Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.02 Mб
Скачать

§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы

Қазақ халқының бiлiм көкжиегiн кеңейтiп, ағарту саласында аса көрнектi педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрi қоғам қайраткерi Ыбырай Алтынсарин аса зор рөл атқарды.

  1. Ы. Алтынсариннiң ағартушылық кHзқарасының қалыптасуы. Ыбырай (Ибрањим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебiнiң қалыптасуында терең iз қалдырды. Ол 1841 жылы қазiргi Қостанай облысының аумағында дүниеге келдi. Әке сiнен ерте айырылған ол атасының – белгiлi би және старшын Балқо жа Жаңбыршиннiң қолында тәрбиеленедi. Ыбырай бала кезiнен бас тап бiлiмге және өз бетiнше оқып бiлуге бейiм екенiн байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының бiлiмдi адамдарымен жиi араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезiнде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзiнiң бай кiтапханасын Ыбырай Алтынсариннiң еркiн пайдалануына рұқсат еттi. Бiлiмге құштар жас бос уақытының бәрiн де сол кiтапханада өткiздi.

Бiлген үстiне бiле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұр лым көбiрек пайда келтiрсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмiрлiк кредосына айналды. Gзiнiң мiнезқұлқы жа ғынан қарапайым әрi еңбексүйгiш едi, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбiрек бiле түссем деп арманда ды. Алған бiлiмiн өз халқының пайдасына асыруға талпынды.

1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектептi алтын медальмен бiтiрдi. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тiлдерiнде еркiн сөйлей бiлдi. Кейiнiрек халық ағартушысы ретiнде өз бiлiмiн өзiнше оқып, арттыра түсудi белсендi түрде жалғастыра түстi. Дүние жүзi әдебиетiнiң классиктерi В. Шекспирдiң, И. Гетенiң, Д. Байронның, А. Пушкиннiң, Н. Гогольдiң, М. Лермонтовтың, Ғ. Низамидiң, Ә. Фирдоусидiң, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейiн қойып оқыды.

Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдiң және чех ойшылы Я. Коменскийдiң еңбектерiмен таныс болуы игiлiктi әсерiн тигiздi. Ы. Алтынсарин орыстың көрнектi демократтары Н.Г. Чернышевскийдiң, Н.А. Доб ролюбовтың, А.И. Герценнiң және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.

Мектептi бiтiрiп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкерi болып iстедi. Осы жылдар iшiнде ол өз халқының сауатын ашып, бiлiмiн көтерудiң аса қажет екенiн жете түсiндi.

  1. Ағартушының педагогикалық қызметi. Бiлiмiн өзi жүйелi же тiлдiрудiң нәтижесiнде ол өз заманының аса бiлiмдi азаматы болды.

Ыбырай

Алтынсарин.

Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп бiлу оны қазақ халқының аса көрнектi ағартушысы етiп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орысқазақ мектептерiнiң оқушыларына арнап екi оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тiлiн үйре туге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшiн зайырлы мектептер ашу ды армандады. Облыстық басқарма оған Тор ғай қаласында қазақ балалары үшiн бастау ыш мектеп ашуды тапсырды. Gзi сол мектеп те орыс тiлiнiң мұғалiмi етiп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жiгерлендiрген ол

ауылауылды аралап, жергiлiктi халыққа бiлiм алудың маңызы мен қажеттiлiгiн түсiндiруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшiн қар жықаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесiн Ы. Алтынсариннiң өзi қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметi басталды.

1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгiт жұмыстарының нәтижесiнде оқуға 16 бала жазылды. Кейiнiрек бұл мектептердегi оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргiзген үгiт жұмыстары нәтижелi болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кiрiстiм және менi өте қанағаттандыратыны бұл балалар әлдеқандай үш айдың iшiнде оқуды, тiптi жазуды үйренiп алды».

1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерiнiң инс пекторы болып тағайындалды. Оның еңбегiнiң арқасында бiлiм беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездiк қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шық ты. Халықтан қажеттi қаржы жинастырды. Соның нәтижесiнде Ыр ғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерiнде екi сыныптық орыс қазақ училищелерiн ашты. Оларды мұғалiмдермен және оқушылар мен толық қамтамасыз еттi. Ол мектептердiң жабдықталуына, олардың жанында шағын кiтапханалар ұйымдастыруға ерекше күштi мән бердi.

Қазақстанда қыз балаларға бiлiм берудiң басталуы да Ы. Алтын сариннiң есiмiмен байланысты. Аса көрнектi халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бiрнеше мектеп ашылды. Ол мектептердiң жанында интернаты болды. Ы. Алтынсарин мектептi халық ағарту iсiнiң маңызды буыны санады.

  1. Ы. Алтынсариннiң экономикалық кHзқарасы. Ы. Алтынсарин жанжақты бiлiмдi адам болды. Бiлiмдi адам ретiнде ол прогрес ке, бiлiмге ұмтылудың қазақ халқы үшiн қаншалықты зор маңы зы бар екенiн айқын көре бiлдi. Ол қазақтардың арасында ағар тушылық жұмыстарын жүргiзiп, темiр жолдар мен электр қуаты ның, егiншiлiк кәсiбiнiң, телеграфтың және әр түрлi қолөнердiң пайдасы туралы айтып берумен болды. Қазақстанның экономи калық дамуы үшiн қажеттi мамандар даярлауға ерекше мән бердi. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерiн ашуға да көп күшжiгер жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкiлдерiмен кездесу кезiнде қолөнер кәсiбi, баубақша егу, мал өсiру және диқаншылық жөнiнде жазылған оқу құралдарын табу ға көмектесулерiн өтiндi.

Ол қазақ жастарына терi илеу, сабын қайнату, май шайқау және

кiрпiш күйдiру, көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондайақ ағаш ұсталығы, темiр жону, слесарьлық кәсiпке баулуды да армандады. Ол жастарға жаңа машиналарды қалай пайдалану, ауру малдарды қалай емдеудiң және зиянды жәндiктерге қарсы қалай күресудiң тәсiлдерiн үйретуге тiкелей өзi де қатысып жүрдi. Gзiнiң очерктер мен ауызекi әңгiмелерiнде қазақтарды диқаншылықпен айналысуға шақырды. Ы. Алтынсарин жастарды еңбексүйгiштiкке, уақытты бос қа өткiзуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға баулыды.

  1. Ы. Алтынсариннiң ғылыми және әдеби қызметi. Ол өз замандас тары арасында ғалымэтнограф, көсемсөзшi әрi ақын ретiнде де ке ңiнен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлi мiнiң толық мүшесi болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап тұрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кiшi жүз қазақтары ның адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрi, ежелгi әдетғұрып заңдары туралы зерттеу мақалалары жа рық көрдi. Ол өзiнiң жұмыстан қолы босаған кездерiнiң бәрiн де ауыл арасында өткiздi, туған халқының тарихы, фольклоры, шежi ресi, әдетғұрпы, салтдәстүрi туралы материалдар жинастырды. Gзi нiң көзi тiрiсiнде бiрқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газет терде жарияланды.

«Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезiндегi әдетғұрыптарының очеркi» атты еңбегiнде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдетғұрыптарды тәптiштей

суреттедi.

Ы. Алтынсариннiң әдеби мұрасы да едәуiр елеулi. Ол И.А. Кры ловтың мысалдарын, Л.Н. Толстойдың әңгiмелерiн орыс тiлiнен қа зақ тiлiне аударумен қатар, өзi де қысқа әдемi әңгiмелер жазды. Ы. Алтынсариннiң қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгiме лер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегiлер оқырман жү

регiне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсариндi қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн қалаушы деп бiлемiз.

Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да едi. Оның «Азған елдiң биле рi», «Әй, достарым!», «Әй, жiгiттер!», «Ана» атты өлеңдерiнiң адамгершiлiкғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерiнен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгiөнеге алып, тәрбие көрдi. «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңiнiң:

«Бiр Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңiлге

Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар. Тiлегенiң алдыңнан Iздемейақ табылар...» –

жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор.

Ы. Алтынсариннiң шығармаларында қазақтардың өмiрi шын шылдықпен бейнелендi. Оларда бiлiмге, ғылымға деген құлшыныс тың қажеттiгi кеңiнен насихатталды. Жастарды оқубiлiмге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмiрiн, олардың ғылымда қол жеткiзген табыстарын үлгiөнеге ретiнде мысалға келтiрдi.

  1. Ағартушының қоғамдықсаяси қызметi. 1869 жылы Ы. Алтын сарин Торғай уездiк басқармасына iс жүргiзушi ретiнде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшiсi және уақыт ша уездiк судья мiндеттерiн қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиi болып тұрды. Gз халқының аса қажеттi мүдделерi неде екенiн жақсы бiлдi. Болыс басқарушылары мен ауыл старшын дарының сайлауына қатысып жүрдi. Ол сайлау кезiнде дауысты са тып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Бұған риза болмаған байлар оның үстiнен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрi Iшкi iстер министрлiгiне шағым жасады. Оны 1868 жылғы «Уақытша ережеде» белгiленген сайлау тәртiбiн бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Ол өзiнiң парасатты мiнез құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беде лiнiң арқасында ақталып шықты. Халық алдында сөйлеген сөздерiнде патша үкiметiнiң отаршыл аграрлық саясатын ашық сынады. Пат ша үкiметi шенеунiктерiнiң озбырлық iсәрекеттерiн, олардың жергiлiктi қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864 жылғы ха тында былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиi қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлердi арсыздықпен талаптонауда...»

Ы. Алтынсарин патша үкiметiнiң жергiлiктi халыққа қысым жа сайтын жүгенсiз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Орен бургский листок» газетiнде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезiнде былай деп жазды: «Мен түбегейлi терең сенiммен туған халқыма шамамның келгенiнше пайдамды тигiзсем деген ниетiмнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннiң ұшантеңiз еңбегi қазақ халқының экономикалық дамуына, бiлiм көкжиегiнiң кеңеюiне, рухани және мәдени гүлденуiне игi ықпал еттi. Оның есiмi халықтың есiнде мәңгi сақталады. Бүгiнде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттiк Бiлiм академиясы Ыбырай Алтынсариннiң есiмiмен атала ды. Елiмiздегi педагогтар қауымының ең таңдаулы өкiлдерi жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгiмен марапатталады. Ағартушы ғалымның құрметiне жыл сайын ғылыми конференциялар өткiзiлiп тұрады.

1. Ы. Алтынсариннiң ағартушылық және педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасқаны туралы айтып берiңдер. 2. Халыққа бiлiм беру саласында оның сiңiрген еңбегi қандай? 3. Осы параграф мәтiнiнен ағартушының қазақтар

дың экономикалық тұрмыстiршiлiгiн қайта құру туралы айтқан тұжырымдарын iздеп табыңдар. 4. Ағартушы балаларға арнап қандай оқу құралдарын жазды? 5. Оның этнографиялық еңбегi қалай аталады? 6. Ыбырай Алтынсариннiң негiзгi шығармалары мен еңбектерiн атап шығыңдар.

  1. Ы. Алтынсариннiң қоғамдықсаяси қызметiне сипаттама берiңдер.

Кредо – бiреудiң кәмiл сенiмi, дүниеге көзқарасы.

Ведомство – нақты бiр мемлекетте қоғамдық өмiрдiң белгiлi бiр саласын неме се аясын басқаратын және мемлекеттiк басқару органдары жүйесiне кiретiн

орталық мекеме.

Алтынсарин Ыбырай (Ибрањим) (1841–1889) – көрнектi ағартушы, педагог, жазушы, этнограф және қоғам қайраткерi.

Григорьев Василий Васильевич (1816–1881) – шығыстанушы, түркi тiлдерiн зерттеу

шi, Петербург Ғылым академиясының корреспондентмүшесi. Ол Орта Азия мен

Қазақстан халықтарының тарихын, географиясын зерттеумен айналысты. Орынбор өлкесiн басқарып тұрған кезiнде қазақтардың тарихы мен мәдениетiне арнап бiрқатар еңбектер жазды.

Крылов Иван Андреевич (1769–1844) – орыс жазушысы, ол негiзiнен мысалдар жазған.

Толстой Лев Николаевич (1828–1910) – граф, орыстың ұлы жазушысы.

Ушинский Константин Дмитриевич (1824–1870) – атақты орыс педагогы.

қарасты мұғалiмдерден де тап соны талап еттi. Ол өзiнiң шын жүректен шыққан тартымды әңгiмелерi арқылы мұғалiмдердi оқу iсiне шын ниет терiмен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра бiлетiн. Жұрттың көз алдында бiздi соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелердi мұғалiмдерге ең адал ниеттi азаматтар ретiнде зор құрметпен әрi мақтанышпен қарауға мәжбүр еттi. Ол әрдайым қасынан мұғалiмдердi қалдырмай, өзiмен бiрге ертiп ала кететiн, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсiресе жас қазақ мұғалiмдерiне ерекше қамқорлықпен сүйсiне қарайтын... Оны мұғалiмдер де жанындай жақсы көретiн... Ол өзiнiң жеке өмiрiнде де өте сүйкiмдi, жомарт жүректi ақ көңiл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емiнеркiн ашық сөйлесуге, ақылкеңес сұрауға мүм кiн едi. Қашан болса да ақ көңiл адал ниетiмен ақылын айтуға, тiптi нақ ты iсiмен көмектесуге әрқашан әзiр тұратын. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтiн. Олай ететiн толық жөнi де бар едi: оның есiгi келем деу шiлердiң қайқайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзiнiң ақыл кеңесiн берумен ғана шектелмей, қиынқыстау кезде қиналып келген адам ға өз қалтасынан ақша да берiп жiберетiн, кейiн оны көбiнесе қайтарып ала да бермейтiн. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әдiлеттi адам ретiнде сыйқұрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағы на күтетiн. Gйткенi ол көпшiлiкпен ортақ тiл табысып сөйлесетiн, оты рыстың сәнiн кiргiзетiн, көңiлдi де сүйкiмдi әңгiмелер айтатын... (Мұғалiм Ф.Д. Соколовтың естелiгiнен)

Ситдыков А.С. Ы. Алтынсариннiң педагогикалық идеялары мен ағар тушылық қызметi. Алматы, 1968, 147148беттер.

    1. Ы. Алтынсарин мұғалiмдерге қалай қарады? 2. Ол өмiрде қандай адам болды?