Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsessy_i_apparaty_khimiko-farmatsevticheskog...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.65 Mб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Дәрілер технологияСы кафедрасы Сарамандық Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Пән: Химия-фармацевтік өндірістің процестері мен аппараттары

Мамандық: 5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Оқу сағатының көлемі: 180 (4 кредит)

Курсы және оқу семестрі : 2 курс, 4 семестр

Сарамандық сабақтар: 15 сағат

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде ____ _________ 2013 ж. (хаттама № ___ ) талқыланған

Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор Сағындықова Б.А.

1-тақырыбы: Бір фазалы ағынның гидродинамикасы.

Мақсаты: Сұйық қозғалуының гидродинамикалық режимін және жылдамдығын анықтау.

Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:

  • Сұйықтың негізгі физикалық қасиеттерін;

  • Сұйық ағынының мінездемелерін;

  • Сұйық ағуының құрылысын және ламинарлық режим аймағын;

  • Сұйық ағуының құрылысын және турбуленттік режим аймағын;

Студент істей алуға тиіс:

  • Жұмысшы сұйықтың тығыздығын, меншікті салмағын, тұтқырлықтың динамикалық және кинематикалық коэффициенттерін анықтау;

  • Сұйықтың массалық және көлемдік шығындарын, қозғалу жылдамдығын анықтау;

  • Сұйықтың ағу режимдерін ажырату.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жұмысшы сұйықтың тығыздығы, меншікті салмағы, тұтқырлықтың динамикалық және кинематикалық коэффициенттері;

  2. Сұйықтың массалық және көлемдік шығындары, қозғалу жылдамдығы;

  3. Сұйықтың ағу режимдері.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер сұйықтың физикалық қасиеттерін және сұйық қозғалуының гидродинамикалық режимдерін теориялық тұрғыдан түсініп, келесі сарамандық есептерді шешулері керек.

1 Есеп.

Газдың тығыздығын, меншікті салмағын және тұтқырлығының кинематикалық коэффициентін Рарт және t кезінде анықта. Атмосфералық қысым Р0 = 0,1 МПа. Алғашқы деректерді кестеден алыңыз.

Шифрдың

бірінші

саны

Газ

Рарт, МПа

Шифрдың

екінші

саны

t, °С

1

Сутегі

0.2

1

20

2

Оттегі

0.3

2

22

3

Хлор

0.4

3

24

4

Азот

0.5

4

26

5

Көміртегі тотығы

0.6

5

28

6

Көмір қышқыл газы

0.7

6

30

7

Метан

0.7

7

32

8

Этан

0.8

8

34

9

Ауа

0.9

9

36

0

Бензол

1,0

0

38

2 Есеп.

Бір жүрісті қоршау құбырлы жылу алмастырғыштың құбырлары арқылы (құбырлар саны n, құбырдың сыртқы диаметрі d, қабырға қалыңдығы 2 мм) газ w жылдамдықпен ағады. Газдың орташа температурасы t және қысымы манометр бойынша 2 ат. Барометрлік қысым 740 мм сын.бағ. Газдың массалық және көлемдік шығындарын қалыпты және жұмысшы жағдайларда анықта. Алғашқы деректерді кестеден алыңыз.

Шифрдың

бірінші

саны

Газ

n, дана

d, мм

Шифрдың

екінші

саны

w, м/с

t, °С

1

Сутегі

102

34

1

20

2

Оттегі

108

38

2

22

3

Хлор

105

42

3

24

4

Азот

121

46

4

26

5

Көиіртегі тотығы

128

50

5

28

6

Көмір қышқыл газы

138

54

6

30

7

Метан

145

58

7

32

8

Этан

153

62

8

34

9

Ауа

160

68

9

36

0

Бензол

165

72

0

38

Әдебиет:

негізгі:

  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. «Гидростатика» және «Гидродинамика» тарауларында сұйықтың қайсы заңдары қарастырылады?

  2. Гидростатикалық қысымның қандай қасиеттері бар?

  3. Ыдыс ішіндегі абсолют қысымды қалай анықтайды?

  4. Гидростатиканың негізгі теңдеуі нені өрнектейді?

  5. Сұйықтың ағу режимін қайсы ұқсастық сан анықтайды?

  6. Рейнольдс ұқсастық санының қайсы мәнінде сұйықтың ламинарлы ағу режимі байқалады?

  7. Рейнольдс ұқсастық санының қайсы мәнінде сұйықтың турбулентті ағу режимі байқалады?

  8. Рейнольдс ұқсастық санының қайсы мәнінде сұйықтың өтпелі ағу режимі байқалады?

Тестік тапсырмалар

1. Сұйықтың тығыздығы.

а) ρ=V/M

в) ρ=m/V

б) ρ =V/P г) ρ=M/G

2. Сұйықтың меншікті салмағы.

а) γ=m/G

в) γ=m/V

б) γ=G/V

г) γ=G/M

3. Тығыздық пен меншікті салмақ арасындағы байланыс.

а) γ=ρg,

б) ρ=γg,

в) γ=M/ρ,

г) γ=ρπ

4. Қалыпты жағдай.

а) р= 700 мм. рт. ст, t=273 K ,

б) р= 0 мм. рт. ст, t=0 0С ,

в) р= 760 мм. рт. ст, t=273 K ,

г) р= 735 мм. рт. ст, t=0 0С ,

5. Берілген жағдайдағы газдың тығыздығы.

а) ρ=ρ0P0T0/(PT)

в) ρ=ρ0P0T/(PT0)

б) ρ= MPT0/(22,4∙P0 T)

г) ρ= M/22,4 +PT0/(P0 T)

6. Құбыр ішіндегі сұйықтың қозғалу жылдамдығы.

а) v=4Q/πd2

б) v=πd2/ 4Q

в) v=QS,

г) v=4ρ/πd2

7. Эквивалентті диаметр.

а) П/F= dэ,

б) F/П=dэ,

в) 4F/П=dэ,

г) dэ=2rг,

8. Абсолют қысым.

а) Атмосфералық қысымнан жоғары қысым

б) Атмосфералық қысым мен артық қысым қосындысы

в) Атмосфералық қысым

г) Вакуум қысымы

9. Құбыр ішіндегі сұйықтың қозғалу режимі неге тәуелді?

а) Қозғалу жылдамдығына.

б) Қысым айырмашылығына.

в) Құбырдың бүдірлігіне.

г) Сұйықтың тығыздығына.

2-тақырыбы: Газдар мен сұйықтардың қозғалуы кезіндегі тегеуріннің шығыны.

Мақсаты: Құбырлар мен аппараттардағы гидравликалық кедергіні анықтау.

Оқыту мақсаты:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]