Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы

ХIХ ғасырдың бас кезiне қарай шекара шебiне таяу аймақтар дағы қазақ және орыс халықтарының арасында достық қатынас тар қалыптаса бастады. Бұрынғы өзара атысшабыс бәсең тарт ты. Шекаралық аймақтардағы жәрмеңкелерде саудасаттық қыза түстi. Қарапайым қазақтар мен орыстардың арасында бiрбiрiмен тамыр болу кеңiнен етек алды.

Сонымен қатар жайылымдық жерлердiң көлемi елеулi түрде та рыла түстi. Мұның өзi мал өсiретiн дәстүрлi шаруашылық жүйесiн бiртебiрте бұза бердi. Кiшi жүз қазақтарының материалдық жағ дайы әлдеқайда нашарлай түстi. Шекара шебiне таяу қазақтар ашаршылыққа ұшырады. Қазақтар шекара шебiнiң iшкi жағына қа рай өтуге мәжбүр болды. Кейiнiрек онда қоныс аударған қазақтардың көпшiлiгi Ресейдiң 1812 жылғы Отан соғысына белсене қатысты. Олар орыс армиясы жағында француздарға қарсы ерлiкпен күрестi.

      1. Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарындағы ашаршы лық. ХIХ ғасырдың бас кезiнде Кiшi жүздiң Ресеймен шекаралас аудандарында күрделi әлеуметтiкэкономикалық жағдай қалыптас ты. Жайықтың далалық жақ бетiнде құрғақшылық салдарынан шөп тiң шығымы нашар болып, мал қырыла бастады. Қазақстанның Ре сеймен шекаралас аудандарында тұратын қазақтар жайылым тап шылығын қатты тартты. Оның үстiне, Жайық казактары мен баш құрттар қазақ ауылдарына шабуыл жасауын үстiүстiне үдете түстi. Мiне, мұның бәрi шекаралық аймақтағы қазақтарды ашаршылыққа ұшыратты.

      2. Қазақтарды Жайықтың iшкi жағына жiберу туралы 1808 жыл ғы жарлық. Қайыршыланған қазақтардың Жайық және Орынбор шекара шебiне шоғырлана топтасуы, жаппай ашаршылық Орын бор басшылығын шошындырмай қала алмады. Мiне, мұндай жағ дайда патша үкiметi бұрынсоңды болып көрмеген теңдесi жоқ қадам жасауға барды. 1808 жылғы 23 мамырда Орынбордың әскери губер наторы кiнәз Г.С. Волконскийдiң атына жолданған жарлық шығар ды. Ол жарлық «Орынбор шекара шебiне таяу көшiпқонып жүрген қырғыздарды (қазақтарды. – авт.) iшкi жаққа жiберу туралы» деп аталды. Жарлық бойынша қазақтарды Жайықтың оң жақ iшкi бетiне мынадай шартпен жiберу көзделдi: қазақтар iшкi жаққа өткен соң тек қана башқұрттардың, яғни мұсылмандардың арасына жайғасуы тиiс. Iшкi жаққа өткен әрбiр қазаққа жер телiмдерi берiледi және оны он жыл бойы «алымсалықтан, басқадай қызмет түрлерi үшiн төлемдерден» жеңiлдiкпен пайдалануына рұқсат етiледi. Iшкi жаққа қоныс аударушылар аң аулауға ғана жарайтын садақ пен жебеден

өзге ешқандай қаружарақ түрлерiн алып өтпейтiн болуы керек. Бұл жарлықтың шығуы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетiне жаппай өтуiн үдетiп жiбердi. 1820 жылы шекара шебiнiң iшкi жағына өткен қазақтардың жалпы саны мыңдаған адамға жуықтады.

Ол қазақтардың басым көпшiлiгi башқұрт кантондарында (әкiм шiлiкаумақтық бөлiнiс) тұрды. Тiптi «Байсақал» деген атпен қазақ ауылы да пайда болды. Онда 1818 жылы 300ге жуық қазақ тұрды. Олардың бәрi де башқұрттар қатарына өттi. Байсақалдықтар бейне бiр үлгiтәжiрибе қауымдастығы сияқты едi. Алайда олардың ара сында елеулi қылмыскерлер мен тәртiп бұзған жазықтылар да бар болатын. Солай бола тұрса да, олар егiншiлiкпен айналысатын оты рықшы өмiр салтына көшуде өзгелерге үлгiөнеге көрсете бiлдi. Орынбор мұрағатындағы материалдарға қарағанда, «олар өздерiне үйжай салып алған, мешiт пен училище ашқан, егiншiлiкпен айналыс қан, шамашарқына қарай мал да өсiрген». Қазақтардың көпшiлiгi башқұрттарға жалданып жұмыс iстеген. Ал башқұрттар белгiлi бiр ақы төлеу арқылы өздерiнiң орнына қазақтарды әскери қызмет боры шын өтеп қайтуға жiберуге тырысқан.

Қазақтардың iшкi жаққа қоныс аударуы оларды ашаршылық апатынан аман алып қалды, бiрақ олардың башқұрттар арасында топтасып, отырықшы өмiр кешуi қиыншылыққа түстi. Gйткенi қа зақтар мен башқұрттардың арасында 1755 жылғы оқиғаларға бай ланысты ескi қыжыл бар болатын. Башқұрт старшындары қазақ тарға жер телiмiн бөлiп бермеуге әрекет етiп бақты. Бiр жағынан башқұрттардың өздерi де жер тапшылығын сезiнуде болатын. Олар жерлерiн орыс помещиктерiне су тегiнге дерлiк жаппай са тып жiберген едi. Қазақтардың башқұрттар қатарына енуi оларды көп жылдар бойы әскери қызмет борышын өтеуге мiндеттi еттi. Оның үстiне, көшпелi қазақтардың бiтiмболмысы отырықшы өмiр салтына төзе алмайтынын да ұмытуға болмайтын. Олардың едәуiр бөлiгi өз даласына қайта оралды, ал қалғандары жалға жер алып, немесе башқұрттарға жалданып жұмыс iстедi. Кейiнiрек олардың көпшiлiгi француз басқыншыларына қарсы соғыста орыс армиясы жағында ерлiкпен шайқасты.

      1. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы. 1812 жылы I Наполеонның армиясы Ресей аумағына басып кiрдi. Орыс халқы ның, Ресейдiң құрамындағы басқа да халықтардың француз басқын шыларына қарсы Отан соғысы басталды.

Патша үкiметi империя халқына үндеу таратып, Ресейдi қорғап қалуға шақырды. Ол үндеудiң мазмұны Орынбор өлкесiнiң губерна торы Г.С. Волконский арқылы сол жылдың күзiнде қазақ ауылдары на да жеттi. Манифест татар тiлiне аударылып, мұсылман халықта рына, соның iшiнде қазақ халқына да таратылды.

7—6903 97

Ресей мемлекетiн қорғау үшiн Орынбор өлкесi соғысқа 31 атты әскер полкiн аттандырды. Олардағы солдаттар әр түрлi халықтардың өкiлдерi: Орынбор казактарының 5 полкi, Жайық казактарының 5 полкi, башқұрттардың 19 полкi, тептярлардың 2 полкi едi. Қазақтар дың дербес әскери құрамасы жасақталған жоқ. Бiрақ қазақтар бұл соғысқа башқұрт және тептяр полктерiнiң құрамында қатысты. Шоқынған қазақтардың едәуiр бөлiгi Орынбор полктерiнiң құра мында болды.

Генерал М.И. Платовтың казак корпусының I Тептяр полкiнiң құрамында қазақтар француз басқыншыларына қарсы атақты Боро дино шайқасы кезiнде ерекше ерлiкпен соғысты. Осы шайқастағы ерлiгi үшiн қазақ жауынгерi Майлыбайұлы күмiс медальмен мара патталды. Ал старшина Қарынбай Зындағұлұлы көгiлдiр лентаға тағыл ған медаль алды. Ержүрек жауынгерлер Мұрат Құлшаранұлы мен Еркiн Азаматұлына хорунжий шенi берiлдi.

Француз басқыншыларына қарсы шайқастарда қатардағы жауынгер Боранбай Шашубайұлы мен жасауыл Ықсан Әубәкiрұлы да ерен ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi. Вьязма түбiндегi шайқаста көрсет кен ерлiгi үшiн I Тептяр полкiнiң жасауылы Сағит Хамитұлы үшiншi дәрежелi Қасиеттi Анна орденiмен марапатталды.

Башқұрт құрамаларының қатарында соғысқан Нарынбай Жанжi гiтұлы Георгий орденiне ие болды. Осы құраманың полктерiнде бас қа да қазақтар соғысты. Мәселен, Әмен Байбатырұлы Лейпциг пен Глогау түбiнде болған шайқастарда көрсеткен ерлiгi үшiн күмiс ме дальмен марапатталды. Олар орыс армиясының шетелдегi жорықта рына да қатысты.

Отан соғысына қатысқандардың арасында шоқынған қазақтар да болды. Мәселен, 3Орынбор полкiнде қызмет еткен Яков Беля ков орыстың атақты әскери қолбасшысы, генералфельдмаршал М.И. Кутузовтың өз қолынан награда алған болатын. Кейiн ол от ставкаға шығып, өзiнiң туған ауылына қайтып оралады, қайтадан ислам дiнiн қабылдайды. Соғысқа қатысқан бiрқатар қазақтар найза, сойыл, айбалта, шоқпар, садақ сияқты ұлттық қаружарақтармен шайқасқа түстi. Оларға орыс халқы құрметпен қарады. Орыс армия сының құрамында мыңдаған қазақ шайқасқа қатысты.

      1. 1812 жылғы Отан соғысы кезiнде қазақтардың Ресейге кHр сеткен кHмегi. Отан соғысы басталысымен қазақорыс сауда қаты насы күшейе түстi. Gйткенi майданға мал, азықтүлiк және киiм кешек көп керек болды. Iшкi Орданың, Кiшi жүз бен Орта жүздiң қазақтары орыс армиясына, Отан соғысы кезiнде майдан қажетiне киiз үйлер мен жылы киiмдер, қыруар көп жылқы бердi. Мәселен, Iшкi Орданың қазақтары 1804 жылдан 1815 жылға дейiн 47,2 мың жылқы жөнелттi. Шығыс Қазақстандағы Риддер, Зырян ке

нiштерiнде жұмыс iстейтiн қазақтар Ресейдi басқыншылардан қорғау үшiн 22 мың сом ақша жинады. Елтондағы тұз кенiште рiндегi қазақтар армияның мұқтажын өтеу үшiн миллион пұт тұз жiбердi. Қазақтар майданға қажеттi жүктi тегiн тасыды т.б. көмек терi аз болған жоқ.

      1. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихи маңызы. Орыс халқының француз басқыншыларына қарсы жүргiз ген 1812 жылғы Отан соғысына қазақтардың белсене қатысуының орасан зор тарихи маңызы болды. Ол қазақ және орыс халықтары ның арасындағы қарымқатынастарды әлдеқайда жақсарта түсуге игi ықпал еттi. Мұның өзi жалпы құлдыққа түсу қатерi төнген кезде осы екi халықтың бiрлескен бiртұтас жауынгерлiк туыстығының ал ғашқы көрiнiсi болды. Қазақтар кескiлескен шайқас даласында жау ынгерлiк рухы әрқашан жоғары болатынын дәлелдеп шықты. Осы ның алдындағы жылдарда өздерiнiң жалпы жағдайы өте ауыр болға нына қарамай, тамаша ерлiк үлгiлерiн көрсеттi. Егер патша үкiме тiнiң Қазақстандағы отаршылдық экспансиясы шектен тыс күштi болмағанда қазақтардың Ресейге оның Отан соғысы жылдарындағы көрсеткен көмегi әлдеқайда артық болар едi. Ал патша үкiметi 1810 жылы қазақтардың Елек қалашығы маңындағы жалпы көлемi 600 мың десятина келетiн қыруар көп жерлерiн тартып алған болатын. Мұның өзi қазақтардың тарапынан патша үкiметiне деген орасан зор ашуыза тудырды және ол қазақтардың көтерiлiс жасауына алып барып соқтырды.

        1. ХIХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақта рында болған ашаршылықтың негiзгi себептерiн атаңдар. 2. Ашаршылық

қа ұшыраған қазақ халқын аман сақтап қалу үшiн патша үкiметi қандай шара лар қолданды? 3. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтардың көрсеткен ерлiгi мен батылдығы туралы мысал келтiрiңдер. 4. Соғыс жылдарында қазақтар патша үкiметiне қандай көмек түрлерiн көрсеттi? 5. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының қандай тарихи маңызы болды? 6. Қазақтардың, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың Отанды сыртқы жаулардан қор ғауға шақыратын мақалмәтелдерiн келтiрiңдер.

Тамыр – досжар болу. Қазақтар мен iшкi Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары арасында қалыптасқан шаруашылықтұрмыс

тық байланыс, ынтымақтастық пен достық қарымқатынастың көрiнiсi.

Волконский Григорий Семенович (1742–1824) – Орынбордың әскери губерна торы (1803–1817).

Кутузов Михаил Илларионович (1745–1813) – орыстың әскери қолбасшысы, ге нералфельдмаршал. 1812 жылы француз басқыншыларына қарсы соғыста орыс армия сына қолбасшылық еткен.

  1. Наполеон Бонапарт (1769–1821) – әскери қолбасшы, 1812 жылы Ресейге әскери жорық жасаған Франция императоры.