Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып Қазақстан тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.02 Mб
Скачать

§38. Шетелдерде қазақ

ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдiсi Ресей, Қытай, Монғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерiнiң аумақтарында одан әрi жалғаса бердi. Егер олардың бiр бөлiгi ол жерлерде ежелгi замандардан тұрып келген болса, ендi бiр бөлiгi же рiн күштеп тартып алу, ұлтазаттық көтерiлiстерге қатысқаны үшiн қуғынсүргiнге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтiкэкономи калық себептердiң салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәж бүр болды.

    1. Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептерi. Жаңа заманда қазақ халқының бiр бөлiгi өздерiнiң тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бiр бөлiгi ирредента, ал екiншi бөлiгi диаспора саналды. Ирредента деп өздерiнiң ежелгi ата мекенiнде дәстүрлi өмiр сүрiп отырған бiртұтас халықтың бiр бөлiгiн айтады. Алайда өкiнiшке қарай, қазақтардың бiрқатар жерлерi ше каралардың өзгеруi, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттiң құрамында болып шықты. Ал диас поралар халықтың бiр елден екiншi елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бiрге тұруы болып табылады.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс ауда руы ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде жиi орын алды. Ол кезде қазақ дала сын Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүрiп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құ нарлы да шұрайлы жерлерiн күшпен тартып алу жалғаса бердi. Мiне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерiнiң ежелден отырған, дәстүрлi

ХIХ ғасырдағы қазақтар.

көшiпқонып жүрген жерлерiн лажсыздан тастап, қайдағы бiр құнар сыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Көптеген ұлтазаттық көтерiлiстерi аяусыз басыпжанышталған нан кейiн қазақтар басқа мемлекеттердiң аумағына көшiп кетуге мәжбүр болды.

    1. Ресейдiң iшкi губернияларындағы қазақтар. Қазақтар Ресей им периясымен шекаралас аймақтарда сонау ерте замандардан берi, Ресей отаршылдығы басталудан көп бұрын көшiпқонып жүрген бо латын. Кiшi жүз қазақтары Едiл мен Жайық өзендерiнiң аралығын сонау ХV–ХVII ғасырлардаақ емiнеркiн жайлап, көшiпқонып жүрдi. ХVIII ғасырда қазақтардың едәуiр бөлiгiнiң Оңтүстiк Оралда башқұрттармен аралас көшiпқонып жүргенi де белгiлi. Башқұрттар мен қазақтар көп жағдайда ауылы аралас, қойы қоралас бiрге көшiп қонып, жайылымды бiрге пайдаланып келдi. Қазақтар мен башқұрт тардың төскейде малы, төсекте басы қосылып, құдажекжат болып туысып кеткен тұстары да аз емес. Олар жиынтойлар мен үлкен астарда ат жарысын, балуан күресiн ұйымдастырып, талай қызықты күндердi бiрге өткiзген болатын.

ХVIII ғасырдың 30–40жылдарында Орынбор өлкесiндегi ше кара шебiнде әскери бекiнiстер салу үрдiсi қызу қарқын алғанын бiлемiз. Қазақ халқы өздерiнiң бұрыннан отырған атақоныс жерле рiнен кеңбайтақ даланың iшкi жағына қарай бiртебiрте ығыстыры ла түстi. ХVIII ғасырдың 30–80жылдары арасында қазақтар Жайық тың оң жағалауындағы өздерiнiң дәстүрлi мал жайылымдарын қайта рып алу үшiн талай рет әрекет жасап та көрдi. Бiрақ одан еш нәтиже шығара алған жоқ. Ұзақ жылдар бойы күшжiгер жұмсай отырып, 1782 жылы «сенiмдi» деген көшпелi Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi ғана қыс кезiнде уақытша көшiп барып, бұрынғы жерлерiн қыстап шығуға рұқсат алды.

1810–1822 және 1835 жылдары патша үкiметi Жаңаелек және Жаңашекара шебi аудандарын Кiшi жүз қазақтарының пайдалану ынан тартып алды. Сөйтiп қазақтар 4 миллион десятинаға жуық ең құнарлы жерiнен айырылып қалды. Кейiн ол аудандар Орынбор гу берниясының құрамына өтiп кеттi.

1897 жылғы Бүкiлресейлiк халық санағының деректерi бойын ша Астрахан губерниясында – 42,6 мың, Самара губерниясында – 7,4 мың, Орынбор губерниясында – 3,9 мың қазақ тұрған болатын. Астрахан губерниясына қарасты Iшкi Ордадағы қазақтардың саны 207,3 мыңға жеттi. Қазақтардың аздаған бөлiгi Пермь, Уфа, Сара тов сияқты басқа бiрқатар губернияларда қоныстанды.

Қазақтар Батыс Сiбiрдiң оңтүстiк аумағында ежелден көшiпқо нып жүрдi. ХV ғасыр мен ХVII ғасырдың бас кезiнде бұл аймақты қазақтардың қыпшақ, жалайыр, арғын, керей және уақ сияқты тай

палық бiрлестiктерi мекендедi. Оларды Батыс Сiбiрдiң оңтүстiк жа ғындағы аймақтан ХVII–ХVIII ғасырларда көшпелi жоңғарлар (ой раттар) бiртебiрте ығыстырып шығарған болатын.

1752–1755 жылдары Орта жүздiң солтүстiк аймақтарының жер лерiнде Новоишимск ауданы құрылды. Соның салдарынан қазақ тардың солтүстiктегi шекарасы оңтүстiкке қарай 250 шақырымдай жылжытылды. Ол жерлердегi қазақтар күшпен көшiрiлдi. Қайта қайта үздiксiз өтiнiш жасаудың нәтижесiнде 1771 жылы Орта жүз қазақтары Тобыл және Томск губернияларымен шекаралас аймақ тарға уақытша көшiпқонуға рұқсат алды. Соның өзiнде тек «ерекше сенiмдi», «шын пейiлдерiмен берiлген» қазақтар ғана аманат беру және жерге жалақы төлеу арқылы орналаса алды.

Патшаның 1788 және 1789 жылдары шыққан жарлықтары бойын ша Ертiс бойындағы қазақтардың бiр бөлiгiне өзеннiң оң жақ бетiнде

«мәңгi көшiпқонып жүруге» рұқсат етiлдi. Сiбiр шекара шебiнiң iшкi жағындағы бос жатқан жерлердi пайдалану мүмкiндiгi туды. Қазақтарға алдын ала бiрнеше шарт қойылатыны ескертiлдi: бiрiн шiден, қазақтардың көшiқоны қазыналық елдi мекендерге 40 шақы рымнан жақындамауы тиiс, екiншiден, олар шекара шебiнен асып, 30 шақырым ұзап кетпеуi керек.

Томск және Тобыл губернияларының аумағында көшiпқонып жүрген қазақтарға 1880 жылы Құлынды даласынан көлемi бiр мил лионға жуық десятина келетiн қосымша жер бөлiндi. Қазақтар ол үшiн орыс шаруалары сияқты мемлекетке жылына 6 сомнан салық төлеп тұруға мiндеттi болды.

1911 жылғы есеп бойынша, Томск губерниясында 29 мың, Тобыл губерниясында 9 мың қазақ тұрған. Қазақтардың шағын бiр бөлiгi Иркутск, Забайкалье және Якут облыстарында да тұрды. Олардың едәуiр басым бөлiгi мал шаруашылығымен және егiншiлiкпен айна лысты. Бiрқатары орыс шаруалары мен казактардың жалдамалы қызметкерi және бақташысы болып жұмыс iстедi.

Ресейде туыпөскен, белгiлi қоғам қайраткерлерi дәрежесiне де йiн көтерiлген қазақ азаматтарының қатарына Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеров, Асылбек, Мұсылманбек және Мұратбек Сейiтовтер, Әмiре Исин, Мұқан Әйтпенов және басқалары болды.

    1. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшелiктерi. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуы ХVII ғасыр мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақжоңғар соғысына тiкелей байланысты болды. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы бары сында қазақтар Жетiсу, Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайы лымдарының едәуiр бөлiгiнен айырылып қалды. Мұның өзi Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының бұрыннан дәстүрлi қалыптасқан көшiқон бағыттарының бұзылуына соқтырды.

Қытайжоңғар және қазақжоңғар соғыстарының барысында Жоңғар мемлекетi тарих сахнасынан кеттi. Қазақтар өздерiнiң бай ырғы дәстүрлi мал жайылымы жерлерiн қайтарып алуға тырысты. Бiрақ жоңғарлардың көзiн жойған негiзгi жеңiмпаз ретiнде қытай үкiметi қазақтардың ондай талабын қабыл алмады. Жоңғар хандығы ның орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды. Онда бекiнiс қамал түрiндегi қалалар салына бастады.

Абылай хан бастаған қазақ билеушiлерi Қытай өкiмет билiгi орындарымен бiрнеше рет келiссөздер жүргiзiп, қазақтардың ежелгi жерлерiн қайтарып беру мәселесiн қайтақайта қозғаумен болды. Сонымен бiрге қазақтар жаңа аумақтық құрылымның жерiне өз бет терiмен қоныстануын да тоқтатпады. Ақырында Қытай өкiмет билi гi орындары 1767 жылы қазақтардың Синьцзяньға көшiп, қоныс аударуына рұқсат еттi. Бiрақ оның есесiне қазақтар ондағы жайы лымды пайдаланғаны үшiн ақы төлеуге тиiстi болды. Төлемақының мөлшерi әр түлiктiң 100 басына жылына бiр малдан берiп тұру болып келiсiлдi.

ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде Қытайда 100 мыңға жуық қазақ тұрды. Бұдан кейiнгi жылдардағы халықтың қоныс аудару үрдiсi барысында ондағы қазақтардың саны арта түстi. Қазақтардың Қытай шекарасына үдере қоныс аударуының басты себебi патша үкiметiнiң жергiлiктi халықтың қолындағы құнарлы жерлерiн тартып алуы болды. Соны мен 1911 жылы Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 225 мыңға дейiн жеттi. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерiлiс кезiнде патша үкiметiнiң қудалауына төзе алмаған 300 мыңға жуық қазақ Қытайға өтiп кеттi. Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты. Шың жан қазақтары шекара маңындағы қазақорыс саудасын дамытуда

маңызды рөл атқарды.

    1. Монғолиядағы қазақтар. Монғолияның батыс бөлiгiнде тұра тын қазақтардың негiзгi тобын абақ керейлер құрады. Абақтардың басым көпшiлiгi бұл елге ХIХ ғасырдың 60–70жылдары Қытайдан келген болатын. Оларды бастап келгендер Қожамжар, Самырхан сұлтандар мен рубасылары едi.

Қоныс аударып келудiң негiзгi себептерi Қытайдағы 1850–1864 жылдары тайпиндердiң (шаруалардың) және 1862–1878 жылдары дүнгендердiң көтерiлiс жасауы болды. Көтерiлiстiң негiзгi себебi жер тапшылығына байланысты едi. Қытай үкiметi бұл мәселенi шешу үшiн «жаңа жерлердi игеру» саясатына көштi, Шыңжанда жер иеле нушi дүнгендер мен қытайлар қаптап кеттi. Мұның өзi ондағы қазақ тарға қиын тидi. Малдарына жайылым қалмаған қазақтар Монғолия ға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Олар жаңа қонысында да мал шаруашылығымен айналысты. Бi рақ жалға алып пайдаланған жайылымдары үшiн монғолдарға ақы

төлеп тұрды. ХХ ғасырдың бас кезiнде Монғолиядағы қазақтардың жалпы саны 12 мыңға жуықтады. Монғолиядағы белгiлi қазақ азаматтары Көбеш батыр, Жуанған би, Сүгiрбай би және басқалар болды.

    1. Түрiкменстандағы қазақтар. Қазақтар Каспий сыртын ежелгi заманнан берi мекендеп келген едi. Олар Түрiкменстанға Қазақстан дағы ұлтазаттық көтерiлiстерi аяусыз басылғаннан кейiн барған бо латын. Жазалаушы отрядтардың қањарынан тек сонда ғана құтыла алатын. Мәселен, 1869–1870 жылдары Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi Түрiкмен жерiне ауып кеттi. 1897 жылғы халық санағы бо йынша, Түрiкменстанда тұратын қазақтардың саны 73 мыңға жуық болды. Түрiкменстандағы қазақтар көшпелi мал шаруашылығымен айналысты.

    2. ]збекстандағы қазақтар. Қазақтар Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағында ерте замандардан берi тұрып келген болатын. Олар әсi ресе Ташкенттiң, Жызақтың және Ходженттiң төңiрегiнде көп қо ныстанған едi. 1820 жылы Ресей саяхатшысы әрi зерттеушi Е. Мейен дорф Бұхар хандығындағы қазақтар туралы былай деп жазды: «Бiз қырғыздарды (қазақтарды. авт.) Бұхараның солтүстiкшығысын дағы Қаршы, солтүстiгiндегi қарақалпақтармен шектесетiн Мианка ла маңында көп көрдiк».

Қазақтардың бiрқатар бөлiгi бұл жаққа патша үкiметiнiң әс керлерi Оңтүстiк Қазақстанды Ресей империясына қосып алғаннан кейiн қоныс аударған болатын. Олар Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлының және Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiстерге қатысып, қуғын көрген, жерiнен айырылып қалған қазақтар едi.

1897 жылғы халық санағы Жызақ және Ходжент уезiнiң аума ғында ғана 63 мың қазақ тұратынын көрсеттi. Қазақтардың көпшiлiгi мал шаруашылығымен, бiрқатары егiншiлiкпен айналысты. Бұл аумақта олар заң тәртiбiне қатаң бағынатындығымен көзге түстi. Сондықтан да оларға сауда керуендерiне Қазақстан аумағында жол көрсетiп, бастап жүру мiндетi сенiп тапсырылды.

    1. Ауғанстандағы қазақтар. Қазақтар Ауғанстанда ХIХ ғасырдың 40жылдарында пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары ханның жасақтары құраған едi. Кенесары Қасымұлы бас таған ұлтазаттық көтерiлiс жеңiлiске ұшырағаннан кейiн, қазақ сарбаздарының бiрқатары патша үкiметi жазалаушы отрядының қуғынсүргiнiнен құтылу үшiн Ауғанстанға асып кеттi. Кейiнiрек оларға патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына наразы қазақтар дың тобы барып қосылды. Сөйтiп ХХ ғасырдың бас кезiнде Ауған стандағы қазақтардың саны 2 мыңдай болды.

Сонымен, ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiнде шекаралас көршi мемлекеттердiң аумағында қазақ халқының едәуiр бөлiгi тұрды. Рас,

олардың бiрқатар бөлiгi ол жерлердi ежелден берi мекендейтiн. Ал ендi бiрқатары қуғынсүргiн (катаклизм) кезiнде қоныс аударуға мәжбүр болған едi.

  1. Қазақтардың тарихи отанынан қол үзiп, шетелдерге қоныс аударуының негiзгi себептерiн атаңдар. 2. Ресейдегi қазақ диаспорасының қалыптасуы

ның ерекшелiктерi туралы айтып берiңдер. 3. Қазақ халқының Қытай аумағына көшу үрдiсi қалай жүрдi? 4. Монғолия, Ауғанстан, Gзбекстан және Түрiк менстандағы қазақ диаспоралары туралы айтып берiңдер. 5. Бүгiнгi күнгi қазақ тардың шетелдердегi саны мен орналасуы туралы әңгiме құрастырыңдар.

Диаспора – этностың басқа мемлекеттiң аумағында тұратын шағын бiр бөлiгi, бұрынғы өз Отанынан алыс жерлерге қоныстанған адамдар.

Катаклизм – кенеттен болған астанкестен өзгерiс, апатты жағдай, қуғын сүргiн.

Миграция (қоныс аудару) – халықтың өз елiнiң iшiнде немесе бiр елден екiншi елге қоныс аударуы, тұрғылықты орындарын ауыстыруы.

Тайпин кHтерiлiсi – 1850–1864 жылдары Қытайда болған iрi шаруалар көтерiлiсi.

Исин Әмiре (1867–1931) – Қазақстандағы көрнектi қоғам қайраткерi. Ә. Бөкейха новпен бiрге Ф. Щербинаның экспедициясына қатысып, Қазақстанның далалық уезiн зерттеуге атсалысқан. 1906 жылы жеке өзiнiң бастама көтеруiмен Ақмола облысы

ның Омбы уезiнде өз үйiнiң тең жартысын алғашқы қазақ мектебiн ашуға бөлiп бердi.

Сейiтов Асылбек (1894–1937) – Қазақстандағы көрнектi қоғам қайраткерi. «Алаш» қозғалысына белсене қатысушы. Томск медицина университетiн бiтiрген.