Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi

Генерал

губернаторлық

Облыстар

Уездер

Түркiстан

Жетiсу

Сергиополь, Қапал, Верный, Жаркент, Ыстықкөл, Тоқмақ

Сырдария

Қазалы, Перовский, Түркiстан, Шымкент, Әулиеата, Ходжент, Жызақ

Орынбор

Орал

Орал, Гурьев, Калмыково, Жем (Темiр)

Торғай

Елек (Ақтөбе), Николаев (Қостанай), Ырғыз, Торғай

Батыс Сiбiр

Ақмола

Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар (Сарысу) (соңғы уезд бiр жылдан кейiн қосылды)

Семей

Павлодар, Семей, Қарқаралы, Gскемен және басқалары

      1. Әкiмшiлiк басқару жүйесiндегi Hзгерiстер. Жаңа реформа бо йынша енгiзiлген әкiмшiлiк басқару жүйесi жоғары дәрежеде әскери сипат алды. Генералгубернатордың қолында әскери билiк те, аза маттық билiк те болды. Түркiстан генералгубернаторлығы басшы сының көршi мемлекеттермен, атап айтқанда, Қытай және Иран мен тiкелей келiссөздер жүргiзе алу құқығы да бар едi.

Облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындалды. Олар онымен қатар казак әскерлерiнiң атамандары болып есептелдi. Оларды патша үкiметi тiкелей өзi тағайындайтын. Уездi уезд басты ғы басқарды. Оны ресейлiк шенеунiктер қатарынан әскери губерна тордың өзi таңдап тағайындайтын.

Әкiмшiлiк басқарудың ең төменгi екi сатысында болыстар мен ауыл старшындары тұрды. Олар жергiлiктi ақсүйектерден iрiктелiп алынды.

Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Оларға өмiрлiк зейнетақы тағайындалды. Патша үкiметiнiң мұндай қадам жасауға бару себебi – қазақ даласында сұлтандар тобына деген сый құрмет әлi де болса едәуiр дәрежеде сақталған едi. Себебi олардан үкiметке қарсы халық толқуын ұйымдастыруы мүмкiн деп сескендi.

      1. Сайлау жүйесi. Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топ тардан iрiктелiп, сайлауда шар салудың (дауыс берудiң) нәтижесi бойынша ғана тағайындалатын. Бұл лауазымды қызмет орнына сайланудан халықтың сенiмi мен құрметiне ие адамдардың ғана үмiттенуiне болатын. Олар бұрын өздерiнiң арына сотты болып «дақ түсiрмеген» адамдар болуы тиiс едi. Бұл қызметтерге үмiткерлердiң жасы 25тен кем болмауы шарт саналатын.

Орта жүздiң ауыл старшындары мен би, болыстары. Омбы, 1891 жыл.

Болыстағы әрбiр 50 үйден сайлауда шар салушы (дауыс берушi) бiр адамнан сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында болыс сайланатын және осы қызметтен үмiткер белгiленетiн.

Тап осындай тәртiппен әр ауылдағы әрбiр 10 үйден сайлауда шар салатын (дауыс беретiн) бiр адам сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында ауыл старшыны сайланды және осы қызметтен үмiткер белгiленетiн. Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны неме се болыс сайланатын, ал одан кейiн дауыс алғандар осы қызметтерден үмiткерлер болып белгiлендi.

Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзiмге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бе кiтетiн. Сондайақ оларды бұл қызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшындарын қызметке бекiту мен қызметiнен алып тастаудың мұндай тәртiбi қа зақ даласындағы сайлау жүйесiнiң отаршылдық мазмұнын көрсеттi. Жоғары лауазымды шенеунiктердiң отаршыл әкiмшiлiкке қолдау көрсетпейтiн адамдарды қызметке бекiтпей қоюға құқығы болды.

Ауыл старшындарына және болыстарға қоладан құйылған төс белгiлер, сондайақ арнайы жасалған мөр берiлетiн. Отаршыл әкiм шiлiктiң бұл төменгi буындары полицияның және тыңшылардың мiндетiн қоса атқарды. Олар қазақ даласында тыныштықтың сақталу ын қадағалауға, әсiресе барымтаны жоюға мiндеттендi. Сонымен қатар заңдардың қатаң сақталуын, алымсалықтың уақтылы әрi то лық жиналуын, басқа да мiндеттi борыштардың түгел орындалуын қамтамасыз етуге тиiс болды. Олар сот шешiмдерiнiң және халық соттары қаулыларының орындалуын жүзеге асыруға да мiндеттi едi. Gкiнiшке қарай, оқиғалардың бұдан кейiнгi барысы сайлау жү йесiнiң «партиялық» күреске айналып кетуiне алып барып соқтырды. Бiр рудың өкiлдерi мен екiншi бiр ру өкiлдерiнiң арасында шиеле нiскен күрес өршiдi. Елде байлықпен қызметтi сатып алу, қоқан лоқы жасап қорқыту, күш көрсету және жала жабу сияқты келеңсiз қылықтар кеңiнен етек алды. Лауазымды қызметтен үмiткерлер сай

лау науқаны кезiнде ақшаны оңдысолды аямай шашты.

      1. Қазыналық жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар. 1867– 1868 жылдарда енгiзiлген жаңалықтар алымсалық жүйесiн де қам тыды. Осы кезден бастап Қазақстанның бүкiл аумағында бiртұтас салық – «түтiн салығы» енгiзiлдi. Ол жыл сайын бiр рет әрi үй басы нан ақшалай алынып тұрды. Орынбор және Батыс Сiбiр генерал губернаторлығындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркiстан генералгу бернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келдi. Мал санағы 3 жылда бiр рет өткiзiлдi. Малдың санын жасырғандарға са лық екi есе көп салынды. Түтiн салығын төлеуде, басқа да мiндеттi борыштарды өтеуде Кiшi жүздiң қайтыс болған ханы Шерғазы Ай шуақұлының отбасы мүшелерiне жеңiлдiк жасалды. Жеңiлдiктер

сұлтандар Баймағамбет Айшуақұлының, Ахмет және Арыслан Жан төреұлдарының отбасыларына да, сондайақ 1844 жылы хан Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарының қолынан қаза тапқан қазақтарға да берiлдi. Түтiн салығын төлеуден Орта жүздiң хандары Уәли мен Бөкейдiң ұрпақтары да босатылды. Мұндай шаралар олардың өкiметке қарсы пиғылдарын бәсеңсiтуi тиiс болды.

Билеттiк тiркеу орнына ендiгi жерде бiртұтас төлқұжаттық тiркеу тәртiбi енгiзiлдi. Басқа жаққа барып жұмыс iстеп, табыс тапқысы келгендер болыстардан төлқұжат алуы тиiс болды.

Көшпелi қазақтар бiрқатар борыштар атқаруға мiндеттелiндi. Атап айтқанда, олар көпiрлер мен жолдарды тегiн жөндеп тұруға мiндеттi болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас адамдар жататын және iссапарға келген шенеунiктер тоқтайтын киiз үйлер бөлiп тұруға мiндеттелiндi. Қазақтарға оларды отынсумен және ше неунiктердi жолға мiнетiн аткөлiкпен қамтамасыз ету де жүктелдi. Қазақтар мiндеттi әскери борыш өтеуден босатылды. Басқа сосло виеге өтетiндерге бес жылға дейiн мемлекеттiк мiндеткерлiктерден босатуға уәде берiлдi. Мұнымен патша үкiметi көшпелiлердi шаруа ларға айналдыруды көздедi. Бiрақ бұл ойлары жүзеге аспады.

      1. Денсаулық сақтау саласындағы реформа. Әр облыста облыс тық дәрiгер тағайындалды. Әрбiр уезде бiр дәрiгер мен акушеркiндiк шеше болатын болды. Уездiк дәрiгерге шешекке қарсы егу шарала рын қамтамасыз ету мiндетi жүктелiндi. Ол науқас адамдарға тегiн медициналық көмек көрсетiп, оларды дәрiдәрмекпен тегiн қамта масыз етуi тиiс болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекеме лердегi емдеу орындарында да дәрiгерге тексерiле алды. Шамасы, реформаның жағымды бiр ғана сипаты болса, ол денсаулық сақтау саласындағы тап осы жаңалықтың енгiзiлуi дей аламыз. Солай бола тұрса да, дәрiгерлердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан қазақтардың бұл мүмкiндiктер мен жеңiлдiктердi жарытымды пайдалануы мүмкiн болмады. Қазақ халқының арасында, әсiресе балалар арасында өлiм жiтiм көп болды.

      2. Жердi пайдалану мәселелерi. Қазақтардың қоныстанған жер

лерi мемлекет меншiгi саналды. Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пайдалану құқығы негiзiнде ғана берiлдi. Жаңа реформа бойынша ормандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды.

Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен қоныс ауда рып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр мөлшерде жалға беруiне рұқсат етiлдi. Ал мұның өзi олардың ежелден келе жатқан атамеке нiнен айырылып, өздерiнiң жерсiз қалуына алып барып соқтырды. Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар елеулi жеңiл

дiктердi пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездiк билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондайақ құрылыс тық ағаш материалдарын тегiн алды. Олардың сауда жасаумен, қол

өнер кәсiбiмен, өнеркәсiптiк қызметпен және егiншiлiкпен емiнеркiн айналысу құқығы болды.

Ал башқұрт, татар, Орта Азия халықтарының өкiлдерi сияқты мұ сылмандар мұндай жеңiлдiктердi пайдалана алған жоқ. Gйткенi патша үкiметi ислам дiнiн ұстанатын өзге халықтар өкiлдерiнiң қазақ даласына шоғырлана түсуiнен қорықты.

      1. Реформаның отаршылдық сипаты. Реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақ станды Ресейге қосып алу үрдiсiнiң толық аяқталғанын көрсеттi. Қазақстанның кеңбайтақ жерi Ресейдiң мемлекеттiк меншiгiне өттi. Патша үкiметi бұдан былай қазақтардың жерiн кез келген сылтау мен опоңай тартып ала беретiн болды. Мұның ақыры дала тұрғын дарының ежелгi атамекен жерлерiнен айырылып қалуына, сөйтiп қайдағы бiр құнарсыз және тұзы бетiне шығып жатқан сортаң жер лерге ығыстырылуына жеткiздi. Құнарлы жерлер iшкi Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактарға, шенеунiктерге берiлдi. Патша үкiметiнiң Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңдысолды емiнеркiн пайдалануы бұл өлкенi Ресей экономикасының қосалқы арзан шикiзат көзiне айналдырды.

Болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкiл аума

ғын руаралық кескiлескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жiбердi. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңiнен етек алды. Болашақ болыстар орыс үкiметiнiң аузына қарап, жал таңдаудан көз ашпады. Қайтсем солардың қолдауына ие болып, қањарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.

Сұлтан тобын басқару жүйесiнiң орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттiлiгiнiң ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшы ны деген ең төменгi дәрежедегi қызметтер ғана тидi. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генералгубернатор сияқты жоғары лауазымды әкiмшiлiк қызметтерге барар жолы заң жүзiнде бiржола жабылды.

Жаңа мiндеттi борыштар мен алымсалық түрлерiнiң еселеп енгi зiлуi қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жiбердi. Түтiн салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға бiрақ көтерiлдi. Болыстар ды, ауыл старшындарын, сондайақ олардың толып жатқан шабар мандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қо сымша жинап алынды. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарындағы ха лық харадж (егiннен алынған өнiмнiң оннан бiр бөлiгi), зекет (тауар құнының қырықтан бiр бөлiгi) төлеп тұруға мiндеттi болды. Әр түрлi қажеттерге жұмсау үшiн қара шығын деп аталатын қосымша салық та салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпiр, мешiт, мектеп, аурухана салуға жұмсалды. Патша үкiметi Қазақстан

нан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бiр бөлiгi отаршыл әкiмшiлiк пен әскери күштердi ұстауға жұмсалды, ендi бiр бөлiгi орталыққа жiберiлiп отырды.

Патша үкiметi қазақтардың ежелгi дәстүрлi қоғамын күйреттi. Болыстар мен уездер құру кезiнде рулық ерекшелiктер ескерiлмедi. Дәстүрлi билер сотының құқықтары елеулi түрде қысқартылды.

Сонымен қатар реформаның барысында ел өмiрiне кейбiр жа ңалықтар да енгiзiлдi. Қалалар тұрғызылып, темiр жолдар салына бастады. Ертiске кеме түсiрiлдi. Бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiнiң қатары арта түстi.

1. 1822 және 1824 жылдардағы жарғылар неге жарамай қалды? 2. 1867–1868 жылдардағы жарғылар бойынша Қазақстанның жаңа әкiмшiлiк бөлiнiсi қан

дай болғанын картадан көрсетiңдер. 3. 1822–1824 жылдардағы реформалар мен 1867–1868 жылдардағы реформаларға салыстырмалы түрде талдау жасаңдар. 4. Қазақтар мына төменде көрсетiлген лауазымды қызметтердiң (генералгубернатор, әскери губернатор, уезд бастығы, болыс, ауыл старшыны) қайсысын атқаруға құқықты едi? 5. Қазынагерлiк жүйеде қандай өзгерiстер болды? 6. Денсаулық сақ тау саласында болған өзгерiстердi атап шығыңдар. 7. Қазақстанда жердi пайдала ну саласында қандай өзгерiстер орнықты? 8. Реформалардың отаршылдық мәнi мен сипаты қандай едi?

Қара шығын – алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура кел ген жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрi.

Уезд – ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiндегi Ресей империясының әкiмшiлiк аумақтық бiрлiгi.

  1. Александр (1818–1881) – 1855 жылдан Ресей императоры.