- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
Патша үкiметi 1867–1868 жылдары Қазақстан аумағында әкiмшiлiк реформа жүргiздi. Оның негiзгi мақсаты сұлтандар то бын өкiмет билiгiнен бiржолата ығыстырып, жалпыимпериялық бас қару тәртiбiн енгiзу едi. Жаңадан енгiзiлген шаралар өлкенi шару ашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдiң еуро палық бөлiгiнен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қапта туды қамтамасыз етуге тиiс болды.
Қазақстанда реформа жүргiзудiң себептерi және оны әзiрлеу барысы. 1822 және 1824 жылдары жүргiзiлген реформалар ХIХ ға сырдың 60жылдарына қарай бiртебiрте жарамсыз болып қала бас тады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргiзудiң қажеттiгi туын дады. Gйткенi, бiрiншiден, қазақ даласында сұлтандардың билiгi әлi де бұрынғысынша сақталып қала берген едi. Олардың билiгi патша үкiметiнiң Қазақстан аймағын неғұрлым тезiрек отарлауына кедергi келтiрумен болды. Екiншiден, кезiнде тиiстi жарғыларға сай қабыл данған әкiмшiлiкаумақтық бөлiнiс оған қосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерiстерге сәйкес кел мей қалды. Мәселен, ХIХ ғасырдың 60жылдарында Ресей империя сына Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу аумағы қосылған болатын. Сондықтан да ендi осы аймақтарды әкiмшiлiк жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Gлкенi бас қару iсiн Ресейдiң өзге аймақтарындағы басқару құрылымына ба рынша жақындатып, бiрыңғайландыру талап етiлдi. Үшiншiден, Ре сейдiң еуропалық бөлiгiнде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсiп үшiн арзан шикiзат көздерi мен жұмысшы күшi қажет болды. Төртiншiден, Қазақстанның кеңбайтақ аумағын мекендеген қазақ тар үшiн бiрыңғай салық жүйесiн енгiзу талап етiлдi. Бесiншiден, Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi жерi жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшiру көзделдi. Мiне, тап осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкiмшiлiкаумақтық және әлеуметтiкэкономикалық реформалар жасау қажеттiгi туындады.
«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
лы уақытша Ереже». Gлкенiң өзiндiк ерекшелiктерiн зерттеу үшiн және оны басқару туралы ереженiң жобасын әзiрлеу мақсатымен 1865 жылы елдiң Iшкi iстер министрi Гирстiң басшылығымен «Дала комиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлiк шенеунiктер мен офицерлер кiрдi. Жаңа ереженi жасауға қазақ ақсүйектерi қатыс тырылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетiсу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару ту ралы уақытша Ереженiң» жобасын да бекiттi.
12—6903
185
Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
Басқарудың жаңа ережесiн 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгiзу көзделдi. Әкiмшiлiк реформалардың себептерiн егжейтегжейлi тү сiндiретiн мәлiмдеме қазақ және орыс тiлдерiнде жазылып, таратылды.
1867–1868 жылдардағы реформалар бүкiл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генералгубернаторлық әкiмшiлiк құ рылды. Әрбiр генералгубернаторлық облыстарға бөлiндi. Мәселен, Орынбор генералгубернаторлығы – Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сiбiр генералгубернаторлығы – Ақмола және Семей облыста рын, ал Түркiстан генералгубернаторлығы – Жетiсу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екi облыстың құрамына қазақ жерiнiң едәуiр үлкен бөлiгi, сондайақ қырғыз және өзбек жерлерiнiң бiр бөлiгi ендi.
Әкiмшiлiк бөлiнiс былай болды: әр облыс – уездерден, әр уезд – болыстардан, әр болыс – ауылдардан тұрды.
Семей iшкi округi Семей облысының Павлодар және Семей уездерiнiң құрамына, ал Iшкi Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астра хан губерниясының құрамына қосылды.
