Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы

XVIII ғасырдағы аса көрнектi қазақ билеушiлерiнiң бiрi Абылай хан болды. Ол өте күрделi қиын жағдайдың өзiнде Қазақ хандығы ның салыстырмалы түрдегi тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтасты ғын сақтай бiлдi.

  1. Абылай – қазақ хандығының аса кHрнектi саяси және мемле кет қайраткерi. ХVIII ғасырдағы Қазақ хандығы билеушiлерiнiң бiрi Абылай өзiн аса көрнектi мемлекет қайраткерiне тән қасиеттерi жа ғынан көрсете бiлдi. Абылай хан өзiнiң бүкiл ғұмырын қазақ мемлекеттiлiгiн нығайту мен халықтың бiрлiгiн қамтамасыз ету iсiне арнады.

Абылай ханның өткен өмiр жолы оңай болған жоқ. Ол 1711 жылы Түркiстан қаласында дүниеге келдi. Оның азан айтып қойылған аты Әбiлмансұр болатын. Бiрақ ол Сабалақ деген жасырын атпен жүруге мәжбүр болды. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы бiлiм алды. Ол Шығыстың жетi тiлiн бiлдi. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзi шығарған 20дан астам күйi бар. Gзара бақталастық, алауыздық сал дарынан болған соғыстар кезiнде жастайынан

жетiм қалған едi. Он бес жасқа толған кезiнен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа бел сене қатысты.

Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпақтай, дене күшi зор едi. Заман дастары оны батылдығы, ержүректiгi және әбжiлдiгi үшiн қатты құрметтейтiн. Ол өз ғұмы рының ең соңғы күндерiне дейiн жауынгер лерiмен бiрге болды. Соғыста қолға түскен бар лық олжаны бөлiстi. Жаумен шайқастар кезiнде бiрнеше рет жаралы да болды.

Сөзге шебер әрi тапқыр едi. Gз замандаста

Абылай хан.

ры арасында сөзiне берiк, алғыр ойлы, барын

ша адал әрi әдiлдiгiмен көзге түсетiн. Керемет шешендiгiмен, қазақ тардың ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежiресiн өте жақ сы бiлетiндiгiмен ерекшеленетiн. Ол өз төңiрегiне халықтың құрметiне бөленген ең беделдi әрi адал адамдарды топтастырды.

Абылайдың аты халық арасына жиырма жасындаақ кеңiнен та нымал болды. Әбiлмәмбет ханның әскери жасағына кiрген ол бiр шайқастың кезiнде «Абылайлап» ұран тастап, жоңғар қалмақтары ның атақты батыры Шарышты жекпежек ұрыс үстiнде өлтiредi. Со дан кейiнақ ол Абылай деген жаңа атқа ие болып, қазақтардың арасында орасан зор бедел алды, сыйқұрметке бөлендi. Оған Орта жүздегi Арғын тайпасының Атығай атты iрi руына басшылық ету сенiп тапсырылды.

Сұлтан Абылай билiгiн нығайта түсуге және шекаралас елдер мен бейбiт қарымқатынас орнатуға ұмтылды. Осы мақсатпен ол көршi мемлекеттердiң ықпалды отбасыларының, сондайақ қазақ хандары мен сұлтандарының қыздарына үйленiп, әулеттiк некеге отыруды көздедi.

  1. Абылайдың iшкi саясаты. Абылайдың бүкiл iшкi саяси қызметi бiр орталықтан басқарылатын әрi ешкiмге тәуелсiз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексiз билiкке ие болды, оны халық қолдады. Ш. Уәлиханов былай деп жазады: «Қазақтардың аңызәңгiмелерiнде Абылай айрықша қасиетi бар киелi, керемет құдiрет иесi болып сана лады. Ешбiр ханның Абылайдай шексiз билiкке қолы жеткен жоқ. Ол рубасылар мен сұлтандардың өркөкiрек үстемдiгiне тыйым салды».

Абылай өзiнiң күшжiгерiн мына бағыттарға жұмсады. Бiрiн шiден, оның бiр орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәтi түстi. 1771 жылы ол Түркiстан қаласында қазақтың бүкiл үш жү зiнiң ханы болып жарияланды. Бұған жоңғарлар мен Едiл бойы қалмақтарын талқандаудағы орасан зор үлесi игi ықпал еттi.

Gзiнiң қол астындағы халықты неғұрлым жақсы басқару үшiн Абылай үш жүздiң әрқайсысына өзiнiң ұлдары мен жақын туыста рын билеушi етiп тағайындады. Мәселен, елдi оның атынан Жетiсуда Әдiл және Сүйiк сұлтандар, Орталық Қазақстанда – Қасым сұлтан, Ертiс бойы өңiрiнде – немере туысы Сұлтанбет сұлтан, Шығыс Қа зақстанда Әбiлмәмбеттiң ұлы Әбiлпейiз басқарды. Ханға оған шын берiлген қыруар көп төлеңгiттер де көмектесiп, қызмет еттi.

Екiншiден, ол сот билiгiн күшейте түстi. Сонымен қатар өз қызметiнде белгiлi қазақ билерiнiң, сондайақ атақты қазақ батыр ларының беделiне арқа сүйедi. Неғұрлым күштi, ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшiсi Бұқар жырау болды.

Үшiншiден, Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасын дағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен ба

4—6903 49

рымта алуды тоқтатты. Ең соңында ол қазақтардың егiншiлiкпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсеттi. Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көп көңiл бөлдi. Ол қазақ даласында темiр ұстаханаларын салудың бас тамашысы болды. Абылай хан ақынжырау, әншiкүйшiлер мен дiни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

  1. Абылайдың Ресеймен қарымқатынасы. Абылайдың сыртқы саясаты өзiнiң икемдiлiгiмен әрi алыстан болжайтын көрегендiлiгi мен ерекшелендi. Абылайдың негiзгi сыртқы саяси қызметi Қазақ стан аумағының ешкiм қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарымқатына сында татутәттi көршiлiк саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемле кетiмен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Gз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерiнiң орынсыз талап тары мен әрекеттерiнен батыл қорғай бiлдi.

Ресейдiң қол астына өтудi қабыл алғанына қарамастан, ол iс жүзiнде Ресейге мүлде тәуелсiз iшкi және сыртқы саясат жүргiздi. 1759 жылы патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi Әбiлмәмбеттi тағынан тай дырып, оның орнына өзiнiң отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде еттi. Алайда ел арасында беделi зор әрi алыстан болжайтын көреген сұлтан бұл ұсынысты қабыл алмады. Gйткенi ол ұсыныс елдiң өз iшiнде қазақтардың бiрлiгiн ыдыратуға алып барып соқтыратын едi. Абылай Әбiлмәмбет хан қайтыс болғаннан кейiн ғана қазақтың бүкiл үш жүзiнiң ханы бо луға келiсiм бердi. Патша үкiметi Абылайды бiр ғана Орта жүздiң ханы деп таныды. Бiрақ хан ант қабылдаудың және патшаның сенiм грамотасы мен тартутаралғыларын тапсырудың салтанат ты рәсiмiне барудан бас тартты. Gйткенi Абылай хан былай деп санады: менi билеушi хан етiп халық сайлады. Олай болса, орыс патшасының тағына тағзым етiп, ант беруге тiптi де мiндеттi емес пiн деп бiлдi.

  1. Жоңғар хандығының әлсiреуi. Абылай өзiнiң негiзгi күш жiгерiн жоңғар шапқыншылығын әлсiретуге бағыттады. Бұл ретте Ресейдiң ықпалды әскери көмегi бола ма деген үмiтi ақталмады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбiт келiсiм жасағаннан кейiн барлық күшiн батысқа қарай бұрды. Сөйтiп 1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бiр iрi жорыққа шықты. Жоңғарлардың тұтқиылдан баса көктеп енуi салдарынан Абылай олардың қолдарына тұтқынға түсiп қалды. Абылай сұлтанды тұтқыннан босатып алудың сәтi Жоңғар мемлекетiмен бейбiт келiсiм жасалғаннан кейiн ғана түстi. Галдан Церенге жiберiлген майор Миллер елшiлiгi жоңғарларға ауызекi қоқанлоқы жасаумен, «жақсы көршi» болып тату тұруға тiлек бiлдiрумен ғана шектелдi.

ГалданЦерен қайтыс болғаннан кейiн оның мұрагерлерi ара сында кескiлескен тақ таласы басталды. Мұны қазақ сұлтандары қуана қарсы алып, жоңғар билеушiлерiнiң билiк үшiн қырқыстары на араласып кеттi. Мұның өзi қазақтардың өз жауын әлсiретуiне және Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiкшығыс аудандарын жоңғарлардан қайтарып алуына мүмкiндiк туғызды. Абылай жоң ғарлардың тақтан үмiткер мұрагерлерiне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерiн қайтарып алуға қол жеткiздi.

Осы кезде қытай билеушiлерi Жоңғарияда болып жатқан оқиғаларды жiтi бақылап, оны басып алуды көздеп отыр едi. Сөйтiп қытайжоңғар соғысы басталып кеттi. 1755 жылы Цинь императоры Жоңғарияға елеулi әскер күшiн кiргiздi. Бiр кездегi қуатты Әмiрсана Ресей мемлекетiнiң қамқорлығына үмiт артып, Сiбiрге қашып ба руға мәжбүр болды. 1758 жылы Жоңғарияны Қытай армиясы түгел дей бағындырып алды. 1 миллионға жуық қалмақ қырғынға ұшы рады. Бұл туралы қазақтың белгiлi зерттеушiсi М. Тынышбаев бы лай деп жазады: «Қытай императоры жоңғарларды талқандау үшiн күштi әскер жiбердi. Қытайлықтар жасы мен жынысына қарамас тан 1 миллиондай жоңғарды қырып тастады». Жоңғарлардың тiрi қалған азғана тобы Едiлдiң төменгi сағасындағы өздерiмен туыстас қалмақтарға қарай қашты. Жоңғарлар бұл жолы да қазақтардың шабуылына тап болды.

1761 жылы Қытай өзiнiң Жоңғариядағы жағдайын бiржолата ны

ғайту үшiн онда империяның Синьцзянь немесе Шыңжаң (Жаңашеп) атты жергiлiктi аймағын құрды. Қытайлықтар бос қалған аймаққа ұйғыр, дұнған, урянхай, манчьжурлар мен 1771 жылдан Едiл бойы нан келген қалмақтарды қоныстандыра

бастады.

  1. Абылайдың қазақ жерлерiн бiрiктiру жолындағы күресi. Абылай хан Қазақ хан дығының қауiпсiздiгi мен егемендiгiн қам тамасыз ету үшiн сыртқы саясатты да нышпандық көрегендiкпен жүргiздi. Ре сейдiң қол астына сырт көзге ғана фор малды түрде қарағаны болмаса, 1756 жылы Қытай үкiметiмен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оның Ресейдiң Қазақстан аумағындағы отар шылдық әрекеттерiн тоқтатуына, сонымен қатар Қытай тарапынан жасалатын агрес сияға жол бермеуiне мүмкiндiк туғызды. Жоңғар мемлекетiн бiржолата жою

дың басталған кезiнде қазақ билеушi

лерi мен Қытай үкiмет билiгi арасында

Қытай императоры Цянь лунның Абылай ханға хаты.

жерге байланысты едәуiр шиеленiстi дау туды. Қытай шекара мәселелерiн реттеп қайту үшiн Қазақстанға, Абылай сұлтанға хат жазып, арнайы елшiлiк жiбердi. Алайда Абылай Қытайдың Жоң ғарияны басып алғанын мойындағысы келмедi. Онымен де қой май, жоңғар қалмақтарының циньдерге қарсы көтерiлiсiн баста ған Әмiрсанаға белсендi түрде көмек көрсете бастады. Қазақ бас шылары Жоңғария жерiнiң бiр бөлiгiн оның байырғы қожайы ны болып табылатын қазақтарға қайтарып берiлуiн заңды деп санады. Бiрақ Қытай жоңғарлардың көзiн жойған негiзгi жеңiм паздың құқығы өзiнде екенiн пайдаланып, ол жерлердi қайтарып беруден үзiлдiкесiлдi бас тартты.

1756 жылдың көктемiнде қазақ жасақтары Қытай әскерлерiне қарсы Жоңғарияның iшкi бөлiгiне жорық жасап, терең енiп кеттi. Бұған жауап ретiнде Қытай императоры ендi Қазақстанға шабуыл жасауға бұйрық бердi. Олар Орта жүздiң көшiпқонып жүрген же рiне екi жақтан – оңтүстiк және шығыс бүйiрiнен басып кiрмек болды. Оның үстiне, Қытай әскерлерi бұл кезде Абылай сұлтанның қарамағында жасырынып жүрген Әмiрсананы тұтқынға түсiрудi де көздедi. Қытайдың Шығыстан келе жатқан әскерiне Әмiрсана мен Қожаберген батыр бастаған бiрiккен қазақжоңғар жасақтары қарсы шықты. Ал оңтүстiк жақтан келе жатқан әскерге Абылай мен Бөген бай батыр бастаған жасақтар қарсы аттанды. Қазақтар Цинь әс керлерiмен бiрнеше рет шайқасты, олардың даланың iшкi жағына терең бойлап өтуiне жол бермей, бөгеп тұрып алды. Бұл шара қазақ ауылдарының соғыс қимылдары аймағынан ұзаққа көшiп кетуiне жағдай туғызды. Қазақ жасақтары Қытайдың екi әскерiнiң бiрбiрiне қосылуына мұрша бермедi, оларға күтпеген жерден үстiүстiне ша буылдар жасады. Сондықтан да Қытай әскерлерi келген iзiмен керi қайтуға мәжбүр болды.

Жеңiс қазақтар жағында болса да, алып империямен ұзақ соғысу өте тиiмсiз едi. Екi ел арасында келiссөздер басталып кеттi. Қытайлар Iле өзенiнiң аңғары мен Тарбағатай аймағында әскери бекiнiстер сала бастады. Ондағы мақсаты – босап қалған Жоңғар жерiне қазақ тардың қайта оралуына жол бермеу едi. 1761 жылы Қытай боғдыха ны қазақтардың Аягөз өзенiнiң оңтүстiк жағына қарай көшiпқону ына тыйым салатыны туралы жарлық шығарды. Алайда қазақтар Тарбағатайдағы жайылымдарды қытайлардың рұқсатынсыз өз бет терiмен қоныстануын тоқтатпады. Қытай әскерлерi қазақтарды қай тадан керi қуып шығу үшiн жазалау операцияларын бiрнеше рет жүргiздi. Бiрақ қыс түсiп, қытайлар кеткен кезде қазақтар ол аймақ тарға қайтадан көшiп баруын қоймады. Көшiп барушылардың саны ол аймақта бiртебiрте арта түстi. Абылай қытайлықтармен келiссөз жүргiзудi күшейттi. Соның нәтижесiнде 1767 жылы Қытай жағы

Тарбағатай аймағындағы және Iле өзенi бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болды. Оның есесiне қытайлықтар жайылымды жалға алып пайдалануды және қазақтардың Қытай мемлекетiнiң қол астына өтуiн талап еттi. Сөйтiп ХVIII ғасырдың аяқ кезiнде Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi Қытайдың қол астына өтiп, Синьцзяньдағы шөбi шүйгiн жайылымдарға жайғасты.

  1. Қазаққырғыз қатынастары. ХVIII ғасырдың 60–70жылдарын да қазақтардың Алатау қырғыздарымен қарымқатынасы едәуiр күр делене түстi. Бiрiншiден, жоңғарлардан басып алған жерлердi иемде нуге қырғыздар да талап қойды. Екiншiден, қырғыздардың жасақтары Жетiсу жерiндегi қазақтардың малын барымталап айдап әкетудi жиi летiп жiбердi. Үшiншiден, олар қазақтардың сауда керуендерiн талап алуды тоқтатпады.

Мiне, осындай жағдайда Абылай Қырғызстанның iшкi ауданда рына терең енген бiрнеше әскери жорық жасады. Мысалы, 1765 жылы Абылай қырғыздарға қарсы өзiнiң бiрiншi жорығына шық ты. Алайда ол жорықтан кейiн де қырғыздармен қарымқатынас жақ сара қоймады. Қырғыздар Жетiсу мен Түркiстандағы үйсiндер мен қоңыраттарға шабуыл жасап, елiн тонады, озбырлық көрсеттi. Сон дықтан да 1770 жылы Абылай қырғыздарға екiншi рет жорық жа сап, оларға күйрете соққы бердi. Екi халықтың арасында айқын бел гiленген шекара шебi құрылды. Қырғыздар бұған дейiн тұтқынға түскен қазақтар мен барымталап алған малды түгел қайтарды. Екi жақ та бұдан былай шабуыл жасаспауға келiстi. Қырғыздар кепiл дiкте жүретiн аманаттар бердi. Бiрақ сонда да олар қазақтарға ша буыл жасауын тоқтатпады.

Абылай 1779 жылы мазасыз қырғыздарға үшiншi рет жорық жа сауға мәжбүр болды. Бұл жорық бейбiт келiсiм жасаумен аяқтал ды. Абылай ең атақты деген манаптардың балаларын аманатқа алып қайтты. Қыруар көп қырғыздарды тұтқынға алды. Олардан Жаңа қырғыз және Байқырғыз деген екi болыс ел құрастырып, Көкшетау аумағындағы атығай руының арасына қоныстандырды. Абылай хан ның бұл шаралары қазаққырғыз шекарасында тыныштық орнауы на үлкен себеп болды.

  1. Абылайдың қазақ тарихында алатын орны. Абылай хан 1781 жылы Ташкенттен Түркiстан қаласына келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесiне жерлендi. Абылай ханның қайтыс болғанын естiген Қытай өкiметi көңiл айтып, елшiлiк аттандырды. Абылай қайтыс болғаннан кейiн хан тағына оның үлкен ұлы Уәли отырды. Бiрақ ол өзiнiң атақты әкесiнiң бастаған iсiн жалғастырып, алып кете алған жоқ. Шыңғыс тұқымының арасындағы алауыздық салдарынан шиеленiстi айтыстартыс басталды.

Сонымен 1795 жылғы қаңтарда 2 сұлтан, 19 старшын және 120 мыңнан астам қазақ II Екатерина атына өтiнiш жолдап, өздерiн орыс императорына тiкелей бағынатын етiп қол астына қайтадан алуды сұрады. Патша үкiметi бұл жағдайды шұғыл пайдалана қойды да, қазақ мемлекеттiгiнiң қалдығын одан әрi әлсiрете түсуге бағыттал ған шаралар қабылдай бастады. 1798 жылы Ертiс бойындағы қазақ тардың оның оң жағалауындағы көшiпқонған жерiне қайтадан ба руына рұқсат етiлдi. Бiр кездегi бiртұтас Орта жүз ендi екiге бөлiндi. Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күшжiгерi ең алдымен күштi және тәуелсiз Қа зақ мемлекетiн құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзiмен айтқанда, «Ол (Абылай. – авт.) қалыптасқан нақты жағдай ларға қарай бiрде Ресейге, бiрде Қытайға, ендi бiрде Жоңғарияға шын берiлген болып көрiне бiлдi, ал шын мәнiнде ешкiмге де бас иген жоқ». Абылай хан қазақтардың басын қосып бiрiктiру үрдiсiне бас шылық еттi және ұланбайтақ далада бiр орталыққа бағынатын мем лекет құруға зор ықпал еттi. Жоңғар және Едiл қалмақтарын тас талқан етiп, жеңiп шығуда ол аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерiнiң Қазақстан аумағымен iлгерi қарай iшкi аймақтарға жыл жуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тар бағатайдағы және Iле өзенi өңiрiндегi байырғы дәстүрлi мал жа йылымдарын қайтарып алуына қол жеткiздi. Алатау қырғыздарының

қазақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.

Абылай хан қазақтардың өз арасында ғана емес, сонымен қатар көршi халықтардың арасында да орасан зор бедел мен сыйқұрметке бөлендi. «Қазақтар жауға аттанғанда оның атын «Абылай! Абылай!» деп ұран етiп шапты. Ә. Бөкейханов өзiнiң «Қырғыздар» («Қазақтар».

– авт.) деген еңбегiнде Абылайдың атын тiптi Сiбiр казактарының ұран ретiнде пайдаланатыны туралы былай деп жазды: «Абылай!» деп ұран тастау тiптi Сiбiр казакорыстарында да бар. Олардың бiреуi өзiнiң ұлын 1904–1905 жылдардағы орысжапон соғысына аттанды рып тұрып, оған бата ретiнде: «Абылай! Абылай!» деп атой сал ...

«Абылай деп шабуыл жаса!» дегенiн көрдiм». Ш. Уәлихановтың сөзiмен айтқанда Абылай «қазақ даласына ұлы iстер тындыру үшiн жiберiлген құдiреттi билеушi болды».

Қазақстан қалаларының бiрқатар басты көшелерi Абылай хан ның атымен аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және дүние жүзi тiлдерi университетiне Абылай ханның есiмi берiлген. Көкшетаудың етегiнде Абылай ханның құрметiне алып ескерткiш стелла орнатылған. Қазақтар аса көрнектi қазақ ханының есiмiн бүгiнде өздерiнiң перзенттерiне зор ықыласпен қояды.

1. Абылай хан туралы әңгiме айтып берiңдер. 2. Атақты қазақ билеушi сiнiң iшкi саясаты туралы шағын әңгiме құрастырыңдар. 3. Абылайдың патша үкiметiмен өзара қарымқатынасы қалай қалыптасты? 4. Абылай ханның қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы жүргiзген азаттық күресiнде атқарған рөлi туралы айтып берiңдер. 5. ХVIII ғасырдың екiншi жартысындағы қазаққытай қатынастары қандай едi? 6. Абылайдың қырғыздарға қарсы бiр емес, бiрнеше жорық жасауға мәжбүр болуының қандай себептерi бар едi?

  1. Абылайдың қазақ тарихындағы алатын маңызы қандай? 8. Картадан Абылай ханның жорық жасаған елдерi мен аймақтарын көрсетiңдер. 9. Абылайды аса көрнектi мемлекет қайраткерi, дипломат, жауынгер және ел басқарушы ретiнде сипаттайтын қандай фольклорлық шығармаларды бiлесiңдер?

Боғдыхан – қытай императорының монғол тiлiндегi атауы.

Стелла – ескерткiш құлпытас.

Шежiре – қазақтардың генеалогиялық кестесi, тарихи жылнама.

Абылай хан (1711–1781) – қазақтың аса көрнектi ханы, жаңа заманның айбынды да беделдi мемлекет қайраткерлерiнiң бiрi. 1771 жылдан бастап қазақтың бүкiл үш

жүзiнiң ханы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – қазақтың әйгiлi ақынжырауы, мемлекет қайраткерi, Абылай ханның бас кеңесшiсi.

Уәли Абылайханұлы – 1781–1821 жылдары билiк еткен хан, Абылайдың үлкен ұлы әрi мұрагерi. 1782 жылы қаңтарда Қытай оның хан атағын бекiттi, ал сол жылы оны Ресей императрицасы II Екатерина Орта жүздiң ханы деп таныды.

Әмiрсана (1722–1757) – жоңғар нойоны, Давацидiң бақталасы, елдiң күйзелiске ұшыраған кезiнде Жоңғария ханы тағына отыруға үмiттендi. Әмiрсана 1755 жылы Қытайдың Цинь империясына қарсы көтерiлiс ұйымдастырды.