Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi

Түсiндiрме сөздiктерден, энциклопедиялардан, тағы басқа да анықтамалық басылымдардан «бостандық», «тәуелсiздiк» деген сөздердi тауып, олардың мәнi неде екенiн оқып бiлiңдер. Сондайақ бұл сөздердiң ненi бiлдiретiнiне ой жiберiңдер. Осының алдындағы параграфтан қазақтардың көтерiлiсiн басқарған Сырым Датұлы ту ралы айтылатын тұсты iздеп табыңдар.

    1. КHтерiлiстiң шығу себептерi. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсi басылғаннан кейiн патша үкiметi Кiшi жүз қазақтарының көшпелi қауымына отаршылдық езгiнi күшейтiп жiбердi. Сондықтан да қазақтардың көтерiлiске шығуы тiптi де кездейсоқ нәрсе емес едi. Оның өзiндiк себептерi болды. Бiрiншiден, шекара шебiнiң iшкi жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайты ла түстi. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бiр руласы жасаған құқық бұзушылық әрекетi үшiн ұстап алып, айыптауға бола тын едi. Екiншiден, Орал казак әскерлерi тарапынан бұрынғысынша дала төсiндегi «әскери iздестiрулер» тоқтатылмады. Үшiншiден, Нұралы ханның және оның төңiрегiндегiлердiң беделi жыл өткен сайын төмендей бердi. Ол бiртебiрте патша үкiметiнiң қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады. Мәселен, Нұралы хан Орын бордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халық тың мұңмұқтажына көңiл бөлiнбедi. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерiнше және өз пайдаларына қалай қаласа, со лай бөлiске салды.

    2. КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi

халыққа кеңiнен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кiшi

жүздiң iшiндегi он екi ата Байұлы бiрлестiгiнiң Байбақты руынан шыққан iрi тұлға болатын. С. Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiнiң барысында өзiн шебер дипломат, әскери қолбасшы әрi көрнектi ұйымдастыру шы ретiнде көрсете бiлдi. Көтерiлiсшiлердiң жетекшiсi әрi шешен, әрi би ретiнде өз даңқын асырған едi. Асқан ақылдылығы мен тапқыр лығы үшiн бала кезiндеақ «Бала би» атанған болатын. С. Датұлының дене күшi де зор едi. Жеке өз басының ерлiгi мен қайыспас қай сар батырлығы, ерекше ерiк күшi таңғалды ратын. Gз замандастарының арасында ат құла ғында ойнайтын шабандоздығымен де ерекше

Сырым Датұлы.

ленетiн. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрген ағылшын

журналисi Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр – жiгерлi, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйiспеншiлiгiне бөленген, халық оған табынған десе де болады».

Көтерiлiске қарапайым көшпелi қазақтардың едәуiр бөлiгi, стар шындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрi де Кiшi жүздегi барлық рулық бiрлестiктердiң, әсiресе Ресеймен шек тес жерлердегi рулардың өкiлдерi болатын. Gйткенi жайылым тап шылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал казак әскерлерiнiң шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерiлiс шiлердiң арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар едi. Мәсе лен, атақты батырдың жақын серiктерiнiң бiрi Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.

Көтерiлiсшiлердiң қойған ең басты талабы патша үкiметiнiң қазақ жерлерiн тартып алуын тоқтату едi. Сонымен қатар сұлтан дардың, ханның және олардың айнала төңiрегiндегiлердiң озбыр лығына тыйым салу болды.

    1. Ұлтазаттық қозғалысының басталуы және оның алғашқы кезеңi. 1782 жылдың аяқ кезiнде патша үкiметiнiң жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгiлiнде жайылымдық жерлердi жалға алу арқылы ғана уақытша өтуiне рұқсат етiлдi. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесiне пайдалана қойды – казактардың жерiн қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебiндегi бекiнiстердiң күзетi күшей тiлдi. Қазақтар аманат беруге тиiстi болды. 1782–1783 жылдың қы сында шекара шебiнiң iшкi жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағ дайды одан сайын қиындатып жiбердi. Жұт басталды. Дала тұрғында рының 10 000нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Мiне

осындай қиынқыстау жағдайда Кiшi жүздiң шекара шебiне таяу ауыл дарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресiне ұласты.

1783 жылдың көктемiнде қазақтар Орал шекара шебiне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекiнiсiндегi солдаттарды тұт қынға алып, малдарын айдап кеттi. Орынбордың солтүстiкшығы сында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор ко менданты қазақ даласына Орынбор казактарының жазалаушы әс керлерi мен башқұрттардың 1500 сарбазын жiбердi. Қазақ көтерi лiсшiлерi оларға табандылықпен қарсылық көрсеттi. Қазақтардың тастан тұрғызған бекiнiсi дұшпанның басакөктеп бiрден лап қойған шабуылы кезiнде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұ мыстарды атқаруға жiберiлдi.

Қазақтардың әскери бекiнiстер мен сауда керуендерiне шабуы лы жиiлей түстi. Мұның өзi орыс мемлекетiнiң Орта Азия хандықта рымен жасалатын саудасаттық деңгейiн құлдырата төмендетiп жi бердi. Қарағай бекiнiсiне бiрден лап қойған шабуыл жасалды. Көте рiлiсшiлер Орынбор мен Елек қорғанысының екi арасын байланы стыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды.

1785 жылы қазақ жасақтары Төменгi Орал шекара шебiнiң ай мағында патша үкiметiнiң әскерлерiмен кескiлескен шайқасқа түстi. С. Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ 2000, Тiленшi батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық еттi. Бұларға қарсы казактардың үш отряды жасақталды.

Ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңiрегiндегi лермен арадағы күресi күшейе түстi. Ханның халық көтерiлiсiн ба сыпжаншып тоқтатуға мұршасы келмедi. Ол – ол ма, көте рiлiсшiлер халыққа жексұрын болған оны орнынан түсiрудi талап еттi. Қазақтардың да, отаршыл билеушiлердiң де көз алдында өзiнiң беделiнен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кiшi жүзден бiр жолата қуылды. Ол ендiгi жерде патша билiгiнiң қамқорлығына алынды. Бiраз уақыт Калмыков бекiнiсiнде жасырын тұрды. Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.

    1. Барон Игельстромның реформалары және Кiшi жүзде хан би лiгiн жою әрекеттерi. Қалыптасқан жағдайда патша үкiметiнiң ал дында тұрған ендiгi мiндет Кiшi жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерiн ойлап табу едi.

1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.А. Игельстром келдi. Ол аймақты басқару жөнiндегi икемдi саясат жүргiзуге қабiлеттi адам ретiнде белгiлi болатын. О.А. Игельстром қазақтар туралы «жаны жайсаң ақкөңiл халық» деген жағымды пiкiрде болды. Кiшi жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсiнiп үлгердi. Билiктi билер кеңесiне берудi жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсiретуге тырысты.

1786 жылы О. Игельстром хан билiгiн реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәнi хан билiгiн толығынан жою, Орын борда Шекаралық сот билiгiн орнату едi. Кiшi жүздi рулықтайпалық жүйе бойынша – Әлiмұлы, Байұлы және Жетiру етiп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билiгiн жүзеге асыратын әкiм шiлiк органдар – ру ақсақалдары кiруге тиiстi расправалар құрыла тын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайын далатын екi орынбасары және бiр молда енгiзiлетiн болды. Олар дың атқаратын жұмысы үшiн қазына есебiнен жалақы төлеу көзделдi. II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кiшi жүз аума ғында екi не үш қала, бiрнеше мешiт, ақсүйектердiң балалары оқи тын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрi де Кiшi жүз қазақтарының Ресей империясынан iргесiн аулақ салып, саяси оқ шаулануын жоюға тиiс едi.

Бiрақ Игельстромның реформасы Кiшi жүздегi сұлтандар мен

старшындардың наразылығын туғызды. Gйткенi олар қазақ даласын дағы өз ықпалынан айырылғысы келмедi. Орта жүз бен Ұлы жүздегi Шыңғыс әулеттерi де осылай ойлап, олармен ынтымақтастық таныт ты. Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмiр ге жарамды болмай шықты. Әкiмшiлiк орган – расправалар iс жү зiнде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады. Хан дықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.

1786 жылы старшындардың съезi өттi. Онда тек қана Шекара лық сот құруға келiсiм берiлдi. Соттың құрамына алты ру стар шыны сайланды. Мұның өзi лауазымды әкiмшiлiк қызметiнде қа зақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бас тағанын көрсеттi. Алайда мұндай сайлау Кiшi жүздiң үшақ руын да болып өттi. Сөйтiп Шекаралық сот Кiшi жүздiң бүкiл рулары мен жоғары дәрежелi билер тобы арқылы байланыс жасай алма ды. Соның салдарынан Кiшi жүздегi саяси жағдайға ықпал ету мүмкiн болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзiлдiкесiлдi қарсы болды.

Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Едiл мен Жайық арасында қысқы кездегi мал жайылы мының көлемiн ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар жайылымдарды жалға беру тәртiбiн жоюды да ұсынды. Гене ралгубернатор бос жатқан жайылымдарды жалға алып, оған ақы төлеу тәртiбiн ғана жойды. Ал жеке меншiктегi жерлердi жалға беру тәртiбi сақталып қалды. Шекаралық шептiң iшкi жағына өту үшiн аманат тапсыру тәртiбi орнатылды.

Қазақтардың Едiл мен Жайық аралығына жаппай көшуi бастал ды. Старшындар өздерiнiң талаптарын күшейте түстi. Олар Кiшi жүз ден Ресейге қашып кеткен құлдарды қайтару мәселесiн де қозғады.

5—6903 65

Игельстром старшындардың талабын iшiнара ғана қанағаттан дырды. Бiрақ қазақтардың шекара шебiндегi бекiнiстерге шабуыл жасауын тоқтатуды шарт етiп қойды. Қазақ старшындары бұған жа уап ретiнде шекара шебiндегi әкiмшiлiк пен Орал казактарының тарапынан қазақтарға күш көрсетiп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап еттi. Жаңа әкiмшiлiк орган – расправалардың құрылуы сұл тандарды Кiшi жүз қазақтарын билеу жүйесiнен шеттетуде елеулi рөл атқарды.

Бұл жағдай сұлтандардың патша үкiметiне қарсы наразылығын күшейттi. Gйткенi олар өздерiнiң артықшылықтарынан айырыла бас таған болатын. Сөйтiп Кiшi жүзде өкiмет билiгiн жүзеге асыру мә селесi жөнiнде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрi жалғаса түстi. Старшындар мен сұлтандардың қарамақарсылығы басталды. Сырым батыр патша үкiметiнiң ықпалынан бiржолата шы ғып кетуге бағытталған әрекеттер жасай бастады. Мұның өзi патша үкiметiне тiптi де ұнаған жоқ. Игельстромның реформасы iске аспай қалды.

Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қаружарақ, атты әскер, азықтүлiкпен көмектесу жөнiнде келiссөз жүргiздi. Көтерiлiс жеңiлiп қалған жағдайда көшiпқонып жүру үшiн Хиуа хандығы ның бiр шетiнен мал жайылымын беру жөнiнде өтiнiш бiлдiрдi.

Патша үкiметi қазақтардың Едiл мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзi бұл аймақтағы қарамақарсылықты күшейте түстi. Қазақ тар Орал шекара шебiндегi бекiнiстерге шабуыл жасауды жиiлетiп жiбердi. 1791 жылы Ералы сұлтан Кiшi жүздiң ханы болып сайлан ды. Ал ол қайтыс болғаннан кейiн Нұралы ханның ұлы Есiм сұлтан 1795 жылы хан болды.

1792 жылы С. Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорға нысына шабуыл жасады. Содан соң Красногорск бекiнiсiн бiрден тiке шабуылмен алмақ болды. Бiрақ мықтап нығайтылған бекiнiстер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар көтерiлiсшiлердiң жоспарын жүзеге асыртпады.

    1. Ұлтазаттық қозғалысының ақырғы кезеңi. 1797 жылдың көк темiнде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есiм ханды өлтiредi. Бұған жауап ретiнде патша үкiметi қазақ даласы на жазалаушы отрядтар жiбердi. Бiрақ олар көтерiлiсшiлердi кездес тiре алмады.

Кiшi жүзде хан тағына талас басталды. О. Игельстром Кiшi жүздi басқаруды Хан кеңесiне тапсыруды ұсынды. Отаршыл өкiмет билiгi қартайып қаусап отырған Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қол дады. Бiрақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектерi дәстүрлi халық жиынын өткiзбейақ, Қаратай сұлтанды хан сайлауға асық

67

ты. Мұның өзi сұлтандардың Хан кеңесiне деген қарсылығын бiл дiруi едi. Gйткенi Хан кеңесiнде старшындардың ықпалы күштi бо лып шығатын едi.

Сырым Датұлы Хан кеңесiнiң құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзенi бойына көшiп кеттi. Онда ол Әлiмұлы стар шындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесiнiң алдына Кiшi жүздегi жағдайды жақсарту жөнiнде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал казактарымен қақтығысты тоқтату ға күш салды.

1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатура ны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетiп қар тайған адам едi. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кiшi жүздегi сұлтандар мен ру старшындарының өзара татула суы Сырым Датұлын өзiнiң төңiрегiне ру старшындарын бұрынғы сынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкiмшiлiгiне қарсы кү ресiн жалғастыра беру мүмкiндiгiнен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшiп кеттi. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбiр мәлiметтерге қарағанда өзiнiң саяси қарсыластары ның қолынан қаза тапқан көрiнедi.

    1. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi нiң бiрi – С. Датұлының бiрден екi күшке қарсы күрес жүргiзгендi гiнде болды. Ол, бiр жағынан патша үкiметiне қарсы, екiншi жағынан сұлтандар мен ханның төңiрегiндегi топтарға қарсы күрестi. Көтерiлiс жетекшiсi көтерiлiсшiлердi тұтасқан берiк күшке айналдыра алмады. Көтерiлiс стихиялы түрде басталды және ұйымдасқан жағдайда жал ғаспады. Адам саны жағынан шағын жасақтар бiрбiрiнен бөлек жеке соғысуды дұрыс санады. Руаралық шиеленiстi қақтығыстар да орын алды, старшындардың едәуiр бөлiгi тұрақсыздық танытты. Олардың iсқимылдары бiрбiрiмен өзара келiсiлмедi. Старшындардың едәуiр бөлiгi көтерiлiске қатысудан бас тартты. Gйткенi патша үкiметiнiң жазалаушы отряды келе қалған жағдайда Жайықтың сол жағалау ындағы жерлерiмiзден айырылып қаламыз деп қорықты.

Оның үстiне, сұлтандар тарапынан жасалған қарсылықты да

жоққа шығаруға болмайды. Патша үкiметiнiң Едiл мен Жайық ара лығындағы аумақта мал жайылымдарын уақытша пайдалануға бер ген рұқсаты да мал жайылымы туралы мәселенiң шиеленiсiн, аз да болса да бәсеңдеткен едi.

Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстiң орасан зор тарихи маңызы болды. Ұлтазаттық көтерiлiс қазақтардың Ресей империясының отаршыл әкiмшiлiгiне қарсы ең алғашқы iрi бас көтеруiнiң бiрi едi. Сырым батыр қазақ халқының есiнде ХVIII ғасырдың соңғы ширегiндегi көрнектi саяси қайраткерлердiң бiрi ретiнде қалды. Ол өз замандастарының арасында аса зор бедел мен сыйқұрметке бө лендi. Ауыз әдебиетiнiң деректерiне қарағанда, оның асына 2000

жылқы, 2500 қой сойылған деседi. Мұның өзi халықтың сүйiктi кө семiне деген шексiз зор құрметiнiң белгiсi едi.

Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстен кейiн патша үкiметi бiрқа тар мәселелер бойынша, соның iшiнде ең алдымен Едiл мен Жа йық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану жөнiнде де едәуiр жеңiлдiктер жасауға мәжбүр болды. 1801 жылы Жайық өзенiнiң оң жақ жағалауында Iшкi Орда құрылды. Бұл аймақтағы халықтың едәуiр мол бөлiгi Сырым Датұлының жақтастары мен жақын туыстары болатын. Батыр бастаған көтерiлiске белсене қатысқандар да солар едi.

  1. Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстiң негiзгi себептерiн атаңдар.

  2. Сырым Датұлының жеке басына сипаттама берiңдер. 3. Халық қоз ғалысы қалай өрiс алып едi? 4. Барон Игельстром реформаларының мәнi неде болды? 5. Ұлтазаттық көтерiлiс қалай аяқталды? 6. Көтерiлiстiң жеңiлуiнiң себептерiн атап өтiңдер. 7. Сырым Датұлы бастаған ұлтазаттық көтерiлi сiнiң тарихи маңызы неде болды? 8. Картадан көтерiлiс болған жерлердi көрсе тiңдер. 9. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қазақ фольклорынан Сырым Датұлының шешендiк таланты туралы деректердi iздеп табыңдар.

Қазына – түрлi бағалы заттар, дүниемүлiк; материалдық байлық.

Расправа – Кiшi жүздегi ру ақсақалдары кiруге тиiстi болған әкiмшiлiк орган.

Старшын – ру басшысы.

Айшуақ хан (1720–1810) – Кiшi жүздi 1797–1805 жылдары билеген хан, Әбiлқайыр ханның ұлы.

Игельстром Осип Андреевич (Густав Отто Андрей) (1737–1817) – Орынбордың 1784–1792 және 1796–1798 жылдардағы әскери губернаторы. Ол Кiшi жүздегi хан билiгiн жоюға күш салып бақты.

Қаратай сұлтан – патша әкiмшiлiгiне қарсы шыққан Кiшi жүз сұлтаны.