Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
protsessy_i_apparaty_khimiko-farmatsevticheskog...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.65 Mб
Скачать

2.1 Кіріспе

Қазіргі заманғы химия-фармацевтік өндірісі көптеген әртүрлі өдірістермен сипатталады. Сонымен қатар бұл өндірістердегі технологиялық процестер типтік процестердің комбинациясы болып табылады.

«Химия-фармацевтік өндірістің процестері мен аппараттары» курсы жаратылыстану ғылымдарының негізгі заңдарына сүйенеді және фармацевтика технологиясының теориялық негізін құрайды. Курс бағдарламасы фармацевтика өндірісінің негізгі процестерін, олардың физикалық байыптарын, теориялық негіздерін, процестерді іске асыратын ықшам тәсімдерді, типтік машиналар мен аппараттардың конструкцияларын және оларды есептеу әдістерін оқытуға бағытталған..

«Химия-фармацевтік өндірістің процестері мен аппараттары» курсы студенттердің жалпы инженерлік дайындығын аяқтайды және мамандандыру пәндерін оқыту алдындағы өтпелі саты сияқты. Пәнді оқыту бір семестрге есептелген және механикалық, гидромеханикалық, жылулық, масса алмасу процестері мен аппараттарынан тұрады.

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге химия-фармацевтік өндірістің процестерінің байыбын, осы прцестер өтетін аппараттардың техникалық және экологиялық ерекшеліктерін түсіндіру. Сонымен қатар фармацевтика өндірісінің процестері мен аппараттарын жетілдіруге бағытталған нақты өндірістік мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру. Осы пәнді оқыту студенттерді фармацевт-технолог қызметіне баулуға бағытталған.

2.3 Оқыту мақсаттары:

  • Химия-фармацевтік өндірісінде өтетін типтік процестерді оқыту;

  • Химия-фармацевтік өндірісінің қазіргі заманғы аппараттарын оқыту;

  • Процестерді оңтайландыру жолдарын оқыту;

  • Аппараттардың оңтайлы конструкцияларын таңдау;

  • Техникалық мәселелерді, ғылыми жетістіктерді және өнімдерді өңдеудің жаңа физикалық әдістерін фрамацевтикалық технологиялар тұрғысынан қарастыруды үйрету.

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

студент білуі керек:

  • Химия-фармацевтік өндірістің процестерінің технологиялық мақсаттарын және инженерлік есептеулердің теориялық негіздерін;

  • Қазіргі заманғы аппараттар мен машиналардың тағайындалуын, пайдалану аясын, жіктелуін, жұмыс істеу принципін және таңдаудың критерийлерін;

  • Процестер мен аппараттарды зерттеу әдістерін, зертханалық моделдерден өндірістік аппараттарға өту заңдылықтарын;

  • Химия-фармацевтік өндірістің процестері мен аппараттарының негізгі ғылыми және техникалық мәселелерін, даму басымдылықтарын;

  • Аппараттар мен машиналарды пайдалану кезіндегі энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін.

студент істей алуы қажет:

  • Технолгиялық процесс ерекшеліктеріне сай келетін қазіргі заманғы аппараттар мен машиналарды таңдау;

  • Аппараттардың технологиялық процесс шарттарына сай келетінін инженерлік есептеулермен дәлелдеу;

студент машықтануы қажет:

  • Аппараттар мен машиналарды техникалық эксплуатациялауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге;

  • Әртүрлі аппараттардың жұмыс істеу шарттарын талдауға және режимдерін реттеуге;

  • Процесті өткізуге аппаратуралық безендірудің оңтайлы тәсімін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуге.

2.5 Реквизитке дейінгі: «Жоғарғы математика», «Сызба геометрия және инженерлік графика», «Физикалық химия», «Физика», «Бейоргпникалық химия», «Органикалық химия».

Шектес пәндер: Жалпы химиялық технология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: «Өндірісті жобалау және құрастыру негіздері».

2.7 Пәннің қысқаша мазмұны

2.8 Тақырыптық жоспары

Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1

Кіріспе. Пәннің мақсаты және шешетін мәселелрі. Фармацевтика өндірісінің негізгі процестерінің жіктелуі. Негізгі процестердің кинетикалық заңдылықтары. Аппараттар мен машиналарды есептеудің жалпы принциптері, процестердің статикасы (теңдік заңдылықтары), материалдық және энергетикалық баланстары, аппараттардың негізгі өлшемдері. Қайтулы және үздіксіз процестер.

Тақырыптық

1

2

Гидростатиканың және гидродинамиканың негіздері. Гидростатика теңдеуі. Сұйық қозғалысының негізгі мінездемелері. Үздіксіздіктің теңдеуі. Қозғалудың диференциалды Эйлер теңдеуі. Навье - Стокс теңдеуі. Бернулли теңдеуі.

Тақырыптық

1

3

Гидромеханикалық процестер. Біртекті емес жүйелерді бөлу. Гидромеханикалық процестердің материалдық балансы. Гетерогенді жүйелерді бөлу әдістерін таңдау принциптері.

Тақырыптық

1

4

Тұндыру. Сүзу. Тұну жылдамдығы. Қысым айырмашылығы әсерімен сүзу.

Тақырыптық

1

5

Сұйық орталарды араластыру.

Газ жүйелерді бөлу (газдарды тазалау).

Тақырыптық

1

6

Механикалық процестер. Қатты материалдарды майдалаудың физикалық негізі. Майдалау әдістері, майдалау дәрежесі. Процесті өткізуге шығындалған энергия.

Тақырыптық

1

7

Жылулық процестер. Жылулық баланс. Жылулық сәулелену. Стефан-Больцман заңы. Конвективті жылуалмасу. Қабырға арқылы жылуалмасу. Жылуалмасу коэффициенті.

Тақырыптық

1

8

Агрегаттық күйі өзгерген кездегі жылуалмасу. Қайнау және конденсация кезіндегі жылуалмасу.

Тақырыптық

1

9

Жылуалмастыру аппараттары. Жылуалмастыру аппараттарының жіктелуі. Жылуалмастыру аппараттарын есептеу.

Тақырыптық

1

10

Буландыру. Біркорпусты буландыру. Материалдық және жылулық баланстар. Біркорпусты вакуум – буландыру қондырғысының тәсімі. Біркорпусты буландырудың материалдық және жылулық баланстары.

Тақырыптық

1

11

Массаалмасу процестері. Массаалмасу процестерінің жалпы сипаттамасы. Массаалмасу кезіндегі теңдік. Теңдік сызығының теңдеуі. Материалдық баланс. Жұмысшы сызықтың теңдеуі. Массаалмасу жылдамдығы. Массаалмасу процестерінің қозғаушы күші. Массаберу теңдеуі. Массаберу коэффициенті. Массаалмасу. Массаалмасудың негізгі теңдеуі. Массаберу және массаалмасу коэффициентерінің өзара тәуелділігі. Массаалмасудың орташа қозғаушы күші.

Тақырыптық

1

12

Айдау және ректификация. Сұйық – бу жүйесіндегі фазалық теңдік. Қарапайым айдау. Материалдық баланс. Қондырғы тәсімі.

Ректификация. Ректификациялық қондырғы тәсімі. Материалдық баланс. Ректификациялық бағананың жұмысшы сызығының теңдеуі.

Тақырыптық

1

13

Саптамалы және табақшалы бағаналардың жұмыс істеу принципі, режимі және гидродинамикасы.

Тақырыптық

1

14

Кептіру. Процестің физикалық негізі және оның өндірісте қолданылуы. Жылулық кептіру әдістері. Ылғалдылық теңдігі және материалдың ылғалмен байланысы. Ылғал ауа қасиеттері. І – х диаграмманы тұрғызу. Кептірудің материалдық және жылулық балансы. Кептіру процестерін диаграммада бейнелеу. Кептіру процестерінің тәсімдері және оларды І – х диаграммада есептеу. Ауаның және жылудың шығындарын анықтау..

Тақырыптық

1

15

Экстракция. Процестің физикалық негізі және оның өндірісте қолданылуы. Экстракция процесіндегі теңдік. Материалдық баланс. Экстракция процесінің диаграммалары. Экстракция процесінің кинетикалық заңдылықтары. Экстракция процесінің тәсімдері.

Тақырыптық

1

Барлығы сағаттар:

15

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1

2

3

4

1

Бірфазалы ағынның гидродинамикасы.

Сарамандық жұмыс: Сұйық қозғалысының гидродинамикалық режимін жылдамдығын анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

2

Газдар мен сұйықтардың қозғалысы кезіндегі тегеурін шығыны.

Сарамандық жұмыс: Құбырлар мен аппараттардың гидравликалық кедергісін анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

3

Дененің сұйықта қозғалуы.

Сарамандық жұмыс: Тұну жылдамдығын және бетін анықтау

Семинар, сараман. жұмыс

1

4

Сүзу жабдықтарын есептеу

Сарамандық жұмыс: Сүзу жылдамдығын, тұнба кедергісін және сүзу бетін анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

5

Ортадан тепкіш күш әсерінен тұну.

Сарамандық жұмыс: Центрифуганың өнімділігін және электрқозғалтқышының қуатын анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

6

Сұйық ортаны араластыру.

Сарамандық жұмыс: Араластыру кезіндегі қосу қуатын анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

7

Қатты қабырға арқылы жылу алмасу. Сарамандық жұмыс: Цилиндр қабырғаның жылуберу және жылуалмасу коэффициенттерін анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

8

Қоршау құбырлы жылу алмастыру аппараттары.

Сарамандық жұмыс: Жылулық баланс түзу және керекті жылу алмасу ауданын анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

9

Конденчация кезіндегі жылуберу.

Сарамандық жұмыс: Конденсация кезіндегі орташа жылуберу коэффициентін анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

10

Біркорпусты буландыру қондырғылары.

Сарамандық жұмыс: Буландыру аппаратының ауданын анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

11

Қарапайым айдау.

Сарамандық жұмыс: Қарапайым айдаудың материалдық балансын түзу.

Семинар, сараман. жұмыс

1

12

Массаалмасу кезіндегі теңдік

Сарамандық жұмыс: Фазалардың теңдік құрамдарын анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

13

Масса алмасу жылдамдығы.

Сарамандық жұмыс: Масса беру және массаалмасу коэффициенттерін анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

14

Масса алмасу аппараттарының негізгі өлшемдерін анықтау.

Сарамандық жұмыс: Абсорбциялық бағананың диаметрін және биіктігін анықтау.

Семинар, сараман. жұмыс

1

15

Конвективті кептіргіш.

Сарамандық жұмыс: Конвективті кептіргіштің материалдық және жылулық баланстарын түзу.

Семинар, сараман. жұмыс

1

Барлығы сағаттар:

15

Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

1

2

3

4

1

Қысымды өлшеу.

Сарамандық жұмыс: Ыдыс ішіндегі абсолют қысымды анықтау.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

2

Температураны өлшеу.

Сарамандық жұмыс: Жұмысшы сұйықтардың температураларын термометрлердің көмегімен өлшеу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

3

Сұйық тығыздығын өлшеу.

Сарамандық жұмыс: Әртүрлі сұйықтардың тығыздығын ареометрлердің көмегімен өлшеу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

4

Сұйық тұтқырлығын өлшеу.

Сарамандық жұмыс: Әртүрлі сұйықтардың тұтқырлығын вискозиметрдің көмегімен өлшеу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

5

Гидравликалық престегі сығу күшін анықтау.

Сарамандық жұмыс: Гидравликалық престің құрылысымен және жұмысымен танысу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

6

Құбырлардың гидравликалық кедергілерін анықтау.

Сарамандық жұмыс: Құбырлардың гидравликалық кедергілерін тәжірибе жүзінде анықтау және оларды есептелген мәндерімен салыстыру.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

7

Балғалы үгігіштегі майдалау процесін зерттеу.

Сарамандық жұмыс: Балғалы үгігіш құрылысымен және жұмысымен танысу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

8

Араластыру процесін зерттеу.

Сарамандық жұмыс: Араластыру кезіндегі қуатты анықтау.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

9

Жалғансұйылу қабатын зерттеу.

Сарамандық жұмыс: Жалғансұйылу қабатының гидродинамикасын зерттеу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

10

Қыздыру және жылуды рекуперациялау процесін зерттеу.

Сарамандық жұмыс: Қыздыру және жылуды рекуперациялау процесін есептеу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

11

Екі корпусты буландыру аппаратының жұмысын зерттеу.

Сарамандық жұмыс: Екікорпусты буландыру аппаратының құрылысымен және жұмысымен танысу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

12

Шашыратқышты кептірк процесін зерттеу.

Сарамандық жұмыс: Шашыратқышты кептіргіштің құрылысымен және жұмысымен танысу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

13

Суспензияны сүзу процесін зерттеу

Сарамандық жұмыс: Практическая работа: Суспензияны сүзу процесінің тұрақтысын анықтау.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

14

Қарапайым айдау процесін зерттеу

Сарамандық жұмыс: Бинарлы қоспаны қарапайым айдау қондырғысының құрылысымен және жұмысымен танысу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

15

Радиациялық кептіру процесін зерттеу

Сарамандық жұмыс: Материалдарды радиациялық кептірумен танысу.

Шағын топта жұмыс істеу, сараман.жұмыс

2

Барлығы сағаттар:

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]