Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsessy_i_apparaty_khimiko-farmatsevticheskog...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.65 Mб
Скачать

Студент білуге тиіс:

  • Псевдосұйылудың физикалық негіздері;

  • Псевдосұйылу қабатының пайда болу шектері;

  • Псевдосұйылу қабатының структурасы.

Студент істей алуға тиіс:

  • Сұйылту агентінің мінездеме жылдамдықтарын анықтай алу;

  • Бөлшектердің орташа диаметрін анықтай алу;

  • Бұрыс пішінді бөлшектердің эквивалентті диаметрін анықтай алу.

  • Қозғалмайтын және псевдосұйылған қабаттардың гидравликалық кедергілерін анықтай алу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Псевдосұйылған қабат үшін сұйылту агентінің мінездеме жылдамдықтары

  2. Қабаттағы бөлшектердің орташа диаметрі.

  3. Қабат кеуектігінің сұйылту агентінің жылдамдығына тәуелділігі.

  4. Қозғалмайтын және псевдосұйылған қабаттардың гидравликалық кедергілері.

  5. Бұрыс пішінді бөлшектердің эквивалентті диаметрі.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер псевдосұйылған қабаты бар аппараттың жұмысымен танысуы керек. Виртуалды зертханалық қондырғыда:

  1. Псевдосұйық қабаттың негізгі мінездемелері бойынша тестілеуден өтіңіз.

  2. ∆Р және ε - нің сұйылту агенті жылдамдығына тәуелділігін тәжірибе жүзінде анықтаңыз.

  3. Тәжірибе мәліметтері бойынша бірінші аумалы жылдамдықтың мәнін анықтаңыз.

  4. Қабат бөлшектерінің диаметрін немесе бұрыс пішінді бөлшектер үшін эквивалентті диаметрін және пішін факторын анықтаңыз.

  5. Тәжірибе мәліметтері бойынша екінші аумалы жылдамдықтың мәнін анықтаңыз. Оны Тодес теңдеуімен анықталған мәнімен салыстырыңыз.

  6. Қабаттағы материалдың салмағын анықтаңыз.

Құрал – жабдықтар: дербес компьютер, виртуалды жұмыстың бағдарламасы.

Теориялық мәліметтер.

Жылумассаалмасу процестерінің, сусымалы материалдардың араласуын, агломерация, түйіршіктеу процестерінің қарқындату үшін түйіршікті материалдардан псевдосұйылған (ПС) қабаты бар аппараттар кеңінен қолданылады. Псевдосұйылған қабатты кейде асылған немесе қайнаған қабат деп те атайды.

Егер решеткада жатқан түйішікті материалдың қозғалмайтын қабаты арқылы төменнен жоғары қарай сұйылту агентінің ағынын өткізсек, онда қабат күйі сұйылту агентінің жылдамдығымен анықталады, былайша айтқанда агент шығынының бос аппараттың көлденең қимасының ауданына қатынасымен анықталады..

Бірінші аумалы жылдамдыққа ωкрІ (псевдосұйылудың басталу жылдамдығы) дейін қабат қозғалмайды. Сұйылту агенті қабат арқылы сүзгілеу режимінде қозғалады.

Бірінші аумалы жылдамдыққа ωкрІ жеткенде қабат псевдосұйылу күйіне өтеді. Бұл кезде қатты бөлшектер қабат ішінде қозғала бастайды. Жылдамдықтың одан әрі артуы псевдосұйылған қабат биіктігін арттырады (қабат кеңееді).

Сұйылту агенті екінші аумалы жылдамдыққа ωкрІІ (ұщыру жылдамдығы) жеткенде псевдо қабат бұзылады, ал бөлшектер пневмотранспорт режимінде аппараттан ұшырылады.

Псевдоқабаттың кеңеюі оның кеуектілігімен ε сипатталады. Ол қабаттағы бос көлемнің қабаттың барлық көлеміне қатынасы түрінде анықталады. Қатты түйішіктердің қозғалмайтын қабаттарынң кеуектілігі шамамен 0,4 болатыны белгілі. Сұйылту агентінің жылдамдығы өскенде қабаттың кеуектілігі артады. Қабаттың гидравликалық кедергісі тұрақты шама болып қалады және ол сұйылту агентінің жылдамдығына тәуелсіз болады.

Әдебиет:

негізгі:

  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Жужиков В.А. Фильтрование. 4-е изд. М.: Химия, 1986

  3. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  4. Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,

  5. Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Псевдосұйылған қабат үшін сұйылту агентінің мінездеме жылдамдықтарын қалай анықтайды?

  2. Тәжірибелік мәліметтер бойынша псевдосұйылудың басталуын қалай анықтайды?

  3. Қабат ішіндегі бөлшектердің орташа диаметрін қалай есептейді?

  4. Кеуектілік дегеніміз не және оның сұйылту агентінің жылдамдығына тәуелділігін сипаттаңыз?

  5. Псевдосұйылудың басталу жылдамдығы және ұщыру жылдамдығы неге тәуелді?

  6. Неге сұйылту агентінің жылдамдығы өскен сайын қозғалмайтын қабаттың гидравликалық кедергісі өседі, ал псевдосұйылған қабаттыкі тұрақты болады?

  7. Бұрыс пішінді бөлшектердің эквивалентті диаметрін қалай есептейді?

  8. Пішін тәуелділігі графигін қалай пайдаланады?

  9. Псевдосұйылған қабаттың гидравликалық кедергісін қалай есептейді, егер оның салмағы белгілі болса?

10-тақырып: Қыздыру және жылуды рекуперациялау процестерін оқу.

Мақсаты: Құбырлы жылуалмастыру қондырғысының құрылысымен және жұмысымен танысу.

Оқыту мақсаты:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]