Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы

1822 және 1824 жылдары патша үкiметi Орта жүз бен Кiшi жүздегi хан билiгiн жойды. Қазақтар өзiнiң мемлекеттiлiгiнен осы лайша айырылды.

    1. Хан билiгiн жоюдың себептерi мен алғышарттары. ХIХ ғасыр дың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады. Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергi лiктi байырғы халық патша үкiметi тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.

Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертiс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бiр бөлiгi Ертiс өзенiнiң оң жағында «мәңгiлiк көшiпқонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтiп Орта жүз бiрi Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасында ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.

Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпағы бiрқата рының патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франция мен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ре сурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды

билiгiн – хан билiгiн бiржолата жоюға итермеледi. Gйткенi хан би лiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi келтiрген едi.

    1. 1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде Бөкей хан мен Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр ге нералгубернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей импе раторы I Александрдiң жарлығымен бекiтiлген «Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) туралы Жарғы» күшiне ендi.

Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн бiржолата жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiкшығыс аймақтарын iс жүзiнде Ресей империясына қосып алып, отарлауға бағытталған болатын. Сөйтiп әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқа ру жүйесi түбiрiмен өзгертiлдi.

Орыс ғалымы Н. Коншиннiң айтуынша «Сiбiр әкiмшiлiгi орта лық үкiметтiң нұсқауымен Дала өлкесiне қазақтарды жаңа құры лымды қабылдауға көндiру үшiн арнайы агенттер, кейiн осы мақ сатта Қазан татарларының молдаларын жiбере бастады».

    1. Басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу. Басқарудың округтiк жүйесi енгiзiлетiн болды. Сөйтiп жаңа округтер құрылды. Округтер болыс тарға бөлiндi, ал болыстар ауыл әкiмшiлiктерiнен тұрды. Әр округте 15–20 болыс, әр болыста 10–12 ауыл, ал әр ауылда 50–70 үй болатын болды. Сыртқы округтегiлер Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) облысына бiрiктiрiлдi. Жаңа әкiмшiлiк бiрлiгi орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кiрдi. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сiбiр генералгубернаторы на бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында орналасты.

Әкiмшiлiк бiрлiктерiн құру кезiнде патша үкiметi өзiне қолайлы жағдайды босқа жiберiп алмай, көшпелiлердiң рулық бөлiнiстерiн де ұмытқан жоқ. Олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бiр округтiң аумағынан екiн шi округке ауысуына ондағы өкiмет билiгiнiң келiсiмi бойынша рұқ сат етiлдi.

Округтердi сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды бо лыстар, ал ауылдарды – ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтан дары мен ауыл старшындары әкiмшiлiк, шаруашылық және поли цейлiк қызметтердi қоса атқарды.

Әр округте аға сұлтан басқаратын Округтiк приказ (мекеме) құ рылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы таға йындайтын ресейлiк екi заседатель және сайланып қойылатын екi

«құрметтi қазақ» қатысуға тиiстi болды. Iшкi күзет Сiбiр казакта рынан iрiктелдi.

102

Қазақстанның 1822–1824 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiк бHлiнiсi

Басқарудың жаңа тәртiбi мен әскер күшiнiң енгiзiлуi аға сұлтан дар билiгiне шектеу қойды. Аға сұлтанның билiгi елде тек сөз жүзiнде ғана қалды.

    1. Сыртқы округтердегi сайлау тәртiбi. Ауыл старшындарын көш пелiлердiң өздерi сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызмет ке округтiк мекеме бекiтетiн. Сайлау үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын.

Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өзде рiнiң қолындағы өкiмет билiгiн балаларына мұра етiп қалдыру құ қығын иелендi. Билiктiң ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргiзiлдi. Кейiнгi кездерде болыстық қызметке сұлтан емес, қарапайым қазақ тардың да сайлануына рұқсат етiлдi. Бiрақ ондай адамдардың патша үкiметiне сiңiрген еңбегi зор болуы тиiс едi. Сол арқылы патша үкi метi Шыңғыс әулетiн билiк құрылымынан бiртебiрте шеттете бастады.

Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздерi, ал оның құрметтi қа зақтардан iрiктелетiн екi заседателiн билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдерi екi жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекiтуiнсiз өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кiрiсе алмайтын. 1854 жыл дан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегi Шыңғыс әулетi емес адам дар да сайлана алатын болды.

    1. Округтiк приказдың негiзгi мiндеттерi. Округтiк приказдың қа таң белгiленген мiндеттерi болды. Ол атап айтқанда, округтегi ха лықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; халыққа бiлiм беруге қамқор лық жасау; тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту; қарақшылық тонауды, барымтаны және өкiмет билiгiне бағынбау әрекеттерiне тыйым салу; өз бетiмен кетiп, озбырлық жа сауға жол бермеу; тергеудi және сот iстерiн әдiл жүргiзу; дiни на нымсенiмдерге байланысты проблемаларды шешу; көпестер ке руенiнiң жүрiстұрысын бақылау және олардың қауiпсiздiгiн қамта масыз ету; сондайақ жасақ (алымсалық) жинау. Округтiк приказ, сонымен қатар егiн шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиiс болды.

Округтiк приказдың басты қызметiнiң бiрi сот iсiн жүргiзу едi. Бiрақ бұл өте тиiмсiз болып шықты. Округтiк соттарға шағымда нып келушiлердiң қатары сирек болды. А. Гейнстiң айтуынша «при каздардың сот жүргiзу iсi ұзақ уақытқа созылып, еш нәтижесiз аяқталды. Ал билер соты даулы мәселенi жылдам және әдiлдiкпен шешiп отырды. Сондықтан билер сотына қазақтар ғана емес, соны мен қатар әртектiлер мен казактар да үлкен құрметпен қарады».

    1. Алымсалықтар. Басқарудың жаңа жобасын өмiрге бiртебiрте және ауыртпалықсыз енгiзу үшiн патша үкiметi барлық алымсалық түрлерiн өтеуге бес жылдық жеңiлдiк белгiледi. Бұл жылдар iшiнде

ауруханалар мен мектептер салу үшiн ерiктi түрде төленетiн алым салық қана жиналып келдi.

Жеңiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн округтердiң халқы мал басы ның санына қарай 100 бастан бiр бас мөлшерiнде жасақ төлеуге мiндеттi болды. Бiрақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Gйт кенi мұның өзi сауда керуенiн көбейту үшiн қажет едi. Алымсалық үшiн мал санағы үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлiк жағынан да көмек көр сетуге тиiс болды.

    1. Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы. Округтiк приказдардағы ресейлiк заседательдер және казактар жер өңдеп, егiн салудың, баубақша өсiрудiң және омарта шаруашылығын жүргiзудiң үлгiсiн көрсетуге мiндеттi болды. Отырықшы өмiр сал тына көшкен және осы айтылған жұмыстарда табысқа жеткен қа зақ отбасыларына жергiлiктi өкiмет билiгi тарапынан сыйлықтар берiлiп тұрды. Бiрақ қазақтардың диқаншылыққа жаппай көшуi бәрiбiр байқалған жоқ. Дәстүрлi мал шаруашылығымен айна лысып келген қазақ халқы егiншiлiкпен айналысуға жатырқай қарады. Мұның өзi сiңiрi шыққан кедейлердiң – жатақтардың ғана iсi саналды. Округтердiң халқы тұзды көлдерден қанша тұз өндiрiп аламын десе де ерiктi болды. Тұз өндiру олардың өздерiнiң тұтыну қажетi үшiн де, руластарына сату және орыс тың алыпсатарлары үшiн де керек едi.

Патша үкiметi саудасаттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбiр

қазақ өзiнiң өндiрген өнiмiн округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға құқықты болды. Сұлтандар сауда керуендерiн шетелдерге де, Сiбiр шекара шебiне де жiберiп тұру құқығын сақтап қалды. Тап осындай құқықты орыс көпестерi де пайдаланды. Сыртқы округтердi басып өтетiн сауда керуендерiнен ешқандай да баж салығы алын байтын тәртiп орнатылды.

    1. Денсаулық сақтау, дiн және халыққа бiлiм беру салаларындағы жаңалықтар. «Жарғы» енгiзiлгенге дейiн қазақ даласында ем жасау iсiмен халық емшiлерi ғана (сынықшылар, бақсылар, тәуiптер және басқалары) айналысып келген болатын. Патша үкiметiнiң билiгi жүрiсiмен жағдай өзгере бастады. Әр округте екi емшi жұмыс iстей бастады. Тұрақты жұмыс iстейтiн ауруханалар пайда болды. Жер гiлiктi әкiмшiлiкке халықты шешек ауруына қарсы егуден өткiзу мiндеттелдi.

«Жарғы» бойынша жергiлiктi билiк орындарына христиан дiнiн таратумен аты шыққан дiни миссионерлердiң қазақ даласындағы қызметiн күшейту тапсырылды. Бiрақ оларға «ешқандай да ықтиярсыз мәжбүр етпей, кәдiмгiдей сенiмiн арттыру және көзiн жеткiзу» тәсiлi арқылы әрекет ету қажеттiгi ескертiлдi. Рас, кейiнгi оқиғалардың көрсеткенiндей, патша үкiметi бұл мiндеттi жүзеге асыра алған жоқ.

Gйткенi христиан дiнiн таратушы миссионерлерге қазақтар тарапы нан көрсетiлген қарсылық өте күштi болды.

«Жарғының» жағымды жақтарының бiрi округ тұрғындарының ба лаларын Ресейдiң iшкi аумағындағы губерниялардың оқу орындарына оқуға жiбере алатындығы болды. Алайда бұл құқықты қазақтардың iлуде бiреуi ғана пайдалана алды. Оның үстiне, қазақтар өз балала рының орыстанып кетуi мен шоқындырылуынан қатты шошынды.

    1. Орта жүзде 1822 жылдан кейiн орын алған оқиғалар. «Жарғы» қазақ даласына бiртебiрте енгiзiле бастады. Басқарудың жаңа тәртi бi ең әуелi шекара шебi маңындағы және «өздерiне қамқорлық жа сауды өтiнген, бодандыққа адал болуға ант еткен» руларға енгiзiлдi. 1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерiстер енгiзiлген түрiнде 60жыл дардың ортасына дейiн қолданылып келдi. Жаңадан округтер ашу дың алдын ала белгiленген нақты жоспары болған жоқ едi. Шекара лық әкiмшiлiктен шенеунiктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бiрiнен соң бiрi жиi шығып тұрды. Олар басқару дың жаңа жүйесiн қабылдаудың көшпелi халыққа пайдалы да тиiмдi болатынын егжейтегжейлi түсiндiруге күш салып бақты. Рутайпа лардың өзара жер үшiн қақтығыстары және сұлтандардың арасын дағы өзара бақталастық патша үкiметiне округтердi көбiрек ашуға қолайлы болды.

Сөйтiп халықтың көшпелi тобының келiсiмiне қарай жаңа ок

ругтер құрыла бастады. Мәселен, 1824 жылы Қарқаралы және Көкше тау округтерi, 1831 жылы Аягөз, 1832 жылы Ақмола, 1833 жылы Баян ауыл және Үшбұлақ және тағы басқалар.

1854 жылы Ертiстiң оң жағалауындағы қазақтар үшiн Семей iшкi округi ашылды. 1856 жылы Жетiсу жерiнде Алатау ерекше округi ашылды. Бұл екi округтi орыс офицерлерiнiң арасынан тағайындал ған бастықтар басқарды.

Батыс Сiбiрдiң генералгубернаторы мен Омбы облыстық бас қармасының бастығы Орта жүздi басқаруды қолға алды.

    1. 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жHнiндегi Жар ғы және Кiшi жүздегi хан билiгiнiң жойылуы. Орта жүздегi хан билi гiнiң жойылуы Кiшi жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңiлдеттi. Бұл кезде Кiшi жүз сұлтандарының арасындағы ала уыздық әлi тоқтаған жоқ едi. Хан билiгi әлсiреп, қол астындағы ха лық арасында беделiнен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесiнiң губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына

«Орынбор қырғыздары (қазақтары. – авт.) жөнiндегi Жарғының» жобасын жөнелттi. Бұл кезде Кiшi жүзде Шерғазы әлi де хан болып тұрған едi. Қазақтардың шекара шебiне және Орынбор өлкесiнiң iшкi округтерiне шабуыл жасауы жиiжиi қайталанумен болды. Орынбор өлкесiнiң бастығы ұсынған жоба толықтыра түсу үшiн Азия комитетiне қайтадан жiберiлдi. Жарғының түпкiлiктi жобасын Ре

сей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде бiржолата бекiттi. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейiн ай сайын жалақы төленiп тұратын болды. Сөйтiп Кiшi жүздегi хан билiгi де жойылды.

Бұл реформа бойынша Кiшi жүз аумағы Жайықтың сырт жағын дағы үш округке бөлiндi. 1828 жылы ондағы әкiмшiлiк бiрлiктерiнiң аттары өзгертiлiп, Батыс, Орта және Шығыс округтерi деп аталды. Жүздегi өкiмет билiгi Орынбор губернаторына тiкелей бағынатын үш басқарушысұлтандардың қолына көштi.

Басқарушысұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырыл ды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100ден 200ге дейiн адам болды. Басқарушысұлтандар казак станицаларында және шекара шебiндегi бекiнiстерде тұратын болып белгiлендi. Мұның өзi олардың патша үкiметiне тәуелдi болуын күшейте түстi. Басқарушысұлтан дардың атқаратын негiзгi қызметi өздерiне қарайтын халықты «тәр тiп сақтайтын және патша үкiметiне әрқашан адал әрi айтқанын екi етпейтiн бағыныста» болатындай етiп ұстау едi. Кiшi жүздегi ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейiнгi барлық ла уазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзi тағайындайтын болды. Сайлау жүйесi жойылды.

    1. Дистанциялардың құрылуы. Бұрын Кiшi жүз қазақтары рес ми құжаттарда шекара шебiне жақын және далалық жерлерде тұ ратындар деп екi топқа бөлiнетiн. Шекара шебiне жақын тұратын дар кейiн дистанцияларға, ал олар старшындықтар мен ауылдарға бөлiндi. Дистанциялар жаңа әкiмшiлiкаумақтық бiрлiктерге ай налды. Оларды дистанция бастықтары басқарды. Уақыт өте келе дистанция бастықтарының билiгi алыстағы ауылдарда да жүргiзiлетiн болды. Дистанция бастықтары түтiн салығы деп аталған салықты жинаудың барысын қатты қадағалады. Әр үй басына салынатын

«түтiн салығының» мөлшерi 1,5 күмiс ақшаға (сомға) тең болатын. Жалданып жұмысқа тұрушылар үшiн айына 15 тиыннан алым енгiзiлдi. Оны уақытында төлемегендерге 30 күмiс тиыннан айып салынды.

    1. «Орынбор қырғыздары (қазақтары. – авт.) туралы Ереже» (1844 ж.). «Орынбор қырғыздары туралы жарғының» кемшiлiк тұстары көп едi. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы Ереже» шықты. Ендiгi жерде Орынбор әкiмшiлiгiне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясы аумағының бiр бөлiгi деп жарияланды. Кiшi жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргiздi. Оның құрамына төрағаның өзi, орынба сары, төрт кеңесшiсi және қазақтардан сайланатын төрт заседатель, ерекше тапсырмалар жөнiндегi шенеунiк, адам және мал дәрiгерi кiрдi. Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшiн мектеп ашу көзделдi.

Жаңа ереже бойынша билер сотына барынша шектеу қойылды, ол ұсақтүйек мәселелердi ғана қарайтын болды. Үкiметке қарсы әрекеттер жасау, кiсi өлтiру, қарақшылық жасап ел тонау, барымта алу сияқты қылмысты iстердi әскери сот қарады. Ал ұрлық жасау, алаяқтық, бұзақылық, 50 сомнан жоғары мүлiктiк талап сияқты iстер Ресей империясы шекара комиссиясының жанындағы жалпы заңдар негiзiнде қаралды. Орынбор әкiмшiлiгiне қарайтын қазақтардың жағдайы олардың Орта жүздегi қандастарына қарағанда әлдеқайда ауыр едi.

1844 жылы Кiшi жүз жерiндегi шекара шебiне жақын тұратын қазақтар үшiн қамқоршы деген қызмет пайда болды. Оның негiзгi мiндетi шекара шебiне жақын тұратын қазақтарды отырықшы орыс халқының озбырлығынан қорғау едi. Қамқоршы далалық қазақтар шекара шебiнен Ресейдiң iшкi жағына өтiп кеткен жағдайда ғана олардың құқықтарын қорғай алатын.

Басқарушы сұлтандардың жанында шешек ауруына қарсы егу жұ мыстарын жүргiзетiн бiрбiрден қазақ фельдшерi болды.

    1. 1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгiзудiң салдары. Бұл жарғылар, негiзiнен алғанда, алысты көздейтiн отаршыл ниеттi пи ғылмен жасалған едi. Соның салдарынан Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтары өздерiнiң дәстүрлi мемлекеттiлiгiнен айырылып қалды. Қазақстан бiртебiрте Ресей империясының отарына айналды. Жар ғы жаңалықтары көшiқон шеңберiн тарылтты, еркiн көшу бостан дығы мүмкiн болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжым дар бiрбiрiмен мидай араласып кеттi. Бiр кездегi дамыған көшпелi мал шаруашылығы тұйыққа тiрелiп, күрт құлдырай бастады.

Патша үкiметi мемлекеттiк салықтың қатаң белгiленген мөлше рiн бекiттi. Елден жиналатын алымсалық шенеунiктiк аппарат пен әскери күштердi ұстауға қажеттi қаржы көзiне айналды. Патша үкi метiнiң бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан iрiктелген, айтқанды екi етпей орындайтын «тәртiптi аппарат» құруды одан әрi күшейте түстi. Олар бiртебiрте орыс шенеунiктерiне те ңестiрiлдi. Ендiгi жерде олар сыйақы мен шен алу үшiн қызмет етуге көштi. Оларды қызметке тағайындау да, қызметiнен алып тастау да Ресейдiң аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңiл күйiне тi келей байланысты болды.

Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеунiктерiнiң ықыласын сатып алу сияқты жиiркенiштi масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Немiс зерт теушiлерiнiң бiрi Ф.фон Шварц былай деп жазды: «Округ басшылары неғұрлым тиiмдi де пайдалы болыс лауазымын параны кiм көп берсе, соған сатудан тiптi де тартынбайды». Сайлаудың мұндай сиқы бiр руды екiншi руға қарсы қойып, өзара өшiктiрдi. Әркiм өз руының адамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара

сүйек өкiлдерiнiң де қатысуына рұқсат етiлген кезде сұлтандар мен рубасыларының бiрбiрiне қарамақарсылығы күшейе түстi.

Округтiк приказдар империяның Қазақстан аумағындағы және Орта Азия иелiктерiндегi әскериотаршылдық әрекеттерiн одан әрi өршiтудiң әзiрлiк алаңдарына айналды. Сұлтандардың бiр бөлiгi, әсiресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезiнде ескерусiз қалған бөлiгi, патша үкiметiнiң реформаларына қарсы шықты. Ондай на разылықтардың бiрқатары қарулы көтерiлiске ұласты. Дегенмен де, ХIХ ғасырдың 20жылдарындағы реформалардың отаршылдық си паты мен мәнi күштi болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда саттықты, денсаулық сақтау iсiн және халыққа бiлiм берудi едәуiр дамытуға оң ықпалын тигiздi. Қазақтар әскери мiндеткерлiктен заңды тұрғыда босатылды. Ресей тұрғындарына қазақ даласына өз еркiмен қоныстануға тыйым салынды. Бұл Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру барысын жарты ғасырға жуық тежедi.

      1. Қазақстанда хан билiгiн жоюдың негiзгi себептерiн атаңдар. 2. «Сiбiр қырғыздары туралы Жарғы» бойынша патша үкiметiнiң көздеген басты мақсаты қандай едi? 3. Қазақстанның солтүстiкшығыс аудандарындағы қазақ тарды басқарудың жаңа жүйесi туралы айтып берiңдер. 4. Округтерде лауа зымды қызметкерлердi сайлау қалай өткiзiлдi? 5. Округтiк приказдың атқар ған қызметi қандай болды? 6. Орта жүз қазақтары жаңа реформаларға сәйкес қандай мiндеттi қызмет түрлерiн атқарды? 7. Қазақ даласындағы шаруашы лық пен саудасаттық саласында қандай өзгерiстер орын алды? 8. Денсаулық сақтау, дiн және халыққа бiлiм беру саласында болған өзгерiстер туралы айтып берiңдер. 9. Сыртқы округтердiң ашылу барысы туралы не бiлесiңдер?

  1. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» қандай ерекшелiктерi болды?

  2. Дистанциялық бастықтар қызметiн енгiзудегi мақсат не едi? 12. 1844 жылы Орынбор қазақтарының өмiрiнде қандай өзгерiстер орнады? 13. Реформалар жүргiзудiң негiзгi салдары қандай болғанын атап шығыңдар. 14. Картаны пай далана отырып, округтiк приказдардың орналасқан жерiн және Кiшi жүздiң үш бөлiгiн атап көрсетiңдер.

лауазымды ћызмет иесi.

Болыс – әкiмшiлiкаумақтық бөлiк, сондайақ осы бөлiктi басқарушы

Дистанция – Кiшi жүз жерiндегi шекара шебi маңында тұратын қазақ тарды басқару үшiн құрылған әкiмшiлiк бiрлiк.

Керуен – алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлiк тiзбегi.

Баж салығы – мемлекеттiк органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрi.

Жарғы – белгiлi бiр ұйымның атқаруы тиiс қызметi туралы, оның құ қықтары мен мiндеттерi туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкiмшiлiк заңдарының жинағы.

Сперанский Михаил Михайлович (1772–1839) – орыстың белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi.

Эссен Петр Кириллович (1772–1844) – Орынбордың әскери губернаторы (1817–1829).

«Сiбiр әкiмшiлiгi орталықтың берген өкiмi бойынша, қазақ даласына

татарлардан агенттер (өкiлдер. – авт.) жiбердi. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екенiне қазақтардың көзiн жеткiзiп, кәмiл сенуiн қамтамасыз етуге тиiстi едi. Сөйтiп Қазан татарларынан iрiктелген молда лармен бiрге казактардың шағын жасақтары да жiберiлдi. 1824 жылы ал ғашқы болып, Қарқаралы және Көкшетау сыртқы округтерi ашылды. Содан кейiн 1831 жылы Аягөз округi, 1833 жылы Баянауыл, 1844 жылы Көкпектi сияқты басқа да округтер ашылды. Округтердi ашуға Қытай үкiметiнiң наразылығы көп кедергi келтiрдi. Содан кейiн көп ұзамайақ қытайлықтар жоңғарларды талқандап, қазақтар Жоңғария жерiнiң бiр бөлiгiне орналасып алды. Қытай боғдыханы Цзянь Лунь қазақтардың жо ңғарлар жерiне орналасуына рұқсат еткен грамотаға қол қойып, бекiтiп бердi. Бiрақ ол үшiн қазақтардың Қытай үкiметiне жасақ (салық) төлеп тұруы тиiс екенi ескертiлдi, қазақтардың Пекинге депутация (елшiлер тобын. – авт.) жiберуiне рұқсат етiлдi...

Жаңа округтердiң ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара ала

уыз болуы өтемөте көмектестi. Олардың өзара дүрдараздығын Сiбiр әкiм шiлiгi жалмажан пайдалана қойды – округтер құруды қолдағандарға жәр демiн аямады. Gздерiнiң даулы болып жүрген мал жайылымдарын сақтап қалуды, тiптi жаңа жерлер қосып алуды көксеген қазақтардың ынта ықыласының күштiлiгi оларды жаңа округтердiң ашылуына келiсiм бе руге итермелеген ең басты себеп қана болып қойған жоқ, тiптi сонымен қатар ондай округтердiң ашылуына өтiнiш жасауға да түрткi болды. Орыс империясының қол астына өтудi қазақтардың қабыл алуына олардың ара сындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түрлi болыстардағы сұлтан дар арасындағы билiк үшiн жанталасқан алауыздықтар да ықпал еттi».

Коншин Н. Павлодардан Қарқаралыға дейiн//Қазақ этнографиясы бо йынша жазылған еңбектер. Павлодар, 2005, 89–92беттер.

    1. Алғашқы ашылған сыртқы округтердi атаңдар. 2. Округтердiң ашы

луына қандай жағдай кедергi келтiрдi? 3. Жаңа округтер ашылуының себептерi неде болды?