Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы

Қазақ халқының аса көрнектi ғалымдары мен ағартушыларының бiрi Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов болды.

  1. Шоқанның жастық шағы. Шоқан Уәли ханов 1835 жылы Құсмұрын бекiнiсiнде дүние ге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетiп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы едi. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сы рымбетте өттi.

Шоқанның атабабалары атақты сұлтан дар әулетiне жатады. Оның арғы бабасы Абы лай хан ХVII ғасырдағы айбынды қазақ би

Шоқан Уәлиханов.

леушiлерiнiң бiрi болды. Ал атасы Уәли патша үкiметi ресми түрде

бекiткен қазақтың соңғы ханы едi. Әкесi Шыңғыс Омбы әскери учи лищесiн бiтiрген, Көкшетау сыртқы округiнiң аға сұлтаны лауазым ды қызметiн атқарған. Шоқанның анасы жағынан туыс нағашыла ры да осал емес – Баянауыл өлкесiндегi атақты Шормановтар әулетi болатын.

Шоқанның жақын туыстарының естелiктерiне қарағанда, ол бала кезiнен бiлiмге бейiм әрi құмар болған. Шоқан тарихи аңызәңгi мелерге ерте бастанақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердiң әңгiмелерiн, ақындардың өлеңжырларын зор ықыласпен тыңдап

Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игi жақсыларымен бiрге.

Шормановтар отбасы.

өстi. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетiнен шыққан әжесi Айғаным ның ықпалы күштi болды. Ол жас Шоқанға ежелгi қазақ аңызда рын, аңызәңгiмелерiн, мақалмәтелдерi мен даналық сөздерiн жиi айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейiн Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман дiнi iлiмiмен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүрiпақ араб, парсы, шағатай тiлдерiнiң негiзiн үйренiп алды.

Ол сурет салуды да ерте үйрендi. Бұл өнердi оған орыс суретшi лерi, топографтары мен геодезистерi үйреттi. Олар Уәлихановтардың отбасында жиi болып тұратын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқара сының қалыптасуына жиiжиi қонаққа келiп тұратын декабристер де ықпал еттi. Олар бәрiн бiлуге құмар жас баланың бойында ғылым ға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түстi.

Шоқан жас кезiнен халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiне ерек ше ден қойды. Ол бала кезiнiң өзiнде «Қозы Көрпеш–Баян сұлу»,

«Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бiрнеше нұсқасын жазып алды.

  1. Омбыда оқуда болған жылдары. 1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түстi. Бұл оқу орны Сiбiрдегi жоғары бiлiктi мұға лiмдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бiрi болатын. Шо қан алғашқы жылдан өзiнiң оқуға қабiлетi мен бейiмдiлiгiн танытты. Ол әскери пәндердi, сондайақ географияны, орыс және Батыс Еуропа халықтары әдебиетiн, тарихты, философия негiздерiн, бо таниканы, зоологияны, физиканы, математиканы, геодезияны, құ рылыс салу өнерiн, сызуды, сурет салуды, каллиграфияны (көркем жазуды), шет тiлдерiн және басқа да пәндердi зор ынта қойып, құмар

та оқыды. Осында жүрiп те шығыс тiлдерi саласындағы бiлiмiн елеулi түрде тереңдете түстi. Ол орыс тiлiн тамаша меңгердi. Қосымша әде биеттердi көп оқыды. 14–15 жасынанақ кадет корпусының басшы лары оған болашақтағы зерттеушiшығыстанушы ретiнде қарай бас тады. Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жайындағы басылымдардан бай кiтапхана құрап алды. Омбыда бол ған кезiнде орыс зиялыларымен байланыста болуы Шоқанға үлкен әсер еттi.

Кадет корпусында Шоқанмен бiрге оқыған С.Я. Капустин ол туралы: «Шоқан көрiктi, аса сымбатты болды... бет әлпетi оның қа йырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңiнiң жанжақты, аса терең бiлiмдi адамы болды. Әсiресе оның тарихи бiлiмi зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор бiлiмдiлiгiмен ерекшеленетiн. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткiзе бiлетiн асқан шешен болатын», – деп жазды.

Шоқан кадет корпусында белгiлi ғалым, географ және Азияны зерттеушi Г.Н. Потанинмен бiрге оқып, достасып кеттi. Арада 30 жыл өткенде Г.Н. Потанин Шоқанның әкесi Шыңғыс сұлтанның ауылында болды. Осы сапарының нәтижесiнде ол «Қырғыздың (қазақтың. – авт.) ең соңғы ханзадасының отауында» деген еңбек жазып қалдырды. Бұл оның өмiрден ерте кеткен досы Шоқанды зор құрметпен еске алудың белгiсi едi.

Шоқан аса көрнектi орыс және шетел ақындары мен жазушыла ры А. Пушкиннiң, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдiң, Ч. Диккенстiң және басқалардың шығармаларын зор сүйiспеншiлiкпен қызыға оқыды.

Шоқан 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенiмен бiтiргеннен кейiн Сiбiр казак әскерiне қызметке жiберiледi. Көп ұзамай Батыс Сiбiр генералгубернаторының адъютанты болып тағайындалды. Қызмет орнында Шоқан Сiбiрдiң шенеунiктiк аппа ратымен бетпебет келiп, өкiметтiң заңсыз әрекеттерiне қатты күйiндi. Gкiмет орындарының озбырлығы жайлы достары Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковқа, К.К. Гутковскийге, В.С. Курочкинге ызалы хаттар жазды.

  1. Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерi. Тамаша бiлiм алып шыққан жас ғалым түрлi ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнiнде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердiң аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жақсы бiлетiн Шоқанға орыс зерттеушiлерi де қатты қызығып, оның көмегiне мұқтаж бола тын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сiбiр генералгубернаторы Г.Х. Гас форттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетiсу жерiне жаса ған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмiрiмен

танысып, қырғыздардың тарихи аңызәңгiмелерi мен жырларын жазып алды.

Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнектi ғалым, белгiлi географ П.П. СеменовТянШанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен сүйсiне қайран қалды. 1857 жылы П.П. СеменовТянШанскийдiң ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелiгiне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға, қырғыз елiне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретiндегi даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қыр ғыздарына сапар шегiп, оның тарихын, этнографиясын және халық тық поэзиясын зерттедi. Қырғыз халқының энциклопедиялық дас таны «Манасты» жазып алды.

1858–1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейiн ол өлкеде бiрдебiр зерттеушiнiң болып қай туының сәтi түспеген едi. Немiс ғалымы Р. Шлагингвейттiң еуропа лықтар үшiн мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қай ғылы аяқталып, ол қатыгездiкпен өлiм жазасына душар болғанды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өмiрiне қатер төндiре жүрiп, Қашғария өлкесiнiң тарихы, этнографиясы, мәдениетi мен геология сы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейiн мүлде белгiсiз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негiзiнде «Алтышардың неме се Қытайдың НанЛу провинциясының (Кiшi Бұхараның) шығыста ғы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегiн жазды. Еңбектi Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеушi ғалым дар жоғары бағалады.

Патша үкiметi жас ғалымның ғылыми ерлiк еңбегiн жоғары баға лады. 1860 жылы СанктПетербургте ол орденмен марапатталып, әскери шенi де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдiң өзi қабылдады. Осы кездесу кезiнде Шоқан патшаға орыс шенеу нiктерiнiң қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтiнiшiн батыл жеткiздi.

Петербургте болған кезiнде Шоқан Уәлиханов әр түрлi әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс iстедi. Ол ресейлiк шығыстану шылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиына тын нағыз пiрiне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркiстанның карталарын жасаумен айналысып, қажы майталмай еңбек еттi. Шығыс елдерiнiң қолжазбаларын мұқият зерттеудi де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шы ғыс тарихы туралы дәрiстер оқуға шақырып тұрды.

Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына ора луға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергiлiктi басқару iсiн қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларға қатысты. Оның негiзгi

ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө шiқоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстiк Қазақстанға

жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бiрақ әскери қызметi ұзаққа созылмады, генералдың жергiлiктi халыққа шектен тыс қа тыгездiк жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркiмен кеттi.

  1. Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы алатын орны. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өттi. Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өмiрiнен тарихиэтнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды. Аса көрнектi қазақ ғалымы әрi ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуiрде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Оның қабiрiнiң басына ескерткiш пен құлпытас орнатылды. Ескерткiштi саяси жер аударылып келген поляк революционерi Лепольд Ластовский жергiлiктi мәрмәр тастан қашап жасады. Шығыстанушы ғалым Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ еттi де жоқ болды», – деп жазды.

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының та рихы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнектi қазақ ғалымы өте ауқымды ғылымишығармашылық мұра қалдыр ды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күн делiктерi», «Үлкен орда қырғызқайсақтары туралы» т.б. еңбектерi өте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондайақ Орта Азия халықтарының өмiрiнен салған 150ден астам суреттерi сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсiби суретшiлерiнiң бiрi.

Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күнiне дейiн өз Отанын жантәнiмен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерiн бүкiл дүние жүзi жоғары бағалады. Бүгiнгi ұрпақтары оған деген зор құр меттiң белгiсi ретiнде Қазақстан қалаларының бiрнеше көшесiн Шоқанның есiмiмен атады. Оған арнайы ескерткiштер орнатылған. Ондай ескерткiш Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттiк университетiне Шоқанның есiмi берiлген. Онда «Уәлиханов оқула ры» деп аталатын халықаралық ғылыми конференциялар үнемi өткiзiлiп тұрады. Шоқан Уәлихановтың өмiрi мен қызметi егемен елiмiздiң жастары үшiн тамаша үлгiөнеге.

    1. Ғалымның балалық және жастық шағы туралы айтып берiңдер. 2. Шо қанның Омбыдағы оқу жылдары қалай өттi? 3. Шоқан Уәлиханов қандай

ғылыми экспедицияларға қатысты? 4. Ғалымның негiзгi ғылыми еңбектерiн атап шығыңдар. 5. Шоқанның Қашғарияға сапары қалай аяқталды? 6. Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихында алатын орны қандай? 7. Сендер атақты ғалым туралы қандай көркем әдебиет оқыдыңдар?

Адъютант – әскери бастықтың жанында қызмет бабындағы әр түрлi тап сырмаларды орындайтын офицер.

Декабристер – 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтерi лiске қатысушылар.

Кадет корпусы – әскери оқу орны.

Патриот – Отанына, туған халқына жантәнiмен берiлген адам. Ол өз Отанының мүддесi жолында кез келген құрбандыққа баруға, ерлiк жасауға әрқашан әзiр тұрады.

Веселовский Николай Иванович (1848–1918) – орыс шығыстанушысы, тарихшы шы, этнограф, археолог. Ол Ш. Уәлихановтың бiр томдық шығармалар жинағын

алғаш (1904 ж.) бастырып шығарған.