Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзiндiк бiрегей әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi қалыптасты. ХVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезiнде оның бiрқатарын Ресей әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi үй iшiндегi отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарымқатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

  1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиетi және Hзара кHмек жH нiндегi әдетғұрыптары. Қазақтарға дәстүрлi қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиетi көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнiнде ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде Ресей зерт теушiсi Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейiн жылы жүздiлiгiмен, қайырымды ақкөңiл дiлiгiмен және қонақжайлылық қасиетiмен таңғалдырады. Мұның өзi олардың сүйегiне ежелден сiңiп кеткен керемет асыл қасиет».

Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесiнiң қамқорлығы мен қорғауында болады. ХIХ ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген немiс зерттеушiлерiнiң бiрi Ф. фон Хелльвальд та былай деп жаз ды: «Қырғызқайсақтар (қазақтар. – авт.) барынша қонақжай мейiрiмдi болып келедi. Олардың киiз үйiне кiрiп жайғасқан кез келген жатжерлiк адамның өзiмдi бiреулер тонап немесе өлтiрiп кетедiау деп қауiптенбей, алаңсыз ұйықтай беруiне әбден болады».

Қазақтарда үйiне келген кез келген адамға мiндеттi түрде тегiн қонақасы беру, оған жайлы төсекорын салып, қондырып жiберу әдетғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесi қонаққа ондай құрмет көрсетудiң дәстүрлi әдетғұрпынан бас тартса, әлгi бейтаныс жолау шы үй иесiнiң үстiнен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдетғұрыпты бұзған үй иесiне атшапан айып салатын. Әдетте мұндай келеңсiз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.

11—6903

169

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдетғұрыптың бiрi – дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигiзбейiнше жiбермейтiн – «Қуыс үйден құр шығармайтын».

Қазақтардың және бiр жақсы әдетғұрпы – ерулiк беру. Басқа жақтан жаңадан көшiп келгендердi оның туғантуыстары немесе көршiлерi арнайы дастарқанға шақырып, ерулiк тамақ беретiн бол ған. Бұл арқылы көшiп келген туыстарына немесе көршiлерiне деген ыстық ықыласы мен iзгi ниетiн бiлдiрген. Ал көшiп келгендер жаңа қонысқа тез үйренiп, ондағы адамдармен жақсы қарымқатынас ор натуға ықыласты болатын. Далалық көшпелiлердегi кеңiнен тарал ған әдетғұрыптардың бiрi – қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегi өзiне ұнаған заттың кез келгенiн қаладым деп айтуына болады, ал үй иесi ол затты мiндеттi түрде беруi тиiс. Мұның өзi де адамдар арасындағы достық қарымқатынастың негiзiн қалайтын. Анасы аманесен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет ғұрып бойынша кiндiк шешенiң де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесiн алуына болатын.

Қымызмұрындық – қымыз ашыту маусымының басталуына бай

ланысты әдетғұрып. Ауыл адамдары бiрiнбiрi шақырысып, қымыз iшер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседi. Қымызмұрын дыққа шақырған үй иелерiне ауыл ақсақалдары ақ батасын бередi. Қазақтарда жылу жинау әдетғұрпы да бар болатын. Оның мәнi кез дейсоқ жағдайда үйi өртенiп кеткен немесе дұшпанның шабуылы нан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқынынан, аштықтан зар дап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың кө мек көрсетуi болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алды на қолдарынан келгенiнше мал салып бередi, киiмкешек, көрпе төсек, ыдысаяқ жағынан көмек көрсетедi, бастарына шаңырақ кө теруiне жәрдемдеседi. Мұның өзi зардап шегiп, қиналған ағайынға жаны ашығандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрiнiсi едi. Мүм кiндiгi бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын туыс ру iшiнен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесiл гендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете ал майды. Gйткенi ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.

Қазақ даласында жұртшылық деген әдетғұрып та кеңiнен тара

ған. Оның мәнi белгiлi бiр себеппен белшесiнен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайынтуғандарының көмек көрсетiп, қарызынан құтылуына көмектесуi болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесiнiң шешiмi бойынша көр сетiледi. Қазақтардың ауызбiрлiгiнiң, өз жақындары мен туыстары на жанашырлықпен жәрдем жасауының бiр көрiнiсi мiне осындай. Дала тұрғындарының дәстүрлi әдетғұрыптарының бiрi – асар.

Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бiрлесе жұмылып,

Қазақ ауылы.

бiреудiң белгiлi бiр жұмысын бiтiрiп бередi. Мәселен, олар бiреудiң қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондайақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседi. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бiрлiгiнiң жарқын көрiнiсi болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсiздiк саналатын. Қазақтар ХХ ғасырдың бас кезiнде осы әдет ғұрыпты пайдаланып, көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешiттер салып алды.

Әрбiр қазақ суға кетiп бара жатқан адамға жәрдем қолын созу ға, қиналған адамның өтiнiшiн орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге мiндеттi. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бiрлесе iздеген. Дала тұрғыны өтемөте мұқтаж, кейiнге қалдыруға болмайтын шұғыл мiндеттi орындау қажеттiгi туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап, мiнiп кете беруге құқықты болған. Бұл үшiн ат иесiнен рұқсат сұрау мiндеттi еместi. Ондай кезде көлiк беруден бас тартқан адамға атшапан айып са лынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пiкiр қалыптасқан.

  1. Әдептiлiк пен сыпайылық әдетғұрпы. Екi қазақ кездесе қалған да жасы кiшiсi жасы үлкенiне «Ассаламағалейкүм!» деп, бiрiншi бо лып сәлем бередi. Жасы үлкен кiсi оған «Уағалайкүмассалам!» деп, жауап қатады. Тек содан кейiн ғана егжейтегжейлi амансаулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бiрiнбiрi тiптi танымайтын адамдар үшiн де мiндеттi болып саналады.

Дала тұрғындарына тән әдептiлiк пен сыпайылық, кiшiпейiл дiлiктiң бiр көрiнiсi – үлкен кiсiнiң есiмiне әке (еке) сияқты жұр нақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек – Қазеке, Диқан – Дәке, Бауыржан – Бауке сияқты айтылады. Мұны ХХ ғасырдың бас ке зiнде белгiлi орыс ғалымдарының бiрi Л. Баллюзек те байқаған:

«Қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) сыпайылығы, кiшiпейiлдiлiгi мен әдептiлiгiнiң бiр көрiнiсi – жасы үлкен кiсiлердiң есiмiне еке (әке) сөзiн қосып айтуы».

Жас келiндер ер азаматты ерекше құрметтеудiң белгiсi ретiнде күйеуiнiң жақын туысының атын атамаған. Күйеуiнiң әкесi мен ше шесiн ата, ене деп атаған. Күйеуiнiң iнiқарындастарын шырақ, жар қын, айнаш, гүлiм, бауырым деп еркелете ат қоятын. Gзге туысқанда рына да жаңа әрi жарасымды ат ойлап табатын.

Қазақтар екiқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесiп өтудi әдепсiздiк санаған. Келiндер атасының, қайын ағаларының кө зiне түспеуге тырысқан.

Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуiне рұқсат етiлмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, мiне, осындай едi. Қа зақтар үйге бас сұғар алдында қаружарағын әрқашан тыста қалды ратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кiруге де болмайтын.

Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзiнiң жақын туыстары мен көршiлерiне әр түрлi сыйлықтар – базарлық ала келетiн. Ауыл ақсақалдары тамақ үстiнде үлкен табақтан жасы кiшiлерге асату жасайтын. Егер кiмдекiм әлдебiр жаңа киiм кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, досжаран дарының байғазы беру әдетғұрпы болған.

Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мерекетой ларда болған жерлерiнен сарқыт ала келетiн. Мұның өзi, бiр жағы нан, тағамға деген құрметтi бiлдiрсе, екiншi жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болға нын сезiнуге тәрбиелейдi. Қазақтарда көптен берi көрмеген жақын туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемi естелiк бұйымдардан, қазықарта, мүшелi жiлiктерден, сүр еттерден сәлемдеме берiп жiберу әдетғұрпы да болған.

Сәлемдеменi алған жақ шын ниетiмен разы болып, iзгi батасын беретiн. Базарлықтар мен сыйлықтарды туғантуыстар, досжарандар мен көршiқолаңдар өзара бөлiсетiн.

Дала тұрғындары бiрбiрiне қуанышты хабар жеткiзгенде сүйiншi сұрайтын әдетғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткiзген адамға жақсы сыйлық жасалатын. Саят құру кезiнде жас аңшы бағалы ол жасын өзiмен бiрге аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалы на байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркiмен жасаған.

Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдетғұрыптың бiрi – ажырасу аяқ. Оның мәнi ауылдың бiр тұрғыны басқа бiр алыс жаққа көшiп кетерде ағайынтуғандарымен, көршiқолаңдарымен қоштасу ре тiнде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруiнде болатын. Ауылдаста рына айтпай, үнтүнсiз көшiп кету көргенсiздiк, тәрбиесiздiк санала тын. Ал көшiп бара жатқан жақ өздерiнiң туғантуыстарына, құр меттi ауылдастарына көзiмiздей көрiп жүрiңдер деп, естелiк сыйлық тар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегiнде ризашылығын бiлдiрiп, көш көлiктi, барған жердегi қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берiсетiн.

  1. Жасы үлкендерге құрмет кHрсету. Дәстүрлi қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсiмi ежелден бар болатын. Он дай құрмет жасы үлкен кiсiнiң қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендiгiне қарамай көрсетiлетiн. ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде немiс ғалымдарының бiрi Ф.фон Шварц былай деп жазған болатын: «Қыр ғызқайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қар тайған ер азаматтардың бәрi де кiм екенiне, қандай тектен шыққа нына қарамай, ерекше сыйқұрметке бөленедi». Олар барлық ме рекелерде, жиынтойларда құрметтi орындарға, төрге шығарыла ды. Жиналыстарда олар елеулi рөл атқарады. Жастар олардың айт қан сөзiн жерге тастамай, мүлтiксiз орындайтын. Жас жiгiт үшiн үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапат тың белгiсi саналатын. Кiшi iнi үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетiнше ешқашан отырмайтын.

Жас адамның үлкен кiсiнiң алдын кесiп өтуi көргенсiздiк деп

есептелiнетiн. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесiп өтпеуiне де қатысты болатын. Жасы кiшiлердiң жасы үлкендерге дауыс көтеруiне барып тұрған әдепсiздiк ретiнде үзiлдiкесiлдi тыйым салынатын. Әңгiме үстiнде жасы үлкен кiсiнiң сөзiн бөлуге ешқашан рұқсат етiлмейтiн.

Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтiп, ақ батасын алатын. Қазақ тар жасы үлкен әрi құрметтi адамдардан мұндай батаны жауға атта нарда да тiлейтiн.

  1. Тамырлық әдетғұрпы. Қазақтардың арасында достасыпбау ырласу немесе тамыр болу әдетғұрпы да кеңiнен тараған. Бұл рәсiм куәлардың көзiнше салтанатты жағдайда өткiзiлiп, нығайтыла тү сетiн. Рәсiм кезiнде екi дос қылыштың не қанжардың жүзiн сүйiп, мәңгi адал дос болуға серттесiп, ант iшiсетiн. Олар бiрбiрiне мәңгi достықтың белгiсi болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынатын. Досжаран, тамырдың үйiнде қашан болса да қонуға болатын, ал үй иесi оған қолдау көрсетiп, қамқорлық жасайтын.

Қазақстан аумағында Ресей казактары мен қоныс аударып кел ген орыс шаруаларының пайда болуына байланысты мал өсiретiн көшпелi қазақтар мен егiн салатын отырықшы орыстардың ара сында достасып, тамыр болу әдетғұрпы етек алды. Iс жүзiнде әр қазақтың орыс шаруалары мен шекара шебiндегi әскери казактар дың арасында өзiнiң тамырдосы болды. Мұның өзi халықтар ара сындағы достықтың кеңiнен қанат жаюына игi ықпалын тигiздi. Әдетте олар бiрiнiң тiлiн бiрi үйрендi, бiрiнiң мәдениетiн бiрi құр меттедi. Бұл әдетғұрыптың ең мықты түрi достамыр болу едi. Олар бiрбiрiнен өздерiне ұнаған нәрсесiнiң бәрiн де қалап ала беретiн. Достамырлық әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете беретiн сипат алды.