Скалон алғашқылардың бiрi болып бiрегей орысқазақ сөздiгiн
Бұқар жырау.
жасады. Мұның өзi жергiлiктi халықты орыс мәдениетiне тартудың алғашқы қадамдары және орыстардың қазақ тiлiн үйренуге деген талпынысының бiрi болды.
Қазақ әдебиетi. ХVIII ғасыр қазақ хал қы мәдениетiнiң тарихында ерекше орын ала ды. Көшпелi өмiр салты жағдайында халық тың ауыз әдебиетi, жыраулық дәстүрi, музы ка өнерi ерекше дамыды.
Қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы күресi, патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы дала тұрғындарының ұлт азаттық қозғалысы сол кездегi ақынжырау
лардың негiзгi тақырыбына айналды. Қазақ әдебиетi тарихында Ақтамбердi Сарыұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Тәтiқара, Үм бетей Төлеуұлы сияқты көрнектi ақындар мен жыраулар ерекше орын алады.
Қазақтың көрнектi жырауларының бiрi – Ақтамбердi жырау Сарыұлы. Ол жоңғарларға қарсы көптеген жорықтарға қатысқан және батыр ретiнде де белгiлi болған жырау. ХVIII ғасырдың 50 жылдарында жоңғарлардан азат етiлген жерлерге қазақтардың қайта оралуын басқарды. Ақтамбердi жыраудың бүкiл шығармашылығы елдi ерлiкке, қањармандық пен батылдыққа үндеуге арналды. Оның кесенесi Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Жүрекжота шо қысының баурайында осы уақытқа дейiн бой көтерiп тұр.
ХVIII ғасырда қазақтардың арасында атақдаңқы кеңiнен жайыл ған жырау, қазақтардың әдетғұрып заңдары мен шежiресiнiң ғажа йып бiлгiрi, би әрi данышпан дипломат, мемлекет қайраткерi Бұқар Қалқаманұлы болды. Ол қазiргi Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Далба тауының етегiнде дүниеге келген. Әкесi Қалқа ман батыр да ерлiгiмен және жаужүрек батылдығымен халыққа кеңiнен танымал болған едi. Халық арасында Бұқар жырау «Көме кей әулие» атанды. Бұқар жырау көптеген терең ойлы, ғибрат алар лық өсиет өлеңдер шығарды. Олардың негiзгi идеясы Қазақ ханды ғының тәуелсiздiгiн сақтау мен нығайту мәселесiне арналды. Бұқар жырау Абылайдың тұсындағы данагөй билердiң бiрi. Ол Абылай дың ең жақын кеңесшiсi әрi сенiмдi серiктерiнiң бiрi болды. Gзiнiң толғауларында Абылайдың мiнiн ашық та батыл айтумен бiрге оны прогресшiл мемлекет қайраткерi ретiнде де мадақтады:
«...Хан Абылай атандың, Дүниеден шықпай еш мiнiң, Алтын тақтың үстiнде
Үш жүздiң басын құрадың,
Жетiм менен жесiрге
Ешбiр жаман қылмадың. Әдiлдiкпен жүрдiң сен, Әдептi iске кiрдiң сен...»
Бұқар жыраудың өз замандастарынан ерекше бiр қасиетi шын дықты бетiң бар, жүзiң бар демей, әрқашан тура айтқан. Болашақты болжай бiлетiн көрiпкелдiк дарыны да болған. Ол өзiнiң жыртолғау ларында патша үкiметiнiң алысты көздейтiн отаршылдық саясаты ның зардабы болашақта қандай болатынын күнi бұрын сезiп, болжай бiлдi. Бұқар жырау шығармаларының негiзгi тақырыбы – туған елге, өскен жерге деген шексiз сүйiспеншiлiк, отаншылдық, қазақ батыр ларының ерлiгiн мадақтау. Сыртқы жаулардан қатер төнген кезде халықты жұмылған жұдырықтай бiрлiкке, топтасқандыққа шақыр ды. Ол Қазақстанның өз алдына күштi, бiр орталыққа бағынған әрi тәуелсiз мемлекет болуын армандап өттi.
Бұқар жыраумен замандас және оған рухы жағынан жақын Үмбе тей Тiлеуұлы болды. Ол жоңғарларға қарсы жорықтардың бәрiне де қатысты. Қазақ батырларының көрсеткен ерлiгiн жырлады. Қазақ халқының қас батыры Қанжығалы қарт Бөгенбайды жоқтау және оның өлiмiн Абылай ханға естiрту сияқты жырлары халық жадын да сақталған.
ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ ғасырдың бас кезiнде Тәтiқара, Шал, Көтеш жыраулардың жырлары халық арасында кеңiнен таралды.
Тәтiқара жырау қазiргi Қостанай облысының аумағындағы Сарыкөл деген жерде дүниеге келдi.
Цинь
империясына қарсы соғысқа қа тысты.
Абылай ханның төңiрегiне
топ тасқан жақын серiктерiнiң
бiрi
болды, оның көптеген әскери жорықтарында
ерлiгiмен
көзге түстi.
Ол өзiнiң
ерлiгi
ар қылы қазақ сарбаздарын Отан үшiн
қан дай да болсын қиыншылықтардың ал
дында бас имеуге шақырды. Оның шы
ғармалары жауынгерлердi
жауға қарсы ерлiкпен
шайқасуға, туған елге адал бо луға
үндедi.
Абылай
ханның
батырларын мадақтап, даңқын арттыруға
арналды.
Суырыпсалма ақындар Көтеш пен Шал (Тiлеуке Күлекеұлы) өз замандас тары өмiрiнiң моральдық және этикалық
жақтарына арналған толғаулар шығар ды, сондайақ көшпелiлердiң дiни сенiмi
Жыршы. Н.Г. Хлудовтың картинасы.
мәселелерiн де қозғады. Олардың жырлары Қазақстанның барлық жерiне жетiп, жатқа айтылып жүрдi. Халық Шал ақын деп атап кет кен Тiлеуке Күлекеұлы қазiргi Ақмола облысының аумағында туған. Ол Есiл өзенiнiң жағасында атақты Күлеке батырдың отбасында дүниеге келген. Ақын ретiнде он бес жасынан танылды. Ақын өтiрiктi, жағымпаздықты өлердей жек көрдi, адамгершiлiк арнамыс ты бәрiнен де жоғары қойды. Gз тайпаластарының арасындағы дос тықты, бiрлiктi және ауызбiршiлiктi мадақтап, жырға қосты. Ақын бүкiл қазақты топтасып қуатты ел болуға, қайырымдылық пен әдiлеттiлiкке шақырды.
ХVIII ғасырдағы қазақ ақындары мен жыраулары шығармалары ның басым көпшiлiгi ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткiзiлiп келдi. Тек ХIХ–ХХ ғасырларда ғана қазақ және орыс зерттеушiлерiнiң ел аузы нан жазып алуы арқасында баспа бетiнде жарық көрдi.
Тарихи әңгiмелер. Қазақтарда кеңiнен таралған жазба әдебиет болмағандықтан, халық ауыз әдебиетiнiң тарихи әңгiмелер деген жан ры күштi дамыды. Ондай әңгiмелердi әдетте көпке белгiлi ақылды адамдар – билер мен шешендер айтатын. Дәстүрлi қазақ қоғамында олар керемет зор сыйқұрметке бөленетiн.
Тарихи әңгiмелер суырып салып шығарылған өлеңдер сияқты ұрпақтан ұрпаққа ауызекi әңгiме түрiнде жеткiзiлiп келдi. Әр рудың өзiнiң көптi көрген тәжiрибелi өз шешендерi болатын. Дәстүрлi той, астарда олар, даланың қызыл тiлге шебер шешендерi, өз тыңдаушы ларын қызықты тарихи ертегiлермен, әңгiмелермен таныстыратын.
Тарихи әңгiмелерде данышпандық нақыл сөздер, мақалмәтел дер жиi айтылатын. Мұның жастарды тәрбиелеуде зор маңызы бол ды. Жастар естiген әңгiмелерiн есте сақтап, одан үлгiөнеге алды. Атап айтқанда, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би айтыпты деген әңгiмелер мен нақыл сөздер бiздiң заманымызға дейiн жеткен. ХVIII ғасырдағы тарихи әңгiмелердiң негiзгi тақырыбы – қазақ халқы ның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi мен Едiл қалмақта рымен болған соғыстар. Белгiлi фольклоршы әрi көрнектi қазақ ақыны Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы осы тақырыптағы көптеген тари хи әңгiмелердi жинастырды. Бұлар қазақтың ауызша тарихы едi.
Шежiре. ХVIII ғасырда әрбiр қазақтың отбасында өзiндiк ше жiресi болатын. Бұл сөздiң шығу тегi түркiмонғол тiлiмен сабақтас келедi. Монғолдарда «цэжере» сөзi «есте сақтау» деген мағына бере дi. Түркiлердiң «седжере» деген сөзi де осы мағыналас. Көшпелi өмiр салтын ұстанған қоғамда генеалогияны бiлу мiндеттi, тегiн бiл меген тексiз саналды. Егер қожалар мен сұлтандар өздерiнiң шығу тегiн жазбаша шежiре арқылы анықтаса, дала төсiнде көшiпқонып жүрген қазақтар бұл ақпаратты ауызша айтылатын деректерден алды.
Шежiре қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды: бiрiншiден, ел би леушiлерiнiң көшпелi қоғамды басқаруына, екiншiден, ата тарихы мызды кезеңкезеңiмен есте сақтауға көмектестi.
Әрбiр көшпелi қазақ халқының өткен өмiрiн өз отбасы, ру тайпасының тарихи көрiнiсi ретiнде қабылдады. Тарихи оқиғалар оның атабабаларының өмiрi төңiрегiнде өтiп жатқандай көрiндi. Даңқты атабабалар туралы деректер қосымша ақпараттармен то лықтырылып отырды. Қазақтар жас ұрпақты есiмдерi ел аузында аңызға айналған атабабаларының тамаша өмiрiнен үлгiөнеге алатындай етiп тәрбиелеуге тырысты. Үшiншiден, шежiре қоғамды әлеуметтiк реттеп отыру мiндетiн де атқарды. Мәселен, отбасы лық неке қатынастарын, мал жайылымдарын бөлу мәселелерiн қадағалады. Үлкен ас, тойларда, құрылтай жиналыстарында қо нақтарды жолжобаларымен орналастыруда да, халықтық жасақ тар құрудың ежелден қалыптасқан тәртiбiн сақтауда да шежiренiң реттеушiлiк рөлi зор болды.
Бiртебiрте шежiре жазбаша сипат ала бастады. Бұл iспен ең бi
рiншi кезекте Ресей дипломаттары мен ғалымдары, өлкенiң әскери және азаматтық әкiмшiлiктерi, сондайақ қазақ қоғамының сауатты бөлiгi айналысты. Қазақтар арасынан алғаш шежiре деректерiн жи настырып, жазып қалдырғандар Әлихан Бөкейханов, Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы, Шәкәрiм Құдайбердiұлы және басқалар болды.
Музыка Hнерi және айтыс. ХVIII ғасырдағы қазақтардың руха ни өмiрiнде музыка өнерi елеулi орын
алды.
Музыкалық шығармалардың
не
гiзгi
түрлерi
ән
мен
күй
болды.
Олар
халық
арасына жеке орындаушылардың ән
айтуы,
күй
тартуы,
сондайақ хор
мен
орындауы арқылы таратылды. Сөз
етiп
отырған кезеңде қазақтарда 20дан астам
саз
аспабы
болды. Олар
домбы
ра,
қобыз,
шертер, жетiген,
сазсырнай,
шаңқобыз,
даңғыра, асатаяқ, сыбызғы, да уылпаз
тағы
басқа аспаптар
едi.
Атақты қобызшылардың бiрi Тiлеп Аспантайұлы (1757–1820) болды. Ол 13 жасынан қобыз тарта бастады, «Тол ғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлерiн шығарды.
Қазақтың әндерi мен күйлерi бар
лық мерекелiк тойдумандарда орын далатын. Суырыпсалма талантты ақын
Қазақтар. XVIII–XIX ғ.
М.В. Горелик.
дарды анықтау үшiн айтыс өткiзiлетiн. Онда ақындар қоғамдық өмiрдегi алуан түрлi оқиғаларға өздерiнiң бағаларын жұрт алдында ашық айтатын. Қоғам өмiрiнiң жақсы жақтарын мадақтап үлгi ету мен қатар, келеңсiз кемшiлiктер, жаман мiнезқұлықтар келеке етiлiп, қатты сынға алынатын. Сондықтан да дала тұрғындары өздерi мен руластарының қадiрқасиетiне кiр шалдырмауға тырысатын. Олар қонақжайлылық, мырзалық, құдайға құлшылық ету, аруақ тарды құрмет тұту, жасы үлкендердi сыйлау сияқты адамгершiлiк асыл қасиеттердi берiк сақтауға күш салатын. Мұның өзi қоғамдық тәрбиенiң ықпалды жағы едi. Қазақтар арасында өмiрдегi кереғар көрiнiстердi сынапмiнеу, кемшiлiктi бетке айту сияқты адамгер шiлiк қасиеттер берiк сақталды.
Әнжыр, айтыс сайыстарында жеңiп шыққандар бағалы жүлде,
сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, ондай жүлделi сый лықтарға тайтұяқ алтын, үйiрлi жылқы берiлетiн. Олардың даңқы ауылауылға тез тарап, барлық жерде өнер саңлақтарын зор құрмет пен қарсы алған.
Қыз ұзату, келiн түсiру тойлары салтанатты жағдайда «Той бас тар» әнiмен басталатын, жаржар айтылатын. Ұзатылып бара жатқан қыз өзiнiң атаанасымен, жақын туғантуысқандарымен, елжұртымен қоштасарда қыздың мұңлы әнi – «сыңсуды» айтатын. Келiн болып түскен қызға оның қайынжұртымен таныc тыру, ғибрат аларлық ақылкеңес, өсиет айту мақсатымен «бет ашар» рәсiмi жасалатын. Қайтыс болған адамды «жоқтау» си яқты ерекше азалы ән орындалатын.
ХVIII ғасырдағы қазақ әншiлерi мен ақындарының, сазгерлерi нiң шығармашылығы арқасында бiзге «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жiбек» сияқты ғажайып жырдастандар, сондайақ «Ақсақ құлан», «Жошы хан» сияқты керемет күй туын дылары жеттi.
ХVIII ғасырдың соңында ашылған мектептер. Ресейдi императ рица II Екатерина басқарып тұрған тұста зайырлы сипаттағы мектеп тер ашыла бастады. Ол мектептер империяның отаршыл аппараты үшiн шенеунiктер, аудармашылар, мұғалiмдер мен дәрiгерлер дай ындауға тиiс болды. Ондай мектептер басым көпшiлiк жағдайда не гiзiнен шекара шебiндегi бекiнiстерде ашылды. Мәселен, 1765 жылы Сiбiр шекара шебiнiң бастығы генерал Шпрингер Омбыда, Петро павлда және Жәмiшевте гарнизондық мектептер ашты. Оларда ал ғашқы жылы әскери қызметкерлер мен шенеунiктердiң 240 баласы оқыды. Қазақтар балаларымыз орыстанып, христиан дiнiне көшiп, шоқынып кетедi деген қауiппен алғашқыда ол оқу орындарында оқуға бала беруге онша ықыласты бола қойған жоқ. 1789 жылы
Омбыда азиялықтарға арналған үкiметтiк мектеп ашылды. Бұл мектептерде әдеттегi сауат ашу мен арифметикадан өзге татар, түрiк, араб, парсы тiлдерi қоса оқытылды. Кейiнiрек жер өлшеу және топография пәндерi қосылды. Аталмыш мектептерде балаларын оқытуға қазақтар онша құлшыныс бiлдiре қоймады.
1. ХVIII ғасырда Қазақстан аумағында жұмыс iстеген ғылыми экспеди циялар туралы айтып берiңдер. 2. ХVIII ғасырда орыс ғалымдарының
бiздiң елiмiздi зерттеудегi атқарған рөлiн сипаттаңдар. 3. ХVIII ғасырдағы суырыпсалма қазақ ақынжыраулары мен әншiлерiнiң есiмдерiн атаңдар, олардың шығармаларының негiзгi бағыттары мен тақырыптары қандай болды?
Gз облыстарыңның аумағында ХVIII ғасырда өмiр сүрген жыраулар, ақын дар, күйшiлер туралы деректер жинап, әңгiме құрастырыңдар. 5. Тарихи әңгi мелердiң өзiндiк ерекшелiктерi неде? 6. Шежiренiң қазақ қоғамында атқарған қызметi туралы айтып берiңдер. 7. Үлкен кiсiлерден сұрастырып, өздерiңнiң шежiрелерiңдi түзiңдер, олардың арасынан шыққан билер, батырлар, сазгер лер мен дәрiгеремшiлер болса, олар туралы әңгiме құрастырыңдар. 8. Қазақ тарда музыка өнерiнiң қалай дамығаны туралы айтып берiңдер. 9. ХVIII ғасыр дың аяқ кезiнде Қазақстан аумағында қандай мектептер ашыла бастады?
Ақын
–
өз жанынан өлең шығаратын сөз шеберi.
Жырау – жырды көп бiлетiн және жанынан өлең шығаратын жыршы адам.
Күй – қазақ халқының музыкалық шығармасының бiр түрi.
Георги Иоганн Готлиб (1729–1802) – белгiлi немiс этнографы, географы, табиғат зерттеушiсi әрi саяхатшысы. 1768–1774 жылғы Орынбор академиялық экспедициясы құрамында Ресейдiң оңтүстiкшығысында, Едiл бойында, Жайықта, Солтүстiк
Қазақстанда, Алтайда, Байкалда болған.
Кириллов Иван Кириллович (1689–1737) – 1734 жылдан Орынбор экспедициясының бастығы.
Ломоносов Михаил Васильевич (1711–1765) – орыстың көрнектi ғалымы, ақын, суретшi, филолог әрi тарихшы.
Рычков Петр Иванович (1712–1777) – Ресей Ғылым академиясының бiрiншi кор респондентмүшесi, белгiлi экономист, географ және Орынбор өлкесiнiң тарихын зерттеушi.
6—6903 81
