- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
«Қамыстың басы майда, түбi сайда, Жәнiбек Шақшақұлы болат найза.
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жiгiттiң ерлiгi осындайда.
Бөкейдi айт Сағыр менен Дулаттағы,
Дерiпсәлi, Маңдайды айт Қыпшақтағы, Gзге батыр қайтса да, бiр қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биiктi айтсаң, қарағайды айт,
Жiгiттiк, ерлiктi айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мiнгiзген
Еменәлi Керейде ер Жабайды айт».
Батырлардың ерен ерлiгiн бiздiң заманымызға дейiн өз шы ғармалары арқылы жеткiзген ақынжыраудар Үмбетей, Ақтамбердi, Тәтiқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олар дың көпшiлiгi сұрапыл соғысты өз көздерiмен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлiкпен шайқасқа түскен жалынды жаужү рек жауынгерлер де болды.
Бұланты шайқасы. Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенiнiң бойында, Қара сиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет iрi жеңiске жеттi. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Бiрiккен күштердiң құрамындағы жауынгерлердiң жалпы саны 60 мың адамға жеткен едi. Қанды шайқас болған жердiң аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есiнде тарихи атау ретiнде мәңгi сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгерi қаза тапты. Бұланты өзенiнiң
бойындағы
жеңiстiң баға жетпес зор ма ңызы
болды.
Ол
жауынгерлердiң
мо ральдық
рухын
әлдеқайда
күшейттi.
Жоң ғарлардың
жер
қайысқан
қалың қолы
жеңiлiстiң не екенiн
бiлмейдi деген жал ған
аңыздың
күлiн көкке ұшырды.
Оның
есесiне
қазақ жауынгерлерiн
жiгерлендiре
түстi.
Бұланты шайқасын
дағы жеңiс жалпы
халықтың жүрекжар ды
қуанышына
ұласты, қањарлы жауға қарсы
күресте
бүкiл
халықтың
күшжiге рiн әлi де
бiрiктiре түсiп, нығайта беруге деген
ұмтылысына тың серпiн
бердi.
Бұланты өзенi бойындағы жеңiстiң стратегиялық маңызы да зор болды. Ол
БұлантыБiлеутi шайқасы.
Суретшi Р. Қожағұлова.
Бөгенбай батыр.
Қабанбай батыр.
алдағы Аңырақай шайқасында жауға есiнен тан дыра, ойсырата соққы берудiң сенiмдi кепiлiне айналды.
Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресi барысын дағы өте елеулi оқиға – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлiнiң оңтүстiкбатыс жағындағы Итiшпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр тiкелей басшылық еттi. Оған қазақтың үш жүзiнiң жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлi жекпежек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жа ғынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбiлмансұрдың жасырын аты) шықты. Саба лақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлiк ұранмен атой сала ұмтылды.
Жекпежекте қазақ батыры жеңiп шықты. Мұның өзi қазақ жауынгерлерiн арқаланды рып, олардың жiгерiне жiгер қосты. Жау жа ғының берекесi қашып, қатты абыржыды. Жоң ғарлардың рухы төмен түсiп кеттi. Осы жек пежек шайқастан кейiн Сабалақ Абылай ата нып кеттi. Аңырақай шайқасында қазақтар
жоңғарларға естерiнен тандыра күштi соққы бердi. Шайқас дала
сында жоңғарлардың есеңгiреген, жеңiлiске ұшырап, аңырап қал ған жерi Аңырақай деп аталып кеткен көрiнедi.
Үш жүздiң хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыз дықты қойып, күш бiрiктiрудiң арқасында қањарлы жауға жұмыла күресiп, тамаша жеңiске жеттi. Бұл жеңiс үш жүздiң күшжiгер бi рiктiруiнiң әбден қисынды әрi заңды нәтижесi болды. Ұзақ жылдарға созылған қазақжоңғар соғысында түбiрлi өзгерiс жасалды, ендi бiржола түбегейлi жеңiске жететiн күн де жақын қалды. Жоңғар лар қазақтардан тартып алған жерлерiн алдыартына қарай алмай, тастай қашты.
Қазақ жасақтарының кезектi тамаша жеңiске жеткенiне қарамай, жау жағы әлi де күштi, әлi де қауiптi едi. Сондықтан да бүкiл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен кү рес жүргiзе беруiне тура келдi.
Билiк үшiн бақталас күрес және бiртұтас халық майданының ыдырай бастауы. Аңырақай шайқасынан кейiн жауды түбегейлi бiр жола жеңудiң ауылы алыс қалған жоқ едi. Бiрақ тап осы кезде Жо ғары мәртебелi ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан
үмiткерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкiл қазақтың ұлы ханы болудан Әбiлқайыр мен Сәмеке дәмелi болатын. Бiрақ қазақ ақсү йектерiнiң тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға iс жүзiнде еш қандай айтулы қызметiмен көзге түспеген Әбiлмәмбеттi сайлауды лайық деп тапты. Gйткенi аймақтық билеушiлерге билiк басында күштi тұлғаның отыруы керек емес болатын.
Қазақтың бiрiккен әскери күштерiнiң бас қолбасшысы, Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр мен Орта жүздiң ықпалды ханы Сәмеке әлгi шешiмге риза болмады. Олар өздерiн қорлағандық санады да, әлi соғыс қимылдары жүрiп жатқан аумақтан өз әскерлерiн алып кеттi. Сөйтiп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына – бiрi солтүстiкке, бiрi – солтүстiкбатыс жаққа қарай көштi.
Gкiнiшке қарай, зор қиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келдi. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендiгi жолын әр жүз өздерiнше жекежеке iздестiруге көштi. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлi де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат берiп, жыл сайын алымсалық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрiнен де көп тартқан Орта жүздiң жауға қарсы күрестi одан әрi жалғастыра беруiне тура келдi. Ал Кiшi жүз үшiн мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жанжағындағы халықтардың қатерлi қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрiкмендер, Едiл қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар едi. Gйткенi бұл кезде олардың қайқайсысымен де қарымқатынас нашарлап, шиеленiсiп тұрған болатын.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресiнiң та рихи маңызы. Сонымен ХVIII ғасырдың екiншi ширегiнiң бас кезiнде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргiздi. Жалпы қазақтық бiрiккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдас қан түрде үстiүстiне соққы бере бастады. Мұның өзi көбiнесе қазақ тың үш жүзiнiң, бүкiл қазақ халқының күшжiгер бiрiктiруiнiң ар қасында мүмкiн болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жiберу қаупi ел билеушiлерiн бұрын болған алтыбақан алауыз ырыңжырыңды ұмыттырды. Бас қоса бiрiгiп, жоңғар басқыншыларына үстiүстiне соққы беруге мәжбүрлiкпен жұмылдырды.
Хан, сұлтандар, билер мен батырлар қазақ мемлекеттiлiгiн қалайда сақтап қалуға күшжiгерiн барынша аямай жұмсады. Бұлан ты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлiк рухын күшейтiп, аспандата биiкке көтердi. Ол шайқастардағы жеңiс халық болып топтасқанда кез келген күштi жауды жеңiп шығуға болатынын айқын көрсетiп бердi. Оның үстiне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерiнiң жеңiлiс атаулыны бiлмейтiнi жөнiндегi жал ған аңыздың күлiн көкке ұшырды.
Бұл соғыста қазақ халқының туысқан қарақалпақ және қырғыз халықтарымен жауынгерлiк одағын құрудың негiзi қаланды. Соны мен қатар бұл кезде, ХVIII ғасырдың 30жылдарының бас кезiнде, билiк жолындағы тақ таласы қазақтардың күшiн тағы да ыдыратуға жеткiздi. Олар ақыр аяғында елдiң тәуелсiздiгiнен айырылып тынды.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақтардың өзара бiрiгу үрдiсi қалай жүрдi? 2. Қазақ халқының азаттық күресiнiң негiзгi ұйымдас тырушылары мен оған қатысушылар туралы айтып берiңдер. 3. Қазақтар қан дай iрi шайқастарда тамаша жеңiске жеттi? 4. Жалпықазақтық ұлтазаттық қозғалысының бәсеңдеп, ыдырауына қандай оқиғалар себеп болды? 5. Қазақ тардың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргiзген азаттық соғысында қол жеткiзген негiзгi нәтижесiн атап айтыңдар. 6. Қазақ ауыз әдебиетiнен қазақ жоңғар соғыстары кезiндегi хандар мен сұлтандар, билер мен батырлардың көрсеткен ерлiгi туралы деректер iздестiрiңдер. 7. Дүние жүзi халықтарының ерлiк пен батылдық, күштiлiк пен айбындылық, отансүйгiштiк және елге адал
дық туралы мақалдары мен мәтелдерiнен бiрнеше мысал келтiрiңдер.
Аманат – кепiлге берiлген адам. Көршi мемлекеттiң басшылары жасалған шартқа адалдық белгiсi ретiнде қазақ хандарының, сұлтандарының,
билерi мен батырларының беделдi отбасынан олардың балаларының бiреуiн кепiлге алатын болған.
Қарақалпақтар – Оңтүстiк Арал аймағында көшiпқонып жүретiн түркi тектес халық. Қазiр қарақалпақтар Gзбекстан Республикасының аумағында тұрады.
Отан соғысы – Отанды сыртқы жаудан қорғап қалуға бағытталған азат тық соғыс.
Бөгенбай Ақшаұлы (1680–1778) – әскери қолбасшы, дипломат, жоңғар қалмақта рымен болған соғыста бүкiл халықтың басын қосып, жауға қарсы күрестi ұйымдас
тырушылардың бiрi. Ол Абылай ханның ықпалды да беделдi жақын серiктерiнiң бiрi болған.
Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691–1769) – әскери қолбасшы, даңқты батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жетекшiлерiнiң бiрi. Қазақтардың iрi жауынгерлiк жасағын басқарған. Соғыста көрсеткен ерлiгi мен батырлығы үшiн Абылай хан Қабанбайды Дарабозым, яғни «бiлегiн Айға бiлеген батырым» деп атаған.
Райымбек Хангелдiұлы (1705 – өлген жылы белгiсiз) – Ұлы жүздiң албан руынан шыққан белгiлi батыр, жоңғарларға қарсы азаттық күрестi ұйымдастырушылардың бiрi.
Тама Есет Көкiұлы (1667–1749) – Кiшi жүзден шыққан батыр, әскербасы, тама руының старшыны. Кейiнiрек ол патша үкiметiнiң тарапынан тархан атағын алған. Қалмақтарға қарсы азаттық күрестi ұйымдастырушылардың бiрi.
