- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§34. Сауда. Жәрмеңкелер
Қазақтардың ХVIII ғасырдағы саудасаттығының өзiндiк ерекше лiктерiн еске түсiрiп, айтып берiңдер. Қазақтар ол кезде қай елдер мен саудасаттық жасаушы едi?
ХIХ ғасырдағы сауда сипатының Hзгеруi. Егер ХVIII ғасырда қазақтармен еркiн саудасаттық негiзiнен шекара шебiне таяу бе кiнiстерде жүргiзiлiп келген болса, ендi ХIХ ғасырда оның сипаты мүлде өзгердi. Олар әкiмшiлiк реформаларының жүргiзiлуiмен, сон дайақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерiмен байланысты болды. Сауда орталықтары бiртебiрте Қазақстанның iшкi аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елдi мекендерiне және жаңа қалаларға қарай жақындай түстi.
Бұрын саудасаттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицк, Петропавл, Преснегорьков, Омбы, Семей және Орал бекiнiс қамалдары болып келген едi. Ал ХIХ ғасырдың 20жылдарынан бастап, округтiк приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қа зақстанның солтүстiкшығыс жағындағы Сiбiр әкiмшiлiгiне қарай тын қазақтардың өздерiнен ғана орыс көпестерi жыл сайын 3 мил лионға дейiн қой, 150 мыңға дейiн жылқы және 100 мыңға дейiн iрi қара сатып алатын.
Ресейдiң қазақтармен саудасаттығы негiзiнен татар көпестерi мен приказчиктерiнiң көмегiмен жүргiзiлдi. Олар қазақ және орыс тiлдерiн жақсы бiлетiн едi. Ресей көпестерi қазақтардан мал және мал өнiмдерiн сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлiк көпес терден шұға мен бHз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темiрден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекi және ағаштан жа салған ыдысаяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондайақ қа зақтардың мал емдеуге қажеттi дәрiдәрмектерге деген сұранысы да күштi болды.
ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Ресейдiң қазақтармен сауда сының басым көпшiлiгi тепетең баламасыз айырбас түрiнде жүрдi. Барлық нәрсенiң бiрдей баламалы эквивалентi қой (iсек) болды. Ресей көпестерi түкке тұрмайтын арзан өнеркәсiп бұйымдарын баға лы мал өнiмдерi мен шикiзаттарға айырбас жасап, шаш етектен пай да тапты. Мәселен, Iрбiт жәрмеңкесiнде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.
Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Gсiмқор лық операциялары да кеңiнен етек алды. Онымен көпестер де, казак тар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнiмдерiн малмен төленетiн етiп бердi, оның пайыздық өсiмiн де мал басымен алып отырды.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы неғұрлым iрi сауда орта лықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қа залы және Жаркент қалалары болды. Саудасаттық айырбас және ақшамен балама түрiнде де жүргiзiлдi.
Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пұттан астам жүк артуға болатын едi. Қазақ даласындағы сауда саттыққа деген ынтажiгердi қолдау үшiн түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.
Қазақ саудагерлерi едәуiр бөлiгiнiң сауда айналымынан таба тын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткiзiлген Бүкiлресейлiк халық санағының деректерi бойынша, Қазақстан аума ғында саудасаттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның iшiнде қазақтардың саны небары 4,6 мың неме се 11 пайыздан сәлақ асатын едi.
Орта Азиямен жүргiзiлген керуен саудасы. ХIХ ғасырдың бi рiншi жартысында Қазақстан Ресейдiң Орта Азиямен саудасаттық жасауында аралық транзиттiк маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өттi. Орта Азиямен жүргiзiлетiн сауда керуенiнде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкiметi Орта Азиядан мақта, жiбек мата, елтiрi және кiлемдер алып тұрды.
Орта Азиямен сауда негiзiнен татарлар мен ортаазиялық көпес тердiң қолында болды. Егер бұрынғы кездерi саудасаттық тек қала ларда ғана жүргiзiлiп келген болса, ендi ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретiн болды. Сауда айналымының көлемi әлде қайда арта түстi. Бiртебiрте уездiк қалалардың өздерi де iрiiрi сау да орталықтарына айналды.
Сауда өзiнiң даму барысында бiртебiрте ақшалай түрге ене бас
тады. Мемлекеттiк қазына Орта Азия көпестерiнен алынатын алым салық есебiнен едәуiр байыды. Көпестердiң саны да арта түстi.
1863 жылы Орта Азияда болған венгр зерттеушiсi А. Вамбери өлкеде, әрбiр үйде Ресейде жасалған өнiмнiң қандай да бiр түрiнiң кездесетiндiгiн айтады.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап қазақ өлкесiндегi сау дасаттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелiк түрлерi пайда болды.
Ел аралап жүрiп жасалатын сауда. Ел аралап жүрiп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты. Олар көшпелi және жартылай көшпелi халыққа күнделiктi қажеттi тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнiмдерiне айырбастады. Он дай көпестер қазақ даласынан үйiрүйiр жылқы айдап қайтып жүрдi. Жүн мен майды қажетiнше сатып алды. Бұл өнiмдер Троицк, Орын бор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларын дағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткiзiлетiн. Ал алыпса тар саудагерлер өз кезегiнде ол өнiмдердi Ресей базарларында сата тын, тiптi шетелдерге де асырып жiберетiн. Бұдан екi арадағы делдал дар мол табыс табатын.
Жәрмеңкелiк сауда. Жәрмеңкелiк сауда мал өсiрушiлер мен отырықшы диқандардың екi арасында делдалдық сипат алды. Сауда ның бұл түрi мал сатушы қазақтарға өтемөте тиiмдi болды. Олар жәрмеңкеде өздерiнiң малдары мен мал өнiмдерiн көптеп айырбас тай алды. Жәрмеңкелiк сауданың кеңiнен өрiс алуына бiрқатар се бептер болды. Бiрiншiден, Қазақстанның негiзгi халқы көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салтын кештi. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егiншiлiкпен айналысатын отырықшы халықтан азықтүлiк өнiмдерiн молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екiншiден, қазақтың кеңбайтақ да ласындағы жол жүйесi нашар дамыған едi.
Қазақстандағы неғұрлым атақты iрi жәрмеңкелер Қарқаралы уезiндегi ҚояндыБотов, Ақмола уезiндегi КонстантиновЕленов, Ат басар уезiндегi Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темiр, Верный уезiндегi Қарқара, Жаркент, Сырдария облысындағы Әулиеата, Семей уезiндегi Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелерi болды.
Жәрмеңкелерге әкелiнетiн тауарлар үш топқа бөлiнетiн. Қазақ тардың тауарлары мал және мал өнiмдерi, терiтерсек, жүнжұрқа, киiз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдiң еуро палық бөлiгiнен киiмкешек, ағаштан жасалған ыдысаяқтар, ұн, шай, қант, бiлтелi шамдар, сабын, фарфордан және темiрден жасал
ған тұрмыстық бұйымдар жеткiзiлетiн. Ал Орта Азия саудагерлерi әр түрлi шапан, кiлемдер, жiбек және мақтамата кездемелерiн, ер тұрман әбзелдерiн, сондайақ кептiрiлген жемiсжидек өнiмдерiн сататын.
Жәрмеңкелiк сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгерiске ұшырады. Орыс көпестерi бұрын көбiне жылқыға құмар едi, ендi iрi қара – сиыр малына деген сұранысын күшейттi. Ресей қалаларының сиыр етiне деген қажеттiгi арта түстi. Мұның өзi сиыр түлiгiн көптеп өсiруге алып келдi. Сиыр малын өсiретiн негiзгi аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды.
Қоянды (Ботов) жәрмеңкесi. 1848 жылы Қарқаралы казак ста ницасынан 52 шақырым Қоянды деген жерде айырбас сауда орталы ғы ашылды. Жәрмеңкенiң негiзiн қалаушы ялуторлық көпес (Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) В. Ботов болды. Жәрмеңке жыл сайын маусымның 15iнен шiлденiң 15iне дейiн өткiзiлiп тұрды. Алғашқыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана едi. Кейiннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кеттi. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, енi 5 шақырым алқапты алып жатты.
Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкенi ашылды. Қоянды пошта бекетiнiң ғимараты да, поштателеграф бөлiмшесiнiң үйi де, мұсылмандардың намаз оқитын ғибадатха насы да осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл тегiл, көлкөсiр етiп жеткiзiп тұрды. Қымыз үлкен ыдыста – бес биенiң сабасында сақталынды. Ресейдiң қаржы министрлiгi Қо янды жәрмеңкесiнде Мемлекеттiк банк бөлiмшесiнiң ғимаратын салдырды.
Сауда қатарларының аяқ жағында «шенеунiктер орыны» деп ата латын квартал орналасты. Онда Мемлекеттiк банк бөлiмшесi, пош тателеграф кеңсесi салынды. Қарқаралы уезi бастығына, бiтiстi рушi судьяға, мал дәрiгерлерi мен адам дәрiгерлерiне, сондайақ полиция қызметкерлерiне арналған қонақ үйлер де осы жерде едi. Жәрмеңкедегi сауданың жылдық айналымы 2–3 миллион сом
ға дейiн жететiн.
Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткiзiп тұратын. Сондайақ билердiң төтенше болыстық съездерi де осында өткiзiлетiн. Алымсалық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоян ды жәрмеңкесi 1924 жылға дейiн жыл сайын өткiзiлiп келдi. Оның қазақ даласындағы сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды.
