- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§13. Дәстүрлi билер соты
ХIХ ғасырдың бас кезiне дейiн қазақтардың өздерiне тән бiрегей дәстүрлi билер соты болды. Ол көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салтына бейiмделген едi. ХIХ ғасырдың 20жылдарынан бас тап патша үкiметi билер сотын бiртебiрте жоя бастады.
Қазақтың билер соты – бiрегей сот жүйесi. Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесiн енгiзгенге дейiн мұнда дәстүрлi билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүлiктiк, iшкi отба сылық тәртiп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерiн қарап, қоғам ның құқықтық өмiрiн ретке келтiрiп отыратын.
Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекiту деген атымен болмаған. Би қыз метi атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бiрнеше қасиет табылуы тиiс едi. Би, бiрiншiден, қазақтың дәстүрлi әдет құқығын жете бiлуге мiндеттi. Мәселен, ол «Қасым ханның қасқа жолын», «Есiм ханның ескi жолын», Тәуке ханның «Же тi жарғысын» жатқа бiлуi керек. Екiншiден, би атағынан үмiткердiң шешендiк өнер мен аталы сөздi жақсы меңгеруi, түйткiлдi iстiң түйiнiн шешуде ұшқыр ойлы, тапқыр болуы қажет. Үшiншiден, ба рынша адал, ешкiмге бұра тартпайтын әдiл болуы шарт. Ондай би лердiң атақдаңқы жөнiндегi хабар дала тұрғындары арасына тез та ралатын. Кейде билердiң баласы да өзiнiң бойындағы қасиеттерiне қарай би бола алатын. Бiрақ мұндай жағдай iлуде бiр рет кездесетiн. Gзiнiң беделiне дақ түсiрген би сот iсiне араласу құқығынан айырыл ды. Дала тұрғындары өзiне жүгiнуiн тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады.
Gз ұлының бойында би боларлық қасиеттерi бар екенiн байқаған
атаана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезiнен атақты билердiң нөкерлерi қатарына қосуға тырысты. Сөйтiп бала жастайынан далалық сот билiгiнiң не бiр нәзiк тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үмiткер бала қылмыстық iстер қаралатын сот процесiне үнемi қаты сып отырған.
Сот процесi шағымданушының тiлегi немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгi салтжоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгiлi бiр бидiң билiк жүргiзуiн таңдау үшiн сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тас тайтын. Билер соты әдеттегi ұсақ тәртiп бұзушылықтан бастап, ең ауыр қылмыс саналатын қылмысты iстердi қарастырды.
Билер соты дауға әдiл билiк айту принципi бойынша жүргiзiлетiн. Би әдiл де тапқыр, Әйтеке би айтқандай, «дұрыс сөзге тоқтай бiлген, басқаның сөзiн тоқтата бiлген» дана болуы тиiс. Билер қазақ халқы ның ауызбiрлiгiн, өзара түсiнiсуiн нығайтып, даушарды әдiл шешiп
отырған. Бидiң бiр өзi тергеушiнiң, әрi айып таушы мен судьяның (қазының) қызметiн қоса атқарған. Билер соты ауызекi сөз жа рыстыру түрiнде өтетiн. Куәлардан жауап алу да қарастырылатын. Билер сотының бiр ар тықшылығы ол халықтың көз алдында ашық өткiзiлетiн, оған кез келген адам өзiнiң қала уынша қатыса алатын.
Екi би айтысқанда жалпы үкiмдi шығару үшiн Төбеби сайланған.
Билердiң әдiлетсiз шешiмiне шағым жа сау iлуде бiр рет, өте сирек кездесетiн. Би дұрыс үкiм шығармаған жағдайда өзiнiң абы ройы мен беделiнен жұрдай болып, би атағы нан айырылып қалатын. Би өзiнiң сiңiрген еңбегi үшiн «бидiң билiгi» деген сыйақы ала тын. Ол кiнәлi жақтың есебiнен өндiрiлетiн. Сыйақының мөлшерi дауда өндiрiлетiн мүлiктiң оннан бiр бөлiгiне тең болатын.
ХVIII ғасырда мемлекеттiк және қоғам дық қызметiнiң маңыздылығы, шешендiк өне рiнiң күшi мен поэтикалық шеберлiгi жағы нан Қазақстан тарихында өшпес iз қалдырған атақты билер болды. Олар – Ұлы жүздегi Төле би, Орта жүздегi Қазыбек би және Кiшi жүздегi Әйтеке би. ХIХ ғасырда Gткел би, Аслан би т.б. билердiң есiмдерi халық арасында кеңiнен танылды.
Куәлар. Айыпкердiң күнәлi екенiн дә лелдеу немесе оны ақтап шығу үшiн жұртқа кеңiнен танымал кемiнде 2–4 адамның куәлiгi керек болатын. Ондай куәлар табылмаған
Аслан би («Түркiстан» альбомы, 1871–1872).
Gткел би («Түркiстан» альбомы, 1871–1872).
жағдайда адал адамдардың ант iшуiне жүгiну рәсiмi қолданылатын.
Әйелдердiң, үй қызметшiлерi мен құлдардың, жасы кәмелетке тол маған балалардың куәгер болуына, ант iшуiне рұқсат етiлмейтiн. Мiнезқұлқы нашар адамдар да куәгерлiкке алынбайтын. Бұрын өтiрiк куәлiк бергенi белгiлi болған адамдар да куәгер бола алмайтын.
Куәгерлер арнайы адам жiберiп, жасауыл арқылы алдырылатын. Жасауылдардың еңбегiне төленетiн ақы күнәлi жақтың есебiнен өн дiрiп алынатын. Сұлтандар мен елге сыйлы адамдардың куәгерлiгi олар ант iшпейақ қабылдана беретiн.
Ант iшу. Билер сотының тағы бiр артықшылығы айыпкерге тағылатын күнә жеткiлiксiз жағдайда ақылдастар алқасының көме
гiне жүгiнетiн болған. Ақылдастар алқасы айыпкердi жақсы бiлетiн, оның адал да әдiл руластарынан тұратын болуы тиiс едi. Олар өзде рiнiң адалдығына ант iшiп, сотқа тартылған адамды не айыптайтын, не ақтап шығатын. Ант iшу талапкерге де, жауапкерге де, куәлерге де бiрдей қолданылды.
Ант iшкiзу үшiн әлдебiр биiк жота, атабабалар зираты, сондай ақ көлдiң немесе өзеннiң көрiктi жағасы таңдап алынатын. Сотқа шақырылған әрбiр адам шамамен мынандай мазмұнда ант iшетiн болған: «Егер мен жалған куәлiк айтатын болсам, онда менiң жазамды бiр Құдайдың өзi беретiн болсын, екi дүниеде де жақсылық көрмейiн, бар байлығым мен балаларымның қызығы бұйырмасын». Ант iшудiң екiн шi бiр түрi мылтық ұңғысын сүю едi. Ал үшiншi түрi бойынша, ант iшушiнi атабаба зиратын үш рет айналдырып өткiзген. Қолға Құран ұстап та ант берген.
Жазаның түрлерi: жер аудару, айып салу, құн тHлету, дүре соғу және Hлiм жазасына кесу. Қазақтарда жазаның түрлерi жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлiм жазасына кесу болатын. Бiрақ өлiм жазасы сирек қолданылатын. Түрме және еркiнен айыру орындары мүлде болған емес.
Айыптыға ауылдан жер аудару жазалары да қолданылды. Қыл мыскерден туғантуыстары мен руластары безiнiп, араласпай қоя тын. Әдетте жер аударылғандар кеңбайтақ даланың бiр қиыр ше тiнде, елден жырақ тұратын. Қылмыс жасады деп айыпталған және ол айыбы билер сотында дәлелденген қылмыскерлер айып не құн төлейтiн. Айып дегенiмiз жасаған қылмысы үшiн материалдық не ақшалай құн төлеу. Қазақтарда кiнәлi адамның атшапан айып төлеуi атам заманнан берi бар болатын. Онша ауыр емес, жеңiл желпi қылмыс жасаған адам талапкердiң қалауы бойынша жаза дан атшапан айып төлеп те құтылатын. Ал ауыр қылмыс жаса ған адамдар мал есебiмен «тоғыз» төлейтiн. Мәселен, «Түйе бас таған тоғызға» үш түйе, үш сиыр, үш қой кiретiн. Ұрлық жасаға ны ашылып, масқара болған адамға әрқайсысында тоғыз бас мал болатын «Үш тоғыз» айып салынатын.
Адам өлтiргенi немесе дене мүшесiне жарақат салып, мүгедек еткенi үшiн құн төленетiн. Адам өлтiрген адам өлiм жазасына да кесiлетiн. Бiрақ бұл жазадан құн төлеу арқылы құтылуға болатын. Құн төлеген жағдайда қылмыскерден кек алуына жол берiлмейтiн. Құн төлеудiң шарты мен мерзiмiн екi жақ барынша қатаң келiсiп алатын. Ер адамды өлтiргенi үшiн 1000 қой немесе 100 жылқы, неме се 50 түйе құн төленетiн. Ал әйелдi өлтiргенi үшiн төленетiн құн мұның жарты мөлшерiндей аз болатын. Күйеуiн өлтiрген әйелдiң де өлiм жазасынан құн төлеп құтылуына болатын едi. Бiрақ бұл үшiн оның өлген күйеуiнiң туғантуысқандары кешiрiм жасап,
ризашылық келiсiмiн беруi шарт саналатын. Мұндай жағдайда қыл мыскер жазадан құн төлеу арқылы құтылып кете алатын.
Егер бiреу қажеттi қорғаныс үстiнде қарсыласын өлтiрiп алса және мұны көзiмен көрген куәгерi болса, онда ол құнның жарты мөлшерiн төлеуге тиiс болатын. Ондай куәгерi болмаса, онда толық мөлшерiнде құн төлейтiн. Жартылай құн бiреудi байқаусызда өлтiрiп алған жағдайда да төленетiн болған. Егер айыпкердiң құн төлейтiн дей малы болмаса, онда оны ағайындары, тiптi рулы елi төлейтiн.
Адам өлтiрген қылмыскердi жасырған және оның қашып кетуiне көмектескенi үшiн күнәлi болған адам өлген адамның құнын өзi төлейтiн. Барымта кезiнде кiсi өлтiрген қылмыскер де құн төлеуi тиiс болатын. Кiмдекiм ұрыны, қарақшыны немесе кiсi өлтiрген қылмыскердi өлтiрсе, оған ешқандай жаза қолданылмайтын.
Қазақтар кейбiр жағымсыз қылықтар, бұзақылық жасаған адамға қамшымен немесе солқылдақ көк шыбықпен дүре соғу жазасын қол данатын. Күнәлi адамға оның жасаған қылмысының қаншалықты ауыр не жеңiл екендiгiне қарай 25, 50,100 дүре соғу жазасы белгiле нетiн. Gтiрiк әңгiме таратқан адамға да қамшымен дүре соғу жазасы қолданылатын.
Егер баласы әкесiне тiл тигiзiп, балағаттаса немесе әкесi мен шешесiнiң бiреуiне қол жұмсап, ұрыпсоқса, онда ол баланы қара есекке немесе қара сиырға терiс мiнгiзетiн. Мойнына құрым киiз байлап, ауылауылды аралататын. Оны көргендер жерге түкiре жиiркенiп, қамшының астына алатын. Дүрелеп жазалау барша жұрттың көзiнше орындалғандықтан, ол ең масқара әрi ел бетiне қарай алмайтын ұятты ауыр жаза болып есептелетiн. Дүре соғу қоғамдық тәртiптi сақтаудың, қазақтардың ежелгi әдетғұрыптары мен дәстүрлерiн құрмет тұтудың сенiмдi құралы болып келдi.
Егер кiмдекiм өзiнiң дiнiнен безiп, христиан дiнiн не басқа бiр дiндi қабылдайтын болса, онда оның туғантуысқандарының бүкiл малмүлкi талантаражға салынып, бөлiп әкетiлетiн. Дiннен безу әр бiр отбасы, ру, тайпа үшiн ең масқара қылықтардың бiрi саналатын. Дәстүрлi қазақ қоғамында өзiнеөзi қол салып өлген адам туралы жақсы лебiз айтылмаған. Gзiнөзi өлтiрген адамды жалпы зираттан қырық қадам алыс жерлейтiн. Оның жаназасы шығарылмайтын, ас
берiлмейтiн, еске алу рәсiмi де жасалмайтын.
ХVIII ғасырда билер сотының үкiмiмен қылмыскер деп табылып, өлiм жазасына кесiлген адам үкiм орындалар алдында ханға қарап:
«Дат, тақсыр!» деуге құқықты болатын. «Датың болса айт!» дейтiн хан. Қылмыскер өзiнiң ең соңғы қалауы мен өтiнiшiн айтып қалатын. («Дат» парсы тiлiнде «Әдiл заң, әдiлдiк, өтiнiш» деген мағына бередi). Әдетте хан ауыр қылмыс жасаған айыпталушының ең соңғы өтiнiшiн қанағаттандыратын.
Құдай жолынан безiнгендердi таспен атып өлтiретiн. Gз ту ыстарына үйленiп, қан араластырғандар да өлiм жазасына кесi летiн болған.
Қазақтардың әдет заңы бойынша жетi атаға жетпейтiн туыстар дың некесiн қиюға үзiлдiкесiлдi қатаң тыйым салынған.
Барымта. Би сотының жиiжиi қарайтын iстерi көбiнесе барым таға байланысты болатын. Дәстүрлi қазақ қоғамында өзге бiреудiң төлемей кеткен қарызы үшiн оның малын не мүлкiн тартып әкету барымта деп аталады. Сот үкiмi орындалмай қалған жағдайда да ба рымта жасауға болатын.
Дала тұрғындары арасында күштi рудың адамдары адам өлтiргенi үшiн құн төлеуден, бiреуге тiл тигiзiп, қорлағаны үшiн айып төлеуден бас тартып кете беретiн жағдайлар да болып тұратын. Олар тiптi билер сотының алдына баруды да өздерiнше ар санайтын. Мiне, мұн дай жағдайда қорланған рудың ақсақалдары қабылдаған шешiм бо йынша барымта басталатын. Сөйтiп кiнәлi жақты өздерiнiң айтқаны на көнуге мәжбүр ету көзделетiн. Екi жақ өзара тiл табысып, келi сiмге келгеннен кейiн барымтаға алынған мал иесiне қайтарылатын. Барымта ашықтанашық та, жасырын түрде де жасала беретiн. Ба рымта жасырын түрде алынған жағдайда барымташы жақ мал иеле рiне үш күннiң iшiнде ресми түрде хабар беруге мiндеттi болатын. Ал бұлай етiлмеген жағдайда барымтада кеткен мал ұрланған мал деп есептелiнетiн. Барымта кезiнде екi жақтың бiрбiрiмен қарулы қақтығысы болып, адамдар жараланатын, тiптi өлiмге де ұшырап жататын. Кейде барымтаға бүкiл болыс түгел қатысатын. Ресей әкiм шiлiгi барымтаны қылмысты iстердiң бiрi деп бағалады.
