Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.02 Mб
Скачать

§7. Қазаққалмақ қатынастары

ХVII ғасырда қазақтардың Едiл қалмақтарымен қарымқаты насы қалай қалыптасқанын естерiңе түсiрiңдер.

  1. Едiлдiң тHменгi сағасында Қалмақ хандығының күшеюi. Кiшi жүз қазақтарымен оның солтүстiкбатысында шектесетiн аралық мемлекет Қалмақ хандығы едi. Олар бұл жаққа сонау алыстағы Жоң ғариядан қоныс аударып келген болатын. Торғауыттардан, хошау ыттардан және басқа да тайпалардан тұратын ойрат одағы ХVII ғасырдың бас кезiнде жайылымдық жер жетiспегендiктен өзара қыр қыса бастады. Сөйтiп 1628 жылы торғауыттар қазақ даласы арқылы батысқа қарай жөңкiле көштi, Тобыл мен Жайықтың жоғарғы са ғасын басып өтiп, Едiл бойына дейiн жеттi. Олар содан бастап Едiл қалмақтары деп аталды.

Қалмақтардың негiзгi көшiпқонып жүретiн аумағы төменгi Едiл бойы болды. Қалмақ хандығының күшқуаты артып, шырқау биiкке көтерiлген шағы Аюке ханның тұсы едi. Ол жекелеген қалмақ би леушiлерiнiң өз алдарына бөлiнiп кетуге тырысқан сепаратистiк әре кеттерiн басыпжаншып, Ресейге жартылай тәуелдi мемлекет құра бiлдi. Едiл қалмақтарының билеушiсi Далай ламадан хан лауазымы мен хан мөрiн алды.

Осы бiр көшпелi мемлекеттiң негiзгi мiндетi Ресейдiң оңтүстiк тегi шептерiн көшпелi халықтардың, соның iшiнде қазақтардың да шабуылынан қорғау болатын. Едiл қалмақтары Ресей империясы ның көптеген басқыншылық жорықтарына белсене қатыса бастады. Аюке хан I Петр патшаның қолдауын ашықтанашық пайдаланды. Жақсы қаруланған және жауынгерлiк қабiлетi мол армия құр

ған қалмақтар қазақтарға туыс ноғайларды тасталқан етiп жеңдi. Қалмақтар башқұрттарды туыпөскен ежелгi атамекенiнен ығыс тырып, қуып шығу саясатын ұстанды. Олар Дағыстанға да, Ка бардаға да жорықтар жасап тұрды. Тiптi Қырым хандығына, Ос ман империясына және Францияға қарсы соғыстарға да қатыс ты. Қалмақтар оқтыноқтын кубаньдықтар мен қарақалпақтарға, түркiмендерге, қазақтарға да шабуыл жасап тұрды. Аюке шаруа лар мен казактар толқуларын және стрелецтер бас көтерулерiн басуға белсене қатысты. Сондықтан да I Петрдiң оған қылыш сый лауы кездейсоқтық емес едi.

  1. Қазаққалмақ қарымқатынастарының қалыптасу ерекшелiк терi. Қазақтар мен Едiл қалмақтарының қарымқатынасы барынша қарамақайшы әрi шиеленiстi едi. Патша үкiметiне қарсы бiрлескен жорықтар жасаған кездер де болды. Әбiлқайыр хан Едiл қалмақтары ның билеушiлерiмен қыз алып, қыз берiсiп, әулеттiк құдалар болу ға әрекет жасап көрдi. Қазақтардың қалмақ жерiндегi мал жайы лымдарына өтуiнiң мүмкiндiгi туралы келiссөздер де жүргiзiлдi.

Сонымен қатар көшпелi екi көршi елдiң ашықтанашық өзара қақтығыстары мен өзара шабуылдары да жиiжиi болып тұрды. Он дай оқиғалар барымталап мал алып кетумен, тұтқындар алумен, ха лықты қырыпжоюмен жалғасатын. Мұның өзi Едiл қалмақтарының Жоңғарияда тұрған кезiнде басталған шиеленiстi қақтығыстардың жалғасы мен салдарлары болатын.

Әбiлқайыр 1723 жылғы қыркүйектiң бас кезiнде қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың қолдық әскерiн бастап, Едiл қалмақтары на жорық жасап қайтты. Аталмыш жорық жоңғар қалмақтары мен Едiл қалмақтарының арасында әскери одақты болдырмау мақсатын көздедi. 1726 жылы Әбiлқайыр 10 мың қол әскерiмен Едiл қалмақта рына жаңадан жорық жасады. Ол жорық өзара келiсiм жасасумен аяқталды.

Патша үкiметi бұл екi халықтың өзара қарымқатынасында Ре сейдiң билептөстеуiне қарсы қосыла қимыл жасауына жол бермеуге тырысып бақты. Тап осындай мақсат көздеген патша кейде бұл екi халықты бiрбiрiне өшiктiрiп, өзара қақтығыстарға айдап салып отыр ды. Сол кездегi үкiмет құжаттарының бiрiнде былай деп жазылған болатын: «Егер қалмақтар бiзге қарсы қандай да бiр қарсылық жасай қалатындай болса, онда оларға қарсы қырғыздырды (қазақтарды. авт.) және керiсiнше, қалмақтарды оларға қарсы айдап салуымыз керек».

  1. Қазақтардың 1771 жылғы «Шаңды жорыққа» қатысуы. ХVIII ғасырдың екiншi жартысында Қалмақ ұлыстарындағы әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдай әлдеқайда нашарлап кеттi. Патша үкiметiнiң қалмақ халқын отаршылық езгiмен қанауы күшейе түстi.

«Қалмақтардың құқықтары елеулi түрде шектелдi. Мал жайылымы жетiспедi. Қалмақтардың бiр бөлiгiне христиан дiнiн күштеп қабыл дату саясаты жүргiзiлдi. Олар Ресей армиясына жыл сайын әскери жасақтар берiп тұруға мiндеттi болды. Ресейдiң көптеген басқын шылық соғыстары кезiнде қыруар қалмақ қырылып қалды.

Қытай Жоңғария мемлекетiн тасталқан етiп жеңгеннен кейiн Едiл қалмақтарына олардың ежелгi атамекенi, тарихи отаны қаңы рап бос қалды деген хабар жеттi. Қалмақтардың арасында шығыста ғы отанына қайту жоспары пайда болды. Қалмақтарды ежелгi отаны на қайтару жөнiнде үгiт жүргiзудi Әмiрсананың жақын серiгi Шерен басқарды. 1770 жылдың күзiнде қалмақтар өздерiнiң атамекенiне қайтадан қоныс аударуы туралы Қытай өкiмет билiгiмен келiсiп ал ды. Едiл қалмақтарының бiр бөлiгi лама дiнбасыларының белсендi араласуымен Жоңғарияға қайта көшу жөнiндегi үгiтiне қатты илан ды. 1771 жылдың қаңтарында жалпы саны 180 мың адам болатын қалмақтар Қытайдың шебiне көшiп кетуге әрекет жасады. Едiлдiң оң жақ аймағында 60 мыңдай қалмақ қалды. Олар Едiлдiң сол жақ аймағына өте алмады. Gйткенi күн жылып, өзеннiң мұзы өте жұқа рып кеткен едi.

Қалмақтардың ұлы көшiнiң қозғалу бағыты тағы да Қазақстан аумағы арқылы өтетiн болды. Қалмақтар әмiршiсi Убаши көштi бастады. Қоныс аударушы қалмақтардың iсәрекетi патша үкiметiнiң жоспарына қарамақайшы келдi. Gйткенi ол салық төлеп отырған халықтың бiр бөлiгiнен айырылып қалды. Оның үстiне, қалмақтар дың үлгiсi өлкенiң өзге халықтарына келеңсiз әсер еттi. Жайық ка зактары қалмақтардың соңына түсiп, көштiң бетiн керi қайтарудан үзiлдiкесiлдi бас тартты. Орынбор казактары тарапынан да белсендi қимыл жасала қойған жоқ.

Мiне, тап сол кезде патша үкiметi, қазақтар мен қалмақтардың көптен берi созылып келе жатқан дәстүрлi өзара дұшпандық қарым қатынаста екендiгiн пайдалана қойды. Қалмақтар Жайық өзенiне жақындап келе бергенде Орынбор губернаторы Неплюев Нұралы ханға олар қазақтарға шабуыл жасау үшiн келе жатыр деген хабар бердi. Оның үстiне, Неплюев қазақтарға патша үкiметiнiң атынан қалмақтарға қарсы шайқасқа шығып, қан майданда олжаға түскен қалмақтардың бүкiл дүниемүлкiне ие болу құқығына уәде бердi. Қазақтарға қойылған бiрденбiр шарт қалмақ көшiнiң бетiн бұрып, кешегi көшiпқонып жүрген жерiне қайтару болды. Тап осындай ұсынысты Орта жүз қазақтарына да жасады.

Қазақтардың мұндай ұсынысты зор ықыласпен қабылдады. Қал мақтардан олардың бұдан бұрынғы жасаған бүкiл шабуылдары үшiн барынша күшжiгер жұмсап, кек алу себебi әбден табиғи нәрсе едi. Кiшi жүз бен Орта жүздiң жерлерiн басып өтпек болған қалмақтар қазақтардың әскери жасақтарынан қатты соққы жедi. Қалмақтармен болған қанды шайқастарға iс жүзiнде қазақтардың хандары, сұлтан дары түгелдей дерлiк белсене қатысты. Қалмақтар, жауынгерлiк қабiлетi күштi 40 мың қолы бар әскерi болғанына қарамай, қазақ тардан үстiүстiне жеңiлiске ұшырады.

Қалмақтармен болған шайқастарға қазақтардың барлық жүздерiнiң жасақ тары қатысты. Қазақтар ата дұшпанның малын, мүлкiн олжалап, адамдарын тұтқынға алып қалумен болды.

Қазақтардың қалмақтармен ең iрi шайқасы Жем өзенiнiң бойында өттi. Балқаш көлiнiң жағасында да қанды қырғын болды. Қалмақтар Мойынты өзенiнiң бойына тоқтап, бiраз аялдамақ шы болып едi, бiрақ Абылай бастаған 50 мың адамдық жасақ әбден әлсiреп қажыған қалмақтарды қоршап алды.

Қалмақтарға Алатау қырғыздары да

ойсырата соққы бердi.

Тұтқындалған қалмақтар.

Суретшi Р. Қожағұлова.

Бұл орасан зор оқиға қазақ тарихында «Шаңды жорық» деген атпен қалды. Алыстағы Жоңғарияны армандаған қалмақтардың өз атамекенiне шағын бiр бөлiгi ғана жеттi. Олардың көпшiлiгi қазақтар мен шайқас кезiнде қаза тапты. Қалмақтардың Шыңжаңға аман жет кен қалдығы шағыншағын топтарға бөлiнiп, шекара күзетi қызметiне алынды. Соғыстың зардабын қазақтар да аз шеккен жоқ. Мыңмың даған қазақ сарбаздары қанды шайқастар болған майдан далаларын да қаза тапты. Олар өз Отанының тәуелсiздiгi, қазақ халқының бос тандығы жолында құрбан болды. Қазақ жауынгерлерi қалмақтардан олардың бұрынғы кездердегi жаугершiлiк шапқыншылығы үшiн кек қайтарды.

Gздерiнiң туыпөскен атамекенiн зұлым жаудан қорғауда ерлi гiмен аты шыққан батырлар халықтың есiнде мәңгi сақталып қал ды. Олар: Баян, Жәнiбек, Үйсiнбай, Байғозы, Елшiбек, Райымбек ба тырлар және басқалары. Шоқан Уәлиханов мынадай бiр жағдайды суреттеп жазады: «Даладағы үңгiрлердiң бiрiнде қалмақтар жай ғасады. Үңгiрдiң кiреберiсiнде алыстан оқ ататын мылтығы бар қалмақ мергенi отырады. Бiрнеше жауынгерi қаза тапқан қазақтар үңгiрдегi қалмақтарға таяу баруға жүрексiнедi. Осы кезде сiргелi руынан шыққан Елшiбек батыр суырыла алға шығып, жауға қарай желе жортып таяу келедi де, кенет атына қамшы басып, құйындата шауып жетедi. Қалмақтың мергенi атқан оқ босқа кетедi. Осы кезде қазақ батыры әбжiлдiк танытып, жау мергенiн қылышпен шауып өлтiредi».

  1. Қазақтардың қалмақтарды жеңуiнiң тарихи маңызы. Жоңға рияға қайта көшiп бара жатқан Едiл қалмақтарымен болған «Шаңды жорық» кезiндегi шайқастарда қазақтар қол жеткiзген жеңiстiң тари хи маңызы зор болды. Қазақ халқы Едiл қалмақтарының тарапынан iс жүзiнде ұдайы жасалып келген жорықтар мен шабуылдан бiр жолата құтылды. Кiшi жүз қазақтарының Едiл мен Жайық арасында ғы бұрыннан көшiпқонып жүрген атамекенiне қайта қоныстануы ның үмiтi пайда болды. Қалмақтарға ойсырата соққы берудiң нәтижесiнде қазақтар Тарбағатай жерi мен Iле өзенiнiң бойын өзде рiнде сақтап қала алды.

Ақырында, қалмақтарға ендi ес жия алмайтындай етiп есеңгiрете соққы беру арқылы ұзақ жылдарға созылған жауынгер жоңғар қал мақтарымен арадағы жойқын соғыс аяқталды. Қазақтар ойрат тай паларының көп жылдар бойы жасаған шабуылдары мен жорықта ры үшiн олардан кек алды. Қалмақтармен соғыста қазақтар ке ремет табандылық танытты, батырлық пен бұқаралық жаппай ер лiктiң ғажайып үлгiлерiн көрсеттi. Сонымен қатар бұл сұрапыл со ғыс халықтар арасындағы жауласудың ешкiмге де ешқандай жақсы лық алып келмейтiнiн айқын көрсетiп бердi.

1. Қалмақ хандығының күшею үрдiсi қалай жүрдi? 2. Қазақтар мен қал мақтардың өзара қарымқатынасының ерекшелiктерi қандай болғаны туралы айтып берiңдер. 3. Патша үкiметi Едiл қалмақтарының алыстағы Жоң ғарияға қайта көшуiне неге қарсы болды? 4. «Шаңды жорық» туралы әңгiме леп берiңдер. 5. Қазақтардың әскери жасақтары «Шаңды жорықта» қандай

жеңiстерге жеттi және оның тарихи маңызы неде болды?

Ноғайлар – түркi тiлдес топқа жататын халық. Олар Солтүстiк Кавказда тұрды. XVII ғасырда Едiл мен Жайық арасында тұрған ноғайларды қал мақтар тасталқан етiп жеңген болатын. Ноғайлардың бiр бөлiгi қазақтармен араласып, бiржолата сiңiсiп кеттi, ендi бiр бөлiгi Солтүстiк Кавказға қоныс

аударды.

Далай лама – лама дiнiнiң басшысы.

Аюке хан (1642–1724) – Едiл бойындағы торғауытқалмақтардың ханы.

Жағдай қалмақтардың қаша көшуiне қолайлы қалыптасқан жоқ.

1770–1771 жылдың қысы жылы болды да, оңтүстiктегi өзендерде көпке дейiн мұз қата қоймады. 1771 жылғы 5 қаңтарда Убаши шамамен 30 000 үйлi қалмақты бастап ұзақ сапарға шықты. Едiлдiң оң жағында көшiп қонып жүрген қалмақтардың келуiн күтпедi. Қалмақтар Жайық өзенiне таяп қалғанда Орынбор губернаторы Неплюев Нұралы ханға, қалмақтар сендердi, қазақтарды, шапқалы келе жатыр деп хабар бердi. Сондықтан да ол үкiметтiң атынан қалмақтарға қарсы соққы берудi ұсынды, соғыстан түскен олжаны түгелдей иемденуге рұқсат еттi. Бiрақ қалмақтардың iлгерi жылжуына мұрша бермей, Ресейге қарай керi қайтаруды қатты тапсырды. Тап осындай ұсынысты ол Орта жүздiң билеушiлерiне де жiбердi. Бұған Нұралы хан мен Абылай сұлтан тез келiстi де, Орынбор губернаторына орыс үкiметiнiң еркi мен қалауын толық әзiрлiкпен орындауға ықтияр екенiн жеткiзуге асықты әрi жорыққа аттанды. Қалмақтарға бiрiншi соқ қыны орал казак әскерлерi беруi тиiс едi. Бiрақ бұл кезде бұлардың өздерi де толқулы едi (Пугачев бүлiгiнiң алғашқы белгiлерi болатын). Сондықтан да олар қалмақтарды тоқтатып, бетiн керi бұру үшiн ештеңе де iстеген жоқ. Ал қырғыздар (қазақтар. – авт.) олай етпедi. Бiрақ олардың мұнысы Ресейге берiлгендiктiң белгiсi емес едi, әрине. Олардың ежелгi өз жауына деген ескi кегi болатын. А. Левшин былай деп жазды: «Кез келген қыр ғызқайсақ қалмақтармен шайқасқа түсуге, оларды аяусыз тонауға асық ты. Олар бiр айға жетержетпес уақыт iшiнде қаруланып шыға келдi. Жа йықтың бойынан басталып, Қытайдың шекарасына дейiн созылып жат қан кеңбайтақ даланың қай жерiнде болса да қалмақтардың келуiн асыға күтiп жүрген жауынгерлер толып кеттi. Қазақтар өздерiне қалмақтардың бұрын көрсеткен жәбiржапасы мен қорлығын былай қойғанда, жалпы шыққан тегi мен атын естiгендеақ оларды ата жауымыз деп санайды. Тiптi бұрын Хиуада хан болған, бiрақ өз қол астындағылардың қуып шығу ымен қазiр Кiшi жүзде тұрып жатқан Қайыптың өзi де орыс әскерлерiне барып қосылуға уәде бердi. Қырғыз (қазақ) даласының шығыс бөлiгiнде қалмақтарды Әбiлпейiз сұлтан (Әбiлмәмбет ханның ұлы) мен Ұлы жүздегi