Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Африка елдерінің мемлекеттік құрылымы

Елдердің көпшілігі мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлық республикалар.

Нигерия, ОАР, Комор аралдары, Эфиопия федерациялық республикалар.

Лесото, Свазиленд, Марокко монархиялы елдер.

Көптеген елдер Британ Бірлестігінің мүшелері болып табылады.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африканың саяси картасының қалыптасуы?

2. Африка геосаяси жағдайы?

3. Африка жеріндегі еуропалық иеліктері?

4. Африка елдерінің мемлекеттік құрылымы?

5. Африка елдерінің топтастырылуы?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Африканың саяси картасы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Африканың табиғат ресурстары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, пайдалы қазбалары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Африканың табиғат ресурстарымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Б.Ү.Ү. кестесі.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африканың саяси картасының қалыптасуы?

2. Африка геосаяси жағдайы?

3. Африка жеріндегі еуропалық иеліктері?

4. Африка елдерінің мемлекеттік құрылымы?

5. Африка елдерінің топтастырылуы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Африканың жер бедерін түсіндіру.

Африканың жер бедері

Таулары, үстірттері.

Атлас, Кап, Айдаһар, Шығыс Африка, Эфиопия, Тиббести.

Құмдары.

Сахара, Ливия, Калахари, Нмиб шөлдері.

3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африканың табиғат ресурстарын түсіндіру.

Минералды ресурстар

Мұнай мен газ-Ливияда, Нигерияда, Алжирде, Египетте; тас көмір-ОАР-да; кобальт, мыс-Замбия, Конго; марганец-ОАР, Зимбабведе; боксит-Гвинея, Камерунда; платина, алтын, темір-ОАР-да; алмас-Конго, Ботсвана, ОАР-да, Намибия, Ангола, Ганада; фосфорит-Марокко, Тунис, ОАР-да; уран-Нигер, ОАР-да, Намибияда орналасқан.

Су ресурстары

Су қоры жеткілікті, бірақ оның таралуы әркелкі. Материктегі су ресурстарының жартысы Конго өзенінің үлесіне тиеді, сондай-ақ Ніл, Нигер, Замбези, Оранж өзендерінің су ресурстары да едәуір.

Жер ресурстары

Жан басына шаққандағы өңделетін жер үлесі Оңтүстік-Шығыс Азия немесе Латын Америкасы елдеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бірақ жарамды жердің 1/5-і ғана өңделеді. Шөл және шөлейт жерлер үлесінің жоғары болуы жер өңдеудің дамуына кедергі келтіреді.

Орман ресурстары

Жерінің 10%-ға жуығы орман алқбы алып жатыр. Орман әсіресе Шығыс және Экваторлық Африкада кең таралған. Бірақ орман ағаштарын аяусыз кесу нәтижесінде оның аумағы жылдан-жылға азаюда. Тек Габон, Заир, Конго сияқты елдерде ғана шаруашылық маңызы сақталған.

Қорытындылау.