- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
ХIХ–ХХ ғасырлардың бас кезiнде Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкiлдерi, саяси жер аударылып кел гендер, сондайақ қазақ қоғамының өзiнен шыққан бiлiмдi ғалымдар айналысты. Бұл салада шетелдiктер – ағылшындар мен немiстер, француздар да елеулi iз қалдырды.
Қазақстанды зерттеуде орыс ғалымдарының атқарған рHлi. Қа зақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәде ниетiн зерттеуде Ресей ғалымдарының сiңiрген еңбегi зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкiлдерi көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлi кәсiп пен мамандық иелерi – ақын жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дә
рiгерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесiн отарлау саяса тына ғылыми тұрғыдан негiздеуге де iшiнара қызмет еттi.
Қазақстанды зерттеушiлердiң басым көпшiлiгi Орынборға, Ом быға, Ташкентке – Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан өлкелерiнiң әкiмшiлiк орталықтарына шоғырланды.
1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицерi Б.С. Броневскийдiң «Орта жүз қырғызқайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда СолтүстiкШығыс Қазақстан қазақ тарының тарихынан, өмiрi мен тұрмыстiршiлiгiнен егжейтегжейлi құнды деректер берiлген.
Белгiлi тарихшы А.И. Левшин (1799–1879) «Қырғызқазақ неме се қырғызқайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлiмнен тұратын зерттеу еңбегiн жазды. Осы бiрегей әрi iргелi еңбегi үшiн ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуiнде қазақ өлкесiнiң тарихы мен этно графиясы және географиясы туралы аса маңызды мәлiметтер келтiредi.
Торғай облысының мал дәрiгерi А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздерi негiзiнде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш том дық iргелi еңбек жазып қалдырды. Онда Кiшi жүздегi қазақ хандық тарының тарихы мен саяси оқиғалар толық сипатталған. Автор ХIХ ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар барысын және қалай жүргiзiлгенiн толық баяндаған.
Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кiшi қырғыз Ордасындағы орын алған, қазiр де iшiнара орын алып келе жатқан халықтық әдетғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдетғұ рып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллю зек Қазақстанда қызмет еткен кезiнде орыс шенеунiктерiне қазақтың билерi мен сұлтандарынан дәстүрлi әдетғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнiнде тапсырма беретiн. Ол сондағы жи налған материалдарды өңдеп, кiтап етiп шығарды.
ХIХ ғасырдың орта кезiнде М.М. Красовский «Сiбiр қырғыздары ның аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның cол түстiкшығыс аймағындағы қазақтардың өмiрiнен көптеген егжей тегжейлi тарихистатистикалық, географиялық және этнографиялық мәлiметтер келтiрiлген.
Г.Н. Потаниннiң Қазақстанды зерттеудегi рHлi. Г.Н. Потанин (1835–1920) Жәмiшев селосында Сiбiр казактарының отбасында дү ниеге келдi. Ол – Ресейдiң аса iрi қоғам қайраткерi, көсемсөзшi, географғалым әрi этнограф. Омбы кадет корпусында оқыды, сон да жүрiп Шоқан Уәлихановпен танысып, дос болды. Қазақтың тiлiн, тұрмыстiршiлiгiн, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте
жақсы бiлдi. ХIХ ғасырдың 60–90жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Урянхай өлкесi, Қытай және Тибет жерлерiне бiр неше iрi саяхат жасады. Сол сапарлары кезiнде қазақ фольклоры үлгiлерiн жинап, зерттедi. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейха нов, М. Шорманов, Қ. ;скенбаев, И. Сәтбаев, сондайақ Шыңғыс Уәли ханов сияқты көрнектi өкiлдерiмен достық қарымқатынаста болды. Ғалым қазақ ертегiлерiне, нанымсенiмдерiне, халық поэзиясының үлгiлерiне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмiрiнен «Қырғыз жәрмең кесiнде», «Қырғыздардың саудасаттығы», «Шоң би», «Қазаққырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» сияқты басқа да мақалалар жариялады.
Замандастары оны қазақ халқының адал әрi шын берiлген сүйiктi
досы деп бiлдi. 1915 жылы қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар Г. Потанинге деген зор құрметтiң белгiсi ретiнде Орынборда оның 80 жасқа толған мерейтойын салтанатты жағдайда ұйымдастырып, атап өттi.
