- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
Қазақстан аумағында қалалар ерте замандарда да болған. Қала мәртебесiне ие болған бекiнiсқамалдар салудың көбейiп кеткен кезi Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылу кезеңiмен тұспатұс келдi. Неғұрлым iрi қалалар қатарына Орал, Гурьев, Се мей, Петропавл, Қостанай, ;скемен, Ақмола, Павлодар, Көкшетау, Ақтөбе және басқалары жатады. Батыс, Солтүстiк, Солтүстiк Шығыс Қазақстандағы қалалардың көпшiлiгi әскери бекiнiсқамал дар мен әскери елдi мекендер негiзiнде пайда болды. Олардың кейбi реулерiнiң салынуы Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен Қазақстанға қоныс аударып келген шаруалардың ағылуымен тiкелей байланысты екенi де рас.
СолтүстiкБатыс Қазақстан қалаларының даму ерекшелiктерi. Орал және Гурьев. Орал – СолтүстiкБатыс Қазақстандағы ескi қала лардың бiрi. Оның негiзi ХVII ғасырдың бас кезiнде қаланды. Қала патшалық Ресейдi көшпелi қазақтардың шабуылынан қорғау мiн детiн атқарды. Ол 1775 жылға дейiн Жайық қалашығы деп аталып келдi. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсi басылғаннан кейiн Орал қаласы деп аталды. Қала халқының басым көпшiлiгiн казактар құра ды. Орал еркiн казактардың астанасына және дәстүрлi әдетғұрып тардың басым сақталған орталығына айналды. 1868 жылдан бастап Орал облысының орталығы. ХХ ғасырдың бас кезiнде қала халқы ның саны 50 мың адамға жеттi.
Гурьевтiң негiзi ХVI ғасырда қаланды. Қала Жайық өзенiнiң оң жағалауында салынды. 1868 жылы Гурьев Орал облысының уездiк қаласына айналды. Қала халқының едәуiр бөлiгiн мещандар, әр түрлi топ өкiлдерi және казактар құрады. Қалада балық өнеркәсiбi дамы ды. Қала көпестерi теңiз арқылы Астраханмен саудасаттық қатына сын орнатты. Қала тұрғындары негiзiнен баубақша өсiрумен айна лысты. Олар жүзiм, алма, алмұрт, шабдалы, шие және өрiк өсiрдi. ХХ ғасырдың бас кезiнде қала халқының саны 10 мың адамнан тұрды.
ХVIII ғасырда салынған қалалар. Павлодар қаласы 1720 жылы Коряков бекiнiсiнiң атымен Керегежар деген жерде салына бастады. Ол Ертiстiң оң жағалауында орналасты. 1861 жылы Павлодар штаттан тыс қалаға, ал 1868 жылы Семей облысының уездiк қала сына айналды. Қала Ертiс өзенiндегi па роход тоқтайтын маңызды айлақтардың бiрi болды. Оның үстiне, ол Солтүстiк Шығыс Қазақстандағы iрi сауда орталы ғы да едi. Онда мал өнiмдерi мен фаб риказауыттар шығаратын өнiм түрлерi мол мөлшерде шоғырланды. Қаладағы аса бай көпестердiң бiрi дуанбасы әрi көпес А.И. Деров болды. Оның есiмi өз замандастарының арасында ұмытылмай
Павлодар қаласындағы мешiт.
есте қалды. Ол қолы ашық, жомарт адам болды, қайырымдылық
шараларын өткiзiп тұрды. Павлодар қаласы мыс және көмiр кенiш терiне, сондайақ тұз өндiретiн кәсiпшiлiктерге жақын орналасты.
ХХ ғасырдың бас кезiнде қала халқының саны 31 мың адамға жеттi, оның тоғыз мыңы мұсылман халықтарының өкiлдерi бола тын. Қала халқының тез әрi қарқынды өсуiне қоныс аударушы шаруалар тасқыны да себеп болды. Қаланың белгiлi тұрғыны, әйгiлi әншi Майра Шамсутдинованың (1896–1927) есiмi бүкiл қа заққа таныс едi.
Семей
қаласы
да
Ертiстiң
оң
жағалауына
орналасты. Оның не
гiзi
1718 жылы
әскери
бекiнiс
ретiнде
қаланды. Бекiнiстiң
Семей
атану
себебi
оған таяу жерде ежелгi
жетi
ғимараттың қиранды қал дығы бар едi.
1822 жылы
Омбы облысының округтiк
қаласына, 1854
жылдан
бастап
жаңа
құрылған
Семей
облы
сының орталық қаласына, ал 1868 жылдан бас тап Семей уезiнiң және Семей облысының орталығына айналды. Семей Қазақстандағы аса iрi қалалардың бiрi саналды. Қала көше лерiне керосин шамдары жарық берiп тұрды. Қалада қоғамдық кiтапхана ашылды. 1902 жылы Императорлық Орыс географиялық қоғамы Батыс Сiбiр бөлiмiнiң Семей бөлiмшесi құрылып, жұмыс iстей бастады. Осы бөлiм шенiң жанынан Қазақстандағы өзiндiк бiрегей мұражай ашылды.
Қаланың негiзгi халқы қазақтар мен ме
щандар болды. Олар Томск губерниясының
Майра
Шамсутдинова.
220
ХVIII–ХIХ ғасырлардағы Қазақстан қалалары
Қала
қазағының
отбасы. 20 ғдың бас
кезi.
Змеиногорск уезiндегi Белағаш даласында егiншiлiкпен айналыс ты. Бұл құнарлы жасыл алқап Семей қаласының солтүстiк жағында орналасқан едi.
Семей аймақтағы өнеркәсiбi дамыған iрi қала болып қана қой ған жоқ, ол сонымен қатар Ресейдi Қытаймен және Орта Азиямен байланыстыратын iрi сауда орталығына айналды. Қалада бу машина лары, арақшарап қайнататын, жүн жуатын, май шайқайтын, сабын қайнататын, кiрпiш шығаратын, ашытқы дайындайтын зауыттар жұмыс iстедi.
;скемен қаласы Ертiстiң оң жақ бетiнде оған Үлбi өзенi келiп құятын жерде орналасқан. Қаланың негiзi 1720 жылы бекiнiс ретiнде қаланған. 1765 жылы бекiнiстiң жанынан айырбас сарайы ашыла ды. Онда көшпелi және отырықшы халықтар өзара тауар айырбасын жасайтын. Қазақтар өздерiнiң малын, мал өнiмдерiн және аң терiле рiн үй iшiне қажеттi тауарларға, астыққа, кездеме маталар мен ме талл бұйымдарға айырбастады. 1804 жылы бекiнiс қала атанды. 1868 жылы Gскемен Семей облысындағы уездiк қала мәртебесiне ие бол ды. 1900 жылы қала халқының саны 10 мың адамға жеттi. Халықтың басым көпшiлiгiн казактар мен мещандар құрады. Олар егiншiлiк пен, омарта шаруашылығымен және мал өсiрумен айналысты.
Петропавл қаласы 1752 жылы Есiлдiң бойындағы Қызылжар де ген жерде Сiбiрдiң оңтүстiк шебiн көшпелi халықтың шабуылынан қорғау мақсатымен салынды. Ол 1807 жылы қала мәртебесiне ие болды. Петропавл 1822 жылы Омбы облысының округтiк қаласына айналды. Қала осы аймақтағы iрi сауда орталығы дәрежесiне жеттi. Бұл жерден Жетiсумен, Оңтүстiк Қазақстанмен және Орта Азиямен саудасаттық жүзеге асырылды. Мұнда қазақ даласынан мал және мал өнiмдерi жеткiзiлдi. Орта Азия қалаларынан мақтамата және жiбек кездемелер, кiлемдер, кептiрiлген жемiсжидектер әкелiндi. Ал Петропавлдан қазақ даласына және Орта Азияға металл бұйым дары, Ресейдiң еуропалық бөлiгiнде тоқылған шұға кездемелерi жi
Петропавл қаласындағы дүкен. 20 ғдың бас кезi.
берiлетiн. Қала бүкiл Солтүстiк Қазақстанның аймағын фабрика зауыт өнiмдерiмен қамтамасыз ететiн iрi қойма саналды. 1900 жылы қалада 446 сауда орны болды, олардағы жылдық сауда айналымының мөлшерi 4 миллион сомға жеттi. Петропавл сонымен қатар iрi өнер кәсiп орталығына да айналды. Қалада май шайқайтын, терi илейтiн, жүн жуатын және қой терiсiнен киiм тiгетiн кәсiпорындар жұмыс iстедi. 1897 жылы қала халқының саны 20 мың адамға жуықтады.
ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы әскери бе кiнiстер ретiнде пайда болған қалалар. Көкшетау қаласы 1824 жылы округтiк приказдың орталығы ретiнде салына бастады. Ол 1868 жылы Ақмола облысының уездiк қаласына айналды. Қала халқын ка зактар, шаруалар, мещандар және шенеунiктер құрады. Сондайақ қазақтардан, татарлардан және Орта Азия халықтары өкiлдерiнен тұратын мұсылмандар да болды. 1897 жылғы халық санағы бойынша қалада 5 мың адам тұрды.
Қарқаралы қаласының негiзi 1824 жылы Қарқаралы сыртқы окру гiнiң әкiмшiлiк орталығы ретiнде қаланды. 1868 жылы қала мәрте бесiне ие болып, Қарқаралы уезiнiң орталығына айналды. Қалада қоғамдық саябақ ашылды. Қала тұрғындарының кәсiбi мал өсiру және сауда жасау болды. Табиғигеографиялық жағдайдың қолай сыздығына байланысты егiншiлiк елеулi түрде дами алған жоқ. ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде қала халқының саны 3,5 мың адамға жеттi. Олардың басым көпшiлiгi қазақтар (1912 адам) едi. Сондайақ казак тар (531 адам), татарлар (472 адам), шаруалар мен мещандар (560 адам) және басқалары тұрды.
Атбасар 1846 жылы қазақ станицасы және патша үкiметiнiң Ар
қадағы тiрек пунктi ретiнде бой көтердi. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде ондағы тұрғындар саны 2,6 мың адамға жуықтады.
Көкпектi – Зайсан уезiнiң штаттан тыс қаласы. Оның негiзi 1836 жылы казак станицасы ретiнде қаланды. 1875 жылы Gскемен уезiнiң, кейiн Зайсан уезiнiң штаттан тыс қаласы мәртебесiне ие болды. Қала тұрғындары арық жүйесiмен суарылатын егiншiлiкпен, сондайақ мал өсiрумен айналысты. ХХ ғасырдың бас кезiнде қала мен стани ца халқының саны 2,8 мың адам шамасында болды.
Ырғыз қаласының iргесi 1845 жылы Ырғыз өзенiнiң оң жақ бе тiнде қалана бастады. Ол патша үкiметiнiң қазақ даласы төсiндегi алдыңғы шептегi әскери күзет пунктi саналды. Қаланың салынуына негiз болған нәрсе – Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiске бай ланысты оқиғалар едi. Топырақтың құнарсыз болуы егiншiлiктiң өрiс алуына мұрша бермедi. Қаланы Орал казактары салғандықтан ол алғашқы кезде Орал бекiнiсi деп аталды. Жергiлiктi халықтың патша үкiметiне қарсы пiкiрi қалыптаспауы үшiн кең көлемдi түсiнiк жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл бекiнiс бейбiт қазақтарды көтерiлiсшi лердiң шабуылынан қорғау үшiн салынып жатыр делiндi. Ондағы тұрғындар санын арттыру үшiн бекiнiске Орынбор казактарының және қоныс аударушы шаруалардың бiрқатар отбасылары көшi рiлдi. 1868 жылы Орал бекiнiсi деген аты өзгертiлiп, Ырғыз деп атал ды. Торғай облысының уездiк орталығына айналды. ХХ ғасырдың бас кезiнде Ырғызда тұрғындардың саны 1 мың адамға жеттi.
Торғай қаласының негiзi 1845 жылы қаланды. Оның салыну себебi
де Ырғыз бекiнiсiн салудың себебiмен бiрдей едi. Алғашқы кезде ол Орынбор бекiнiсi деп аталды. Оның негiзiн қалаған Орынбор казак тары едi. 1868 жылы ол Торғай облысының уездiк орталығына айнал ды. ХХ ғасырдың бас кезiнде қаладағы халықтың саны 900 адамға жуықтады. Олардың жартысы мұсылмандар, яғни қазақтар, татарлар және бұхаралықтар едi. Қаланың төңiрегiнде егiншiлiкке жарамды жер болған жоқ. Қала халқы санының аз болу себебi де осыдан едi. Қала тұрғындары негiзiнен сауда жасаумен айналысты.
Зайсанның негiзi 1864 жылы қаланды. Ол Ресей империясының қазақорыс шекарасындағы әскери күзет пунктi болды. Зайсанның алғашқы аты Жеменей едi. Ол патша үкiметiне бағынышты қазақ тардың арасында бейбiт өмiр мен тыныштықтың сақталуын қадаға лады. Сондықтан да қалада тұрақты әскер батальоны және казак полкi тұрды. Зайсан қалалық елдi мекен деген мәртебеге 1893 жылы ие болды. Қаланың iшiнде арық көп болды. Сондықтан да көшедегi жолдардың бойын көлеңкелi жасыл желек көмкерiп тұрды. ХХ ғасырдың бас кезiнде Зайсандағы қала халқы 4 мың адам болды. Олар негiзiнен орыс, қазақ, татарлар едi.
Шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуы барысында пайда болған қалалар. Қазақстандағы қалалардың бiрқатары шаруалардың
қоныс аударуы барысында да пайда болды. Ондай қалалардың қата рына Ақтөбе, Қостанай, Темiрдi қосуға болады. Ақтөбе қаласы жер гiлiктi халық Ақ төбе деп атайтын бекiнiс ретiнде 1869 жылы салына бастады. ХХ ғасырдың бас кезiнде онда 3 мыңға жуық тұрғын болды. Қала халқы саны оның төңiрегiнде орналасқан қоныс аударушы шаруалар есебiнен арта түстi.
Қостанай (Николаевск) Торғай облысындағы ең үлкен қала бол ды. Оның негiзi 1879 жылы қаланды. Сол жылдың өзiндеақ оған 1200 шаруа отбасы көшiрiлдi. Қала осы өлкенiң аса iрi әкiмшiлiк және сауда орталығына айналды. Онда 250ден астам сауда орындары болды. Қала тұрғындары егiншiлiкпен де айналысты. Мұның өзi қала халқының өсе түсуiне ықпал еттi. 1889 жылы қала мен қала маңындағы халықтың саны 18 мың адамға жеттi.
Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы қалалар. Жетiсу мен Оң түстiк Қазақстандағы қалалар iрi сауда, мәдениет және өнер орталық тары едi. Бұл аймақтардағы қалаларда халықтың саны басым болды. 1897 жылы Верныйда 23 мыңдай, Жаркентте – 16 мыңдай, Әулиеа тада – 12 мыңдай, Перовскiде (Ақмешiтте) – 5 мыңдай адам тұрды.
Сонымен, қарастырып отырған кезеңде Қазақстан аумағында бiрқатар жаңа қалалар пайда болды. Олардың пайда болуының негiзгi себебi патша үкiметiнiң әскериотаршылдық мақсаттарын да жатыр едi.
1. СолтүстiкБатыс Қазақстандағы қалалардың даму ерекшелiктерi тура лы не айта аласыңдар? 2. Қазақ өлкесiнде ХVIII ғасырда қандай қалалар пайда болды? 3. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында пайда болған қалалардың өзiндiк ерекшелiгi неде? 4. Шаруалардың iшкi Ресейден Қазақстанға қоныс аударуы барысында қашан және қандай қалалар пайда болды? 5. Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсудағы қалалардың қалай дамығаны туралы айтып бе рiңдер. 6. Gздерiң тұратын қалалардың, облыс орталықтарының тарихы туралы
егжейтегжейлi әңгiме құрастырыңдар.
Бекiнiс – қорған, қамал. Тұрақты әскерi бар, әскеристратегиялық тұрғы дан маңызды тұрақ.
Деров Артемий Иванович (1856–1921) – 1дәрежелi (гильдиялы) павлодар лық көпес, Павлодар қаласының құрметтi азаматы, қайырымдылық шараларын
жасаған белгiлi адам.
