- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
ХVI–ХVII ғасырларда қазақтардың орыс халқымен қандай елшiлiк және сауда байланыстары болғанын естерiңе түсiрiңдер.
Қазақ хандығы мен орыс мемлекетiнiң арасындағы байланыс тың күшеюi. ҚазақРесей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол со нау ХVI ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негiзiнен, дипломатиялық және саудасаттық қатынастарымен шектелдi. Мәсе лен, Орта жүз қазақтарының көпес Строгановтармен сауда байла ныстарының болғаны мәлiм.
ХVII–ХVIII ғасырларда Батыс Сiбiрдiң әскери және шенеунiктiк тобы қазақтарды қырғыздар деп қате атап келдi. Орыс империясы ның Батыс Сiбiрдi басакөктеп шығысқа қарай жылжи түсуiне бiр кезде Сiбiрдi мекен еткен ержүрек қырғыздар (нағыз қырғыздар) табан тiресе қарсылық көрсеткен болатын. Сол қырғыздардың атын орыстардың кейiнгi кезде қазақтарға қателесiп бергенi анықталды. Түбi бiрге туысқан екi халықтың шынында тiлi де бiр, көшпелi өмiр салты да, әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi де өте ұқсас екенi рас. Кейiннен бұлар, яғни қазақтар мен қырғыздардың, өз алдына бөлек туысқан екi халық екенiне көз жеткiзген орыстар қазақтарды
«қырғызқайсақтар» немесе жалпылама «қырғыздар» деп атап кеттi, ал нағыз шын қырғыздарды «таутас қырғыздары», «қара қырғыз дар» немесе «буруттар» деп атады. Қазақтарға байырғы тарихи өз аты қайтарылмады. Gйткенi Ресейде бұл кезде «казак» деген ұқсас атпен әскери сословие пайда болған едi.
Қазақ хандығының Ресеймен белсендi араласқан байланысы ХVIII ғасырдың алғашқы ширегiндегi кезеңге сәйкес келедi. Ондай байланысқа екi жақ та мүдделi болды. Қазақтардың билеушiлерi
өздерiнiң солтүстiктегi көршiсiмен саудасаттық байланысын орна туға көбiрек мүдделiлiк танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әске ри одақ құруға бiрнеше рет әрекет жасады. Gйткенi шығысындағы Жоңғариямен әскерисаяси тұрғыда қарамақарсылық туындай бас таған болатын.
Ресеймен әскери одақ құру әрекетi алғаш рет ХVIII ғасырдың бас кезiнде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елшi жiберiп, жоңғарларға қарсы бiрлескен күрес жүргiзудi көздедi, кейiнгi жыл дарда да қазақ елшiлерi бiрнеше рет барып қайтты. Орыстармен әске ри одақ құру әрекеттерiн Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр да жасап көрдi. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейiн қазақ хандарының ұсынысына құлық бiлдiре қойған жоқ.
Патша үкiметi Қазақстанды бiрқатар себептерге байланысты өзi нiң геосаяси ықпалына алуды көкседi. Gйткенi Қазақстан ол үшiн Орта Азияға, Үндiстанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемле кеттерiне әскери iсәрекеттерiн онан әрi iлгерi жылжытуға қолай лы плацдарм едi. Ресейдi өзiнiң Қазақстан мен Орта Азия бағытында ғы сыртқы саяси қызметiн күшейте түсуге мәжбүр еткен және бiр нәрсе ағылшынорыс бәсекелестiгiнiң тигiзген ықпалы болды. Қа зақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауытфабрикалары шығарған өнiмдердi өткiзетiн орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлi шикiзат, жер асты қазба байлық түрлерiн, мал өнiмдерiн көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиiс едi. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергiлiктi байырғы халықты) алымсалық тө леп тұрудың қайнар көзi деп бiлдi.
Мiне, осының бәрi де қордалана келiп, Ресей империясының
Қазақ хандығымен шекаралас аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргiзуiне негiзгi түрткi болған себептер едi.
Патша үкiметiнiң әскери бекiнiстер шебiн сала бастауы. Қазақ хандығы мен онымен шекаралас басқа аумақтарда болып қайтқан саудагерлер, дипломатиялық елшiлер, саяхатшылар да ондағы мол байлық туралы ауыздарының суы құрығанша әр түрлi әңгiмелер айтып келетiн. Мәселен, I Петрдiң құлағына Еркетi қаласында «ал тын аралас құмның» мол екендiгi жөнiнде хабар жетедi. Ұзаққа со зылған орысшвед соғысы салдарынан қазынасы сарқылған Ресейге орасан зор қаржы қажет едi.
Алғашқы Сiбiр губернаторы М.П. Гагарин I Петрге Тобылдан Еркетiге дейiнгi аралықта әскери бекiнiстер шебiн салу жоспарын ұсынады. Оның бұл ұсынысы қабыл алынды. Жоспарды жүзеге асыру үшiн подполковник И.Д. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жiберiлдi. Жасақтың құрамында әскерилер, Томск, Түмен және Тара қалаларының тұрғындары – барлығы 2800ге жуық адам болды. 1715
Бекiнiстi қамал.
жылғы маусым айында экспедициялық жасақ жорыққа шықты. Тап сол жылдың қазан айында Жәмiшев бекiнiсiнiң iргесi қаланды. Бекiнiс салуға жоңғарлар батыл қарсы шықты. Бекiнiстiң құрылы сы қоршауға алынды. Жоңғарлар Тобыл қаласынан жөнелтiлген азықтүлiк керуенiн басып алды. Бекiнiстi қорғаушылар арасында аштық басталды. Сөйтiп И.Д. Бухгольц келесi жылы аман қалған 700 адамымен бiрге керi қайтып кетуге мәжбүр болды.
Кейiнiрек, қазақжоңғар соғысы қызу жүрiп жатқан кезде, патша үкiметi Ертiс өзенiнiң бойындағы аймақта әскери бекiнiстер шебiн салуды одан әрi жалғастыру iсiн қолға алды. Бұл мiндеттi орындау үшiн И.Д. Бухгольцтiң экспедициясынан басқа бiрқатар ғылыми барлау және әскери экспедициялар жiберiлдi.
1716 жылы Ертiстiң оң жағалауында Жәмiшев және Омбы, 1717
жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы –Семей, 1720 жылы –
;скемен, Черноярская және Коряковская бекiнiстерi салынды.
Мұндай бекiнiстердiң салыну себебiн Сiбiрдегi орыс өкiмет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшiн, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншы лығынан қорғану үшiн салынып жатыр деп түсiндiрумен болды. Ал iстiң шын мәнiне келгенде ол бекiнiстер патша үкiметiнiң Ертiс өзенi бойындағы жағдайын күшейту үшiн өте қолайлы плацдарм едi. Онда ғы негiзгi мақсат алдағы кезде қазақ хандығының аумағын да, жоң ғар қонтайшыларының қол астындағы жерлердi де басып алып, өзiне қарату болатын. Бұл жөнiнде белгiлi орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: «Ертiс бойындағы бекiнiстер шебi осылай құрылды. Оның мiндетi оң жағалаудағы жерлердi жоңғарлардан, ал одан соң көп ұза майақ қырғыздардан (қазақтардан) қорғау едi».
ХVIII ғасырдың бас кезiненақ Ресей Қазақ хандығына елшiлер жiберудi жиiлете бастады.
Ресей саудасаттық, одақтастық қатынастардың мәселелерiн рет ке келтiрумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жол дарын да iздестiрумен болды. Патша үкiметiнiң ондай арам ниеттi iсәрекеттерi қазақ елiнiң билеушiлерi тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негiзiнде шиеленiстi оқиғалар болып жатты.
Ресей мен Кiшi жүз қазақтары арасында шекаралық жер дауы ның шиеленiсуi. Қазақ хандығы мен Ресейдiң дипломатиялық қаты настар орнатуға тырысқан әрекеттерiне қарамай, шекара аймақта рында едәуiр шиеленiстi оқиғалар орын алды. Патша үкiметiнiң ЕдiлЖайық аймағында өзiнiң жағдайын жақсартып, нығайта түсуi қазақ елi билеушiлерiнiң белгiлi дәрежедегi қарамақарсы iсәре кеттерiн туғызды. Ондай шиеленiстi оқиғалардың орын алуына негiзi нен мынадай жағдайлар себеп болды: бiрiншiден, мал жайылымы үшiн күрес күшейдi. Екiншiден, өзара мал барымтасы орын алды.Үшiншiден, қазақтар өз жерiнде орыстардың әскери бекiнiстер шебiн салуға қарсы болды. Төртiншiден, қазақтар башқұрттардың патша үкiметiне қарсы күресiне жиiжиi қатысып жүрдi.
Сондықтан бейбiт жолмен байланыс жасау кезеңдерiн кейкейде өзара қарамақарсы шапқыншылықтар бұзып кетiп отырды. Ресейдiң iшкi жағына терең енiп жорықтар жасауға көбiнесе Кiшi жүздiң атақты ханы Әбiлқайырдың өзi бастама көтерiп отырды. Мысалы, 1717 жылы оның қол астындағылар Қазан губерниясының аума ғына басып кiрiп, Новошешминск қалашығына дейiн жеттi. Алайда оларды патша әскерлерi едәуiр шығынға ұшырата отырып, керi қуып шықты.
1723–1724 жылдары Әбiлқайырдың әскерлерi Жайық пен Едiлдiң екi ортасындағы бүкiл аумақты басып алды. Қазақтардың Жайық өзенiнiң бойындағы алқапта мәңгiлiк көшiпқонып жүру құқығын белсендi түрде қорғаған Әбiлқайыр ханның мына сөздерi қазақ хал қының есiнде ұмытылмастай қалды: «Жайық өзенi қашан сарқылып, арнасы кеуiп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейдi».
Патша үкiметi қазақтардың тарапынан шекара шебiне шабуыл жасалуын тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдаумен болды. Ол үшiн бекiнiс қорғандар салуға кiрiстi. Шекарадағы күзет әскерле рiнiң саны арттырылды, қазақ ауылдарына дүркiндүркiн шабуыл жасалып тұрды.
Орта жүз қазақтарының шекара аумағындағы iсәрекеттерi. Қа зақтардың Сiбiр жағына шабуыл жасап тұруының себептерi де Орал төңiрегiндегi қазақтардың жағдайымен бiрдей едi. Орта жүздiң әс кери жасақтары патша үкiметiнiң әскериотаршыл күштерiнiң iлгерi жылжуын тоқтатуға тырысты. 1700 жылы қазақтар Туқала округiне шабуыл жасады. 1724 жылы Тобыл қаласынан Туринск қаласына
мынадай хабар келiп түстi: «Қазақ ордасы шекарадағы слабодаларға таяу жерде көшiпқонып жүр, оларды ойсырата күйзелтiп, бiржолата жойып жiберуге тырысуда». 1731 жылы көктемде Омбы бекiнiсiнiң маңында қазақтар мен жергiлiктi әскери гарнизонның арасында қанды қақтығыс болды. Мұндай оқиғалар жиiжиi кездесiп тұрды. Мұның өзi Ресей империясының әскериотаршыл экспансиясының бетiн қайтарып, тоқтату үшiн дала тұрғындары тарапынан жан қиярлық iсәрекеттер жасалғанын көрсетедi.
Қазақтарды Ресеймен жақындасуға мәжбүр еткен қандай жағдай едi?
Патша үкiметiнiң Қазақстандағы көксеген мақсаттары қандай болды?
Ертiс өзенiнiң оң жағалауында әскери бекiнiстер шебi қашан және не мақ сатпен салына бастады? 4. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының шекара шебiндегi аймақтарға және Ресейдiң iшкi округтерiне дүркiндүркiн шабуыл жасап тұруының негiзгi себептерiн атап көрсетiңдер. 5. Қосымша материал дарды пайдалана отырып, Бухгольцтiң 1715–1716 жылдары Қазақстанға жа саған экспедициясы туралы егжейтегжейлi әңгiме әзiрлеңдер. 6. Халықтар арасындағы бейбiтшiлiк пен достықтың қажет екендiгi және пайдасы туралы мақалдар мен мәтелдер келтiрiңдер.
Казактар – Ресейдiң шет аймақтарында қызмет атқарған әскери топ.
Туринск – Ресей Федерациясының Түмен облысы аумағындағы қала.
Туқала округi – Батыс Сiбiр аумағындағы әкiмшiлiкаумақтық бiрлiк, (қазiр Туқала қаласы – Омбы облысындағы аудан орталығы).
Жайық – Орал өзенiнiң аты.
Жәмiшев қамалы – қазiргi Павлодар облысының Жәмiшев селосы.
Қайып (1719 жылы қайтыс болды) – 1716–1719 жылдардағы қазақ ханы.
Коншин Николай Яковлевич (1864–1937) – белгiлi орыс ғалымы, тарихшы және
фольклоршы, Орыс география қоғамының Семейдегi бөлiмшесiнiң мүшесi. Ол Семей қаласында өлкетану мәселелерiмен айналысты.
Строгановтар – орыс көпестерi. Олар ХVI ғасырда Оралда зауыт салудың негiзiн қалаған, Ермактың (Жармактың) Батыс Сiбiрге жорығын ұйымдастыруда шешушi рөл атқарған. Строгановтар қазақтармен саудасаттық жүргiзудi жандандырып, күшейте түскен.
