Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы

ХIХ ғасырдың 60жылдарынан бастап патша үкiметiнiң Қазақ станның аумағына шаруаларды жаппай қоныс аударта бастағанын айттық. Шаруалар өздерiмен бiрге егiншiлiк мәдениетiн, сондайақ жаңа еңбек құралдарын ала келдi. Осыған байланысты баубақша егу және омарта шаруашылығы пайда болып, едәуiр дамыды. Жергiлiктi қазақ халқы мен қоныс аударып келген шаруалар ара сында тұрақты шаруашылық қатынастары қалыптасты.

  1. Қоныс аударып келген шаруалардың тұрғын үйi. Ресей мем лекетi қоныс аударып келген шаруаларға олардың жаңа жерлерге

«жайғасуы үшiн» көмектесiп тұрды. Оларға көшiп келген бойда үй сайын 185 сомнан ақшалай қарыз берiлдi. Сонымен қатар оларға егiн егуi үшiн тұқым, азықтүлiк сатып алуға қаржы бөлiндi. Шаруа лардың үйжай салып алуына көмек ретiнде ағаш материалдары тегiн таратылды. Ондай ағаш материалдары Петропавл, Омбы және Ақмо ла сияқты қалаларда босатылатын.

Әр отбасына норма бойынша 200ге дейiн құрылыстық бөрене және 50 сырғауыл берiлдi. Басқа да құрылыс материалдарын сатып алу үшiн қосымша ақшалай қарыз алды. Мәселен, олар монша са лып алуға деп 20 бөрене, орылған астық бауларын сақтайтын қора үшiн 60 бөренеге дейiн ала алатын.

Үйжай және шаруашылық құрылыстарын шаруалардың өздерi салып алды. Олар үйлерiн сабан араластыра иленген саз балшықтан құйылған шикi кiрпiштен тұрғызды. Мұндай үйлер әрi берiк, әрi жылы болып шықты.

Қоныс аударушылардың уақытша баспанасы.

Неғұрлым ауқатты шаруалар бөренеден қиып, төбесi қаңылтыр дан жабылған тәуiр үйлердi бiрден салып алуға кiрiстi. Сатқан кезде шикi кiрпiштен тұрғызылған үйлердiң бағасы 200 сом, ал ағаш үй лердiң бағасы 400 сом тұрды.

  1. Қоныс аударып келген шаруалардың кHрген қиындықтары. Мемлекет қаншалықты көмектессе де шаруалар алғашқы жылдары едәуiр қиындықтарды бастарынан кешiрдi. Үйжай салып алу үшiн берiлетiн бөренелер мын сырғауылдар уақтылы жеткiзiлмедi. Сон дықтан көптеген отбасылардың жер кепелерде, үңгiрлерде, қамба ларда, шалашкүркелерде айлап емес, тiптi жылдар бойы тұруына тура келдi. Олардың арасында өлiмжiтiм, аурусырқау жиi болып тұрды. Қоныс аударып келген шаруалар кейбiр жағдайларда бұрын нан тұратын отбасылардан қыс кезiнде пәтер жалдауға мәжбүр бол ды. Пәтер жалдау барған сайын қымбатқа түстi. Мемлекеттiң берген қарызының бiр бөлiгi пәтерақыға жұмсалып кеттi.

Таңдап алынған жер телiмiнiң бiрқатары сапасыз, топырағы құ нарсыз болып шықты. Олардың айналасындағы таяу жерлерде орман не шалғынды шөп өсетiн шабындық болмады. Кейбiр жер телiмдерi ауыз судан алыс едi. Сондықтан үкiмет арнайы гидротех никтер бөлiп, шаруалардың үй санына шаққанда әрбiр 15 шаруа шылыққа бiрбiрден құдық қаздырып бердi.

Шаруалардың жергiлiктi жердiң ауа райының ерекшелiктерiн бiлмеуi де көптеген қиындықтар тудырды. Кейде құрғақшылық сал дарынан егiн шықпай қалды, шыққан егiннiң өзi суыққа шыдамай, үсiп кеттi. Егiндi шегiртке жеп қоятын кездер де болып тұрды. Ал шегiрткенi құр қолмен жою мүмкiн болған жоқ.

Егiн шықпай қалған кейбiр жылдары шаруалар мемлекет тара пынан көмек алып тұрды. Қиыншылықтың ауыр зардаптарына шы дай алмаған бiраз шаруа өздерiнiң туыпөскен елiне қайтып кетуге мәжбүр болды.

Қиындықтың ең ауыр кездерi ашаршылық жылдары болды. Мәселен, 1891 жылы егiн шықпай қалу салдарынан болған ашаршы лық Қазақстанның аумағын да қамтыды. Шаруалар жаңа қоныс орындарын тастап, жаппай қалаға қарай ағылды. Бiр ғана Омбы қаласына 6 мыңға жуық шаруа шоғырланды.

  1. Егiншiлiк – шаруалардың негiзгi кәсiбi. Қоныс аударып келген шаруалардың негiзгi кәсiбi егiн егумен айналысу едi. Әрбiр ер аза матқа орта есеппен 15 десятина жер берiлдi. Олардың шаруашылық кәсiбi салыстырмалы түрде алып қарағанда тәптәуiр табысты да едi. Бұл ретте оларға, ең алдымен, мемлекет тарапынан көрсетiлген қолдаудың көмегi көп тидi. Бiрiншiден, шаруалар әсiресе алғашқы кезде жер телiмiн таңдап алды. Екiншiден, егер алғашқы екi жылда үйжай құрылыстарын салып алып, берiлген жердi толық игерiп, егiн егiп үлгерсе, онда олар алдағы он жыл мерзiмге дейiн алым

салық түрлерiн төлеуден босатылды. Үшiншiден, шаруаларға өздерi нiң шаруа қожалығын «жөнге келтiрiп алуы» үшiн ақшалай қарыз берiлдi. Төртiншiден, оларға үй сайын жемiс ағаштарының 100 түп көшетi тегiн таратылды. Олар сонымен қатар 20 сомнан қайтарусыз негiзде ақша да алды. Осылардың бәрiнiң үстiнде мал, сондайақ ауыл шаруашылық құралсаймандарын сатып алуы үшiн тағы да қайтарусыз негiзде ақша берiлдi. Бесiншiден, қоныс аудартушылар ұйымдары ауыл шаруашылық қоймалары мен құралсаймандары паркiн ұйымдастырды. Одан шаруалар өздерiне берiлетiн қарыз ақша есебiнен ауыл шаруашылық құралсаймандарын, тұқым, сондай ақ үй iшiне қажеттi бұйымдарды сатып ала алатын болды.

Шаруалар өздерiнiң меншiгiндегi жерлерi тозып, өнiм беруден қалған кездерi қазақтардың иелiгiндегi құнарлы жерлердi су тегiн дерлiк тиынтебенге жалға алып пайдаланды. Мәселен, қазақтар дың жалға берiлген әр десятина жерi үшiн 5–7 тиыннан ғана төлендi. Шаруалар жердi өгiз жегiлген соқамен жыртты. Астықтың бар

лық түрiн бидай, қарабидай, сұлы, тары т.б. ектi.

  1. Мал шаруашылығы. Шаруалар негiзiнен шошқа, сиыр мен жылқы өсiрдi, қойешкi өсiрумен де айналысты.

Қоныс аударушы шаруаларда мал өсiру қосалқы кәсiп сипатына ие болды. Мал өсiрумен Ақмола, Петропавл және Қостанай уезде рiндегi аздаған шаруалар ғана айналысты. Соның өзiнде де олардың малын жергiлiктi тұрғындар – қазақтар бақты. Қазақтардың үлгiсi бойынша түйе ұстайтын орыс шаруалары да кездестi. Бiрақ олардың саны өтемөте аз мөлшерде болды. Түйе әр түрлi егiншiлiк жұмыста рына және жүк тасымалдауға пайдаланылды.

  1. Омарта шаруашылығы. Семей облысының Gскемен және Се мей уездерiндегi орыс шаруалары омарта шаруашылығымен елеулi түрде айналысты. Оларда шаруашылықтың бұл түрi ХIХ ғасырдың 20жылдарында пайда болған едi. Шаруалар омарта шаруашылығын казактардан үйрендi. Мәселен, 1883 жылы Gскемен уезiнде шамамен ара ұясының 5 мыңға жуық жәшiгi болды. Ал 1900 жылы олардың саны 24 мыңға дейiн жеттi, яғни омарта шаруашылығының көлемi төрт есе дерлiк артты. Омарта шаруашылығымен аз мөлшерде болса да Павлодар уезiндегi шаруалар да шұғылданды. Бал өндiрумен Же тiсу және Сырдария облыстарының кейбiр жерлерiндегi шаруалар да айналысты.

  2. Баубақша Hсiру және балық аулау кәсiбi. Шаруалар балық аулауды барлық жерде бiрдей, бiрақ казактармен салыстырғанда едәуiр кем мөлшерде кәсiп еттi. Олай болатын себебi Ертiс пен Жа йық жағалаулары негiзiнен казактардың пайдалануында едi. Сон дықтан да шаруалар балықты дала төсiндегi қыруар көп көлдер мен шағын өзендерден аулады. Олар қазақтардан балық өсетiн көлдердi және Арал теңiзiнiң жағалауларын азынаулақ ақшаға сатып алды.

Әр шаруа қожалығы баубақша өсiрдi. Бұл кәсiппен ашық су көздерi жоқ, тек құдықтан су iшетiн шаруа қожалықтары да айна лысты. Олар картоп, орамжапырақ, сәбiз, шалқан және қияр ектi. Көкөнiс өнiмдерi шаруалардың тағамында елеулi рөл атқарды.

Gскемен және Семей уездерiнiң шаруалары негiзiнен қауын, қарбыз және күнбағыс өсiрдi. Ол өнiмдердi өздерi де тұтынды, сату ға да шығарды. Мәселен, оларда 1900 жылы бұл дақылдар 1,4 мың десятина жерге егiлдi. Олардың өнiмi Омбы жаққа қарай жөнел тiлетiн. Ол өнiмдердi тұтынушылар негiзiнен Семей, Омбы, Петро павл қалаларының тұрғындары болды.

Кендiр және сора өсiрумен Ақмола мен Семей облыстарының шаруалары айналысты.

  1. Қоныс аударушы шаруалар мен жергiлiктi қазақтардың ша руашылық және мәдени байланыстары. Патша үкiметi қазақтар дың бүкiл жерiн тартып алуға бағытталған отаршылдық саясат жүргiздi. Солай бола тұрса да, қоныс аударып келген орыс шаруа лары мен жергiлiктi қазақтардың арасында белгiлi бiр дәрежеде шаруашылық және мәдени қатынастар қалыптасты. Ол қатынас тардың қазақтарға да, қоныс аударып келген орыс шаруалары на да, екi жаққа бiрдей оңды ықпалы болды.

Қоныс аударушы шаруалар қазақтардан егiндi қолдан суару тәсi лiн үйрендi. Қар тоқтату, арық қазу өнерiне машықтанды. Шаруа лар жергiлiктi халықтың үлгiықпалымен малды, әсiресе жылқы мен қойды неғұрлым көбiрек ұстайтын болды. Тiптi кейбiр орыс шаруа

Ауыл шаруашылық машинасы.

лары жүк артатын күш көлiгi ретiнде түйе де ұстайтынын айттық. Шаруалар қазақтардан малды барған сайын көп ұстауды үйрендi. Мұның өзi олар үшiн әсiресе қыс кезiнде тиiмдi болды.

Шаруалардың ықпалымен қазақтар да ауыл шаруашылық машиналарын, темiрден жасалған қажеттi еңбек құралдарын сатып ала бастады. Орыс шаруаларының үлгiсiмен жаппай шөп шабуды үйрендi, астық қамбаларын, жел диiрмендер салып ала тын болды. Дала тұрғындары орамжапырақ пен картопты өңдеу тәсiлдерiн үйрендi. Мәселен, Перовск уезiнде қазақтар өсiрген орамжапырақты орыстардың өздерi сатып алатын болды. Томск губерниясының қазақтары омарташылықпен айналыса бастады. Семей облысының оңтүстiк уездерiндегi қоныс аударушы орыс шаруаларынан қазақтар жемiсжидек пен көкөнiс өсiрудi үйрендi. Қазақтар қоныс аударушылардың үлгiсiмен төбесi екi жақты еңiс, шатырмен жабылған үй салып алатын болды.

  1. Қоныс аударушы шаруалардың тұрғын үй салуының ерекшелiгi неде едi? 2. Жаңа жерге келген орыс шаруалары қандай қиыншылықтарды

басынан кешiрдi? 3. Gлкеге қоныс аударушы шаруалардың негiзгi кәсiбiн атап көрсетiңдер. 4. Мал шаруашылығы, омарта, балық аулау және баубақша өсiру сияқты кәсiптер шаруалар арасында қалай дамыды? 5. Қоныс аударушы орыс шаруалары мен жергiлiктi қазақтардың арасындағы шаруашылық қаты настардың қандай болғаны туралы айтып берiңдер. 6. Қазақ малшылары мен ресейлiк шаруа диқандардың өмiрi мен тұрмысын салыстырыңдар.

Сырғауыл – үйдiң төбесiн жабатын жуандығы бiлектей ағаш.

Қар тоқтату – егiс алқаптарына қарды жалдап үю.

14—6903

217