Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Мб
Скачать
☆

§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi

Патша үкiметi ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық iсәрекеттерiн күшейте түстi. Мұның өзi, ең алдымен, қазақтардың жерiн тартып алудан айқын көрiндi. Жердi барынша ауқымды көлемде тартып алу Елек өзенi аймағында, Ор және Троицк әскери бекiнiстерiнiң аралығында орын алды.

  1. Жаңаелек шебiнiң құрылуы (1810–1822 жылдар). Патша үкiметi Елек өзенiнiң бойындағы Кiшi жүз қазақтарының жерiн тартып алды. Жаңадан құрылған шекара шебiнiң Жаңаелек деп аталуының себебi де, мiне, осында жатыр едi. Кiшi жүз қазақтарының мұндағы жер лерiн тартып алудың ресми сылтауы тұз тасылатын күре жолдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету деп түсiндiрiлдi. Бұл аймақ ежелден берi тама және табын рулары көшiпқонып жүретiн дәстүрлi мал жайылымы болатын. Олар мұнда тұз өндiрумен айналысатын, шөбi шүйгiн жайылымдарды пайдаланатын. Бұл өңiрдегi көлдердiң суы мен батпағының науқастарға шипа болатын қасиетi бар едi. Бұл жөнiнде ХIХ ғасырдағы орыс зерттеушiлерiнiң бiрi И.С. Хохлов бы лай деп жазды: «Бұл аймаққа орыстар келмей тұрыпақ көп бұрын жаздыкүндерi қырғыздар (қазақтар. – авт.) Електiң тұзды көлдерiне

Тұз өндiру.

түсiп, шомылып жататын, оның тұзды суының толып жатқан ауруға шипа болар қасиетi бар деп бiлетiн».

Әрi әлсiз, әрi патша үкiметiнiң жергiлiктi өкiмет органдарының қатаң бақылауындағы хан билiгi Ресей империясы тарапынан қазақ тардың жерiн тартып алу әрекеттерiне қарсылық жасай алмады. 1810 жылы патша үкiметi Жаңаелек шебiн жасауға кiрiстi. Мұның өзi ше кара шебiн қазақ даласының iшкi жағына қарай тереңдете жылжыту арқылы жүргiзiлдi. Сөйтiп ол Жайық, Елек, Құралай және Бердянка өзендерi аралығын қамтыды. Қазақтардың 600 мың десятинаға жуық жерi патша үкiметiнiң пайдасына межелеп бөлiп берiлдi. Бұл жер телiмi Кiшi жүз қазақтарының ең тамаша шұрайлы жайылымдары болатын. Жаңаелек шекара шебiнiң құрылысы 1822 жылы аяқталды. Қазақтар ол жерлерден күшпен ығыстырылды. Ол жерлердiң бұрын ғы заңды иелерiнiң бұдан былай тұз өндiру еркiндiгi де күрт шектелдi. Елек өзенiнiң бойында Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Кө

мiрлi, Вятлянская және Бердянская сияқты бекiнiсқорғандардың

негiзi қаланды. Олардың төңiрегiне айналдырыла ор қазылды, кедер гiлi жал тұрғызылды. Жаңа аймақтың аумағына әскери адамдар мен казактар қоныстандырылды. Ол жерлерге сонымен қатар жер аударылып келгендер мен Ресейдiң iшкi аудандарынан қоныс аудар ған шаруалар да орналастырылды. Олар кейiннен казактар тобы на көшiрiлдi.

  1. Жоламан Тiленшiұлы бастаған кHтерiлiс (1822–1825). Жаңа елек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерiнiң на разылығын ашық бiлдiрдi. Олар Орынбор генералгубернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнiнде талай рет өтiнiш жасады. Бiрақ ол өтiнiштердiң орындалуына үзiлдiкесiлдi тыйым салынумен болды. Мұның өзi төзiмi таусылған жергiлiктi қазақтарды ашықтанашық қарулы көтерiлiске шығуға итермеледi.

1822 жылы табын руының батыры әрi биi Жоламан Тiленшiұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзенi бойындағы жерлердi қайтарып алу жолындағы күреске басшылық еттi.

Жоламан батыр атақты Бөкенбай батырдың немересi болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар едi. Олар батырдың сенiмдi тiрегiне айналды. Ашуызаға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келiп қосылды. Жоламан батыр өзiнiң қол астына 3 мыңға жуық көтерiлiсшiнi топтастырды. Жаңадан құрылған шекара шебiне күштi шабуылдар жасала бастады. Көтерiлiске шық қан қазақтар казактардың станицаларына шабуыл жасады, олардың үйлерi мен шөбiн өртедi, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкеттi. Сондайақ олар патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне бүйректерi бұратын қазақ ауылдарына да шабуыл жасап жүрдi. Ондай шабу ылдарды шағын жасақтар жасады. Әрбiр шабуылдан кейiн көтерi лiсшiлер өздерiнiң соңында өртке оранған станицалар мен ауылдар ды қалдырып, Қарақұмның терең қойнауына сiңiп, бой тасалап кете тiн. Мұның өзi патша үкiметiнiң жазалаушы әскерiнiң көтерiлiсшi лерге қуғын ұйымдастыруын қиындатты. ХIХ ғасырдың орта кезiнде Орынбор өлкесiн зерттеушiлердiң бiрi И.Ф. Бларамберг былай деп атап көрсеткен болатын: «Казактар Елек бойындағы құнарлы жерлердi тартып алу үшiн өздерiнiң қанын төгуге мәжбүр болды. Ол жерлердiң байырғы иелерi өз батырларының бастауымен жиналып келiп, топто бымен кескiлескен шайқасқа түстi, олар өздерiнiң атабабалары көшiп қонып жүрген жерлерден айырылғаннан гөрi кiндiк кескен жерi үшiн өмiрлерiн қиғанды артық санады».

Кiшi жүздiң ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебi айма

ғындағы толқуды басуға дәрменсiз болды. Көтерiлiстi басу үшiн құ рамында 500 Орынбор казагы, екi зеңбiрегi бар жазалаушы экспеди ция жiберiлдi. 1825 жылдың көктемiнде жазалаушы экспедиция Бұл дырты, Шиелi және Тамды өзендерiнiң бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, оларды аяусыз қырыпжойды. Көтерi лiсшiлер аянбай қарсылық көрсеттi, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезiнде 195 сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың қатарында әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесiне айдап апарып, қамап тастады. Түрмедегi жағдай адам төзгiсiз ауыр болды. Көп адам ауырып өлдi. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сiбiрге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтерiлiс жетекшiсi патша үкiмiне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды.

1835 жылы көтерiлiс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және

Троицк бекiнiстерiнiң арасындағы кеңбайтақ жердi Ресей империя сының қазақтардан тартып алуына тiкелей байланысты болды. Көте рiлiс жасаушыларға Кiшi жүз бен Орта жүздiң жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ рулары қосылды. Қазақтар шекара ше

бiндегi бекiнiстерге жүйелi түрде шабуыл жасап тұрды. Көтерiлiске тағы да Жоламан батыр басшылық еттi. Кейiнiрек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық көтерiлiсiне барып қосылды.

Жоламан Тiленшiұлы бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қар сы сипаты басым болды. Көтерiлiстiң әр жерде шашыраңқы жүруi мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңiлiске ұшырауына жеткiздi. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуат ты көтерiлiстiң пiсiпжетiлуiне елеулi ықпал еттi.

  1. Жаңашеп аймағының құрылуы (1835). Жаңаелек шекара шебiндегi бекiнiстердiң құрылысы аяқталғаннан кейiн 1835 жылғы 5 наурызда Министрлер Кабинетiнiң «Орынбор губерниясының қыр ғыз (қазақ. – авт.) даласымен шекарасында жаңа шекара шебiн құру туралы» Ережесi бекiтiлдi. Бұл Ереже бойынша Ор және Троицк бекiнiстерi аралығында өтетiн Орынбор шекаралық шебi қазақ даласының iшкi жағына қарай iлгерi жылжытылды. Қазақтар тағы да 4 миллионға жуық десятина жерiнен айырылып шыға келдi. Мұның өзi көлемi жағынан бүкiл Орынбор губерниясының төрт тен бiрiне тең едi.

Жаңа және ескi шекаралық шептер арасындағы аумаққа казак тарды орналастыруға бұйрық берiлдi. Казактарға қолайлы болуы үшiн жаңа шекара шебiнiң өн бойында енi 15 шақырым келетiн ал қап Орынбор казак әскерлерiнiң меншiгi ретiнде бөлiп берiлдi. Ал қалған жерлер мемлекет меншiгiне өтуi тиiс делiндi. Жаңа аумаққа орналасқан халық тағы да әскерилер мен казактар болып шықты.

Жаңа Ережеге сәйкес қазақтар жаңа шекара шебiнiң сыртқы жағына көшуге тиiс болды. Gздерiнiң бұрынғы атақоныстарынан айырылмау үшiн олар неше түрлi айлашарғылар жасауға дейiн бар ды. Мәселен, бiзге Кенесары Қасымұлы жасақтарының шабуылы мен озбырлығынан құтылу қиын болады деген шағым айтты. Осын дай қыруар көп шағым айтылып, өтiнiш жасалғаннан кейiн Орынбор өлкесiнiң басшылығы қазақтарды қоныстарында уақытша қала тұру ына рұқсат еттi. Бiрақ бұрынғы өз жерлерiн өздерi жалға алып, ақы төлеп тұратын болды.

Жаңа шекара шебiндегi аймақтар ең бiр құнарлы да шұрайлы жерлер болатын. Онда күнi кешеге дейiн қыпшақтар мен жағалбай лы руларының 12 мыңға тарта отбасы көшiпқонып жүретiн. Бұл қоныстан ығыстырылған қазақтар кейiнiрек Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiске белсене қатысты.

Қазақ даласына қарай iлгерi жылжытылған шекара шебiнде Им ператорское, Наследницкое, Константиновское, Николаевское және Михайловское бекiнiстерi алғашқы жылдың өзiндеақ тұрғызылды. Жаңа шекара шебiнде Орынбор казактары мен 9 және 10кантон дардағы башқұрттардан тосқауылшы күзетшiлер қойылды. Патша үкiметi бұдан кейiн де қазақ жерiн басып алуын тоқтатпады. Жаңа

шекара шебi бiрқатар станицалар мен поселкелер тұсынан қазақ даласының iшкi жағына қарай тағы да 5–8 шақырым жылжытылды.

Жаңа шекара шебi аймағында қазақтардың уақытша тұруына рұқсат етiлгенiмен де, олардың саны бiртебiрте арта бердi. 1855 жылы ондағы қазақтардың саны 28 мың адамға жақын болған едi, ал 1891 жылы – 50 мыңға жеттi.

Қазақтардың жерiн тартып алудың ауыр зардаптары болды. Қа зақ халқы кедейленiп, қайыршылана түстi. Егер бұрын үй басы сайын түтiн салығын төлеп келсе, ендi ежелгi өз жерлерiн өздерi жалға алып пайдаланғаны үшiн тағы да қосымша алымсалық төлейтiн бол ды. Оның үстiне, олардың уақытша тұратындығы да толып жатқан қолайсыздықтар тудырды. Жалға жер алған қазақтар өздерiн қашан қуып жiберерiн бiлмей алаңдаумен отырды.

  1. Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы – қазақ халқының ұлтазаттық қозғалысының жетекшiлерi. Патша үкiметiнiң қазақтар дың байырғы дәстүрлi қоныстарын үстiүстiне тартып алуы, Қазақ стан аумағында әскери бекiнiстердiң көптеп салынуы, хан билiгiнiң жойылуы, мiне, мұның бәрi де отаршылдыққа қарсы қозғалыстың тууына алып келдi.

Бұл қозғалысты Абылайдың отыз ұлының ең кенжесi Қасым сұл тан бастаған болатын. Әкесiмен бiрге отаршылдық езгiге қарсы оның балалары Саржан, Есенгелдi, Ағатай, Кенесары және Наурызбай атқа қонды. Қасымның 12 ұлы бар едi. Оның әрқайсысының өзiнде 500 үйге тарта төлеңгiттерi болатын.

1825–1826 жылдары Қасым Сiбiр және Орынбор аймақтық өкi мет орындарына ашуызаға толы хаттар жазып, округтiк приказдар ды таратуды талап еттi. Сұлтан қазақтардың кеңбайтақ дала төсiнде ұзаққа көшiп кету мүмкiндiгi бар екенiн де ескерттi. Сонымен қатар ол Ресеймен татутәттi бейбiт көршi болуды қалайтынын да атап көрсеттi.

Приказдардың салынуына қарсы болған сұлтандар қайтыс болған Уәли ханның үлкен ұлы Ғұбайдуллаға үлкен үмiт артты. Ол батыл әрекеттер жасайтын шығар деп күткен едi. Тiптi Орта жүздiң кейбiр рулары оны хан сайлап та қойды. Мiне, осы жағдайда патша үкiметi оны Көкшетау округiнiң аға сұлтаны етiп бекiттi.

Қалыптасқан бұл жағдайды пайдаланып, Ғұбайдулла сұлтан хан дық билiктi қайта орнатудың қажет екендiгi туралы шешiм қабылда ды. Осы мақсатты көздеген Ғұбайдулла қытайлықтармен диплома тиялық қатынас орнатты. Баянауыл таулары аймағында қытайлық тармен кездесу өткiзуге әрекет жасады. Қытай императорының деле гациясы 600 қарулы солдатымен, Ғұбайдулланы хан сайлап қайтуға тырысты. Бiрақ олай етудiң сәтi түспедi. Патша үкiметiнiң жүзбасы Карбышев бастаған қарулы жасағы жол тосып жүрiп, қытай өкiлдiгiн де, Ғұбайдулла сұлтанды да қолға түсiредi. Ғұбайдулла бұдан кейiн

де Қытайға делегация жiберуге әрекет жасады. Бiрақ бұл жолы Қы тай үкiметi оның ұсынысынан бас тартты. Gйткенi Қытай Ресеймен қарымқатынасын бұзуды қаламады. Ғұбайдулла Тобыл губерния сындағы Березов қаласына жер аударылды. Ол қала саяси сенiмсiз және қылмыс жасаған қазақтар жер аударылатын дәстүрлi орын болатын. Ғұбайдулла сол жер аударылғаннан 1840 жылы ғана қайтып оралды.

1825 жылдың көктемiнде Ресей империясының отаршылдық езгi сiне қарсы қозғалысты Қарқаралы округi қазақтарының басқару шысұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. Ол әрiберi өткен керуен дерге бақылау орнатты. Приказдарға шабуыл жасауға көштi. 1826 жылғы 31 қаңтарда Саржан Қасымұлының жасағы патша үкiметiнiң әскерлерiне қарсы ашық шайқасқа шықты. Оған өз қол астына қарайтын Қарпық болысы көмекке келдi. Алайда олар жеңiлiп қал ды. Саржан Кiшi жүз қазақтарының арасына көшiп кетуге мәжбүр болды.

1831 жылдың орта кезiнде патша үкiметiнiң құрамында 500 сол даты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылдарын шауып кеттi. 450 бейбiт тұрғын қаза тапты. Ондаған адам тұтқынға алынды. Кейiнiрек патша үкiметiнiң әскерлерi тықсырып, тиiсе берген соң Саржан Ұлы жүз қазақтарының ортасына көшiп барды. Ол Қоқан хандығының қол астына қарайтын қазақтардың көмегiнен үмiттендi. Бiрақ бұл жағдай Қоқан хандығымен екi арада шиеленiстi оқиға тудырды. 1836 жылы жазда Ташкенттiң билеушiлерi Саржанды және оның бауыр лары Ержан мен Есенгелдiнi Қоқан хандығының нұсқауы бойынша зұлымдықпен өлтiрдi. Ал 1840 жылы олардың әкесi Қасым сұлтан да сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапты.

  1. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi және тарихи маңызы. Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерiлiс жеңi лiспен аяқталды. Gйткенi олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерiлiсшiлер патша үкiме тiнiң жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлiмшелерiне қарсы тұра алмады. Дегенмен де бұл көтерiлiстiң қазақ халқының ұлтазат тық күресi тарихындағы алатын маңызы зор. Ол қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты ұлтазаттық көтерiлiсiнiң басталуына негiз қалады.

1. Елек өзенi аймағындағы қазақтардың ежелгi жерлерiн патша үкiметi қай жылы жаппай тартып ала бастады? 2. Жоламан Тiленшiұлы бастаған көтерiлiс туралы айтыңдар. 3. Ор және Троицк бекiнiстерi аймағындағы ше кара шебiн қазақ даласының iшкi жағына қарай жылжыту үрдiсi қалай жүрдi?

  1. ХIХ ғасырдың 20–30жылдарындағы Орта жүз қазақтарының Ресей империясының отаршылдығына қарсы қозғалысын кiмдер басқарды? 5. ХIХ ғасырдың 20–30жылдарындағы көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен тарихи маңызын атап шығыңдар. 6. Оқулықтың материалдарын пайдалана отырып, төмендегi кестенi толтырыңдар:

Құрылған шекаралық шептер

Құрылған жылдары

Қазақтардан тартып алын ған жер аумағы

Қазақ халқының тағдыры қандай болды (күштеп көшiру, жердi жалға беру)

Жаңаелек

Жаңашеп

Десятина – 1,09 гектарға тең жер көлемi.

Кантон – Башқұртстандағы 1917 жылға дейiнгi әкiмшiлiкаумақтық бiрлiк.

Шерғазы (Серғазы) Айшуақұлы – Кiшi жүздiң ханы. 1812–1824 жылдары билiк еттi. 1835 жылы қайтыс болды.

Сұлтан Қасым Абылайхановтың Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтiк приказын жоюды өтiнiп жазған хаты. 1825 жылғы 24 маусым.

]тiнiш

«Менiң ордамдағы халықтың арасында тыныштықтың кеткенiн және мұның өзi менi қатты алаңдатып, ренжiтiп отырғанын, мәртебелi тақсыр, Сiздiң назарыңызға жеткiзiп, хабарлауды өзiмнiң борышым деп санаймын. Оның үстiне, Омбыдағы генерал Капцевич мырза қырғызқайсақ даласына қарайтын Көкшетау қаласында мекеме ашып, бiздiң сұлтандарымыз бен старшындарымызды сонда ерiксiз түрде шақыртып алып, олардың намы сына тиетiн мәжiлiстер өткiзiп жүр. Бiздiң сұлтандарымыз бен старшын дарымыз бастаған ордалықтар бұған келiспейдi, ондағы сот орындары мекемесiнiң болуына қарсы. Gйткенi Абылай ханға адал адамдардың еш қайсысы да мұндай мекеме орындарын ашуды ешқашан сұраған емес. Ал Омбы генералы мархабатты император тақсырға өз бетiнше кiрiп, осындай сот орындары мекемелерiн ашуды Абылайға адал адамдардың, сұлтандар мен старшындардың өздерi сұрады және оның мәжiлiстерiне қатысуға ықылас бiлдiрдi деп өтiрiк айтып, өте әдiлетсiз әрi дұрыс емес мәлiмдеме жасаған. Бiз император тақсырға өтiнiшiмiздi жолдаған едiк, бiрақ оны Сiбiр арқылы жiбермей қойғаны бiзге жақсы мәлiм болып отыр... Осы себептерге байланысты қарамағымдағы сұлтандарым мен ордалықтарым, барлығымыз Жоғары мәртебелi ұлы тақсырдан бiздiң бұдан былай да менiң әкем Абылайдың тұсындағыдай, яғни өзiмiздiң ежелгi дәстүрлi әдет ғұрыптарымыз бойынша өмiр сүре беруiмiзге рұқсат етудi өтiнiп сұрай мыз... Бiз жоғарыда айтылған мекеме орындарының құрылуымен келiсе алмаймыз және ондағы мәжiлiстерге қатысқымыз да келмейдi...»

Қазақстанның саяси құрылымының тарихы жөнiндегi материалдар.

Алматы, 1960, 1том, 197бет.

    1. Қасым сұлтан өзiнiң хатында қандай талаптар қойып отыр? 2. Ол әскери бекiнiстердiң салынуына неге қарсы шықты? 3. Сендер қалай ойлайсыңдар: Қасым сұлтанның бұл хатты Батыс Сiбiр генералгуберна торына емес, Орынбор губернаторына жолдауының себебi неде?

§20–21. 1837–1847 ЖЫЛДАРДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТАЗАТТЫҚ К]ТЕРIЛIС

Қазақтардың патша үкiметiне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерiлiстерiнiң бiрi 1837–1847 жылдары Кенеса ры Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалысы болды.

  1. КHтерiлiстiң себептерi, мақсаты және қозғаушы күштерi. ХIХ ғасырдың 20–30жылдарында отаршыл өкiмет билiгi мен қазақ хал қының арасындағы қарымқатынас елеулi түрде шиеленiсе түстi. Кiшi жүз бен Орта жүздегi хан билiгiнiң жойылуы сұлтандардың, билердiң және батырлардың едәуiр бөлiгiнiң наразылығын туғыз ды. Патша үкiметi қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлi жерлерiн әскери бекiнiстер салу үшiн жаппай тартып ала бастады. Бұрын Ресейге ешқандай алымсалық төлеп көрмеген қазақтарға ендiгi жерде жасақ, түтiн салығы, жол салығы сияқты алымсалық түрлерi көбейе түстi. Қазақ өз жерiн өзi жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Патша үкiметiнiң әскери отрядтары қазақ ауыл дарына шабуыл жасап, күн көрсетпедi. Осының бәрi байырғы жергiлiктi халықты (номадтарды) қатты күйзелiске ұшыратты, олар дың күн көрiсiн қиындатып жiбердi.

Көтерiлiстiң басты мақсаты қазақтардың патша үкiметi тартып алған ежелгi аумағын өздерiне қайтарып алу, округтердi тарату, отаршылар енгiзген алымсалықтарды жою едi.

Көтерiлiстiң қозғаушы күшi қатардағы қарапайым көшпелiлер, сондайақ старшындар мен би, батырлар, тiптi сұлтандар да болды. Көтерiсшiлердiң қалың қолына үш жүздiң атақты батырлары же текшiлiк еттi.

Көтерiлiске қатысушылар негiзiнен қазақ халқы едi. Бiрақ олар дың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрiкмен, тiптi поляктар және басқа халық өкiлдерi де болды. Олардың кей бiреулерi ханның ерекше сенiмi мен құрметiне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есiмдi орыс едi. Татар Әлiм Ягудин Әскери кеңестiң мүшесi болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбек Сейдаққожа Оспанов басшылық еттi. Бұлардың бәрi де Кене сарыға жақсы ұйымдастырылған тәртiптi әскер құруына көмектестi және көтерiлiсшiлерге өздерiнiң жеке тәжiрибелерiн үйреттi.

  1. Кенесары Қасымұлы – қањарман батыр, қолбасшы, дипломат, аса кHрнектi мемлекет қайраткерi. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс басталды. Ол Қазақстандағы iрi көтерiлiстердiң бiрi едi. Оған үш жүздiң қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих

9—6903

129

К. Қасымұлы.

Кенесарының патша үкiметiне жолдаған хаты.

сахнасына өзiнiң бабасы Абылай ханның iсiн жалғастырып, алға алып барушы ретiнде шықты.

Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересi едi. Көтерi лiстiң болашақ басшысы Кенесары бала кезiненақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қан ды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әдiлдiгiмен, ерiкжiгерi, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылды ғымен, қайтпас қайсар қањармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушы лық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Л. Майер «Кенесарыға көзсiз ерлiк тән едi» деп жазды. Кенесары сұлтан дәулеттi: оның жеке иелiгiнде 6 мыңға дейiн жылқысы мен 2 мыңдай ұсақ малы болған. Замандастарының сипаттауына қара ғанда, ол ашаң жүздi, орта бойлы және жа уырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзiнөзi аса бай салды ұстай бiлетiн. Әңгiмелескен адамы ның пiкiрiне әрқашан мұқият назар ауда ратын. Қонақжай қасиетi ерекше күштi едi. Әкесiмен және ағаларымен бiрге жүрген кездерiнде олардан қолбасылық тәжiрибе

сiн едәуiр үйренiп алған болатын.

  1. КHтерiлiстiң басталуы. Көтерiлiс Ке

несарының патша үкiметiнiң саясатын жарамсақтана қолдаған сұл тандар мен билердiң ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебiндегi бекiнiстерге де, патша үкiметiнiң әскери жасақтарына да жиiжиi шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезiнде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тасталқан етiп жеңiп шық ты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сiбiр казагы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бет алған сауда керуенiн күзетiп бара жатқан едi.

Кенесары 1838, 1842 жылдары өзiнiң адамдарын Батыс Сiбiр ге нералгубернаторына жiберiп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекiнiсi мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында

отырған өз адамдарын түгел босатуды, қазақ жерiнiң тұтастығын қалпына келтiрудi талап еттi. Генералгубернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың сол даттың арасынан өткiзiп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты ар мия қатарына алынып, қалғандары Сiбiрге жер аударылды. Генералгубернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашуызасын келтiрiп, көтерiлiстi бастап жiберуiн тездеттi. Ол старшина Симоновтың әскери жасақта рына өлтiре соққы берiп, көптеген қаружа рағы мен оқдәрiсiн тартып алды. Сұлтан Ке несарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округiнiң ауылдарына шабуыл жасады.

Ағыбай батыр.

Кенесары жасақтарының белсендi әскери iсқимылы 1838 жыл дың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекiнiсiне таяу iрi елдi ме кендi алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жiбердi. Ақмола бекiнiсi мықты қорғалатын. Бекiнiстiң төңiрегiне терең ор қазылып, оған жете берiс жерлерге күштi кедергiтосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекiнiсiн аға сұлтан Қ. Құдаймендiұлы мен әскери старши на Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекiнiстi өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекiнiс өртке оран ды. Кенесарының даңқты батырларының бiрi Басықара бекiнiстiң iшкi жағына басакөктеп кiрiп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлiкпен қаза тапты. Бекiнiске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кiрдi.

  1. Қазақ хандығының қалпына келтiрiлуi. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздiң өкiлдерi бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтiп Қазақ хандығы қалпына келтiрiлдi. Патша үкi метi бұл жайсыз хабарды өте өкiнiш сезiмiмен естiпбiлдi. Ендiгi жерде Кенесары бастаған көтерiлiс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлтазаттық күрестi табысты жүргiзу үшiн Кенесары хан бiр орта лықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзi басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесшi орган – өзiне барынша адал бе рiлген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзiнiң сенiмдi адамдары – жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот iсiмен, шаруашылық мәселелерiмен, дипломатиялық жұмыстармен, алым

салық жинаумен және әскери iстермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкiмет билiгi берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлiнiп, тиiмдi пайдала нылуын бақылады, халықтың көңiл күйiн де қадағалады. Хан билiгi қызметiнiң оңды нәтижелерi ретiнде оның қол астындағы халық ара сында алауыздық пен барымта алу жойылды.

  1. Ханның алымсалық және саудасаттық саясаты. Кенесары ең алдымен алымсалық төлеудiң тәртiбiн ретке келтiрдi. Мал өсiру шiлер – зекет, ал егiншiлер – ұшыр төлейтiн болды. Патша әскер лерiмен соғысты одан әрi жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет еттi. Сондықтан алымсалықтың да қо сымша түрi енгiзiлдi: халықтан киiмкешек, қаружарақ, ат әбзел дерiн жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке жеке ескерiлдi. Меншiгiнде малы 40 бастан аспайтындар алымса лықтан босатылды. 40тан 100 басқа дейiн малы барлар бiр малдан, ал 100 бастан артық малының әрбiр 40 басына бiр малдан төлеп тұратын болып белгiлендi.

Егiншiлер өздерiнiң өндiрген өнiмiнiң оннан бiр бөлiгiн төлеуге мiндеттi болды. Көтерiлiске деп жиналған астықты патша үкiметi жиiжиi тәркiлеп кетiп жүрдi. Тәуекел етiп, көтерiлiсшiлерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердiң қањарына ұшырады. Сон дықтан да Кенесары қазақтардың егiншiлiкпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердiң сауда керуендерiнен алынатын баж салығы едәуiр табыс беретiнiн ескерген Кенесары ондай керуендердi то науға тыйым салды. Сауда керуендерiнiң толық қорғалуын қамта масыз еттi. Керуенбасыларын жеке өзi қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қаружарақтар мен оқдәрi сатып алынды.

  1. Қарулы күштердiң құрылуы. Кенесары 20 мың сарбаздан тұра тын әрi жауынгерлiк қабiлетi күштi тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскерi жүздiктер мен мыңдықтарға бөлiндi. Ерлiгiмен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мың басылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мерген дерден iрiктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгiсi бойынша хан өз әскерлерiне ерекше айырым белгiлерiн енгiздi.

Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердiң амал тәсiлдерiн меңгерудi талап еттi. Көтерiлiсшiлердi әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжiрибелi солдаттары айналысты.

Хан армияда қатаң тәртiп орната бiлдi. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаз дар өлiм жазасына кесiлдi. Әскери тәр тiптi бұзғандар қатаң жазаланды, қару жарақ арнайы қоймаларда сақталды.

Кенесары барлаушылардың қызме тiн де шебер пайдаланды. Олар көтерiлiс басшысына патша әскерлерiнiң қашан және қайда бет алатынын алдын ала ха барлап отырды. Кенесары әскерiнiң тыл қызметi де жолға қойылды. Ол көтерi лiсшiлердi азықтүлiкпен, жемшөппен қамтамасыз еттi.

  1. Патша үкiметiнiң жазалау әрекет терi. Отаршылдыққа қарсы күреске қа зақтардың үш жүзiнiң бәрi бiрдей бел сене қатысуы патша үкiметiнiң зәресiн ұшырды. Сондықтан да ол көтерiлiсшi лерге қарсы неғұрлым батыл әрекет тер ұйымдастыруға көштi. 1842 жылы Орынбор губернаторы Перовскийдi Обручев алмастырды. Мұның өзi Ке

Кенесары Қасымұлының Омбы тарихиөлкетану мұражайындағы қаруы. А.Н. Озеровтың суретi.

несарының ендiгi жерде Орынбор генералгубернаторымен қа рымқатынасының нашарлауына алып барып соқтырды. Екi ара дағы бейбiт келiсiм бұзылды. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады. Жазалау шы отряд қыруар көп малды айдап әкеттi, он адамды тұтқынға алды. Тұтқынға алынғандардың қатарында Кенесарының әйелi Кү нiмжан да болды. Кейiнiрек казактар ханның басқа ауылдарына да шабуыл жасай бастады.

Ресей императоры Кенесары бастаған көтерiлiстi басу мәселесiн ұдайы ерекше бақылауда ұстады. 1843 жылы ол қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнiнде жарлық шығарды. Ханның басына 3 мың сом мөлшерiнде сыйлық жарияланды. Көтерiлiсшiлерге қарсы старшина Лебедев басқарған 300 солдаттан тұратын жазалау шы отряд жiберiлдi. 1843 жылдың тамыз айында сұлтандар А. Жан төреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екiншi әскер жабдықталды. Онымен бiр мезгiлде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты. Патша үкiметiнiң әскерлерi жергiлiктi жер жағ дайын нашар бiлдi. Оның үстiне, дала сарбаздарына қарсы ұрыс

жүргiзудiң ерекше әдiсi қажет едi. Мұның бәрi де патша үкiметi жазалаушы әскерiнiң сiлесiн қатырды.

Туған өлкенiң жер жағдайын жақсы бiлетiн Кенесары жауға қарсы шабуылды одан әрi үдеттi. 1844 жылы шiлденiң 20сынан 21iне қараған түнi Кенесары хан Тобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында Жантөре сұлтан ның әскерiне күйрете соққы бердi. Кескiлескен шайқаста сұлтанның 44 адамы қаза тапты. Бұл кезде Дуниковскийдiң әскери тобы таяу маң да болған едi. Бiрақ оның ұрысқа араласып, А. Жантөре сұлтанды құтқа рып қалуға батылы жетпедi.

Кенесарының жеңiс жiгерлендiрген негiзгi күштерi 1844 жылғы тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасады. Бекiнiстiң маңын дағы елдi мекендi өртеп жiбердi, 40 адамды тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкеттi. Сонымен қатар мылтық, пистолет, қылыш, найза сияқты көптеген қаружарақ түрлерiн олжалады. Арнайы жiберiлген жазалаушы отряд Кенесарының ауылына жете алған жоқ. Үкiмет басындағыларды абыржушылық пен үрей биледi.

  1. Долгов және Герн бастаған елшiлiктердiң Кенесары ордасына келуi. Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкiме тiне елеулi шығын келтiрдi. Сондықтан 1845 жылдың ақпан айында Орынбор басшылығы Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшiлiк жiберудi қажет деп тапты. Олар Кенесарыны патша үкiме тiнiң талабын орындауға көндiруге тиiс болды.

Жүргiзiлген келiссөздер барысында Кенесарыға қабылдауға бол майтын шарт қойылды: көтерiлiсшiлерге үкiмет белгiлеген шектеулi аймақ шегiнде ғана көшiп жүруге рұқсат берiлдi. Кенесарының Ре сейге толық бағынуы және соғыс қимылдарын бiржолата тоқтатуы тиiс болды. Орынбор ведомствосына қарайтын қазақтардың барлығы да Ресей империясының азаматтары ретiнде әрбiр үйдiң 1 сом 50 тиын мөлшерiнде түтiн салығын төлеп тұруы тиiс екендiгi ескертiлдi. Ханның Орынбор қазақтарынан зекет алуына тыйым салынатын дығы айтылды. Кенесарының қылмысты iстердi қарауына, қашқын орыс пен татар және башқұрттарды жасырын ұстауына тыйым са лынатыны, оларды Ресейге қайтаруы тиiс екенi туралы сөз болды. Кенесарының Ресейге «ұнамайтын» шет мемлекеттермен және жеке тұлғалармен қарымқатынастар жасауына рұқсат етiлмейтiнi де қатаң түрде ескертiлдi.

Кенесары Долгов пен Герн елшiлiгiнiң қойған шарттарының түп кi мақсаты оның хан лауазымын иеленуге құқығы жоқтығын тұспал мен түсiндiру екенiн опоңай ұқты.

Хан патша үкiметi қойған бұл талаптардың бiрдебiреуiн қабыл алған жоқ. Келiссөздер тұйыққа тiрелдi. Патша үкiметiнiң елшiлiгi

көздеген мақсатына жете алмады. Елшiлер кеткеннен кейiн хан әс кери кеңес шақырып, ендi Жетiсу аумағына қарай көшуге шешiм қабылдады.

Патша үкiметi содан кейiнақ Ырғыз өзенi бойында Орал, ал Торғай өзенi бойында Орынбор әскери бекiнiстерiн салуға кiрiсiп кеттi.

  1. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресi. Кенесары мен Қоқан хандығы қарымқатысының шиеленiсiп кетуiнiң өзiндiк себебi де бар едi. Gйткенi Қоқан хандығының билеушiлерi 1836 жылы оның бiрге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесi Қасым төренi өлтiрген болатын. Мұның өзi оның Қоқан хандығының билеу шiлерiне деген ызакегiн өршiте түстi. Қоқан хандығына қарсы күрес те Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегiне сүйендi. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекiнiстерiн тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бiр мықты бекiнiсi Меркiнi де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бiрақ Кенесары өзiне Қоқан мемлекетi сияқты және бiр қатерлi дұшпан тауып алды.

  2. Кенесары әскерлерiнiң Ұлы жүз аумағына қарай шегiнуi. Патша үкiметi Кенесары ханды Орынбор өлкесiнен қалайда ығыстырып шығаруға ұмтылды. Соның салдарынан Кенесары Сарыарқаны тас тап, көтерiлiс орталығын Жетiсу жерiне қарай ауыстыруға мәжбүр болды. Сiбiрдегi өкiмет билiгi Омбыдан генерал Вишневский басқар ған елеулi әскер күшiн зеңбiректерiмен қоса Жетiсуға жедел түрде жiбердi. Азықтүлiктiң тапшылығы Кенесарыны егiншiлiкпен айна лысуға мәжбүр еттi. Күшi басым патша үкiметiнiң қысым жасауымен Кенесары Iле өзенiнiң оң жақ бетiне өтiп, одан әрi Алатаудың етегiне көшiп барды. Ал патша үкiметi оған Кiшi жүз бен Орта жүз қазақта ры тарапынан көмекке келетiн жолды кесiп тастады. Ұлы жүздiң Сұраншы, Байсейiт, Тайшыбек сияқты батырлары Кенесарыға қолдау көрсеттi. Көтерiлiсшiлердiң сиреп қалған қатарын толықтырып, едә уiр күшейттi.

Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бiрақ оның бұл әрекетiн Қытай үкiметi қолдамады. Ресей империясымен қарымқатынасымызды бүлдiрiп аламыз деген қауiп пен Кенесарының өтiнiшiн қанағаттандырудан үзiлдiкесiлдi бас тар тты. Қазақтардың арасында беделi күштi әрi жауынгер ханды қа былдаудың ешқандай да қажетi жоқ деп ойлады. Оның үстiне, бұл кезде Қытайдың өзi де қазақтармен дiнi бiр ұйғыр және дүнгендердiң көтерiлiстерiнен мазасы кетiп, қатты алаңдаулы болатын.

  1. КHтерiлiсшiлердiң Қырғызстан аумағындағы қимылдары. Кө терiлiсшiлер қырғыз жерiне жақын келдi. Бұл кезде қырғыздар Қо қан хандығының ықпалында болатын. Хан солтүстiк қырғыз руларын билеушi манаптардың өзiне бағынуын талап еттi. Бұл талаптар пат ша үкiметiмен және Қоқан хандығымен одан әрi күрес жүргiзу үшiн күш бiрiктiру қажеттiгiнен туған едi. Хан қырғыздарға арнаған үндеу iнде былай деп жазды: «Менiң мұнда келгенiмнiң мақсаты, сендермен жауласу, қан төгiсу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөлiп алу, қоқандық тардың қысымынан құтқару болып табылады».

Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрi қалып таспаған едi. Сондықтан да олардың ханға бағынуы, сөйтiп өздерiнiң тәуелсiздiгiнен айырылуы, әрине, қырғыз ақсүйектерiнiң ойына кi рiп те шықпағаны әбден табиғи нәрсе едi. Оның үстiне, қырғыздар Абылай ханның қырғыз аумағына жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын. Қырғыздар патша үкiметiнiң Сiбiр әкiмшiлiгi тарапынан едәуiр қолдау табатынын да сездi. Вишневский қырғыз дарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға ашықтанашық айдап салды. Қырғыз манаптары iрi тайпа өкiлдерiн құрылтай жиналысына шақырды. Ықпалы күштi манап Орман барлық қыр ғыздардың билеушiсi болып тағайындалды. Құрылтайға жиналған манаптар Кенесары ханның ұсынысын қабылдаудан ашықтанашық бас тартты.

Кенесары ханның қырғыздарға қарсы аттанған екi мың сарбазы

жеңiлiс тапты. Оның бiр мыңы қырғынға ұшырады, екiншi жартысы ашжалаңаш, қаружарақсыз, жаяужалпылап керi қайтты. Қазақ сарбаздарының бiрқатары тұтқынға алынды. Мұның өзi қырғыздар тарапынан бұрынсоңды болып көрмеген батылдық пен қатыгездiк болып шықты. Қырғыздар жағы қолға түскен тұтқындар үшiн орасан зор көлемде төлем талап еттi. Кейiнiрек қырғыздар тарапынан келi сiм жасауға арнайы адамдар келдi. Қазақтар мен қырғыздар арасында бейбiт келiсiм жасалды. Тұтқындар алмастырылды. Екi жақ та бұдан былай бiрбiрiмен бейбiт көршiлiкте, татутәттi достықта тұруға серттестi. Бiрақ қырғыздар көп ұзамайақ бұл келiсiмдi бұзды, Кене сары ханның жақын серiктерiнiң бiрi Саурық батырдың ауылына шабуыл жасады. Олардың бұл шабуылы қырғыз батыры Жаманқа раның өлiмi үшiн кек алу мақсатымен ұйымдастырылған едi. Қыр ғыздар қазақтардың 700ге жуық жылқысын айдап әкеттi, Саурық батырды өлтiрiп кеттi. 1847 жылғы сәуiрде Кенесары он мыңдай қол мен Қырғызстанның жерiне басып кiрдi. Қырғыздармен шайқас Ыс тықкөл мен Шу өзенiнiң жоғарғы ағысы аралығында Кекiлiк сеңгiр тауының қойнауында өттi.

  1. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары, тарихи маңызы. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткiзiлген әске ри кеңесте Кенесары ханның серiктерi қоршауды бұзып өтiп, хан ның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бiрақ хан ол ұсыныстан бiржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қал дырып, жеке өзi қашып құтылуды ар санады.

Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздiң ықпалды биi Сыпатай жасақта рының кенеттен шегiнiп кетуi көтерiлiсшiлердiң жағдайын қиында тып жiбердi. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30дан астам сұлтаны мен және азғана сарбазымен күшi басым қарсыласымен ерлiкпен шайқасып, тұтқынға түстi. Көтерiлiсшiлердiң шағын тобы қоршау ды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қос қан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлiм жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш бiрiк тiрiп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске ша қырды. Бiрақ қырғыздар ханның сөзiне құлақ аспады.

Кенесары мен оның iнiсi Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тап ты. Ресей зерттеушiсi Л. Мейер қазақ жауынгерлерiнiң ең соңғы күндерi туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулiк бойы ерлiкпен шайқасты, Сiбiр қырғыздары (Орта жүз қазақтары. – авт.) көмекке келiп жетер деген үмiтте болды. Бiрақ патша үкiметiнiң жергiлiктi өкiмет билiгiнiң басшылары олардың келетiн жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген едi. Үшiншi тәулiк дегенде көтерiлiсшiлердiң бiр бөлiгi қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенiмдi серiктерi түгелдей дерлiк өлтiрiлдi. Ханның өзi бiрнеше сұлтан дарымен бiрге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдары нан қаза тапты».

Кенесарының және оның жақын серiктерiнiң көзiн жоюға қа тысқан қырғыз манаптарының бәрi де патша үкiметiнiң наградалары мен марапатталды. Халықтың сүйiктi ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы «Наурызбай–Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.

Әкесi Кенесарының бастаған iсiн оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берiлген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшiн кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бiрнеше рет әскери жорық жасады.

Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлтазаттық көтерiлiсi осы лайша жеңiлiс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдiң жақсы қаруланған әрi күштi әзiрлiктен өткен тұрақты әскерiне қарсы тұра алмады. Оның үстiне, Кенесары бiрнеше бағытта – патша үкiметiне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргiздi.

Мұның өзi оның негiзгi күштерiн едәуiр шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбiрлiк болмады.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс қазақ халқының патша үкiметiне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бiрi болды. Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауы патша үкiметiнiң қырғыз жерлерiн, Жетiсудың аумағын және Оңтүстiк Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондайақ Бұхар, Қоқан және Хиуа хандықта рын қосып алудың алғышарттары жасалды.

Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есiнде талантты әскери қолбасшы, аса көрнектi мемлекет қайраткерi ретiнде қалды. Хан билiгi iс жүзiнде жойылған жағдайдың өзiнде ол қазақтың үш жүзiнiң басын бiрiктiрiп, қазақ мемлекеттiлiгiн қайтадан қалпына келтiрдi.

Көптеген зерттеушiлер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егемендi мемлекеттiлiктi қалпына келтiру үшiн жасаған әрекеттерiн жоғары бағалады. Оған патша үкiметi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi де құр меттеп қарады, ресейлiк ғалымдар Кенесарыны «бүлiкшiл сұлтан»,

«Қырғыз (қазақ. – авт.) даласының Митридаты» деп атап, оның iс әрекеттерiне жағымды баға бердi.

Кенесары Қасымұлының өмiрi мен қызметi болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерiнiң бiр неше ұрпағы мен ХХ ғасырдың бас кезiндегi ұлтазаттық қозғалы сының жетекшiлерi одан үлгi алып өстi. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткiшi, оның есiмiмен аталатын үлкен көше бар.

Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсiздiк жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерiлiсi табысқа жетпесе де, оның ұлы iстерi халық есiнде мәңгi сақталады.

    1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiстiң шығу себептерiн, мақса тын және қозғаушы күштерiн атап шығыңдар. 2. Кенесары Қасымұлының жеке басына сипаттама беруге тырысып көрiңдер. 3. Халық көтерiлiсi қалай өрiс алды? 4. Көтерiлiсшiлер Қазақстанда хан билiгiн қалпына келтiре алды ма? 5. Көтерiлiс басшысының сауда және салық саясаты не мақсатты көздедi?

  1. Әскери қызмет саласында Кенесары қандай реформа жүргiздi? 7. Патша үкiметi қандай жазалау әрекеттерiн қолданды? 8. Патша үкiметiнiң 1845 жылы хан сарайына жiберген өкiлдерiнiң қызметi қалай аяқталды? 9. Кенесары хан ның Қоқан хандығына қарсы шығуының себебi неде едi? 10. Көтерiлiсшiлер Ұлы жүздiң аумағына қарай неге шегiндi? 11. Қырғызстан аумағындағы оқи ғалар қалай өрiс алды? 12. Көтерiлiстiң негiзгi жеңiлу себебi неде болды және бұл көтерiлiстiң қазақ халқының өмiрiндегi тарихи маңызы қандай?

Манап – қырғыздардың ақсүйек рубасылары.

Ағыбай Қоңырбайұлы (1802–1885) – атақты батыр, әскери қолбасшы, Кенесары Қасымұлының жақын серiктерiнiң бiрi. Арғын тайпасының шұбыртпалы руынан

шыққан.

Наурызбай батыр Қасымұлы (1822–1847) – сұлтан, батыр, Кенесары Қасым ұлының туған бауыры және ең жақын серiгi.

Сыздық сұлтан (1837–1910) – Кенесары ханның ұлы. ХIХ ғасырдың 2жартысын дағы ұлтазаттық қозғалысының қайраткерi.

Иман Дулатұлы (1780–1847) – батыр, Ресей отаршылдарына қарсы көтерiлiс қайраткерi, Амангелдi Имановтың атасы.

Бұқарбай Естекбайұлы (1822–1898) – батыр, шешен, Кенесары көтерiлiсiне алғаш қылардың бiрi болып қатысқан.

    1. Кенесары жас кезiнен батылдығымен және ержүректiгiмен ерек шеленген. Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеушi бола бiлдi. Оның жасағы рухының жоғарылығына еуропалық әскердiң қайсысының болсын қолбасшысы қызғана қарайтындай едi. Шабуылдары кезiнде сон дай жылдам, бейне бiр жолындағының бәрiн күйрететiн дала дауылы сияқты. Кенесары алдында қандай бiр кедергi болмасын оның еркiн өрлендiре түсiп, өзiнiң ойлаған мақсатына жету жолында кездескен бар лық тосқауылдар, оның топан суындай қуатының алдында күйремейiнше, оны екпiндетiп, өз iсiнде өжеттендiре түсетiн. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерiн көшпелiлер жоғары санайтын және оның серiктерiнiң жүректерi өз қолбасшыларына шексiз, жанқиярлық сенiммен соғатын». Хан Кене. Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы, 1993,

304бет.

    1. «... Кенесары бүкiл ауылаймағымен Iле өзенiн бойлап, Қытайдың iшкi жағына қарай беттедi. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдай мендi Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және Сойдаққожаны тоғыз тұлпар сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiпқонып жүруге рұқсат сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi қытай шенеунiгiмен және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қытай жағының Кенесарыны қамқорлығына ала алмайтынын айтты, оның келген жағына қайта барып, ақ патшадан кешiрiм сұрауына кеңес бердi. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы келмейтiнiн мәлiмдедi... Мұны естiгеннен кейiн Кенесары Iле өзенiн бой лап кейiн қарай көштi. Сөйтiп Қарақамау шатқалында Ұлы жүздiң жала йыр руының егiншiлерiне кезiктi...»

Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы 30 қазандағы құжат.

      1. Кенесарыға қандай мiнездеме берiлген? 2. Кенесарының жiберген

елшiлерi Қытай шебiнде қандай мiндет атқарды? 3. Қытай Кенесарыны және оның әскерлерiн өз жерiне жiберуден неге бас тартты?