Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы

ХVIII ғасырда Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қазақ және Ресей мен Орта Азия тұрғындары арасында саудасаттық iсi жедел дамыды.

    1. ҚазақРесей саудасы. Ресейдiң ХVIII ғасырдағы зерттеушi ғалымы Георги қазақтардың саудасы туралы былай деп жазды:

«Олар (қазақтар. – авт.) өздерiнiң тұрмысына қажеттi нәрселер дiң барлығын да Ресеймен, Бұхармен, Хиуамен және басқа да көршi елдермен сауда жасау арқылы алып тұрады».

Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негiзгi орындары шекара шебiндегi Орынбор, Троицк, Петропавл, Омбы, Семей және Gске мен бекiнiстерi болды. Қазақтар базарға мал және мал шаруашылығы шикiзаты мен аң терiлерiн алып баратын. Ресейден әкелiнетiн тауар лардың негiзгi түрi фабриказауыт өнiмдерi болды. ҚазақРесей сау дасының бiрқатар өзiндiк ерекшелiктерi де бар едi. Оларда, бiрiн шiден, сауданың айырбас жасау сипаты басым болды. Gйткенi айна лымдағы ақша қазақтарда аз едi. Сауда бiрлiгi болып iсек қой санал ды. Екiншiден, сауданың эквиваленттiк тепетең балама бағалары бол мады. Соның арқасында Ресей саудагерлерi аз уақыттың iшiндеақ байып шыға келдi. Мысалы, бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенептi бiр жылқы мен өгiзге айырбас жасады. Ал ол жылқы мен өгiздi Ресей ге алып барып, 12–15 сомнан сатты. Үшiншiден, қазақ даласына сапа сы өте төмен тауарлар алып келiндi. Бұл жөнiнде Ресейдiң ХVIII ғасырдағы белгiлi зерттеушiсi П. Паллас былай деп жазды: «Қырғыз дардың (қазақтардың. – авт.) саудаға ебi жоқ. Олар сапасыз тауар ларды және қайдағы бiр ұсақтүйек заттарды айырбас жасау арқылы ала бередi. Мұның өзi орыс көпестерiне қыруар мол пайда әкеледi».

    1. Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.

Орынбор қазақорыс саудасының аса маңызды орталығына айналды. 1743 жылы Жайықтың сол жақ жағалауында Орынбордың түбiнде қазақтармен және Орта Азия көпестерiмен сауда жасау үшiн арнайы Айырбас сарайы салынды. Жергiлiктi қазақтар оны «Ақ базар» деп атады. Ол кiрпiштен салынған төрт бұрышты үлкен құрылыс бола тын (әрбiр қабырғасының ұзындығы 430 метр). Оның iшкi жағында дүкендер мен қамбақоймалар салынған едi. Оларда ерте көктем мен қара күзге дейiн айырбас сауда қызу жүрiп жататын.

Мұнда Орта Азиядан жiбек, мақтамата және шапан, кiлем, тө сенiш, көрпе, кептiрiлген жемiс, пiсте, мал терiлерi, қаракөл елтi рiлерi, ертұрман мен жүгендер, басқа да күнделiктi тұрмысқа қа жеттi бұйымдар әкелiнген.

Қазақтар негiзiнен iрi қара, қойешкi, жылқы, түйе, жүнжұрқа, жылқының жалы мен құйрығының қылы, ешкiнiң түбiтi, киiз, теке

Қазақ саудагерлерi.

мет, сырмақ, қой терiсi, қаракөл елтiрiсi сияқты мал мен мүлiктердi саудаға шығарды.

Ресей көпестерi мақтамата кездемелерi, барқыт, астық, жарма, шай, қант, темiр, шойын, мыстан жасалған бұйымдар, самаурын сияқты басқа да тауарлар сатты.

Орынбордағы айырбас сарайында күн сайын сауда кезiнде тәртiп сақтауды аға офицер басқаратын бiр рота солдаттар қадағалап отыр ды. Қазақтармен саудасаттықтың артуы Ресейде тоқыма өнеркәсi бiнiң дамуына әсер етiп, ынталандыра түстi.

    1. Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасаттығының дамуы. Орта жүз қазақтарының Орынборға жетуi өте қиын болды, жол алыс едi. Сондықтан да қазақтардың 1743 жылы Үй шекара бекiнiсiнде, 1745 жылы Орск (Ор) бекiнiсiнде сауда жасауына рұқсат етiлдi. Тап осы 1745 жылы Абылай сұлтан Сiбiр өкiмет билiгi орындарынан Жәмiшев бекiнiсiнде сауда орталығын ашуды сұрады. Бұлай деп өтiнiш жасаудың себебi қазақтарда астық, шұға, пышақ, ат ауыз дығы, балта сияқты заттар тым жеткiлiксiз едi. Gз кезегiнде Ертiс бойындағы бекiнiс тұрғындары жамандат, сiбiр күйдiргiсi сияқты аурулардан жиi шығынға ұшырайтын жылқы мен сиыр малының санын қалпына келтiрiп, көбейтуге мүдделi болды. Мiне, сондық тан да генерал Киндерман Семей және Жәмiшев бекiнiстерiнде сау дасаттық жасайтын орындар ашуға рұқсат еттi. Саудаға қазақтар мен қатар орыстар да, Орта Азияның саудагерлерi де қатысты. Бiрақ жоңғарлардың әскери жорықтары кезiнде бұл бекiнiстегi саудасат тық уақытша тоқтап қалып жүрдi.

1750 жылы қазақтар Троицкiде де сауда жасай бастады. Қазақ

тармен сауда жасауға Мәскеуден, Қазаннан, Туладан, Ростовтан, Ярославльден, Воронежден, Курскiден, Түменнен және басқа да

қалалардан көпестер көптеп келетiн болды. 1759 жылы Абылай сұлтанның өтiнiшi бойынша Петропавл бекiнiсiнде қысқы сауда орны ашылды. Қазақтар онда мал және мал өнiмдерiмен қатар ас тұзын да саудалады.

Көшпелi қазақтар мен отырықшы орыс халықтарының арасында тұрақты саудасаттық байланыстарын қалыптастырып, нығайта түсу көзделiнiдi. Осы мақсатпен шекара шебiндегi бекiнiстерде қазақ ақсүйектерiне сыйлық ретiнде ақша үлестiрiле бастады. Кейiнiректе шекара шебiндегi бекiнiстерде қазақтар мен Орта Азия саудагер лерiне арнап мешiттер мен керуенсарайлар салу қолға алынды. Бұл кезде Петропавл және Семей қалалары iрiiрi сауда орталықта рына айналды.

    1. ХVIII ғасырда қазақтардың арасында құл саудасы кеңiнен та раған жоқ едi. Қазақ қоғамындағы құлдық патриархалдық (үй iшiлiк) әрi көмекшi сипатта болды. Мұның себебi – қазақтар өздерiнiң ма лын бағуды құлдарға сенiп тапсыра алған жоқ. Сондайақ әскери жорыққа кеткен кездерiнде ауылда көп құл қалдыру да қауiптi бола тын. Құлдардың қатарын толықтырып отырудың негiзгi қайнар көзi көршi халықтармен жүргiзiлетiн соғыстар едi. Мәселен, қазақ дала сындағы құлдардың саны Жоңғария мемлекетi жойылғаннан соң едәуiр арта түстi. 1771 жылғы «Шаңды жорықтан» кейiн Едiл қалмақ тары қатарынан ерiксiз құлдарға айналғандар аз болған жоқ. Ресей лiктерден құлдыққа түскендер Орта Азиядағы құл базарларында са тылатын. Сонымен қатар Орта Азиядан құлдыққа түскендер Орал, Есiл және Ертiс шекара шебiндегi бекiнiстерде сатылып кететiн. Көптеген құлдар Ресейдiң Iрбiт жәрмеңкесiнде сатылатын. Ересек құлдардың орташа бағасы 25 сомнан 50 сомға дейiн, ал балалардың бағасы – 10 сомнан 25 сомға дейiн жететiн.

ХVIII ғасырдың аяқ кезiнде Қазақстандағы құлдықтың бар екенiн

патша үкiметi де танып мойындаған. Мәселен, Жәмiшев және Семей бекiнiстерiнде жергiлiктi билiк өкiлдерi жұмысшы күшi ретiнде құл сатып алып отырған. Сiбiр казактары қазақ ұлыстарынан тұтқын алып, құлға айналдыру үшiн жиiжиi қарулы жорықтар жасап тұрған. Осындай бiр жағдай туралы Қазақстанды зерттеушi, белгiлi ғалым Г.Н. Потанин былай деп жазды: «1743 жылғы қарашада жүзбасы Дорохов 280 адамы бар отрядымен Қазақ ордасына шабуыл жасады... Теке көлiнiң жанында Әлiмбет батырдың ұлысына жасаған шабуыл кезiнде 42 ер және әйел адам тұтқынға түстi, көп адам соққыға жығылып, жарақат алды, 812 бас мал айдап әкетiлдi».

Әдетте тұтқындардың бiр бөлiгi жорыққа қатысқандарға тараты лып берiлетiн, ал ендi бiр бөлiгi өлкенiң жоғары шендi шенеунiкте рiнiң өздерi арасында бөлiске түсетiн. 1822 жылы патша үкiметi ша буыл кезiнде Қазақстанда құлдыққа адам алуға тыйым салды. 1859 жылы Батыс Сiбiр генералгубернаторы Г.Х. Гасфорттың бастамасы

бойынша Орта жүз қазақтарынан алынған 400ге жуық құл бостан дыққа жiберiлдi. Ресми құжаттарда құлдардың бар екенi сол кезден бастап атап көрсетiлмейтiн. Құлдардың едәуiр бөлiгiн дәулеттi бай қазақтар «бала етiп» асырап алып та отырды.

  1. ҚазақРесей айырбас саудасының ерекшелiктерi туралы айтып берiңдер. 2. Орынбор Ресейдiң қазақ халқымен саудасаттығында қандай

орын алды? 3. Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасаттық жасауында Абылай қандай рөл атқарды? 4. Қазақстан аумағындағы құл саудасы жөнiнде айтып берiңдер. 5. Осы параграфтың 4тармағын қалай деп атауға болатынын ойланып көрiңдер.

Iрбiт жәрмеңкесi – Ресейдiң сауда айналымы жөнiнен iрi жәрмең келерiнiң бiрi (1880 жылы ондағы сауда айналымының мөлшерi 70 мил лион сомға жуықтаған). Жәрмеңкенiң негiзi 1643 жылы қаланған.

Қамбақоймалар – астық, ұн, азықтүлiк тауарлары, сондайақ басқа да тауар түрлерi сақталатын орын.

Дүкен – шағын сауда орны.

Айырбас сауда – айырбас арқылы ақшасыз сауда жасау тәсiлi.

Гасфорт Густав Христианович (1794–1874) – Батыс Сiбiрдiң генералгубернато ры (1851–1860).

Потанин Григорий Николаевич (1835–1920) – орыстың белгiлi қоғам қайраткерi, та рихшы, этнограф. Қазiргi Павлодар облысының Жәмiшев селосында туған.

«Қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) шығыстағы ұлыстары Жоңға

рия астығымен жеткiлiктi жабдықталды. Бiрақ батысқа қарай ұзаған сайын астық тапшылығы күштiрек сезiлдi. Gйткенi бұрын орыстармен Есiл арқы лы да, Ертiс арқылы да саудасаттық жасалмайтын. Сондықтан да орыс тармен сауда қатынасын орнату аса қажет болды. 1747 жылы Есiл бойын дағы батыс Ұлыстарда болған драгун Донов былай деп хабарлаған: қырғыз дар «қара бидайдың да, ақ бидайдың да ұнына өте зәру», ал «шұға матаға құмарлығы сонша, тiптi жалынып сұрайды, жатжерлiктерге небiр жақсы аттарын қосқосынан ұсынады, тек сұраған тауарын тауып бере алсаң болғаны». Ертiс бойындағы шекара шебiнiң бекiнiстерiне келген қырғыз дар пышақ, аттың ауыздығы, балта сұраудан танбайды. Астыққа, шұғаға, темiрге деген мұқтаждық Абылайды 1745 жылы Жәмiшев бекiнiсiнде сауда орнын ашу туралы өтiнiш жасауға мәжбүр еттi. Алғашқыда бекiнiсте сатуға арналған астық жоқ деген сылтаумен өтiнiш қабыл алынбады. Алай да драгун полктары үшiн мiнiс аттарына деген зәрулiк, аттар мен жер жыртуға қажеттi өгiздердiң сiбiр күйдiргiсiнен өлiп қала беруi салда рынан жылқыға деген мұқтаждықтың күштi болғаны сонша, ақыр аяғында шекара шептерi басшылығының өзi де Ертiс бойындағы бекiнiстердiң бiреуiнде сауда орталығын ашуды өтiнiп сұрады. Тап сол 1745 жылы гене рал Киндерман Семей және Жәмiшев бекiнiстерiнде сауда орталығын ашуға рұқсат еттi...»

Потанин Г.Н. Қырғыздардағы саудасаттық//Үш томдық таңдамалы шығармалары. Павлодар, 2005, 3том, 56бет.