- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
;лкеде әкiмшiлiк реформаларды жүзеге асыруда, жергiлiктi ха лықтың көтерiлiстерiн басуда казак әскерлерi елеулi рөл атқарды. Олар Қазақстанмен шекаралас жерлерде де, оның тiкелей iшкi аумақтарына да орналастырылды.
Қазақстан аумағындағы казак әскерлерiнiң атқарған негiзгi қыз метi. Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әс керi болды. Олар Жайық, Сiбiр, Орынбор және Жетiсу казак әскер лерi едi.
199
Ресей империясындағы казак әскери бөлiмдерiнiң негiзгi қыз мет түрлерi, бiрiншiден, Ресейге жаңа жерлердi қосып алуға белсене қатысу; екiншiден, көршi мемлекет әскерлерiнiң шекараға басып кiруiнен қорғау; үшiншiден, Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардың ұлтазаттық қозғалысын, орыс шаруалары мен жұ мысшы табының көтерiлiстерiн аяусыз басуға белсене қатысу бола тын. Мәселен, казактар Польшадағы көтерiлiсшiлердi, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан халықтарының көтерiлiстерiн аяусыз жазалау ға белсене қатысты. Казактар 1905–1907 жылдардағы бiрiншi орыс революциясын басыпжаншуда да ерекше көзге түстi. Төртiншiден, казактар орыс армиясының ХVIII ғасыр мен ХIХ ғасырдың бас ке зiндегi шетелдерге жасаған жорықтарының барлығына да қатысты.
Казактар әскери қызмет атқарумен қатар әскериинженерлiк бекiнiс құрылыстарын, жолдар мен көпiрлер салуға және оларды жөндеуден өткiзiп тұруға мiндеттi болды. Олардың мiндетiне орман нан ағаш кесу және оны тасып жеткiзу, пошта қатынасы көлiктерiн қорғауды қамтамасыз ету де кiретiн.
Казактардың патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне шын берiле адал қыз мет етуi үшiн оларға ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлiндi. Казактар ға бөлiнетiн жер телiмi Ресейден қоныс аударып келген шаруалар дың жер телiмiнен әлдеқайда артық болды. Казактардың әрбiр ер азаматына шаққандағы жер телiмi орта есеппен 30 десятинадан келдi. Офицерлерге бөлiнетiн жер телiмi бұдан да көп болды. Мәселен, аға офицерлер 200ден 600 десятинаға дейiн, штаб офицерлерi – 400ден 1000 десятинаға дейiн, ал генералдар – 1500ден 3000 десяти наға дейiн жер иелендi. Казактардың сонымен қатар тұз кәсiпшiлiк терiн, ормандарды, өзендер мен көлдердi пайдалануға да ерекше құқықтары болды.
Казактар әскери қызметке өз қаружарағымен, киiмкешегiмен, азықтүлiгiмен, өз атымен шығатын. 1835 жылға дейiн казактар әске ри қызметтi өмiр бойы жалдану тәртiбiмен атқаратын. Кейiнiрек Ресей империясындағы барлық казактар үшiн әскери қызмет мерзiмi 30 жыл болып белгiлендi.
Казактардың әскери қабiлетi жоғары болатын. Олар орыс армия сындағы атты әскерлердiң едәуiр бөлiгiн құрады. ХIХ ғасырдың орта кезiндегi соғыс уақыттарында Ресей казактары 160 мыңға дейiн жа уынгер жасақтай алатын.
Казактар қатары олардың табиғи өсуi есебiнен ғана емес, соны мен қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау арқылы да арта түстi. Казактардың, әсiресе Сiбiр казактарының құрамы тұтқынға түскен швед, француз, поляктардың есебiнен де толығып отырды. Казактардың қатарына орыс емес халықтардың өкiлдерi – татар, башқұрт және қалмақтар да қабылданды.
Казактар мен қазақтардың арасындағы қарымқатынас әр түрлi қалыптасты. Бiр жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңiнен
өрiс алды, тiл және мәдениет саласында жақындасу нығая түстi, ал екiншi жағынан, өзара әскери қақтығыстар жиiжиi болып тұрды. Ондай шиеленiстi оқиғалардың негiзгi себебi жер дауына байланыс ты күрес едi. Бұл жағдай қазақтардың казактардың бекiнiс қамалдары мен станицаларына шабуыл жасап тұруына себеп болды. Gз кезе гiнде казактар да жазалау экспедициялары құрамында қазақ ауылда рына шабуыл жасап жүрдi. Жайық, Орынбор, Сiбiр және Жетiсу казактарының әскерлерi қазақ халқының ұлтазаттық көтерiлiстерiн аяусыз басыпжаншуға белсене қатысты.
Жайық казактары. Жайық (Орал) казактарының ең алғашқы елдi мекендерi ХVI ғасырда қазiргi Қазақстан аумағының солтүстiк батыс бөлiгiнде (Жайық (Орал) өзенiнiң бойында) пайда болды. Сон дықтан да оларда өзiнөзi басқарудың элементтерi көп болды. Ка зактардың қоғамдық өмiрiнiң аса маңызды мәселелерi әскери топ та ұжымдық талқыға салу арқылы шешiлетiн.
Патша үкiметi казактардың еркiндiгiн шектеу саясатын ұстанды. Олардың тұрмысына бiртебiрте қатаң әскери тәртiп енгiзiле баста ды. Мәскеу мемлекетi Жайық казактарына оңтүстiкшығыс шекара ны қорғау және әскери отарлау мiндеттерiн жүктедi. Жайық казак тары 1773–1775 жылдарда Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысты. Мұның өзi патша үкiметi тарапынан Жайық казактарының өзiнөзi басқару құқығына қысым жасап, шектеулер қоюына қатысты болған едi.
Жайық казактары ауқатты тұрды. Әрбiр казактың 80 десятинадан жер телiмi болды. Жайық казактары егiншiлiк пен балық аулау, тұз өндiру және аңшылықпен айналысты. Жайық казактары жердi қо ғамдық негiзде пайдаланды. Орасан зор жер көлемiн иемденген ка зактар жердi Iшкi Бөкей ордасындағы және Жайықтың сыртқы жа ғындағы қазақтарға жалға бердi. Олар осылай мол табыс көзiне ие болды. Қызыл балық пен қара уылдырықтың өзiнен ғана казактар күмiс ақшамен жыл сайын 2 миллион сом табыс табатын. Олар жыл сайын 300 мың басқа дейiн қой сата алатын.
Жайық казактары ХХ ғасырдың басына дейiн өздерiнiң дәстүр лерiн, «байырғы ескi» тәртiптерiн және тұрмыстiршiлiк салтын не ғұрлым берiк сақтады. Жайық казак әскерлерiнде байырғы ескi дiни нанымсенiм ұзақ сақталды.
Жайық казактары қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысына елеулi түрде ықпал еттi, өз кезегiнде, олар да қазақтардан бiрқатар шаруашылық дағдыларын үйрендi. Жайық казактары қазақтардың әдетғұрып, салтсанасымен таныс болды. Жайық казактарының тi лiне қазақтардың баспақ, дөнен, нар, тымақ, жасауыл, күрен сияқ ты бiрқатар сөздерi сiңiсiп кеттi. 1917 жылға қарай Жайық казак әскерлерiнiң жалпы саны 174 мың адамға жеттi.
Орынбор казактары. Орынбор казак әскерлерi 1748–1755 жыл дар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айыр
13—6903
201
машылығы – өз беттерiмен келiп, стихиялы түрде құрылған жоқ, патша үкiметiнiң бастама көтеруi бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негiзгi ұйытқысы Самара, Уфа, Алексеев және Есет казактары болды. Олар шекараны қорғау күзетiнде қызмет еттi. Бұл әскер өзiнiң құрамы жағынан көп ұлтты едi. Орыстардың басым болуымен қатар, оның құрамына украин, башқұрт, қалмақ т.б. халықтардың өкiлдерi ендi.
Орынбор казак әскерлерi Орынбор губерниясының оңтүстiк және оңтүстiкшығыс шекараларында орналасып, осы өлкенiң ша мамен төрттен бiр бөлiгiн алып жатты. Олар Жайық казак әскерлерi мен Сiбiр казак әскерлерiнiң шекарасын бiрбiрiмен жалғастырды. Ал оңтүстiгi мен оңтүстiкшығысында қазақ даласымен шектестi.
1840 жылы «Орынбор казак әскерлерi туралы Ереже» шықты. Ол бойынша, Орынбор казак әскерлерiнiң жерiнде тұратын барлық шаруалар казактар тобына қабылданды. Орынбор казак әскерлерi өзiнiң ұйымдастырылуы жағынан тұрақты орыс әскерiне жақын кел дi. Орынбор казактарының қатарына құрамында 3 мыңнан астам адамы бар Ставрополь қалмақ әскерi келiп қосылды. Орынбор казак әскерлерiнiң орталығы Орынбор қаласында орналасты.
Казактар негiзiнен селолық жерлерде қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 2%ы тұрды. Орынбор казактары негiзiнен егiншiлiкпен, мал өсiрумен, балық аулаумен айналысты. Казак әйелдерi ешкiнiң түбiтiнен түрлi орамал тоқыды. Бүкiл Ресейге және одан тыс жерлерге кеңiнен танымал болған Орынбор шәлiсi, ора малы, бөкебайы, бет перделерi мен қолғаптары солардың қолымен тоқылатын.
Орынбор казактары өзiнiң күнделiктi өмiрiнде қазақ халқымен ұдайы араласып тұрды. Казак әскерлерiнiң аумағындағы жалға алған жерлерде қазақтар көшiпқонып жүрдi. 1916 жылы Орынбор казак әскерлерiндегi халықтың саны 533 мың адамға жуықтады.
Сiбiр казактары. Сiбiр казак әскерлерiнiң негiзiн полиция қыз метiндегiлер құрады. Олар ХVI ғасырдың аяқ кезiнен бастап Сiбiр әскери бекiнiстерiнде күзет қызметiн атқарды. ХVIII ғасырда Батыс Сiбiрдiң оңтүстiгiнде бiрқатар шекаралық бекiнiс қамалдар бой кө тердi. Сiбiр казактары ХVIII ғасырдың аяғына дейiн Сiбiрдегi орыс шаруаларының есебiнен толығып отырды. Казактардың қатары сол даттардың ержеткен балаларының, саяси жер аударылып келген дер мен башқұрт, мещеряктар және Дон казактарының есебiнен де толықтырылды. 1808 жылы Сiбiр казактары Сiбiр шекара шебiнiң казак әскерлерi деген ресми атқа ие болды. Әскердiң штабы Омбы қала сында орналасты. Олардың әскери атаманы Батыс Сiбiр генерал губернаторына, ал кейiнiрек – Дала өлкесiнiң генералгубернато рына тiкелей бағынды.
ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде Сiбiр казак әскерлерi екi облысқа –
Көкшетау уезiндегi татарлардан шыққан Сiбiр казактары.
Ақмола және Семей облыстарына орналастырылды. Олардың тағы бiр бөлiгi Томск губерниясының Бийск округiне жайғастырылды.
ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде бүкiл казак әскерлерi 5 млн десяти наға жуық жердi алып жатты. Енi 10 шақырымдық далалық алқаптың өзi ғана 1,5 миллион десятина жердiң ұзына бойына созылды. Сiбiр казактарының әрқайсысына тиесiлi жер телiмiнiң көлемi орта есеп пен алғанда 30 десятинадан айналды. Жердi тек ер азаматтар ғана алды. Офицерлерге жер әлдеқайда көп берiлдi. Олар жердi өмiр бойы пайдалану құқығына ие болды. Бiрақ олар әдетте ол жерлердi қазақтарға және қоныс аударушы орыс шаруаларына жалға берiп отырды. Казактар Ертiстiң оң жағалауындағы Долон, Шульба және Қарағайлы ормандарын да иелендi. 1904 жылы патша жарлығымен енi он шақырым келетiн далалық алқап Сiбiр казактарының
«мәңгiлiк меншiгiне» бекiтiлiп берiлдi.
Сiбiр казактарының негiзгi кәсiбi егiншiлiкпен айналысу болды. Бiрақ далалық ауа райының құбылмалылығы, құрғақшылықтың жиi лiгi, қақаған күштi аязды күндердiң көптiгi егiн егуде қыруар қиын шылықтар туғызды. Казактар негiзiнен күздiк және жаздық қара би дай егумен шұғылданды. Сұлы, арпа, тары, сондайақ картоп ектi. Казактардың арасында баубақша, темекi өсiру де жақсы дамыды. Петропавл маңында баубақша өсiрумен айналысатын тұтас казак поселкелерi құрылды. Шекара шебiнiң темекiсi – «махорка» бүкiл Сiбiрге кеңiнен тарады. Казактар сонымен қатар кендiр өндiрумен де айналысты, сора өсiрдi.
Казак әскерлерi мал да ұстады. Мұның өзi егiн шаруашылығына және жорыққа да қажет едi. Gзендер мен көлдердiң көптiгi балық аулау iсiн де дамытты. Олар Ертiс өзенi мен Зайсан көлiнде балық аулауды өздерiнiң иелiгiне айналдырып алды. Казактар сонымен қатар жүк тасымалымен, терi илеу және тоң май дайындау кә сiпшiлiктерiмен де айналысты. Саудасаттықпен де шұғылданды, жергiлiктi қазақтармен сауда жасасты.
Жол жөндеу жұмыстары үшiн алынатын баж салығы да казактар дың пайдасына түсетiн. Кедейленiп, қайыршылық күйге түскен көп теген қазақтар казактарға жалданып жұмыс iстедi. Жалпы алғанда ХIХ–ХХ ғасырлар аралығында Ертiс шекара шебiнде 100 мыңға жуық қазақ жалданып жұмыс iстеген. Сiбiр казактары өз жерлерiнiң бiр бөлiгiн қазақтарға жалға берiп, табыс тауып отырды. ХХ ғасыр дың басында Батыс Сiбiрдiң бұрынғы генералгубернаторы И. Баб ков: «Казактар Дала өлкесiнiң ең шұрайлы жерлерiн тартып алып, жергiлiктi қазақтарды қанап отыр», – деп жазды.
Сiбiр казактарының тарихын, олардың Ертiс бойындағы қазақ тармен қарымқатынасын зерттеумен белгiлi тарихшы және өлкета нушы генерал Г.Е. Катанаев айналысты. 1917 жылға қарай Сiбiр казактарының жалпы саны 172 мың адамға жеттi.
Жетiсу казактары. Жетiсу казак әскерлерi 1867 жылы Сiбiр казактарының 9 және 10полктерi округiнен құрылған болатын. 1869 жылы бұл әскердiң құрамына Қытайдан қашқан мыңдаған қалмақ келiп қосылды. 1867 жылы Жетiсу облысы құрылған едi. Бұл об лыстың әскери губернаторы сонымен бiр мезгiлде Жетiсу казак әскерлерiнiң тағайындалған атаманы болып та бекiтiлдi. Жетiсу ка зактары Бұхара әмiрлiгiн, Қоқан, Хиуа, Түрiкменстанды бағынды руда және 1919 жылғы ұлтазаттық көтерiлiстi басуда ерекше белсендiлiк танытты.
Жетiсу казактарына өзiнөзi басқарудың жетiлдiрiлген түрi тән болды. Gзiнөзi басқарудың басты органы – сход жиын маңызды рөл атқарды. Казактардың бұл жиналысына әскери топқа жатпай тын, басқа қалалық адамдар да қатыса беретiн. Жетiсу казактарының айналысатын негiзгi шаруашылығы егiншiлiк, ал қосымша шаруа шылығы балық аулау және омарташылық кәсiбi болды. Казактар сонымен қатар саудамен де белсендi түрде айналысты. Жетiсу казак тарының қолында 281 мың десятина жер болды. Ол әр адамға шақ қанда 28 десятинадан келдi.
1917 жылы Жетiсу казактарының жалпы саны 45 мың адамға дейiн жетiп, 3 атты полктен тұрды.
1. Казактардың атқарған негiзгi қызметi қандай едi? 2. Жайық казак әскерлерiнiң құрылу тарихына сипаттама берiңдер. 3. Орынбор казак әскерлерi қалай құрылды? 4. Сiбiр казактары қандай жеңiлдiктер мен артық
шылықтарды пайдаланды? 5. Жетiсу казак әскерлерiнiң құрылу ерекшелiктерi қандай болды? 6. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қазақтар мен казактар тiлiндегi бiр мағыналас сөздердi табыңдар.
Тасымал жасау – атпен, түйемен адам немесе жүк тасу кәсiпшiлiгi.
Басқа қалалық адамдар – 1917 жылға дейiн казак әскерлерiнiң аумағында тұратын казак емес тұрғындар (шаруалар, мещандар, саудагерлер) осылай аталған.
Мещеряктар – түркi тiлдес халықтар тобына жататын ұлыстың аты.
Катанаев Георгий Ефремович (1848–1921) – казак әскерлерiнiң генералы. Сiбiр казак әскерлерiнiң ресми тарихшысы.
«Сiбiр
қырғыздары (қазақтары. – авт.) облысының
губернаторы қыз
метiн атқарушы Жоғары мәртебелi мырзаға. Сiбiр қырғыздары аға сұлтан дарына бағынышты халықтың атынан өтiнiш. 1866 жылғы 7 қыркүйек.
Биылғы жылы округтiк приказдарға тексеру жүргiзу кезiнде Жоғары мәртебелi Сiз Сiбiр казак әскерлерi шекара шебiнiң сыртындағы енi 10 шақырым келетiн алқапты қырғыз (қазақ. – авт.) халқына жалға беруге ұсыныс жасаған едiңiз. Қырғыздар Ресейдiң қол астына өз ерiктерiмен өткен кезде өздерiнiң меншiгiндегi жерiмен, соның iшiнде қазiр казак әскерлерi саудаға салып отырған әлгi енi 10 шақырымдық жер кеңiстiгi мен қоса өткен болатын. Соңғы кезде Үкiмет Дербес Сiбiр корпусының командирi кiнәз Горчаковтың шекара шебiн сенiмсiз далалықтардан (қа зақтардан. – авт.) қорғау жөнiнде жасаған өтiнiшiне орай әлгi жалға беру туралы Сiз ұсыныс жасаған енi 10 шақырымдық жер кеңiстiгi ендi қыр ғыздарға жалға берiлмейтiн болып отыр. Ол жерлер казак әскерлерiнiң меншiгiне уақытша өтiп кеттi. Бұрынғы сенiмсiз деп саналған қырғыз дардың бәрi де тыныш, бейбiт өмiр сүруде, Орыс үкiметiне шын берiлген сенiмдi адамдарға айналуда. Қазiр қырғыз даласында толық тыныштық орнап, бейбiт өмiр қалыптасты.
Қырғыздар тұрақты қонысы болмағандықтан қатты қиыншылықтар ға душар болуда. Мұның өзi оларға өте ауыр тиюде. Олар сөйте тұра жасақ (алымсалық), жол жөндеу жұмыстарына жұмсалатын үш есе артық мөл шердегi баж салығын төлейдi. Қандай ауыртпалық болса да қырғыздар өздерiнiң туыпөскен жерлерiн қиып кете алмайды. Gйткенi ол жерлерде атабабаларының сүйегi жатыр. Ал қысымға шыдай алмай, өздерiнiң ежелгi атамекендерiнен кең далаға кетiп қалған кейбiр адамдар ол жақтан да бос жатқан жер таба алмай, азап шегуде. Ақырында сол баяғы енi 10 шақырым келетiн жер алқабына амалсыздан қайтып оралуда. Жоғары мәртебелi мырза, Сiзден мынаны өтiнiп сұраймыз: сол енi 10 шақырымдық жер алқабын бұрынғысынша қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) иелiгiне тегiн беру жөнiнде жоғары жаққа өтiнiш бiлдiрсеңiз екен...»
Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 8қ, 66iс, 117–118парақтар.
Бұл өтiнiштi беруге бастамашы болған кiм едi? 2. Осы үндеумә лiмдеменiң авторлары қандай талаптар қойғанын айтып берiңдер. 3. Хатта жазғандар өздерiнiң жер иеленуге деген құқықтарына қысым жасалып, шектеулер қойылғанына қандай дәлелдер келтiрген?
