Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆
  1. Ә. Диваевтың зерттеулерi. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеушi ғалымдардың бiрi Әбубәкiр Диваев (1856–1932) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүрiп, қазақ халқының тарихы мен этногра фиясына қызығушылық танытады. ХIХ ғасырдың 80жылдарының аяқ кезiнде отставкаға шыққан ол өз өмiрiн қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу iсiне арнайды. Ол әуесқой археологтар дың Түркiстан үйiрмесiнiң, сондайақ Орыс географиялық қоғамы ның мүшесi болды. 1917 жылға дейiн Ә. Диваев 100ден астам тари хиэтнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстанның ежелгi тарихын жазу кезiнде фольклорлық материалды пайдаланудың ма ңызды екенiн атап көрсеттi. Ол қазақтардың «Тазша бала», «Жал мауыз кемпiр» ертегiлерiн жазып алды. Сондайақ «Қырғыздардың аурусырқаулары мен оларды емдеу тәсiлдерi», «Аспан денелерi қырғыздардың көзқарасы бойынша» деген мақалалар да жарияла ды. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000ға жуық мақалмәтелiн жинады.

  2. Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан

орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер еттi. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерiлiсiнiң болған жерлерiне сапар шектi. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өттi. А. С. Пушкиндi қазақтардың ауыз әдебиетi қатты қызықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениетi мен тұрмыстiршiлi гiне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А.С. Пушкин Орал қала сында болғанда қазақтың «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» эпосының бiр

нұсқасын жазып алды. Ол өзiнiң «Капитан қызы» атты әйгiлi по весiнде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiн суреттеумен қа тар қазақ халқының өмiрi мен тұрмысын да, олардың сол оқиға ларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесi орыстың ал дыңғы қатарлы зиялы қауымының өкiлдерi арасында, әсiресе ориен талистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды.

Қазақстан аумағында Ресейдiң аса белгiлi ғалымдарының бiрi Владимир Иванович Даль сегiз жылға таяу тұрып, еңбек еттi. В.И. Даль қарапайым көшпелi халықтың өмiрi мен тұрмыстiр шiлiгiне көп көңiл бөлдi. Ол өзiнiң хаттарының бiрiнде былай деп жазды: «Тағы да көшпелiлiк салтында тұрып жатырмын. Бұл дегенiңiз рақат өмiр! Тiптi одан кеткiм де келмейдi». Қазақтармен қызыға әңгiмелескен В. Даль халықтың әдетғұрпын, салтсанасын зерт теуге кiрiстi. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегiнiң арқасында қазақтардың ХIХ ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмi рiнен «Майра», «Түнгi күзетшi» сияқты бiрнеше әңгiме және «Бикен мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы «Бикен мен Маулана» повесi Парижде француз тiлiнде жарияланды. Еуропаның қарапай ым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенiн сол хикаят арқы лы танып бiлдi.

  1. Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр

дың орта кезiне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Декабристер, петрашевшiлдер үйiрмесiнiң мүшелерi, Польшадағы ұлтазаттық көтерiлiстерге қатысқандар жер аударылып келдi.

Орыс ақыны А.Н. Плещеев 1850–1859 жылдары он жылға жуық Қазақстанда саяси айдауда болды. Ол Ақмешiтте жүрген кезiнде қазақтармен бiрге болып, Қоқан хандығына қарсы күреске қатысты. Ол қазақтарға зор құрметпен қарады, олар туралы былай деп сүйсiне жазды: «Қазақтарға қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүздi, жомарт жүректi жандар. Оларды сыйламау мүмкiн емес...» Ол бүкiл өмiр бойы қазақ халқына деген шын пейiлдi ыстық махаббаты мен құрметiн атап айтумен өттi.

Қазақстанға жер аударылып келген Польшаның революционер демократы Адольф Янушкевич те ХIХ ғасырдың 40жылдарында Ор талық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты. Сол сапары кезiнде күнделiк жазып жүрдi. Кейiн ол күнделiк по ляк тiлiнде жарық көрдi. А. Янушкевич өзiнiң күнделiгiнде қазақ даласы тұрғындарының тарихын, тұрмыстiршiлiгiн, әдетғұрпы мен салтдәстүрлерiн суреттейдi. Ол өзiнiң бiр хатында қазақ халқы тура

Т.Г. Шевченко.

лы былай деп өте жақсы жылы лебiз бiлдiредi:

«Құдiретi күштi құдай осыншама қабiлеттi етiп жаратқан бұл халықтың адамзат өрке ниетiнен тыс қалып қоюы мүмкiн емес... жергiлiктi көшпелi номадтардың күткен күнi ертеңақ туады, сөйтiп олар өздерiне қазiр жоғарыдан менсiнбей қарайтын өзге халықтар дың арасынан лайықты да құрметтi орнын ойып тұрып алатын болады».

  1. Т.Г. Шевченконың Қазақстанда болуы. Украинаның ұлы ақыны әрi суретшiсi Тарас Григорьевич Шевченко 1847 жылдан 1857

жылға дейiн Қазақстанның Кiшi жүзi аумағында айдауда болды. Оның жер аударылуына ақынның бостандықты аңсаған өлеңдерi себеп болған едi. Ол өзiнiң өлеңдерiне украин халқының бостандық пен тәуелсiздiк алуға деген асқақ арманын арқау еттi. Ол саяси айы бы үшiн 33 жасында дербес Орынбор корпусына солдат етiп жiберiледi. Украинаның ұлы ақыны, талантты суретшiсi Қазақстан ға жер аударылып Ресей империясының солдатына айналады. Ол солдаттық борышын Орынбор, Ор бекiнiсқамалдарында, Маң ғыстау түбегiндегi Новопетровск бекiнiсқамалында өтедi. Т. Шев ченко мен жергiлiктi қазақтардың арасында достық жылы қарым қатынас орнады.

Патша үкiметi оның қазақтар туралы жазуына тыйым салды. Солай бола тұрса да Т. Шевченко «Түрмеден қашқан» («Варнак») атты повесть жазды. Онда қазақтардың аянышты ауыр халi сурет телдi. Кейiнiрек Т. Шевченко «Егiздер» повесiнде бұл тақырыпты тереңдете түстi.

Қазақ кедейлерiнiң азапты ауыр өмiрi Т. Шевченконың салған суреттерiнде шыншылдықпен бейнелендi. «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келi түйген келiншек», «Боранда», «Қайыршылар» деген туындылары дала кедейлерiнiң өмiрiне арналды. Суретшiнiң бейнелеу өнерi саласында қалдырған мұрасы 450ге тарта суреттi қамтиды, ал соның шамамен 350ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмiрi мен тұрмыстiршiлiгiне арналған.

Ұлы ақын жергiлiктi халық арасында зор сыйқұрметке бөлендi. Қазақтар «ақын Тараз» деп құрметпен атады. Жергiлiктi қазақтардың өмiрiмен жақын танысқан ол қазақ және украин халықтарының та рихи тағдырлас мақсатмүддесi ортақ екенiн айқын көре бiлдi.

  1. Қазақстан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешендi зерт теулер. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Орыс географиялық

қоғамы (РГО) елеулi рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда – Орынборда, Омбыда, Семейде және Таш кентте бөлiмдерi мен бөлiмшелерi ашылды.

ХIХ ғасырдың 70жылдары Қазақстан аумағында облыстар құ рылғаннан кейiн олардың барлығында да статистикалық комитет тер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениетi және шаруашылығы жөнiнде құнды деректер мен мәлiметтер жинастыр ды. Ол материалдар облыстарда жыл сайын мұқият шығып тұратын

«Шолуларда» және «Естелiк кiтапшаларда» жарияланып тұрды.

Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжiлiстерiнде мұрағаттық дерек көздерi негiзiнде әзiр ленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Ол материалдар «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектерi» деген атпен жарияла нып тұрды.

ХIХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанның далалық уездерiн Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттедi. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың (қазақтар дың. – авт.) жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен 12 томдық еңбек әзiрледi. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әр түрлi уездерiндегi бiлiмдi қазақтар да белсене қатысты. Бұл ма териалдар ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының жайкүйi жөнiндегi теңдесi жоқ деректеме бо лып табылады. Сонымен қатар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткiзiлген алғашқы Бүкiлресей лiк халық санағы кезiнде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашы лық қызметi, мәдениетi, тарихы, сондайақ халқының саны жөнiн де аса қажеттi мәлiметтер мол болды.

  1. Ағылшын, немiс және француз зерттеушiлерi. ХIХ–ХХ ғасыр

лардың бас кезiнде Қазақстан жөнiнде немiс, ағылшын және француз ғалымдары құнды еңбектер жазып қалдырды. Қазақстанның оңтүс тiкшығыс аймағын ағылшын саяхатшысы әрi суретшiсi Т. Аткинсон (1799–1861) егжейтегжейлi зерттедi. Ол 1848–1855 жылдары Жетiсу қазақтарының көшiқон жерлерiн аралап, жергiлiктi халықтың өмiрi жайлы бағалы деректер жинады. Суретшi ретiнде көшпелi қазақтар дың тұрмыстiршiлiгiн бейнелейтiн суреттер салды. Немiс географы, этнограф әрi тарихшы Ф. фон Хелльвальд (1842–1892) «Орталық Азия. Жер бедерi мен халқы» атты iргелi еңбек жазды. Ол еңбегiнде қазақ тардың тұрмыстiршiлiгiн, көршiлес халықтармен өзара қарымқа тынасын жанжақты сипаттады. Француз ғалымы Ш.Е. Ужвальди де МезеКовез Оңтүстiк Қазақстан қалаларын зерттеп, едәуiр материал дар жинап, жариялады.

19—6903

297

  1. Қазақ зерттеушiлерi. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында бiлiмдi қазақтардың тұтас бiр тобы туған өлкенiң тарихы мен этнографиясын зерттеуге белсене араласты.

Шоқан Уәлихановтың әкесi Шыңғыс Уәлиханов (1811–1895) өз ұлы ның iсiн одан әрi жалғастырды. Ол Сiбiр әкiмшiлiгiне қажеттi тарихи этнографиялық материалдар жинастырды. 1867 жылы Мәскеуге көрмеге қою үшiн қазақтардың өмiрi мен тұрмыстiршiлiгiн бейнелейтiн ауқымды экспонаттар кешенiн жiбердi.

Белгiлi қазақ этнографы Мұса Шорманов (1819–1884) маңызды эт нографиялық зерттеулер қалдырды. М. Шорманов Омбы кадет кор пусында оқиды. Оқуын бiтiргеннен кейiн болыс, Баянауыл сыртқы ок ругiнiң аға сұлтаны лауазымды қызметiн атқарды. Орыс армиясының полковнигi шенiн алады. Ол «Батыс Сiбiр қырғыздарының мал өсiру кәсiбi туралы», «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлерi», «Павлодар уезiнiң қырғыздары туралы жазбалар» деген мақалалар жариялады.

Қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеумен көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерлерi Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров, А. Сейiтов және басқалар шұғылданды. Gз елiнiң тарихы мен мәдениетiн зерт теуге қатысу олардың халықтың аянышты ауыр халiн неғұрлым те реңiрек түсiнуiне жәрдемдестi.

  1. МұхаммедСалық Бабажановтың ғылыми қызметi. М.С. Ба бажанов (1832–1898) қазақтың алғашқы этнографтарының бiрi бол ды. Бөкей хандығының аумағында дүниеге келген. Болашақ ғалым Орынбор кадет корпусында жанжақты бiлiм алды. Оны бiтiргеннен кейiн Iшкi Ордада бiрқатар лауазымды әкiмшiлiк қызметтер ат қарды. 1862 жылы М.С. Бабажанов Орыс географиялық қоғамы ның мүшесi болып сайланды және оның Үлкен күмiс медалiмен марапатталды. Оның «Нарын құмы туралы географиялық және этно графиялық деректер», «Iшкi Қырғыз ордасындағы саятшылық» т.б.

құнды мақалалары жарық көрдi.

  1. Мәшњүр Жүсiп КHпейұлының атқарған қызметi. Көрнектi қазақ ақыны, публицист, этнограф және ағартушы Мәшњүр Жүсiп КH пейұлы (1858–1931) Семей облысының Баян ауыл сыртқы округiнде дүниеге келген. Бұ харадағы Көкiлташ дiни медреседе оқып, жо ғары мұсылмандық бiлiм алған. Бiрнеше жыл туған өлкесiнде мұғалiмдiк қызмет атқарып, қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашқан. Ол қазақтардың халық ауыз әдебиетi нiң үлгiлерiн жинауға кiрiседi. Осы мақсат пен Омбы, Павлодар, Семей, Петропавл, Ат

Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы.

басар сияқты тағы басқа да қалалардың ма ңындағы қазақ ауылдарын көп аралады.

Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинаумен қатар өзi де көптеген поэтикалық шығармалар жазды. Оның «Иса бек ишан», «Мұса Шорманұлы» сияқты жоқтау өлеңдерiнде тарихи деректер көп кездеседi. 1893 жылы ол патша үкiметiнiң отаршыл дық саясатына қарсы бағытталған өлеңдерi мен мақалаларын жария лай бастады. Қазан қаласында Мәшњүр Жүсiп Көпейұлының «Хал ахуал», «Сарыарқаның кiмдiкi екендiгi», «Тiрлiкте көп жасағаннан көрген бiр тамашамыз» атты үш кiтабы басылып шықты. «Сарыарқа ның кiмдiкi екендiгi» еңбегiнде тарихи нақты деректер негiзiнде, оның шын мәнiндегi заңды иесi қазақтар екендiгiн ашып айтты. 1905 жылы 9 қаңтарда болған оқиғаға арнап «Қанды жексенбi» өлеңiн жазды. Ол осы еңбектерi үшiн патша үкiметi тарапынан қуғынсүргiнге ұшырады. Елден кетiп, Самарқан, Бұхара жағына, Едiл мен Орал жағына барып бой тасалауға мәжбүр болды. Алайда қайда жүрсе де ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинауды жалғастыра бердi.

Оның мақалалары алғашқы қазақ газетi «Дала уәлаяты» газетiнде және «Айқап» журналында жарияланып тұрды. Мәшњүр Жүсiп Кө пейұлының халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинауға ынталылықпен кiрiсуiнiң арқасында көптеген құнды бiрегей тарихи аңыздар, этно графиялық материалдар, хандар мен сұлтандардың, батырлар мен би, қожалардың шығу тектерi туралы егжейтегжейлi деректер бiздiң күнiмiзге дейiн сақталып, аман жеттi.

  1. Қазақтардың медицина саласындағы зерттеулерi. ХХ ғасырдың бас кезiнде медицина саласында да қазақ ғалымдары шыға бастады. Жұқпалы аурулардың таралып, өз отандастарының өлiмжiтiмге ұшырауы қазақ дәрiгерлерiн бейжай қалдырған жоқ. Олар өз халқы ның денсаулығын сақтауға барынша аянбай еңбек еттi. Қазақтың алғашқы дәрiгерi, ғылым қайраткерлерiнiң қатарында Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, ағайынды Асылбек және Мұсылман бек Сейiтовтер және басқалары болды. Х. Досмұхамедов Санкт

Петербургтегi әскеримедицина академиясын бiтiрiп, денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл дар бойы еңбек еттi. Ол Орал облысының Те мiр уезiнде дәрiгер болып iстедi. Жалпыұлт тық «Қазақ» газетiнiң бетiнде оның «Ауру сырқаулар жөнiнде», «Жұқпалы ауру түрлерi» сияқты тағы басқа да бiрқатар мақалалары жарияланды. А. Сейiтов Томск университе тiнiң медицина факультетiн бiтiрiп, әуелi Омбы қаласында, одан соң Баянауыл мен Се мейде жұмыс iстедi. Семей облысында жұқпа лы ауруларға қарсы жүргiзiлген шараларды басқарды. Оның медицина саласында жазыл

ған мақалалары әлi күнге дейiн ғылымипрак тикалық маңызын жоғалтқан жоқ.

Асылбек Сейiтов.

    1. Қазақстанды орыс ғалымдарынан кiмдер ғылыми тұрғыдан зерттедi?

    2. Қазақстанды зерттеуде Г.Н. Потаниннiң рөлi қандай? 3. Ә. Диваевтың зерттеулерi туралы айтып берiңдер. 4. Орыс ақындары мен жазушыларының Қазақстан тарихында қалдырған iздерi қандай? 5. Қазақстанды ғылыми тұрғы дан зерттеуге саяси жер аударылғандардың қосқан үлесi қандай? 6. Т.Шевчен коның Қазақстанда болғаны туралы не бiлдiңдер? 7. Қазақ өлкесiнде қандай кешендi зерттеулер жүргiзiлдi? 8. Қазақстанды зерттеуде шетелдiк ғалымдар дың атқарған рөлi қандай болды? 9. Gз өлкемiздi зерттеуге қазақтардан кiмдер белсене қатысты? 10. М.С. Бабажанов қандай ғылыми зерттеулер қалдырды?

  1. Мәшњүр Жүсiп Көпейұлының ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинағаны және шығармашылығы туралы айтып берiңдер. 12. Қазақтардан шыққан алғашқы дәрiгерлерден кiмдердi бiлесiңдер?

Ориенталистер – шығыстанушы ғалымдар.

Жер аудару – қылмыс жасағаны үшiн берiлетiн жаза. Ондай жаза бойын ша кiнәлi адам қиыр шеттегi алыс аймақта белгiлi бiр мерзiм iшiнде айдауда болады.

Мұса Шорманов (1819–1884) – белгiлi зерттеушi, этнограф, қазақ фольклорының үлгiлерiн жинаушы. Баянауыл сыртқы округiнiң 1853–1868 жылдардағы аға сұлтаны. Шевченко Тарас Григорьевич (1814–1861) – украин халқының ұлы ақыны әрi сурет

шiсi. Басыбайлы шаруаның баласы болған, 1838 жылы Петербург сурет академиясына оқуға түскен.

«Қырғыздардың бiрiгуiне мүмкiндiк бермейтiн бiр жағдай бар – еуро

паша тәрбие алған қырғыз (қазақ. – авт.) зиялылары елдiң бүкiл аумағында шашыраңқы жүр. Олардың едәуiр тобының шоғырланып, бас қоса алатын бiрдебiр тұрақты орны жоқ. Сондықтан да зиялы қырғыздардың орталы ғын құру жөнiнде ойлану керек. Елiн сүйетiн патриот қырғыздар өз жерi нiң табиғатын, өз халқын, оның халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн терең зерт теуге кiрiсулерi тиiс. Бұл қырғыз зиялыларының ұлттық мiндетi болуы шарт. Рас, қырғыздардың аңыз әңгiмелерiн жинастырумен орыс ғалымда ры да айналысуда. Бiрақ олар бұл салада жергiлiктi байырғы тұрғындардың көмегiнсiз еш нәрсе бiтiре алмайды. Gйткенi, бiрiншiден, орыс қоғамы белгiлi бiр дәрежеде бөтен iс саналатын бұл iске жеткiлiктi күшжiгер жұмсай алмайды, екiншiден, жергiлiктi тұрмыстiршiлiкпен жанжақты жақсы таныс қазақ зиялылары жиналған материалдарға ғылыми тұрғыдан талдау жасай алады. Олар аңыз әңгiмелердiң күмәндi тұстарын опоңай түсiндiрiп те бередi».

Потанин Г.Н. Үш томдық таңдамалы шығармалары. Тарих, этногра фия және фольклор жөнiндегi еңбектер. Павлодар, 2005, 3том, 284бет.

    1. Г.Н. Потаниннiң пiкiрi бойынша, қазақ зиялыларының бiрiгуiне

мүмкiндiк бермейтiн жағдай не едi? 2. Осы жолдардың авторы қазақ қо ғамының бiлiмдi азаматтарын не iстеуге шақырды? 3. Халықтың аңыз әңгiмелерiн жинаумен және өңдеумен қазақтардың өздерiнiң айналысуы неге оңай?