Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsessy_i_apparaty_khimiko-farmatsevticheskog...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.65 Mб
Скачать

Студент білуге тиіс:

  • Сұйық орталарды былғау әдістері;

  • Тұтынатын қуатты есептеуге арналған ұқсастық сандар теңдеуі;

  • Былғауыштың тұтынатын қуатына әсер ететін факторлар.

Студент істей алуға тиіс:

  • Былғауыштың жұмысын сипаттай алатын ұқсастық сандар теңдеуін түзе білу.

  • Былғауышты аппараттың қуатын есептей алу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Былғауышты аппараттың конструктивтік элементтері.

  2. Былғауыштың жұмысын сипаттай алатын жалпылама ұқсастық сандар теңдеуі.

  3. Былғауыштың тұтынатын қуатын есептеу.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер былғау процесінің физикалық негіздерімен және былғауышты аппараттың конструкциясымен танысуы керек. Виртуалды зертханалық қондырғыда:

  1. Былғауышты аппараттың негізгі мінездемелері бойынша тестілеуден өтіңіз.

  2. Былғауышты аппараттың конструктивтік элементтерін және өлшеу тәсімін оқыңыз.

  3. Былғауыштың бір түрінің жұмысын сипаттай алатын ұқсастық сандар теңдеуінжазыңыз.

  4. Алынған ұқсастық сандар теңдеуінің көмегімен былғауыштың тұтынатын қуатын есептеңіз және оны өлшенген мәнімен салыстырыңыз.

Құрал – жабдықтар: дербес компьютер, виртуалды жұмыстың бағдарламасы.

Теориялық мәліметтер.

Ағатын ортаның макрокөлемдерін аппарат көлемінде бірнеше рет өзара араластыруды былғау деп атаймыз. Былғау үшін ағатын ортаға механикалық былғауыштың, сұйықтың немесе газдың ағыны көмегімен импульс беріледі.

Былғау процесі фармацевтика өндірісінде супензия, эмульсия дайындау үшін, өңделетін жүйелерді қыздыруды немесе суытуды қарқындату үшін, сонымен қатар араластырылатын жүйелерде массаалмасу процестерін қарқындату үшін қолданылады. Қазіргі кезде әртүрлі механикалық былғауыштар (қалақты, ескекті, турбиналы, якорлы, шнекті) кеңінен қолданылады.Бұл былғауыштармен араластырғанда ортаның күрделі үшөлшемді қозғалысы туындайды. Олардың ең негізгісі тангенциалды қозғалыс. Бұл кезде аппарат көлемінде радиалды және аксиалды ағындар қозғалыстар туындайды. Ортаның аппараттағы күрделі қозғалысы процестің аналитикалық сипатын алуға мүмкіндік бермейді, сондықтан есептеулерді ұқсастық теориясы негізінде алынған ұқсастық сандар теңдеуімен жүргізіледі.

Кез келген механикалық былғауыштың маңызды мінездемесі ретінде былғауыштың жұмысшы элементін айналдыруға шығындылған энергияны атауға болады. Бұл кезде былғауыштың өлшемдері және ортаның физикалық қасиеттері белгілі деп есептеледі. Былғауыштың тұтынатын қуаты көптеген факторларға тәуелді. Қуатты анықтауға арналған қазіргі заманғы әдістер және теңдеулер процесс ерекшелігін жеткілікті ескереді деуге болмайды. Осыған орай тәжірибелік зерттеулер жүргізу керектігі туындайды, зерттеулер нәтижесінде керекті ұқсастық сандар теңдеуі алынады..

Араластыру процесін гидродинамикалық тұрғыдан қарағанда тұтқыр сұйық ағынының денені ағуы деп қарастыруға болады, сәйкесінше, осы процесті жалпылама сипаттайтын ұқсастық сандар теңдеуін алады.

Ортаның бетінде шұңқыр түзілмейтін жағдайда, мысалы, шағылдыратын қалқалар орналастырылғанда немесе былғауыштың жұмысшы элементін жеткілікті тереңдікке батырғанда, ауырлық күшінің ықпалын ескермеуге болады. Сонда ұқсастық сандар теңдеуінде Фруда санын ескермеуге болады.

Әдебиет:

негізгі:

  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Жужиков В.А. Фильтрование. 4-е изд. М.: Химия, 1986

  3. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  4. Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,

  5. Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979

  6. Брагинский Л.Н., Бегачев В.И., Барабаш В.М. Перемешивание жидких сред. - М.:-Химия, 1984.-336 с.

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Былғау процесінің өндірістік мәні.

  2. Механикалық былғауыштар түрлері.

  3. Былғау процесі кезінде қуат шығынына қандай факторлар әсер етеді?

  4. Былғау процесіне арналған ұқсастық сандар теңдеуінің түрі және оның практикалық мәні.

9-тақырып: Псевдосұйылған қабаттың гидродинамикасын зерттеу.

Мақсаты: Псевдосұйылған қабаты бар аппараттың жұмысымен танысу.

Оқыту мақсаты:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]