- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
Ресей әскерлерiнiң Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiкшы ғыс аумақтары арқылы iлгерi жылжи түсуi, Хиуа мен Қоқан хан дықтары тарапынан үнемi шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлердi тартып алуы жергiлiктi қазақ халқының көтерiлiске шығуына себеп болды. Ол көтерiлiстер кезiнде халықтың қалың бұқарасын атақты батыр лар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтiбарұлы басқарды.
Сыр Hңiрi қазақтарының Орта Азия мемлекеттерiне қарсы кү реске шығуының себептерi. Арал теңiзi маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түскен мемлекеттердiң бiрi Қоқан хандығы бол ды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкенттi, 1814 жылы Түркiстанды басып алды. 1818 жылы қоқандықтардың Ақмешiт бекiнiсi Сырда рияның оң жағалауына көшiрiлдi. Ақмешiт бiртебiрте сауда керуен жолдары үстiндегi аса iрi әскери бекiнiстердiң бiрiне айналды. Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан Троицк, Атбасарға, Батыс Сiбiр қа лаларына өтетiн көпестердiң керуендерiн бақылап отырды.
Қоқандықтар Ақмешiт пен басқа да бекiнiстер аймағында кө шiпқонып жүрген қазақтардан жиналатын алымсалық түрлерiн ауырлатып жiбердi. Мәселен, әр отбасы жыл сайын салық ретiнде Қоқан үкiметiне 6 қой, 4 арба сексеуiл, 1000 бау қамыс төлеп тұруға тиiс болды. Мұның өзi жергiлiктi тұрғындардың матери алдық жағдайын нашарлата түстi. Бұл мәселенi қоқандықтармен бейбiт жолмен келiсiм жасасу арқылы шешу әрекеттерiнiң сәтi түспедi. Сыр бойы қазақтарына қарсы бағытталған Қоқан өктемдiгiн тоқтату үшiн Қасым сұлтан мен оның ұлы Саржан сұлтан күш салып бақты. Бiрақ ол екеуi де қоқандықтардың қолы нан сатқындық зұлымдықпен қаза тапты.
Қоқандықтардың қазақ даласына зұлымдықпен шабуыл жасап тұруын тоқтату мақсатымен атақты хан Кенесары Қасымұлы Қоқан хандығының аумағына бiрнеше рет жорық жасады.
Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерiн Хиуа хандығы да жаса ды. Мәселен, 1835 жылы ол Қуаңдария өзенi бойында Құртөбе әске ри бекiнiсiн салды. Ондағы әскери гарнизонда 200 солдат болды. Ал Сырдария өзенiнiң сол жағалауында Қожанияз және Жаңақала әскери бекiнiстерi бой көтердi. Шекара шебiне таяу тұратын қазақ тардан зекет, ұшыр және басқа да алымсалық түрлерiн жинап алу үшiн Хиуа хандығы оларға мезгiлмезгiл әскери жасақтар жiберiп отырды. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда жазалаушы жасақтар қазақ ауылдарын қырыпжойып, тонап кетiп жүрдi. Қазақтардың әйелдерi мен балаларын күң және құл ету үшiн айдап әкеттi. Хиуа ның iрi шапқыншылықтарының бiрi 1847 жылы болды. Ол жолы
Хиуаның 1500 сарбазы бар әскери қолы жергiлiктi қазақтардың 1000нан астам шаруашылығын тасталқан етiп, ойрандап кеттi. Ал келесi жылы қазақтардың 2500ден астам отбасы тап осылай ой рандалып, тонауға ұшырады. 500ге тарта қазақ қаза тапты. Көптеген адам тұтқын болып, құлдыққа сатылып кеттi.
Хиуалықтардың қорлығы мен қысымына шыдамаған қазақтар дың бiр бөлiгi Қарақұм мен Ырғыз өзенi жаққа көшiп кеттi. Хиуа лықтар мен қоқандықтардың езгiсiне төзгiсi келмеген Сыр бойының қазақтары өздерiнiң бостандығы жолындағы күреске шықты. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы, одан сәл кейiнiрек Ресейдiң әскери күштерiнiң орналаса бастауына қарсы ұлтазаттық күресiн халық арасынан шыққан белгiлi батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774–1860) басқарды.
Жанқожа батырдың Хиуа мен Қоқанға қарсы күресi. Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзiнiң бүкiл өмiрiн Арал маңы қазақтарының тәуел сiздiгi жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кiшкене шектi руының басшысы едi. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлiгi және қањармандығы үшiн құрмет тұтты. Оның ерекше қара күшi де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар едi. Сыр бойы ның қазақтары оны ақылды әрi әдiлеттi би ретiнде таныды. Батырдың өзгелерден бiр ерекшелiгi ол дiнге берiлген иманды кiсi едi. Белгiлi ғалым әрi қоғам қайраткерi М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрi би, қазақтардың бостанды ғы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хи уалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».
Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастар дың бiрiнде ол өзiнiң соңына түсiп, қуып келе жатқан хиуа жасақта рын жалғыз өзi тасталқан етiп жеңiп шығады. Сол жолы өзi де 8 жерiнен жаралы болады. Осы бiр жүрек жұтқан ерлiгi үшiн халық оны қадiр тұтып, сыйқұрметке бөледi. 1835 жылы ол Хиуаның Баба жан бекiнiсiн шауып алды. Жанқожа қол астындағы адамдарға әдiл басшылық еттi, оларға қатаң талаптар қоя бiлдi. Парақорлар мен ұрыларды өлiм жазасына кестi. Ол қарапайым дене еңбегiнен ешқа шан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егiн даласында, тоған құрылысында, арықатыз, канал қазуда да өз руластарымен бiрге аянбай еңбек еттi. Оның атақдаңқы бүкiл қазақ даласына жайылды. Жанқожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарымқатынас орнат ты. Хан оның қызына үйлендi. Атақты батыр ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Хиуаның қатаң тепкiсiне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбiлғазыұлының iсiн жалғастырып, алға алып барушы болды.
1836 жылы Жанқожа жауынгерлерiмен бiрге Хиуа әскерлерiне
қарсы күреске шығып, олардың iрi бекiнiсқамалы Бесқаланы тас талқан етiп қиратты. 1845 жылы Хиуаның құрамында екi мың сар базы бар iрi жасағын ойсырата жеңдi.
Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгi ағысы бо йындағы Жаңақорған, Күмiсқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқ ты әскери бекiнiстерiне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлы ның әскери жасақтарымен белсендi байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтiнiшi бойынша Созақ әскери бекiнiсiн басып алуға қатысты.
1847 жылы көтерiлiсшiлер Сырдарияның сол жақ бетiне өтiп, Хиуаның және бiр бекiнiсiн – Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серiктерi хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйенi, 500 жылқыны, 2 мың iрi қараны және 52 мың қойды қайтарып алды.
Кейiнiрек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен ұзақ жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кеттi. Жанқожа батыр Ақмешiтке дейiн жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекiнiсқамалын басып алды. Жергiлiктi қа зақтар Қоқан езгiсiнен азат етiлдi.
Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресiп жүрген кезде Ресей им периясының әскери жасақтары Орынбор жақтан Маңғыстауды ба сып өтiп, Сырдарияны бойлап iлгерi жылжып келе жатты.
Сыр бойы қазақтарының патша үкiметiне қарсы күреске шығуы ның себептерi. Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты Сырдарияның төменгi ағысы бойында да әске ри бекiнiстер сала бастады. Жаңа салынған әскери бекiнiстерге Орынбор мен Жайық шебiнен казактарды, сондайақ башқұрттар дың отбасыларын көшiрiп әкелiп, орналастыра бастады.
1848 жылы Райым бекiнiсi төңiрегiнде Орынбор казактарының 26 отбасы тұрып жатты. Қоныс аударып, көшiп келушiлердiң қатары жыл санап арта түстi. Көшiп келгендердiң бәрi де Сырдарияның жағасындағы ең құнарлы әрi жақсы суарылатын жерлерге орналас тырылды. Жергiлiктi халық өздерiнiң ежелгi атабабасының жерле рiнен бiртiндеп ығыстырыла бастады. Соның салдарынан Сыр бой ындағы диқан қазақтар ендi жаңадан тың және тыңайған жерлердi игеруге мәжбүр болды. Олардың бiрқатары қоныс аударып келген дердiң және шенеунiктердiң шаруашылықтарына жалданып жұмыс iстей бастады.
Райым бекiнiсi таратылғаннан кейiн қоныс аударып келген казак тар 1855 жылы Қазалы қамалына көшiрiлдi. Олар мұнда келгеннен кейiн де ең жақсы, құнарлы, суармалы жерлерге ие болды. Оларға бұрынғысынша үлкен артықшылықтар мен жеңiлдiктер берiлдi. Қа рапайым қазақтардың арасындағы наразылық жыл өткен сайын кү шейе түстi. Ақырында ол Ресейдiң әскери әкiмшiлiгiнiң озбырлық iсәрекеттерiне қарсы ашық күреске ұласты.
Ресейдiң Арал маңындағы аймақтарды Орта Азия хандықтарының езгiсiнен азат етуi халықтың жағдайын жақсарта алған жоқ. Патша үкiметi қазақтың әрбiр отбасына 1,5 сомнан салық салды. Қазақтардың суарма лы жақсы жерлерiн қоныс аударушылар мен шенеунiктерге тартып алып беру одан әрi жалғастырыла түстi. Мiне, бұл жағдайлардың бәрi де қазақтарды Ресейдiң отаршыл өкiмет билiгiне қарсы барған сайын белсендiрек күресуге мәжбүр еттi.
